Мата иіру ндірісіні алдытарын пайдалануды санды жне сапалы крсеткіштерін баалау

Автор: Нрмхамбетова Б.Т., Омарбекова М.Т., Сарбасова Г., Білдаев С.Т., Кадникова О.Ю.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Технология текстиля и одежды, дизайн

Статья в выпуске: 1 (135), 2022 года.

Бесплатный доступ

Қазақстан Республикасының Тоқыма өнеркәсібінің экологиялық проблемалары негізінен өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге, сарқынды суларды тазартуға, айналмалы сумен жабдықтау жүйесін құруға, жұмыс аймағының ауасын шаңнан тазартуға және т. б. Байланысты.Төмен сұрыпты мақтадан жасалған иірімжіпті және өндіріс қалдықтарын өндіру тоқыма кәсіпорындарының жұмыс істеуінің экономикалық тиімділігіне әсер ететін саланың өзекті проблемаларының бірі болып табылады. Иіру өндірісінің қалдықтарын және иірудің пневмомеханикалық тәсілі бойынша үлкен сызықтық тығыздықтағы иірімжіпті өндіру кезінде төмен сұрыпты шикізатты пайдалану өнім бірлігінің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.Иіру өндірісінің қалдықтары мен төмен сұрыпты шикізат салынған иірімжіп матаға айтарлықтай механикалық жүктемелерді талап етілмейтін тұрмыстық, бірқатар техникалық, жадағайлық және киім маталарын, сондай-ақ жиһаз және аяқ киім өнеркәсібі үшін мақта мен ватинді дайындау кезінде пайдаланылады. Жұмыста «Мақта» АҚ мысалында мақта үлгісіндегі иірімжіпті өндіру кезінде иіру өндірісінің қалдықтарын пайдалану технологиясын әзірлеумен байланысты мәселелер қарастырылған.

Еще

Тоқыма өнеркәсібі, қалдықтар, сандық және сапалық көрсеткіштер, жіп

Короткий адрес: https://sciup.org/140293858

IDR: 140293858

Текст научной статьи Мата иіру ндірісіні алдытарын пайдалануды санды жне сапалы крсеткіштерін баалау

Ғылыми әдебиеттерде иіру өндірісінің қалдықтарын тиімді пайдалану мәселелері өте аз қарастырылған және олар негізінен төмен сұрыпты мақта шикізатын пайдалануға арналған. Бұл мәселеге Ресей ғалымдарының еңбектері арналған: К.В.Баев, Г.С.Гордейчук, С.М. Кабанов, О.В. Павлов, Н.А.Лебедев және т. б.Бірақ бұл жұмыстар талшықты қоқыс пен шаңнан бір мезгілде тазарта отырып, мақта типті иірілген жіпті өңдегенде иіру өндірісінің қалдықтарын пайдаланумен байланысты мәселелерді толық шешілгенжоқ.

Сондықтан «Макта» АҚ мысалында мақта үлгісіндегі иіру өндірісінің қалдықтарын пайдалану технологиясын әзірлеу және мақта қоспасын дайындау кезеңінде жартылай фабрикаттың технологиялық және экологиялық-экономикалық сипаттамаларын жақсартатын ұсынылатын конструкцияның оңтайлы технологиялық және құрылымдық параметрлерін айқындау өзекті болып табылады [1-10].

Өндіріс қалдықтарын пайдаланатын жіптер мен маталардың ассортименті өте

алуан түрлі.«Мақта» АҚ-да тазартылған қалдықтардан және талшықтардан, қалпына келтірілген кездемелерден және басқа да қалдықтардың түрлерінен тоқыма жіпті, бейматалы материалдарды, оқшауландыр-ғыш материалдарды, матрацтарға арналған маталарды, көрпелерді, техникалық мақтаны және бауларды жасайды. Текстильдік мақсатқа жарамсыз қалдықтарды оқшаулағыш тақталар мен дыбыс және жылу оқшау-лағыштарды, сондай-ақ басқа да қорғаныс қасиеттерін қамтамасыз ететін басқа бұйымдарды өндіру үшін пайдаланылады.

«Neu» және «Telemecanigue» (Франция) фирмалары машина астынан мезгіл-мезгіл шығарғанда жинақталған жерге тасымалдау үшін жүйеге түсетін қалдықтардың саны мен сапасын үздіксіз бақылау үшін «Comptades» жүйесін әзірледі.

100% талшықтық қалдық пайдаланады, ал қоқыс полигонға апарылады. «Мақта» АҚ жыл бойы шамамен 474 925,3 кг қалдық шығарады (кесте 1)[11, б. 34].

