Ккпара арналан киімді ауіпсіздік трысында жобалау
Автор: Асанова С.Ж., Фазылбаева Н.Р., Айтуленова К.Т., Садыгулова М.А., Жайгулова М.С.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология текстиля и одежды, дизайн
Статья в выпуске: 4 (142), 2023 года.
Бесплатный доступ
«Көкпар» - тарихы тереңнен басталатын, экстремалды ат спорты ойыны. Оның ерекшілігі - екі командаға бөлінген, атқа дұрыс шаба алатын жігіттер, жас шамасы мен салмақ категориясына қарамай ойынға қатыса алады. Көкпар ойыны көшпенділер мәдениетінде ерекше сипат алып, күні бүгінге дейін халық арасында ойналып келеді. Көкпар ойынында күрделі жарақат алу қауіпі бар қозғалыстар көп, көкпар ойыншылары үнемі қозғалыста болады, жарақат алуы мүмкін қауіпті сәттері жиі болып тұрады. Ғылыми-зертеу жұмыстың мақсаты - көкпаршылардың киімін қауіпсіздік тұрғысында терең жетілдіру. Осыған орай, бұл мақалада Көкпар спортындағы жарақат алуға тікелей әсер ететін қимылдардың түрі анықталды. Спорттық ойынның шарттары зерттелді, қолданыстағы киімнің негізгі кемшіліктері анық-талды, көкпаршының басын жарақаттан сақтандыру мақсатында қорғаныс бас киім үлгісі дайындалды. Ғылыми-техникалық ақпараттар мен ғылыми еңбектерді талдау негізінде ойын ережелері зерттеліп, жарақат алу қаупі бар қимылдардың эргономикасы анықталды. Спорттық киімді конструкциялық жобалауда, ақпараттық технологиялардың танымалы CАПР «Grafis» бағдарламасы қолданылды. Нәти-жесінде көкпаршыларға арналған спорттық киімдердің ұтымды конструкциясы тұрғызылып, толық қорғаныс жинақ - тізе қап және бас киім дайындалды. Дайындалған бас киім мен тізе қап, көкпар-шыларды ат спорты ойыны барысында жарақат алудан қорғайды.
Ат спорты, көкпаршы киімі, қауіпсіздік, жарақат, бас, тізе, материалдар пакеті, жобалау
Короткий адрес: https://sciup.org/140303470
IDR: 140303470 | DOI: 10.48184/2304-568X-2023-4-5-13
Текст научной статьи Ккпара арналан киімді ауіпсіздік трысында жобалау
Кіріспе
Көкпaр бүгінде мереке мен көпшілік οйын-caуықта бұқaрaлық οйындaрдың бірі бοл-ып келеді. Οйынның екі нұcқacы бaр – ең көп тaрaлғaны – οйынғa көптеген шaбaндοздaр қaтыcқaн кезде, οлaрдың әрқaйcыcы ұшaны өз бетінше меңгеру үшін күреcеді. Келесі нұcқaсы – дοдa-тaртыc, жекпе-жек, шaбaндοз-дaрдың белгілі бір тοптaры aрacындa жүреді.
Бүгінде көкпардан хaлықaрaлық cпοрт федерaцияcы құрылып, οның құрaмынa οблыc, реcпубликaлaр мен қaтaр Қытaй, Пәкіcтaн, Түркия, тіпті Фрaнцияның өкілдері де кіреді. Көкпaр Οртa Aзия, Қaзaқcтaн, Aуғaнcтaн хaл-ықтaры aрacындa да кең тaрaғaн aт οйын-дaрының бірі.
Осы уақытқа дейінгі көкпарға қолданылып келген киімдер, оның беріктігіне, матасына және т.б. қасиеттеріне негізделіп келген. Дегенмен, көкпар ойыны ат үстінде жүргізі- летін болғандықтан, көкпаршының денсаулығына әсер етуші киім қауіпсіздігі өзекті мәселелердің бірі, себебі көкпар тартуда басқа спорт түрі сияқты жас айырмашылығы мен салмағын ескермейді. Олардың ішінде бір ойында кәнігі көкпаршылармен қатар, жаңадан үйреніп жүрген жастар да болуы мүмкін. Осы тұрғыда жарақат алған кезде көкпаршыға қауіпсіз жағдай туғызу өзекті болып табылады.
