Р-сында леуметтік жаырту аясындаы ебек нарыы
Автор: Сарсембаева М.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Экономика и сервис
Статья в выпуске: 3 (99), 2013 года.
Бесплатный доступ
Бұл жұмыста ҚР-да еңбек нарығын жаңғырту мәселелері, жұмысбастылық пен еңбек нарығын реттеудегі мемлекеттің негізгі бағыттары мен әдістері зерттелді. Олар елдегі нақты экономикалық жағдайға байланысты еңбек нарықтарында пайда болатын мәселенің күрделілігімен байланыстырылды. Еңбек нарығын реттеуде мемлекет тікелей араласады: ол еңбек туралы заң қабылдайды, еңбекақының ең төменгі мөлшерін белгілейді, жұмысбастылық, қайта даярлау бағдарламаларын қабылдайды, еңбек субъектілері арасындағы келіспеушіліктерді делдал ретінде келістіреді және т.с.с. Бұл жұмысты, ҚР-да жұмысбастылық деңгейінің аймақтық үйлеспеушілігін және жұмыссыздықты азайтуға, халықты жұмыспен қамтамасыз етуді жүйелі түрде шешуде қолдануға болады.
Короткий адрес: https://sciup.org/140205004
IDR: 140205004
Текст научной статьи Р-сында леуметтік жаырту аясындаы ебек нарыы
Кіріспе
Еңбек нарығы экономикада басты екі қызмет атқарады.
-
1) Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халінің әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуі жатады.
-
2) Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады.
Осыған байланысты мына мәселелерге аса назар аударылды:
-
- еңбек нарығын жаңа экономикалық жағдайда мойындау сипатын ашу;
-
- еңбек нарығына түсінік беру, оның сипаттамаларын, факторларын және мәнін ашып көрсету;
-
- еліміздегі жұмыспен қамту саясатын талдау.
Зерттеу нысандары және тәсілдері
Қазақстан Республикасы еңбек нарығы мәселелері. Зерттеу тәсілі статистикалық талдау.
Зерттеудің негізгі нәтижелері
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республика-сын дамытуда әлеуметтік жаңғырту басты басымдылық танытып отыр. Оның маңызды бір бөлігі, 2010-2012 жылдарға лайықты unemployment, employment.
еңбек бойынша қабылданған Мемлекеттік бағдарлама қабылданғаннан кейін, 2009 жылдан басталған лайықты еңбек идеясын жүзеге асыру болады. Тәжірибеде оның барлық ережелері орындалды, бірақ алда жаңа, халықаралық нарыққа теңесуге қабілеттілігі тиімдірек, аса білікті, заманауи еңбек нарығын қалыптастырудың ауқымды жұмысы күтіледі. ҚР Президенті Н.Назарбаев 2012 жылғы өзінің жолдауында жетістіктерді атап өтіп, жаңа бағдарлар ұсынды: «Мен сіздерді, жұмыссыздар тек жәрдемақы алушы болып қана қоймайтын, жаңа мамандық игеретін, шектеулі мүмкіншіліктері бар адамдар жасампаздық іс-әрекеттермен белсенді айналыса алатын, ал корпорациялар мен компаниялар оларға еңбектенуге лайықты жағдай жасай алатын жалпыға ортақ еңбек қоғамына жетелеймін» [1].
Әлеуметтік жаңғыртудың жетістігі Қа-зақстандағы еңбек ресурстарының сапасы мен күш жігеріне тікелей тәуелді. Қазіргі кезеңде Қазақстанда еңбек нарығы динами-калы дамуда және өзгеруде, дегенмен оны белгілі-бір моделге жатқызу қиынырақ бол-ғанмен, онда айқын да жеткілікті тенденция-лары мен сипаттамалары байқалады.
2002 жылдардың жетекші тенденциясы экономикалық белсенді халықтың санының өсуі болды, 2000 жылдан бастап бұл көрсеткіш 7107,4 мыңнан 2012 жылы 8981,9 мыңға ұлғайды. Өсімі 1874,5 мың адамды құрады, халықтың жалпы саны айтарлықтай жоғары еместігін есепке алғанда (16675,4 мың адам) Қазақстан үшін бұл цифр аса мәнді. Елде қазіргі кезде экономикалық белсенді халық саны, жалпы халық санынан 70% құрайды.