Кесте 1 - «Мақта» АҚ қалдықтары мен улы газдар және оларды пайдалану, кг

Кәсіпорыннның аталуы

Барлық қалдықтар мен улы газдар

Көрінбейтін қалдықтар

Қысқа талшықтар (1-5, мм)

Кәсіпорында пайдаланылғанның барлығы:

кг

%

«Мақта» АҚ

474925,3

67700,0

118207,6

289017,7

60

1-кестеде қалдықтардың жалпы көлемінің 60%-ы кәсіпорында қайта өңделетінін көрсетеді. Полигонға 67700,0 кг қалдық шығарылды, бұл өсімдік тектес күйік, бұл-мақтаның және бұтақшаның қорапшасының бөлшектері ретінде мақта тектес күй-ік,нығыздалған зақымдалған талшық-тар,күйген талшықтар және т.б.118207,7 кг қалдық – текстиль өнеркәсібінде көрінбейтін улы газдаржатады, талшықты қайта өңдеу процесіндепайда болған қысқа талшықтар және ұсақ қоқыстар.

Сондықтан, мақта өндірісінде қалдықтарды пайдалануына жүргізілген талдауды түзілетін қалдықтар елеулі материалдық ресурстарды білдіреді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді,оларды пайдалану мүмкіндігіхалық шаруашылығында әлі толық іске асырылмаған.

Кәсіпорыннан шығарылған шығындылары бойынша зиянды заттардың шығарын-дыларының сандық сипаттамасы және кәсіпорынның қауіптілік категориясының есебі 2-ші кестеде келтірілген.«Мақта» АҚ қалдықтарының сипаттамасы және орналастыру 3-ші кестеде көрсетілген.

Кесте 2 - Зиянды заттардың сандық және сапалық сипаттамасы

Заттың аталуы

ПДКсс, г/м

М т/жып, г/с

а

[ М 1 а

1 ПДК J коп

Қауіптілік класы

Мақта шаңы

0,05

17,2152

1

344,3

3

Бейорганикалық шаң

0,015

0,83

1

5,53

3

Ағаш шаңы

0,1

0,066

1

0

-

Көміртегі тотығы

3,0

50,925

0,9

12,79

4

Күкірт қышқылы

0,1

5,135

1,3

167,38

2

Хлорсутек

0,2

0,00268

1,3

0

2

Азот оксидтері

0,04

0,606

1,3

34,24

2

Гидроциан қышқылы

0,01

0,1233

1,3

26,21

2

Күкірт оксидтері

0,05

0,048

1

0

3

Сірке қышқылы

0,06

0,061

1

1,0

3

Хром ангидриді

0,203

0,0095

1,7

23,05

1

Формальдегид

0,003

2,766

1,3

7147,43

2

Сілті

0,01

1,89

1,3

910,74

-

Анилин

0,03

0,695

1,3

59,47

2

Мұнай көмірсутектері

1,5

0,86

0,9

0

4

Темір оксиді

0,04

0,0708

1

1,77

3

Марганец қосылысы

0,001

0,0025

1,3

3,29

2

Кремний оксиді

0,02

0,047

1

2,35

-

Кесте 3 - «Мақта» АҚ қалдықтарының сипаттамасы, түзілуі және орналастыруы

Қалдықтардың аталуы

hQ U kJ П Ьй

Ы

S

в

ф

§ ф

Ф

Жоспар

Есеп

ф

ф

co

1

| й

>» ч

ф 2

2 S

kJ

» й §

Ң g S

S В ә

с а

Қатты және тұрмыстық қалдықтар барлығы, соның ішінде:

5

т

300

-

300

2002

ПО

- бағалаулар (жапырақтар мен бұтақтар)

5

т

50

-

50

-

20

- басқалар

5

т

250

-

250

-

90

Өндірістік қалдықтар барлығы, соның ішінде:

5

т

390

90

300

-

240

- басқалар

4

т

390

90

300

-

240

Құрамында сынап бар құрылғылар мен бұйымдар, соның ішінде:

4

т

-

-

-

-

-

- ДСЛ типті сынапты шамдар

1

дана

1000

100

-

-

-

[12, б. 9] жұмыста мақта иіру өндірісінің атмосферасына қалдықтардың пайда болу көздері мен көлемі және зиянды заттардың шығарындылары және олардың экологиялық сипаттамалары егжей-тегжейлі қаралды.Мақта иіру өндірісіндегі талдау көрсеткендей, жұмыс аймағындағы мақта қоспасы мен шаңның шығарындыларының концентрациясы ШРК-дан ең жоғары бір реттік мөлшерден он есе асады, қалдықтарды пайдалану 20 ^ 40%-ды құрайды.