Мақаланың мақсаты көкпаршылардың киімін қауіпсіздік тұрғыда жетілдіру көзделді және мынадай міндеттер қойылды:
-
- қолданыстағы киімнің негізгі кемшіліктерін анықтау;
-
- көкпаршының басын жарақаттан сақтандыру мақсатында қорғаныш бас киім үлгісін дайындау;
-
- көкпаршының тізесіне қорғаныш киімдерін дайындау;
-
- қорғаныш қасиеттеріне қойылатын талаптарға сай материалдарды іріктеу көзделді.
Алынған нәтижелерді өңдеу және процестерді модельдеу кезінде социологиялық зерттеу әдістері қолданылды.
Бұл жұмыстың ғылыми жаңалығы болып көкпаршылардың қорғаныс жиынтығы – бас киімі және тізеқап болып табылады.
Практикалық маңызы – ойыншылардың қауіпсіздігін сақтау.
Зерттеу материалдары мен әдістері
«Көкпар» ойынының қазақша атауы ортақ түркілердің «көк бору» – боз қасқырдан (қаз. Көкбөрі) шыққан. Аңыздардың біріне сәйкес, қасқырлар қойды көтеріп, басын қасқырдың күшіктеріне апарып, онымен ойнайды. Халық оны төл ойыны (қасқыр) деп атай бастады, бірте-бірте «көк-бөрү» деген атау пайда болды [1].
Суретте (1-3 сурет) ойынның бір түрінде ешкінің ұшаны ұстап алып, оны қарсылас команданың «қазандық» қақпасына лақтыруы көрсетілген.
Көкпар жай ғана ойын-сауық емес. Ол ер адамның жауынгерлік рухын шыңдайды, оның бойында байсалдылыққа, адалдыққа, әрине физикалық дағдыларға тәрбиелейді. Жастар ат үстінде күресу, оларды нағыз ұрыстың экстремалды жағдайында басқару тәжірибесіне ие етеді. Көкпар тарту жастарды ұлттық ат спорты ойындарына жұмылдырады. Бұл ойын ер жігіттердің қимылын ширақ етіп, шымыр болып өсуіне ықпал етеді. Сонымен бірге, ат үстінде ептілікке тәрбиелейді [2].
Көкпар ойнаудың ережелері қарапайым. Әр командада 12 адам, әр жақтан төрт ойыншы шығады, ойын барысында шабандоздар бірін-бірі ауыстырады. Өйткені шабандозға да, атқа да бірнеше минутқа төтеп беру қиын. Көкпарда ешкі ұшасын пайдаланады, өйткені ол тартуға төтеп береді [3].

Сурет 1 – Көкпар ойыны командамен Сурет 2 – Ұшаны қазандыққа апару Сурет 3 – Ұшаны жерден алу барысы

Ал соңғы жылдары бұл ойын қайта түлеп, халықаралық спорт түріне айналып, әлемдік аренаға шықты. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына АҚШ, Моңғолия, Қытай, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Түркия және басқа елдердің командалары қатысуда [3].
Көкпар ойынының ережелері жыл сайын толықтырылып, жетілдіріліп отырады. Әзірлеу-шілердің негізгі мақсаты – ойын кезінде ойыншылар мен аттардың жарақат алу санын азайту.
Бір ерекшілігі, көкпарда жас шектеуі жоқ. Денсаулығы рұқсат етсе, зейнеткерлік жастағы ер адам да кәсіби командада ойнай алады.
Ойыншылардың заманауи ережелері мен жабдықтары әрқашан қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік бермейді.
Экстремалды спорт түрі болған-дықтан жарақат алу қаупі бар.
Ойын алаңының ортасына диаметрі алты метрлік шеңбер белгіленеді, оған жарыс басталар алдында ешкінің ұшасын қояды. Төрешінің белгісі бойынша топ капитандары жиналып, сәлемдеседі, тартыс басталады [4].
Соңғы жылдары елімізде экстремалды спорт түрлері мен ашық ауада спорт түрлерінің танымалдығы арта түсті. Қазіргі заманға тән экстремалды спорт түрлеріне футбол, хоккей, мотоцикл, бокс ж.б. қолданылып жүрген қорғаныш бас киімдер туралы мәліметтер қарастырылды.
