Направления государственной поддержки малого бизнеса
Автор: Кусайнова С. Б., Айтходжаева Г. И.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Экономика и сервис
Статья в выпуске: 3 (128), 2020 года.
Бесплатный доступ
Вопросы поддержки и развития предпринимательства как составной части экономической политики страны рассматриваются во всех стратегиях развития республики и государственных программах. В данной статье рассматриваются важные сферы и вопросы поддержки и развития предпринимательства. Каждый регион Казахстана придерживается комплекса мер по развитию массового предпринимательства, в том числе семейного. В этой связи Фонд развития предпринимательства «Даму» содействует качественному развитию малого и среднего бизнеса; процессу формирования ключевых задач в развитии малого бизнеса оказывает поддержку со стороны Национальной палаты предпринимателей «Атамекен». Авторы проанализировали основные направления поддержки малого бизнеса в Казахстане со стороны государства, показав деятельность таких компаний как Фонд «Даму» и Палата предпринимателей «Атамекен».
Предпринимательство, фонд «даму», национальная палата предпринимателей «атамекен», дочерние компании, субсидия, малый и средний бизнес, кәсіпкерлік, «даму» қоры, «атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, еншілес компаниялар, cубсидиялар, шағын және орта бизнес
Короткий адрес: https://sciup.org/140250893
IDR: 140250893 | DOI: 10.48184/2304-568X-2020-3-108-111
Текст научной статьи Направления государственной поддержки малого бизнеса
Кіріспе
Дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатының жалпы мақсаты – ол шағын кәсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыру болып табылады, яғни экономикалы саясаттың тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрлымның дамуы, зияткерлік меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамшы-лыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар және тағы басқалар. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнес мәселелерін шешетін арнайы ұйым шағын бизнес админстрациясы бар. Жапонияда жергілікті билік органдары қарызды кепіл-дендіру жөніндегі ассоциация құрған және ұйымдастырған. Канада да бизнесті дамытудың федералды банк арқылы кәсіпкерлерді несиемен, соның ішінде кепілдемемен қамтамасыз етеді. Бүгінде, ҚР-дің аса назар аударып жатқан аясы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаумен оны материалдық, құқықтық қамтамасыз етудің өзекті проблемаларын шешу болып табылады. Ол үшін мемлекеттің көмегі қажет:
-
- Біріншіден, құқықтық реттеудің ұтым-ды түрлері мен шегін белгілеу;
-
- Екіншіден, кәсіпкерліктің қарқынын төмендетпеуге назар аудару;
-
- Үшіншіден, салық салу жүйесін шешу жолдарын дамыту;
-
- Төртіншіден, бақылау органдарының кәсіпкерлік обьектілерінің тексеру жөніндегі қызметтерін бәсеңдету.
Сондықтан бұл мәселе ҚР Президентінің «Қазақстан – 2030» бағдарламасында да көрініс тапқан: мұндай экономикалық өсу стратегиясының принципі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың мақсаты - оны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.
Бұл орайда мынадай негізгі басымдықтар қарастырылған:
-
- мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өзара іс-қимылы;
-
- несиелендірудің тиімді және қолжет-кізілетін жүйелерін қалыптастыру;
-
- шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту;
Белгіленген шараларды іске асырудың нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері санының өсуі, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, шағын бизнес саласында жұмыс іс-тейтіндер санының артуы, нақты бәсекелестік орта құру, қоғамның орта негізі ретінде меншік иелерінің жаппай жігін қалыптастыру күтіп отыр. Еліміздің алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу мен белгіленген міндеттерді шешуде кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытудың маңыздылығы жоғары. Сондықтан да мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп, жергілікті және орталық атқарушы органдарға нақты міндеттер жүктелді. Осыған байланысты кәсіпкерлікті ұйымдастыру, рұқсат ету жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нақты іс-шаралар қабылданып, жүзеге асырылып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі кезге дейін кәсіпкерлікті дамытуға арналған арнайы мемлекеттік бағдарламалар қабылданған [1].
Зерттеудің нысандары мен әдістері
Зерттеу обьектісі мен әдістері болып Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан күшейтуді, дамытуды оны қолдауды қарастыру жолдарындағы іс-әрекеттердің негізгі көздері «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеттерінің қалыптастыру үрдісі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры алынған.
Нәтижелер мен оларды талқылау
Кәсіпкерлік орта өндіруші күштерді дамыту, өндірістік (экономикалық) қатынастарды жетілдіру, қолайлы қоғамдық және мемлекеттік менталитетті құру, кәсіпкерлердің өмір сүру, қызмет ету ортасы ретінде нарықтың қалыптасуы және тағы да басқа маңызды жағдайлар негізінде қалыптасады. Осы орайда, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры елімізде кәсіпкерліктің дамуына айтарлықтай өзіндік үлесін қосып келеді. Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру мақсатында, «Даму» АҚ шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құруға негіз болған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шыққан болатын. Президент Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулы шығарды. Қордың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасын-дағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржы құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру.