Сондықтан қалдықтар мақта иіру өнеркәсібінде әлі толық жүзеге асырылмаған елеулі материалдық ресурс болып табылады.

Мақта иіру өнеркәсібінде қалдықтарды басқару жүйесі іс жүзінде жүзеге асырыл-майды. ИСО 14000-96 стандартына сәйкес қалдықтарды басқару жүйесі өлшеулер мен тексерулер жүйесін енгізуді, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді хабардар етуді және оқытуды ұсынады.Қалдықтардың түзілуі, кәдеге жаратылуы саласындағы жұмыстарды бағалау үшін сандық (абсолютті және жанама) және сапалық (салыстырмалы және интегралдық) көрсеткіштерді пайдалану ұсынылады [13, б. 75].

Қалдықтармен жұмыс істеудің абсолютті көрсеткіштеріне[14, б. 46] сәйкес: өндірістік кәсіпорындарда қайта өңделетін, басқа кәсіпорындарға берілетін, қалдықтардың мөлшері, кәсіпорынның өзінде және полигондарға орналастырылған қалдықтардың массасы түзілетін қалдықтардың саны болып табылады. Жанама көрсеткіштер экологиялық талаптарды бұзудан, қалдықтарды өңдеуден және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға жұмсалған шығындардың орнын толтыру, зиянды және залалды өтеу болып табылады.

Қалдықтарды пайдалануды оқшаулау көрсеткіші [14, б. 47; 15, 16]:

B i =

V , - V'

V i

мұндағы: V ; V' - тиісінше бұйымдарды (тоқыма жіптің) өндіруге және бастапқы қалдықтарға кететін i -ші түрдегі шикізаттың (мақта) мөлшері.

Авторлар ұсынған жағдайда мақта иіру өндірісінің бастапқы қалдықтарының тазар- тылған бөлігі қайта пайдалану үшін мақта талшықтарына кіреді, сондықтан (1) формула келесідей болады:

B i =

V - V'

V i

V' V"

V i

мұндағы:

V" -  „ i пайдаланылмаған

қал-

дықтарға түсетін i -ші түрдегі шикізаттың

мөлшері.

Мұнда (2) теңдеудің екінші мүшесі қайта пайдаланылған шикізаттың (қалдықтың құрамнан қайтарылған шикізат) үлесін көрсетеді.(2) теңдеу тұтастай алғанда кәсіп-орындардағы ресурстарды пайдаланудың толықтығын бағалайды.

Қалдықтарды тиімді пайдалану оларды пайдаланудың техникалық және техноло-

гиялық операцияларына ғана емес, сонымен қатар ұйымдастыру технологиясына,яғни қалдықтармен жұмыс істеуді ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты[17-19, б. 231; 20, б. 132].

Қалдықтарды басқаруы бойынша ақпарат ағындарының мазмұнын талдасақ, бұл мәлімдеменің дұрыстығын растауға болады.

Жалпы мақта иіру өндірісінің қалдықтары бойынша ақпарат ағындарының схе-масы 1 суретте көрсетілген.

Сурет 1 - Өндірістегі қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ақпараттық ағындар

Мақта иіру (және кез-келген) өндірісінің қалдықтарымен жұмыс істеу жөніндегі ақпаратты қалыптастыру және оның қозғалысы өндірістік қызметтің ерекшелігіне бай-ланысты.Сондықтан, қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық және ақпараттық ағындар, 1-суретте көрсетілгендей, көптеген инженерлік және экологиялық проблемалардың жиынтығымен, технологиялық процестермен, жабдықтың түрімен және пайдаланылатын ресурстармен анықталады және

қалдықтарды пайдаланудың сандық және сапалық жағын көрсетеді.

  • (2)    теңдеу бойынша «Макта» АҚ мысалында мақта иіру өндірісінде пайда болатын қалдықтармен жұмыс істеудің (тұйықтықтың) сапалық көрсеткіші есептелді. Есептеу нәтижелері 4-кестеде келтірілген. Кестеден көрініп тұрғандай, әзірленген техно-логияны енгізу кезіндегі оқшаулау көрсеткіші «Макта» АҚ иіру цехының қолданыс-тағы жұмыс режимінен 24%-ға жоғары.