Киім қорғаныс құралы ретінде жұмыс жағдайлары мен талаптарға сай болуы керек. Төменде солардың біразы көрсетілді (4-сурет):


2 3 4
Сурет 4 – Қорғаныс бас киімдері
1 - Боксшыларға арналған, 2 - Футбол қақпашысына арналған, 3 - Хоккейшілерге арналған, 4 - Мотоциклшыға арналған.
Артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау үшін ағымдағы ассортименттің жұмыс жағдайларын, қолданылатын материалдар мен тұтынушылар арасында экстремалды спортқа арналған киім сапасына қойылатын талаптарды талдау қажеттілігі анықталды.
Экстремалды спорт түрлеріне арналған қорғаныс бас киімі айырмашылықтары 1-ші кестеде көрсетілген.
Кесте 1 – Экстремалды спорт түрлеріне арналған қорғаныс бөлшегі тізе қаптың айырмашылықтары
№ |
Экстремалды спорт түрі |
Артықшылықтары |
Кемшіліктері |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Боксшыларға арналған қорғаныс бас киім |
Боксшылар бас киімі спортшыны қарсылас соққысынан жақсы сақтайды. |
Өте қалың, көзден соққы алуды сақтамайды. |
2 |
Футбол қақпашысына арналған қорғаныс бас киім |
Футбол қақпашысына арналған бас киім ыңғайлы,жеңіл. |
Жерге құлау барысында жарақат алудан толық сақтамайды. |
3 |
Хоккейшілерге арналған қорғаныс бас киім |
Хоккейшілерге арналған бас киім бастың толық бөлігін соққыдан, құлаудан сақтайды. |
Қозғалысқа ыңғайсыз, және мұзда ойнау барысында суықтан сақтамайды. |
4 |
Мотоциклшыға арналған қорғаныс бас киім |
Оған арналған бас киім толық бетті желден, жарақат алудан сақтайды. |
Басқа келетін қауіптен толық сақтамайды. Киюуге ыңғайсыздау. |
Көкпардан басқа экстремалды спорт түріне альпинизм, шаңғы, хоккей спорт түрлері де жатады (5-сурет).

1 2 3 4
Сурет 5 – Қорғаныс бөлшегі – тізе қап
1 – Хоккей қақпашысына арналған; 2 – Волейбол ойыншыларына арналған; 3 – Футбол ойыншыларына арналған; 4 – Альпинизмге арналған.
Әдеби дереккөздерді зерделеу, талдау экстремалды спорт туралы көп жазылғаны белгілі. Десек те, көкпаршыларға қауіпсіз киім жасау мәселелері аз қамтылғанын көрсетті. К.Е.Аманжолова [5,6], М.М. Алимбетова [7], Ж.У. Усенбеков және т.б. [8,9] өз жұмыс- тарында көкпаршылар киіміне тозуға төзімді қасиет беруде, әртүрлі қосымша материалдарды қолдану жолдарын қарастырғандар.
Экстремалды спорт түрлеріне арналған киімдерді әзірлеуге арналған конструкциялық шешімін тереңірек қауіпсіздік тұрғысында анықтау жұмыстың негізі болып табылады.
Дененің қай мүшесі жарақат алуға бейім екенін анықтау үшін, қимылдар эргономикасы жасалды (2 - ші кесте) (Комолова, 2016) [10].
Кесте 2 – Көкпар спортындағы жарақат алуға тікелей әсер ететін қимылдарының эргономикасы
№






Дене қозғалысы

Қозғалыстың жарақат алуға әсер ету сипаттамасы Қарсылас топтың жылқысының балтырға соққысы
Ұшаны алу барысында шынтаққа жылқы соққысы
Ұшаны алу барысында баспен жерге құлау
Ұшаны алу барысында тіземен жерге құлау
Ұшаны алу барысында иықпен жерге құлау
Ұшаны алу барысында иықтан соққы алу
Қимылдар эргономикасы көкпаршының жарақат алуы балтыр мен баста басым екендігін көрсетті.
Ойыншылар мен жаттықтырушылар арасында сауалнама жүргізу арқылы көкпар ойыншыларының киіміне қойылатын талаптар анықталды. "Көкпар ойыншысы - киім - ойын ортасы" жүйесін зерттегеннен кейін көкпар ойнау кезінде қолданылатын киімдер ойын қауіпсіздігіне сәйкес келмейтіні анықталды.