2000-2012 жылдардағы жұмыспен қамтылған халықтар саны да оң нәтижелі динамиканы көрсетіп отыр. Егер 2000 жылы бұл көрсеткіш 6201,0 мың адамға тең болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 8507,1 мың адамға жетіп, өсімі 2306,1 мың болды.
Қазақстан еңбек нарығының дамуын-дағы келесі маңызды тенденция, транзиттік кезеңдегі айрықша өткір сипатта болған жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі болды.
2000 жылы жұмыссыздар саны ресми статистикалық мәліметтері бойынша 906,4 мың адамды құрады. Сонымен бірге, сол мезгілде бұл цифрда тек тіркелген жұмыссыздардың көрсетілгенін есепке алу керек, ал олардың нақты саны едәуір жоғары болды. 2000 жылы жұмыссыздық деңгейі кез келген экономикаға қиындық тудыратын 12,8% жетті. Бірақ, жұмыссыздық деңгейі өзінің үдемелі кезеңіне бұрынырақ 1999 жылы (13,5%) жеткендігін айта кету керек.
1 кестеде 2002-2012 ж.ж. ҚР-сы еңбек нарығының индикаторларының даму динами-касын көрсететін мәліметтер келтірілген.
1кесте – 2002-2012 ж.ж. ҚР-сы еңбек нарығының индикаторлары
2000 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
|
Экономикалық белсенді халықтар (мың адам) |
7107,4 |
8457,9 |
8610,7 |
8774,6 |
8981,9 |
Жұмыспен қамтылғандар (мың адам) |
6201,0 |
7903,4 |
8114,2 |
8301,6 |
8507,1 |
Жұмыссыздар (мың адам.) |
906,4 |
554,5 |
496,5 |
473,0 |
474,8 |
Жұмыссыздық деңгейі (%) |
12,8 |
6,7 |
5,8 |
5,4 |
5,3 |
*ҚР-сы статистикалық Агенттік мәліметтері негізінде автормен құрастырылған.
Бұл кестедегі келтірілген мәліметтер еңбек нарығының барлық индикаторларының анық оң тенденциясын көрсетеді. Әсіресе, жұмыссыздық деңгейі мен жұмыссыз халықтар санын көрсететін көрсеткіш өте анық көрсетілген. 2000 жылдан бастап 2012 жыл аралығында Қазақстанда жұмыссыздар саны 906,4 мыңнан 474,8 мың адамға, екі есеге дейін төмендеген. Ал жұмыссыздық деңгейі де сол кезеңде екі есеге дейін, 2000 жылы 12,8% -дан 2012 жылы 5,3%-ға төмендеді.
Қазақстандық жүйенің ерекшелігі мем-лекеттік мекемелердегі жұмыспен қамтылған халықтардың үлесінің (24,4%) жоғарылығы болады, 73,4% жеке кәсіпорындарда және тек 2% басқа елдердің меншігі болатын кәсіпорындарда жұмыс істейді. Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сәйкес мемлекет аса маңызды жұмыс беруші және іс жүзінде әрбір төртінші қазақстандыққа жұмыс беретіндігін атап өту керек. Бұл жұмыспен қамту төмен жалақылы болғанмен, әсіресе, жұмыс орындары тапшы ауылдық жерлерде және шағын қалаларда жеткілікті тұрақты. Сондық-тан, мемлекет маңызды жұмыс беруші бола отырып, жалпы республика бойынша еңбек нарығы саясатына тиімді ықпал жасауға барлық мүмкіндіктерге ие болады.