Кесте 4 - Қалдықтармен жұмыс істеудің сапалық көрсеткіштері

Технологияның атауы

Оқшаулаукоэффициенті В ,%

Айырмашылық , %

бастапқы

қайта қолданғаннан кейін

жалпыланған

Қолданыстағы технология

60,0

-

60,0

24

Әзірленген технология

60,0

24

84,0

Мақта иіру өндірісінің қалдықтарын пайдаланудың сандық және сапалық көрсеткіштері «Макта» АҚ мысалында бағалан-ды.Мақта иіру өндірісінің жұмыс процесі кезінде «Макта»АҚ қалдықтардың 40%-на дейін түзіледі, ал мақта талшықтарының қалдықтарынан өндіріске қайтару жүзеге асырылмайды. Әзірленген технологияны енгізу нәтижесінде өндіріс жұмысының қолда-ныстағы режимімен салыстырғанда қалдықтарды тұйық пайдалану көрсеткіші 24%-ға өсті. Өндіріс қалдықтарын пайдалануды тиімді басқару мақсатында қалдықтармен жұмыс істеу бойынша ақпараттық ағындардың схемасы жасалынды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Лебедев Н.А. Текстильные волокнистые отходы в производстве смешанной пряжи // Текстильная промышленность. – 1994. – № 5-6. – С. 19-21.

  • 2.    Лебедев Н.А. Смешанная пряжа с вложением регенерированных волокон // Текстиль-ная промышленность. – 1994. – № 7-8. – С. 30-32.

  • 3.    Карпенко В.А. Разработка системы контроля состояния атмосферного воздуха на предприятиях фосфорной подотрасли: автореф. канд. техн. наук. – М., 1992. – 154 с.

  • 4.    Егоров Ю.А., Никольский В.С., Сузда-лева А.А. Экологический мониторинг в регионах атомной электростанции // Инженерная экология. – 2001. – № 1. – С.10-15.

  • 5.    Берчик В.П., Пакшин А.А., Евтеров А.С., Игнатьев А.А., Косяков С.И. Экспертнорасчетная оценка обстановки при радиационной аварии и защитные мероприятия на загрязненной территории // Атомная энергия. – 2000. – Т. 89. – Вып.6. – С. 500-504.

  • 6.    Егоров Ю.А. Основные принципы организации и ведения экологического мони-торинга в регионе нормально работающей атом-ной станции // Экология регионов атомных станций. – М.: АЭП, 1995. – Вып. 3. – С. 200-208.

  • 7.    Польский О.Г., Соболев А.И. Информационно-аналитическая система радиоэкологического мониторинга г. Москвы // Проблемы управления качеством окружающей среды городов: науч.-практич. конф. при РАН, 11-14 апрель. – 1995. – С.77-82.

  • 8.    Козлов А.А., Соболев И.А., Соболев А.И., Хомчик Л.М. Концептуальная модель базы

    данных системы контроля и учета источников ионизирующих излучений // Технический прогресс в атомной промышленности. Серия: Изотопы в СССР. – М.: Энергоиздат, 1998. – Вып. 75. – С. 28-37.

  • 9.    Экологические проблемы ядерной энергетики: материалы семинара. (июнь. 1991 г.). – Одесса, 1991. Инф. бюл. – №1(14) ЯО СССР. – 1992. – 32 с.

  • 10.    Штокман Е.А. Очистка воздуха. – М.: АСВ, 1998. – 320 с.

  • 11.    Великанова Т.В. Экологический паспорт АХБК. – Алматы: 2000. – 81 с.

  • 12.    Нурмухамбетова Б.Т. Разработка техно-логии использования отходов при производстве пряжи хлопкового типа (на примере АО «Макта»): дисс. канд. техн. наук. – Тараз, 2007. – 100 с.

  • 13.    Баев К.В., Дращук Т.В. Переработка текстильных отходов // Текстильная промышленность. – 1978. – № 2. – С. 38-40.

  • 14.    Иванов Б.С., Старовойтов В.В. Обращение с отходами и его информационное обеспечение // Инженерная экология. – 2001. – № 1. – С 45-47.

  • 15.    Модели экосистем и методы измерения их параметров. – Новосибирск: ВЦ СО РАН, 1991. – 273 с.

  • 16.    Джакипбекова Н.О. Научные основы рационального использования сырья и промышленных отходов в процессах стабилизации и флокуляции дисперсных систем: дисс. д-ра техн. наук. – Тараз: ТарГУ, 2002. – 257 с.

  • 17.    Демидович Б.П., Марон И.А. Основы вычислительной математики. – М.: Наука, 1985. – 662 с.