Көкпар ойыны үшін қосымша қорғаныс ретінде тізеқап және бас киім әзірлеу қажеттілігі анықталды. Сауалнамалық зерттеу барысында көкпаршылар қазіргі қолданыста жүрген киімдерінің жарақатты мейлінше сақтайтынына 50/50 %-ға ғана сенеді. Ойыншылардың өздерінің жарақатты көбіне аяқтарынан (балтырдан, тізеден және тобықтан) алатының, бастан соққы көп тиетіндерін атап өтті (1-ші диаграмма).

Диаграмма 1 – Ойыншылардың жарақат алу көрсеткіші
Көп ойыншылар киімдеріне қорғаныс ретінде аяқтарына және басқа көп назар аударып қорғанысты осы айтылған жерлерге күшейтуді сұрады. Аяқтан жарақатты жылқы үстінде қарсылас топ жылқысы балтырдан соққы жасағанда және ешкі ұшасын алу мақса- тында жерге құлағанда алатындарын айтты. Қолданылған киім ойыншыларды жарақаттан қорғауды қамтамасыз етпейтінін анықтауға көмектесті, яғни материалдардың қорғаныс және пайдалану қасиеттері ойын жағдайларына сәйкес келгенімен, қорғаныс ретінде әлі де зерттеп жетілдіруді көрсетті. Көкпар ойыншыларына арналған киімді жарақаттан сақтауды тереңірек зерттеп, қосымша бұйымдарды қосуды талап етеді.
Көкпар ойыншыларына арналған спорт-тық киімге материалдарды таңдау үшін қолданылатын негізгі материалдар қарастырылды. Оларға қойылатын жалпы талаптар: киілгені жеңіл, ыңғайлы, денеге зиянды әсердің болмауы және ойыншылардың қозғалысына кедергі келтірмеуі маңызды.
Спорттық киім сапасы көрсеткіштерінің номенклатурасын әзірлеу кезінде мынадай топтар ескерілді: функционалдық, сенімділік, эстетикалық, эргономикалық, конструкторлық-технологиялық.
Поролон – серпімді полиуретанды көбіктің алғашқы сорттарының бірі, ауадан 90% тұратын жұмсақ полиуретанды көбік өнімдерге серпімділік беру үшін демпферлік материал ретінде кеңінен қолданылды, кейде электр оқшаулауында қолданылады. Поролон көкпар ойыншыларының соққы барысында серпімді-лік ету мақсатында қарастырылуда. Поролон-ның осы жұмыста негізгі рөлі – жарақаттан сақтау және жарақат алуға мейлінше төмен әсер ету. Поролон көкпаршыларға арналған қауіпсіздікке арналған қосымша бөлшектерге аралық материалы ретінде қолданылады [11].
Жасанды былғары – техникалық бұйымдар жасау үшін табиғи былғары орнына қолданылатын полимерлі материал. Жасанды былғары материалы тізе қаптың негізгі материалы болып саналады. Жасанды былғары шаң, тозанды сүртіп алуға ыңғайлы, және ылғалды сыртқы ортадан өткізбейді [12]. Жасанды теріні көкпаршыларға қауіпсіздікке арналған қосым-ша бөлшектерге сыртқы негізгі материал ретінде қолданылды.
Жасанды мех – ол тоқылған, табиғи және жасанды былғары негізінде тұрады, оған химиялық немесе табиғи тоқыма талшықтарынан, соның ішінде жануарлардан алынған талшықтардан, мысалы, қой жүнінен жасалған немесе әртүрлі тәсілдермен бекітіледі. Көкпар-шыларға арналған қауіпсіздікке арналған қосымша бөлшектерге аралық материал ретінде қолданылады.
Мақта-мата – жоғары беріктігі бар әмбебап қасиеттерге ие, және де бұл материал ауа өткізгіш, су сініргіш болып келеді. Мақта-мата жұмыста астар материалы ретінде қолданылады.
Жүн барлық басқа талшықтармен салыстырғанда гигроскопиялық сипатқа ие. Жоғары ылғалдылық жағдайында жүн 40% ылғалды сіңіреді. Табиғи жүн мейлінше соққыға төзімді, және әсерін азайтады. Табиғи жүн аралақ материал ретінде қолданылды.
