Неміс тіліндегі текстиль жне жеіл нерксіп салалары терминдеріні жасалу ерекшеліктері

Автор: Аухадиева З.Ж., Ким С.Н.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Инновации в образовании

Статья в выпуске: 1 (102), 2014 года.

Бесплатный доступ

Мақала неміс тіліндегі текстиль және жеңіл өнеркәсіп салалары терминдерінің жасалу ерекшеліктері мәселесіне арналған. Талдау нәтижелері қазіргі неміс тілі терминдерінің жасалу тәсілдерін анықтайды, себебі олардың көмегі арқылы кез келген тілдің сөздік қоры тек қана байып қоймай, сонымен қатар адамдардың дүниетанымы да кеңейеді. Аталған зерттеу материалдарын техникалық мамандықтарға арналған неміс тілі сабағында қолдануға болады.

Короткий адрес: https://sciup.org/140205023

IDR: 140205023

Текст научной статьи Неміс тіліндегі текстиль жне жеіл нерксіп салалары терминдеріні жасалу ерекшеліктері

Кез келген елдің текстиль және жеңіл өнеркәсібі - бұл экономиканың аса маңызды көп саласы және инновациялық тартымды секторы. Тұтыну деңгейі бойынша текстиль және жеңіл өнеркәсіп азық-түлік тауарла-рынан кейін екінші орында тұр, бұл оның маңыздылығын білдіреді. Жеңіл өнеркәсіптің экономикалық және стратегиялық қауіпсіз-дікті, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды және оның өмір сүру деңгейін жаңа геосаяси жағдайларға көтеруді қамтамасыз етудегі маңызды ролін ескере отырып, әлемнің ірі елдері аталған саланы дамытуға айрықша назар аударады және оған айтарлықтай инвестициялық қолдау көрсетеді [1]. Жеңіл өнеркәсіп саласына тән және осы салаға қатысы бар арнайы сөздер мен сөз тіркестерді терминдер деп атаймыз. Термин-дердің басқа сөздерден айырмашылығы, олар: көбінесе ұлтына және тіліне қарамастан барлық адамдарға түсінікті болып келеді және нақты бір мағынаны білдіреді. Терминнің мағанасы жылжымалы, өзгермелі емес, әрқашан тұрақты болады да, ғылым мен техниканың бір саласына меншіктеліп, соған түпкілікті қызмет атқарады. «Термин – бұл арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми немесе өндірістік – технологиялық ұғымның атауы болып табылатын және дефинициясы бар сөз немесе сөз тіркесі» [2,58].

Зерттеу нысаны мен әдістері

Неміс тіліндегі термин сөздердің жаса-лу жолдары қазақ тіліне қарағанда өзгешелеу, себебі қазақ тілі, жалпы түрік тілдер семьясына жататын тілдер агглютинативті топқа жатса, неміс тілі флективті тілдер тобына жатады, яғни әр тілдің өз ерекше-ліктері бар, сондай ерекшеліктердің бірі -неміс тіліне тән аффиксация тәсілі, яғни суффикстер (жұрнақтар) мен префикстердің көмегімен жасалатын термин сөздер. Аффиксация дегеніміз морфологиялық тәсіл, яғни түбірге жалғанатын аффикстер[2,61]. Аталған тәсіл неміс тіліндегі жеңіл өнеркәсіп саласында кездесетін терминжасамның ең өнімді тәсілдерінің бірі десек қателеспейміз. Біз қарастырған 300 термин сөздің ішінде -ung , -tion, -ei, -er, -ie, -e, -keit жұрнақтары терминжасамда ең өнімді жұрнақтар болып табылады. Мысалы, Veredlung, Verbindung, Aufbereitung, Farbveränderung, Bekleidung, Wärmeregulierung, Leinwandbindung, Zurückhaltung, Jagdausrüstung, Dekoration, Produktion, Oxydation, Sommerkollektion, Konfektion, Spinnerei, Wirkerei, Kämmerei, Stickerei, Bleicherei, Weber, Spinner, Bastfaser, Kostümbildner, Modeschöpfer, Textilindustrie, Trendlinie, Trikotagen- und Strumpfindustrie, Textiltechnologie, Baumwolle, Wolle, Seide, Produktionsstufe, Gewebe, Webpelzware, Farbpaste, Faserdecke, Modeszene, Pflege-leichtigkeit, Verschleißfestigkeit, Biegfestigkeit,

Scheuerfestigkeit, Wiederstandsfähigkeit және т.б. сөздер. Ал –tät, -keit, -schaft жұрнақтарымен келетін термин сөздер бар, бірақ саны өте аз. Мысалы, Elastizität, Kapazität, Eigenschaft, Gebrauchseigenschaft, Trageeigenschaft т.б.

Неміс тілінде терминжасамның тағы бір ерекшелігі - префикстердің қолданылуы. Мысалы, Verarbeitung, Verbrühung, Verdi-chtung, Vorschubgetriebe, Vorschub, Her-stellung, Einlagerung, Gewebe, Beklei-dungsbedürfnis, Zerlegung т.б. Терминжасамда біріккен сөздердің алатын өз орны бар және ең өнімді тәсілдерінің бірі болып табылады, әсіресе екі немесе үш түбірден жасалған терминдер жеңіл өнеркәсіп саласында жиі кездеседі, оларды кейде екі және үш, төрт компонентті термин сөздер деп те атай береді. Мысалы, Textildruck, Stickware, Textiltechnologie, Bekleidungsfabrik, Wirkware, Faserstoff, Seidenweberei сөздері екі компоненттен тұрса, Möbelbezugsstoff, Dekorationsstoffindustrie, Bastfaserindustrie, Textilindustrieunternehmen, Textilveredlung-sbetrieb, Baumwollindustrie, Textilrohstoff, Webpelzware, Trikotagen- und Strumpfindustrie, Bio-Baumwollprodukt, Textilhandwerksbetrieb сөздері үш және төрт компоненттен жасалған.