  • 18.    Пугачев Е.А. Методы и средства защиты окружающей природной среды в легкой промышленности. – М.: Легпромбытиздат, 1988. – 240 с.

  • 19.    Тойбаев К.Д. Технико-экологические основы повторно-оборотного водоснабжения предприятий легкой промышленности (на примере отделочных производств): дисс. д-ра техн. наук. – Алматы, 2005. – 75 с.

  • 20.    Кириллов В.М. Теория и практика оценки экологической безопасности действующих и проектируемых предприятий: автореф.д-ра техн. наук. – С.-Пб., 1992. – 42 с.

Список литературы Мата иіру ндірісіні алдытарын пайдалануды санды жне сапалы крсеткіштерін баалау

  • Лебедев Н.А. Текстильные волокнистые отходы в производстве смешанной пряжи // Текстильная промышленность. – 1994. – № 5-6. – С. 19-21.
  • Лебедев Н.А. Смешанная пряжа с вложением регенерированных волокон // Текстильная промышленность. – 1994. – № 7-8. – С. 30-32.
  • Карпенко В.А. Разработка системы контроля состояния атмосферного воздуха на предприятиях фосфорной подотрасли: автореф. канд. техн. наук. – М., 1992. – 154 с.
  • Егоров Ю.А., Никольский В.С., Суздалева А.А. Экологический мониторинг в регионах атомной электростанции // Инженерная экология. – 2001. – № 1. – С.10-15.
  • Берчик В.П., Пакшин А.А., Евтеров А.С., Игнатьев А.А., Косяков С.И. Экспертно-расчетная оценка обстановки при радиационной аварии и защитные мероприятия на загрязненной территории // Атомная энергия. – 2000. – Т. 89. – Вып.6. – С. 500-504.
  • Егоров Ю.А. Основные принципы организации и ведения экологического мониторинга в регионе нормально работающей атом-ной станции // Экология регионов атомных станций. – М.: АЭП, 1995. – Вып. 3. – С. 200-208.
  • Польский О.Г., Соболев А.И. Информационно-аналитическая система радио-экологического мониторинга г. Москвы // Проблемы управления качеством окружающей среды городов: науч.-практич. конф. при РАН, 11-14 апрель. – 1995. – С.77-82.
  • Козлов А.А., Соболев И.А., Соболев А.И., Хомчик Л.М. Концептуальная модель базы данных системы контроля и учета источников ионизирующих излучений // Технический прогресс в атомной промышленности. Серия: Изотопы в СССР. – М.: Энергоиздат, 1998. – Вып. 75. – С. 28-37.
  • Экологические проблемы ядерной энергетики: материалы семинара. (июнь. 1991 г.). – Одесса, 1991. Инф. бюл. – №1(14) ЯО СССР. – 1992. – 32 с.
  • Штокман Е.А. Очистка воздуха. – М.: АСВ, 1998. – 320 с.
  • Великанова Т.В. Экологический паспорт АХБК. – Алматы: 2000. – 81 с.
  • Нурмухамбетова Б.Т. Разработка техно-логии использования отходов при производстве пряжи хлопкового типа (на примере АО «Макта»): дисс. канд. техн. наук. – Тараз, 2007. – 100 с.
  • Баев К.В., Дращук Т.В. Переработка текстильных отходов // Текстильная промышленность. – 1978. – № 2. – С. 38-40.
  • Иванов Б.С., Старовойтов В.В. Обращение с отходами и его информационное обеспечение // Инженерная экология. – 2001. – № 1. – С 45-47.
  • Модели экосистем и методы измерения их параметров. – Новосибирск: ВЦ СО РАН, 1991. – 273 с.
  • Джакипбекова Н.О. Научные основы рационального использования сырья и промышленных отходов в процессах стабилизации и флокуляции дисперсных систем: дисс. д-ра техн. наук. – Тараз: ТарГУ, 2002. – 257 с.
  • Демидович Б.П., Марон И.А. Основы вычислительной математики. – М.: Наука, 1985. – 662 с.
  • Пугачев Е.А. Методы и средства защиты окружающей природной среды в легкой промышленности. – М.: Легпромбытиздат, 1988. – 240 с.
  • Тойбаев К.Д. Технико-экологические основы повторно-оборотного водоснабжения предприятий легкой промышленности (на примере отделочных производств): дисс. д-ра техн. наук. – Алматы, 2005. – 75 с.
  • Кириллов В.М. Теория и практика оценки экологической безопасности действующих и проектируемых предприятий: автореф.д-ра техн. наук. – С.-Пб., 1992. – 42 с.
Еще
Статья научная