Қатырма – әмбебап төсеу материалы, ол жабысқақ құрамы бар тоқылған негіз болып табылады және киімнің әртүрлі элементтеріне қаттылық беру үшін қолданылады. Осы материалмен қайталанған бөліктер ұзақ уақыт бойына пішінін сақтайды және жиі жуу кезінде де деформацияланбайды. Бұл мақсатта қатты қатырма материалы қолданылды, ол сыртқы ортадан тиген соққылардың әсерін азайтады.
Эргономика тұрғысынан көкпар ойынына арналған киімдерді жобалау екі тұрғыдан қарастырылды: түзету тәсілі және проективтік тәсіл. Түзету эргономикасының міндеті – жүйенің жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін "көкпар – киім ойыншыларының" эргономи-калық жүйесінің кез-келген элементіне эргономикалық баға беру [13].
Көкпар ойыншыларының киімдерінің қауіпсіздік мақсатында қолданылатын қосымша бөлшек эргономикалық жүйелері оның барлық құрамдас бөліктерін күрделі функционалды тұтас ретінде қарастыруды талап етеді, онда жетекші рөл көкпар ойыншысына тиесілі. "Көкпар ойыншылары киім-ойын ортасы" жүйесін зерделеу оның құрамдас бөліктерінің әрқайсысы жұмыста тек оған ғана жасалған заңдарға бағынатындығын болжайды.
Нәтижелер және оларды талқылау
Таңдалған тиімді материалдар пакетінен Көкпар ойыншыларына арналған қосымша бөлшектерінің (тізе қап және бас киімдерінің) үлгісін көркемдік – композициялық және конструктивті шешімі әзірленді.
Тізе қап және бас киім көкпаршылардың ойын барысында сыртқы ортадан алатын дене жарақатын алудан сақтап, ат үстінен құлау барысында жыру мен жарақат алуды сейілтеді және гигиеналық функцияға сай рөл атқарады.
Талаптарға сәйкес бұйым киюге және шешуге ыңғайлы, және бірнеше өлшемге қысқартылып, үлкейтіледі. Үлкейтіліп-кіші-рейтуге қолданылған материал велкро арқылы құлау барысында немесе соққы барысында ешқандай денеге кері әсерін тигізбейді. Тізе қап және бас киім тозуға төзімді, жарық пен су әсеріне, үйкеліске, созылу мен кию процесінде өз пішіні мен өлшемін сапалы сақтайды.
Ұсынылған көкпаршылардын қосымша қауіпсіздік бөлшектерінің жиынтығы (тізе қап және бас киімдерінің) сыртқы түрінің сипаттамасы:
Бас киім ерлерге арналған, маңдайды және құлақты толық айнала жауып тұратын, төбесі ашық, ауа өткізгіштігіне әсер ететін жеті тесігі бар. Артқы ортаңғы бойында велкро материалымен бекітіледі және ол үлкейтіп-кішірейтілетін рөл атқарады.
Тізе қап ерлерге арналған, тізеден бастап тобыққа дейін. Тізені және балтырды сонымен қатар тобықты толық айнала жауып тұрады. Велькро материалымен артқы ортаңғы бойында екі жерден және тобық бөлігінде өкшені айнала бекітіледі. Артқы бойдың ортаңғы бойында орналасқан велькро үлкейтіп-кішірейтілетін рөл атқарады.
Көкпаршылардың қосымша қауіпсіздік бас киімінің және тізе қабының техникалық эскиздері 6,7 – суреттерде көрсетілген.



Сурет 6 – Көкпаршыларға арналған бас киімнің техникалық эскизі
Сурет 7 – Көкпаршыларға арналған тізе қорғаныш киімінің техникалық эскизі
«Grafis» жүйеcінде мοдельді әзірлеу әдіcі яғни, бұйымды үлгілеу үшін негізгі cызбa дигитaйзерге енгізілетіндігі немеcе тaңдaлғaн құрacтыру әдіcінде caлынғaн негізге cүйене οтырып, мοдель құрacтырылуын, кοнcтруктοр тaңдaйды.
Жүйенің тaғы бір ерекшелігі түпкі және туынды бөлшек пaрaметрлерінің бір-бірімен жaлғacып өңделуінде. Түпкі бөлшек ретінде бaрлық мοдельді cызықтaры бaр бaзaлық негіз жaтaды, aл туынды бөлшектерге οcығaн тәуелді бaрлық бөлшектері кіреді [14].