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Даму» қорының негізгі құралдары – екінші деңгейлі банктер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектіле-рін қаржыландыру, пайыздық ставкаларды субсидиялау, банктер алдында кепілдіктер беру, лизингтік мәмілелерді және микрокредит-тік ұйымдарды жеңілдікпен қаржыландыру, сондай-ақ қаржылық емес қолдау беру (білім беру, консалтинг, ақпараттық-сараптамалық қолдау). «Даму» қоры елдің кәсіпкерлігін дамытудың негізгі мемлекеттік институты болып табылады және Қазақстанның барлық 14 облысында және Нұр-Сұлтан және Алматы қала-ларында өңірлік филиалдары бар.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ миссиясы – Қазақстанның шағын және орта бизнесті сапалы дамытуға ықпал жасаудағы негізгі стратегиялық мақсаттары көрсетілген:
-
- даму әлеуетіне ие барлық шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жолымен белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің санын және жұмыс орындарының санын арттыруға ықпалын күшейту;
-
- экономиканың шикізаттық емес сек-торларында кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету;
-
- шағын және орта бизнес субъектіле-рінің кәсібилігін арттыру және халықты кәсіпкерлікке тарту.
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Даму» Қорының негізгі құралдары – екінші деңгейлі банктер арқылы жеке кәсіпкерлік субъекті-лерін қаржыландыру, пайыздық ставкаларды субсидиялау, банктер алдында кепілдіктер беру, лизингтік мәмілелерді және микрокре-диттік ұйымдарды жеңілдікпен қаржыландыру, сондай-ақ қаржылық емес қолдау беру (білім беру, консалтинг, ақпараттық-сарапта-малық қолдау) жасау. [2].
Халықтың табысын көтеру бойынша негізгі резерв шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджеттің аясында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасында Қазақстанның экономикасын дамыту-дағы кәсіпкерлік аясын ары қарай күшейтудің негізгі бағыттары анықталған, одан әрі іске асыру үшін жыл сайын қосымша 30 млрд. теңге қарастырылатын болады. Қосымша 30 млрд. теңге несиелер бойынша мөлшерлемелерді субсидиялауға және кепілдендіруге бағытталады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стар-тегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңге-рімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. [3].
Кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін білдіреді және құқықтарын қорғайды. Палата өз қызметінде кәсіпкерлік саласының, оның ішінде ішкі және сыртқы сауда салаларын қамтиды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында құрылған. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңна-малық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету.Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі іскерлік және инвестициялық ахуалды жақ- сартуға, тұрақтылықты нығайтуға, елде ұлттық, сондай-ақ шетел инвесторларының бизнес жүргізуіне қолайлы жағдайларды дамытуға бағытталған. Мемлекеттік бюджеттен бұрын жоспарланған 39 млрд. теңге сомасын-дағы қаражатты есепке алғанда, барлығы 69 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілетін болады. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұстанулары тиіс. Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауы қажет», – деген болатын. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес мүдделерін және құқығын қоғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету. [4].
Қорытынды
Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері еліміздің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі ретінде еліміздің барлық даму стратегияларында, мемлекеттік бағдарламаларда жыл сайынғы жолдауларда қарастырылып, мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып отыр. Осыған орай, бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да шағын несие ала алады. Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек деп атап көрсеткен болатын. Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқарылуы тиіс. Бұдан жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру мәселелері туындайды.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында құрылған. Кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін білдіреді және құқықтарын қолдайды. Палата өз қызметінде кәсіпкерлік саласының, оның ішінде ішкі және сыртқы сауда салаларын қамтиды.
Кәсіпкерлікті дамыту басымдықтары жүргізілетін құрылымдық, өнеркәсіптік және сыртқы экономикалық саясаттарға сай болуы үшін, жүргізілетін үрдістердің тұрақты болуы ескеріліп кәсіпкерлікті дамыту үшін оның қызмет етуінің ең тиімді салаларын дамытуды көздеу керек. Бұл орайда, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың нысандарын біріктіретін топтарды құрамдастыру, кәсіорындардың қызметін жоспарлауға билік органдарының әсер етуінің көптеген нысандарын тәжірибе-лік тұрғыдан синтездеу мен терең талдауды қажет ететін міндеттерді шешуге мүмкіндік жасалуы керек.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. Кәсіпкерлік. Оқулық. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы. – Алматы.: «Экономика», 2015ж. – 247 бб.
-
2. Фонд развития предпринимательства «Даму». [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://egov.kz/cms/ru/articles/bus_business/damu . Дата обращения 31.01.2020.
-
3. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы. [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://business.gov.kz/kz/dkb2020/ , дата обращения 31.01.2020
-
4. «Атамекен» миссиясы мен тарихы. [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://atameken.kz/kk/pages/39-missiya-palaty . Дата обращения 31.01.2020
Список литературы Направления государственной поддержки малого бизнеса
- Сейдахметов А.С., Елшiбекова Қ.Ж., Iзмаханова А.Қ. Кәсiпкерлiк. Оқулық. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауым-дастығы. - Алматы.: "Экономика", 2015ж. - 247 бб.
- Фонд развития предпринимательства "Даму".. Режим доступа: https://egov.kz/cms/ru/articles/bus_business/damu. Дата обращения 31.01.2020.
- "Бизнестiң жол картасы 2020" мемлекеттiк бағдарламасы.. Режим доступа: https://business.gov.kz/kz/dkb2020/, дата обращения 31.01.2020
- "Атамекен" миссиясы мен тарихы.. Режим доступа: https://atameken.kz/kk/pages/39-missiya-palaty. Дата обращения 31.01.2020.