Нәтижелер және талқылау

«Тіл - ұлттың тірегі, асыл қазынасы, рухани мұрасы деп бекер айтпаған халық. Тілді әмбебап құрал ретінде пайдалана отырып біз басқа елдің, халықтың, ұлттың төл мәдениетімен, тілдік ерекшеліктерімен танысамыз» [3,196]. Жеңіл өнеркәсіп саласында да кірме, яғни басқа тілден енген термин сөздер өте жиі кездеседі. Тілдерге кірме сөздердің ену сипаты түрліше болады. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысуы белгіленетін заттар мен ұғымдардың ауысып келуімен байланысты. Термин сөздердің жаңа заттар немесе жаңа ұғымдармен бірге ену құбылысы тіл-тілде сөз алмасудағы басты және дағдылы құбылыс болып саналады. Сөздердің интернационализм тобының ішінде, әсіресе, латын, француз, ағылшын тілдерінің элементтері, кейде осылардың қосындысымен жасалған сөздерде жиі ұшырасады. Мысалы, Stil, Моde, Oxydation, Vakuum, Dekoration, Zellulose, Textil, Proportion, Trapez, Konfektion сөздері латын тілінен енсе, Pullover, Design, Webt, Fashion, Snowboard-Stiefeln терминдері ағылшын тілінен келген, ал Trikot, T-Shirt, Vigogne, Silhouette, Costume, Trikotage, Appretur,

Gabardine, Gardine, Popeline, Flor, Couturier, Garnitur, Garderobе, Chiffon, Robe терминдері француз тілінен келген. Жалпы жеңіл өнеркәсіп саласында француз тілінен енген сөздер жиі қолданылады, себебі ортағасыр -Франция елінде сән үдерісінің гүлденуі және киім үлгілерін тігу техникасының дамуымен ерекшеленген. Аталған салада араб және үнді, парсы, жапон тілдерінен енген сөздер де кездеседі, мысалы, Gamasche, Cashmere, Pashmineh, Pyjama, Pong. Неміс тілін де қысқарған сөздер өте жиі кездеседі, себебі күрделі сөздер неміс тілі сөз қорының үлкен бір бөлігін құрайды. Сөздердің қысқарып барып бірігу жолы ғылым мен техниканың аса күшті қарқынмен дамуының әсерімен байланысты. Атауларды қысқартып айту және қысқартып жазу — дәстүрге айналды. Осының нәтижесінде, қысқарған сөздер тілде жаңадан сөз тудырудың белгілі бір тәсілі болып қалыптасты. Қысқарған сөздер деп ұйым, мекеме аттарын білдіретін күрделі атауларды айтамыз. Күрделі атаулар сөйлеу тілімізде де, жазу тілімізде де бірде толық, бірде қысқартылып қолданылады. Қысқарған сөздерді тіл ғылымында аббревиатура дейді. Мысалы: SDB- Stiftung der Deutschen Bekleidungsindustrie - Неміс тігін өнеркәсібі қоры, GdTuM - Gesamtverband der deutschen Textil- und Modeindustrie – Неміс текстиль және сән өнеркәсібі одағы, ISIC - International Standard Industrial Classification- Өндіріс орындарын халықаралық стандарттау класси- фикациясы, ÖTI – Österreichische Textilin-dustrie – Австрияның жеңіл өнеркәсібі, VTB – Verband der Bayerischen Textil- und Bekleidungsindustrie – Баварияның текстиль және киім өнеркәсібі одағы. Жазуда жиі қолданыла-тын ME- Masseeinheit, UV-Strahlen, L-Länge, cм -Zentimeter, мм -Millimeter, t-Tonne, LI-Leichtin-dustrie, а.В. - auf Bestellung секілді шартты белгілер де қысқарған сөздер тобына жатады.

Қорытынды

Сонымен неміс тіліндегі көптеген терминдер сөз жасамның аффиксация тәсілі, яғни суффикстер (жұрнақтар) мен префикс-тердің көмегімен жасалады. Ондай терминдер неміс тілінде өте жиі кездеседі. Аталған тәсіл неміс тіліндегі жеңіл өнеркәсіп саласында кездесетін терминжасамның ең өнімді тәсілдерінің бірі және тілдік қорды дамытуға үлкен үлес қосады, жаңартады байытады десек қателеспейміз.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Қазақстан Республикасында жеңіл өнер-кәсіпті дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы. Режим доступа: http://adilet.zan.kz/kaz/ docs /p1000001003.

  • 2.    Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. -М.: КомКнига, 2007.

  • 3.    Аухадиева З.Ж. Ахмет Байтұрсынов және аударма мәселелері. //Ғылыми-педагогикалық журнал. -Алматы, -2012. -196-198 б.

Список литературы Неміс тіліндегі текстиль жне жеіл нерксіп салалары терминдеріні жасалу ерекшеліктері

  • Қазақстан Республикасында жеңiл өнер-кәсiптi дамыту жөнiндегi 2010 -2014 жылдарға арналған бағдарламасы. Режим доступа: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1000001003.
  • Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. -М.: КомКнига, 2007.
  • Аухадиева З.Ж. Ахмет Байтұрсынов және аударма мәселелерi.//Ғылыми-педагогикалық журнал. -Алматы, -2012. -196-198 б.
Статья научная