CAПР «Grafis» бaғдaрлaмacындa БC-ны құруғa кеткен уaқыт, бacқa бaғдaрлaмaлaрмен caлыcтырғанда, уaқытты үнемдейді. Бaғдaрлa-мaмен жұмыc жacaуғa ерлердің 170-90-102 өлшем бірлігі қοлдaнылды. Өлшем бірлікте тізенің тοлық aйнaлымы, бұйымның ұзындығы, бaлтырдың aйнaлымы қοлдaнылды.
Тұтынушылар талабын ескере отырып, динамикалық еркін қозғалысты қамтамасыз ету үшін және де тізеқап пакетін қамтамасыз ететін толық керекті қосымшалар қолданылды. «Grafis» жүйесінде үлгінің модельдік және базалық конструкциялық сызбасы тұрғызылды.
Қорытынды
Ғылыми-техникалық ақпараттар мен ғылыми еңбектерді талдау негізінде ойын ережелері зерттелді. Спорттың экстремалды түрлеріне арналған киімдерді ескере отырып, көкпар ойынына арналған киімдерді әзірлеу қаралды.
Спортшылардың көп жарақат алатын дене мүшелері сауалнама барысында анықталды.
Көкпар ойыны үшін қосымша қорғаныс ретінде тізеқап және бас киім әзірлеу қажеттілігі анықталды.
Көкпар ойынында ең күрделі жарақат алу қауіпі бар қозғалыстар анықталды. Соған орай толық Көкпар спортындағы жарақат алуға тікелей әсер ететін қимылдардың эргоно-микасы құрастырылды.
САПР «Grafis»-те көкпаршыларға арналған спорттық киімдердің ұтымды конструкциясы тұрғызылып толық қорғаныш бөлшегі тізе қап және бас киім әзірленді.
Көкпаршыларды жарақат алудан қорғайтын бас киім мен тізе қап өнеркәсіптік жиынтық үлгісіне ҚР Патенті алынды № 3737 [15].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Ерғали С. Көкпар спортын жетілдіру тұжырымдамасы // [Электронды ресурс]. Қол жеткізу режимі: https://adyrna.kz/post/63931.
-
2. Турдиматов Д. Б. Воспитательная функция национальных казахских игр в жизни молодежи // Научный журнал «Молодой ученый». № 7 (111), 2016. – С. 712–714.
-
3. Казахский кокпар: игра настоящих мужчин // [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://mir24.tv/articles/16354488/kokpar-igra- nastoyashchih-muzhchin.
-
4. Aлимбетοвa М.М. История развития казахского национального вида спорта – кокпар. // Материалы Республиканской научно-практической конференции студентов и молодых ученых «Молодежь и наука в современном мире». Талдыкорган, 2012. – С. 34–37.
-
5. Aмaнжοлοвa К.Е. Требования к спортивной одежде для игры в Кокпар. // Материалы Республиканской научно-практической конференции студентов и молодых ученых «Молодежь и наука в современном мире». Талдыкорган, 2012 г. – С. 43–46.
-
6. Aмaнжοлοвa К.Е. Формирование требовании показателей качества к спортивной одежде кокпаристов. // Материалы международной научнопрактической конференции «Инновационные технологии производства товаров, повышение качества и безопасности продукции легкой промышленности». – Алматы: АТУ, 2012. – С. 225–228.
-
7. Aлимбетοвa М.М. Основные показатели, влияющие на надежность одежды для игры в Кокпар // Материалы международной научно-практической конференции «Инновационные технологии производства товаров, повышение качества и безопасности продукции легкой промышленности». – Алматы: АТУ, 2012. – С. 221–222.
-
8. Усенбеков Ж.У., Аманжолова К.Е., Алимбетова М.М. Некоторые аспекты разработки одежды для игрока Кокпар. // Материалы международной научно-практической конференции «Инновационные процессы в сфере образования, науки и искусства». – Алматы. 2013.– С. 7–12.
-
9. Усенбеков Ж.У., Алимбетова М.М. Оценка надежности спортивной одежды для игроков Кокпар. //Индустрия дизайна и технологии, Алматы. №2, 2013. – С.22-31
-
10. Комолова, Н.В. Комолова Самоучитель CorelDRAW X3 + CD / - М.: СПб: БХВ-Петербург, 2016. - 672 c.
-
11. Эберле Х. Материалы швейных изделий. – Астана: Фолиант, 2019. – 440 с.
-
12. Иванов В. А., Сазоненко В.Ю. Способ определения динамических свойств кожи при механических испытаниях//Разработка новых технологических процессов и материалов для текстильной и легкой промышленности. МТИ, М.,1989 С.12-13
-
13. Асанова С.Ж., Фазылбаева Н.Р. Эргономическая оценка качества спецодежды.
//Материалы международной научно-практической конференции «Инновационные технологии: теория и практика». – Алматы, 2004.– С. 286–293.
-
14. Карленко А.П. Основы автоматизированного проектирования, Изд "Инфра-М", 2017 г. – 329 c.
-
15. Патент N 3737 Республики Казахстан, Защитный комплект для игры «Кокпар».
07.04.2023 г.
№2022081.3: //Айтуленова К. Т., Жайгулова М. С., Фазылбаева Н. Р., РГП «Национальный институт интеллектуальной собственности». Бюл. № 14 –
Список литературы Ккпара арналан киімді ауіпсіздік трысында жобалау
- Ерғали С. Көкпар спортын жетілдіру тұжырымдамасы // [Электронды ресурс]. Қол жеткізу режимі: https://adyrna.kz/post/63931.
- Турдиматов Д. Б. Воспитательная функция национальных казахских игр в жизни молодежи // Научный журнал «Молодой ученый». № 7 (111), 2016. – С. 712–714.
- Казахский кокпар: игра настоящих мужчин // [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://mir24.tv/articles/16354488/kokpar-igra- nastoyashchih-muzhchin.
- Aлимбетοвa М.М. История развития казахского национального вида спорта – кокпар. // Материалы Республиканской научно-практической конференции студентов и молодых ученых «Молодежь и наука в современном мире». Талдыкорган, 2012. – С. 34–37.
- Aмaнжοлοвa К.Е. Требования к спортивной одежде для игры в Кокпар. // Материалы Республиканской научно-практической конференции студентов и молодых ученых «Молодежь и наука в современном мире». Талдыкорган, 2012 г. – С. 43–46.
- Aмaнжοлοвa К.Е. Формирование требовании показателей качества к спортивной одежде кокпаристов. // Материалы международной научно- практической конференции «Инновационные технологии производства товаров, повышение качества и безопасности продукции легкой промышленности». – Алматы: АТУ, 2012. – С. 225–228.
- Aлимбетοвa М.М. Основные показатели, влияющие на надежность одежды для игры в Кокпар // Материалы международной научно-практической конференции «Инновационные технологии производства товаров, повышение качества и безопасности продукции легкой промышленности». – Алматы: АТУ, 2012. – С. 221–222.
- Усенбеков Ж.У., Аманжолова К.Е., Алимбетова М.М. Некоторые аспекты разработки одежды для игрока Кокпар. // Материалы международной научно-практической конференции
- «Инновационные процессы в сфере образования, науки и искусства». – Алматы. 2013.– С. 7–12.
- Усенбеков Ж.У., Алимбетова М.М. Оценка надежности спортивной одежды для игроков Кокпар.
- //Индустрия дизайна и технологии, Алматы. №2, 2013. – С.22-31
- Комолова, Н.В. Комолова Самоучитель CorelDRAW X3 + CD / - М.: СПб: БХВ-Петербург, 2016. - 672 c.
- Эберле Х. Материалы швейных изделий. – Астана: Фолиант, 2019. – 440 с.
- Иванов В. А., Сазоненко В.Ю. Способ определения динамических свойств кожи при механических испытаниях//Разработка новых тех- нологических процессов и материалов для текстильной и легкой промышленности. МТИ, М.,1989 С.12-13
- Асанова С.Ж., Фазылбаева Н.Р. Эргономическая оценка качества спецодежды.//Материалы международной научно-практической конференции «Инновационные технологии: теория и практика». – Алматы, 2004.– С. 286–293.
- Карленко А.П. Основы автоматизирован- ного проектирования, Изд "Инфра-М", 2017 г. – 329 c.
- Патент N 3737 Республики Казахстан, Защитный комплект для игры «Кокпар». №2022081.3: //Айтуленова К. Т., Жайгулова М. С., Фазылбаева Н. Р., РГП «Национальный институт интеллектуальной собственности». Бюл. № 14 – 07.04.2023 г.