Соңғы жылдары жұмысбастылық ста- тусы бойынша жұмыспен қамтылған халықтар саны мен құрылымында айтар-лықтай өзгерістер болды. Сонымен бірге, мемлекеттік мекемелердегі жалдамалы жұ-мысшылар санында іс жүзінде 2001-2012 жылдарда өзгеріс болмады. Бәрінен көп мемлекеттік емес кәсіпорындардағы жұмыс-пен қамтылғандар саны (52,0%) ұлғайып, бұл бөлуде бірінші орынға шықты және 2,2 млн. артық адамды құрады [3]. Сонымен бірге, жалдамалы қызметкерлер санының тұрақты өскендігін, соңғы жылдары өздігінен жұмыс жасайтын халықтар санының біршама төмендегені атап өтіледі.
Өздігінен жұмыс жасайтын халықтар категориясы 1991 жылдан бастап пайда болды және халықтардың жұмысбастылығы құрылымын тез өзгертті. Егер, 1991 жылы экономикадағы жұмыспен қамтылғандар санында, жалдамалы қызметкерлер 95,8% және тек 4,2% өздігінен жұмыс жасайтын-дарды құраса, ал 2011 жылы сәйкесінше 64,9% және 33,1% құрады. Өздігінен жұмыс жасайтын халықтар арасында жұмыс беру-шілер тек 4,1%, дербес қызметкерлер 91,1%, қалған 4,4%-ын өндірістік кооперативтер мен отбаслық кәсіпорындардың төмен жалақылы жұмысшылары құрады. Сонымен қатар, жұмыс берушілердің саны 2012 жылы 2001
жылмен салыстырғанда іс жүзінде екі есе өсті, бұл кәсіпкерлік пен азаматтар арасында кәсіпкерлік бастаманың дамығандығын айта-ды және еңбек нарығындағы оң бағыттағы тенденция ретінде бағаланады. Сонымен қа-тар, соңғы жылдары жұмыс жасайтын ерлер саны сақтала отырып, өздігінен жұмыс жасай-тын әйелдер аясында қысқару байқалады.
Еңбек нарығының маңызды сипаттама-сының бірі жұмысшылардың білім деңгейі болады. Қазіргі уақытта жоғары білімі бар жұмыспен қамтылған халықтар санының өсуі байқалады. 2011 жылы жоғары білімі бар жұмыспен қамтылған халықтар құрылымын-да 2 млн. артық немесе оның жалпы санынан 27%-дай адам болды. Көбіне білімді жалда-маы жұмысшылар болып отыр, олардың 34,5%-ның жоғары білімі бар. Өздігінен жұмыс жасайтын халықтар арасында тек 11,7%-ның ғана жоғары білімі бар. Негізінен орта кәсіби, жалпы және бастауыш білімі бар тұлғалар үлесі барлық жұмыспен қамтылған-дардың жартысын құрады немесе 47%., ал 2010 жылы – 48 %, 2011 жылы– 49 % [4].
Жұмыспен қамтылған халықтың 27,1%-ның орта кәсіби білімі бар. Жұмыспен қамтылған әйелдердің ерлерге қарағанда жоғары және орта кәсіби білім деңгейі жоғарырақ. Соңғы жылдары бұл салада келесідей жетістіктер байқалады: жоғары білімі бар жұмыспен қамтылғандар саны артып өсіп келеді, орта кәсіби білімі бар жұмыспен қамтылғандардың үлес салмағы тұрақтануда және бастауыш кәсіби білімі бар жұмыспен қамтылғандардың үлес салмағы азаюда. Жұмыссыздық деңгейі және жұмыссыз халықтардың білім деңгейінің талдауы жұмыссыздықтың білім деңгейіне тікелей тәуелді екендігін көрсетеді. Мысалы, жоғары білімі барлар арасында орташа деңгей 7% бола тұра, жұмыссыздық 4,3% ғана, аяқталмаған жоғары білімі барлар арасында 10,3%, орта кәсіби білімі барлар 6,6%, бастауыш кәсіптік бойынша 7,2%-ды құрайды. Сонымен бірге, жұмыссыз әйелдерде білім деңгейі өте жоғары екендігі анықталды, жұмыссыз әйелдер арасында жоғары білімі барлар 60%-ды құрайды.
Жұмыссыздар арасында жұмысты табудың ұзақтығы сипатынан мамандығын толық немесе ішінара жоғалтқан тұлғалар көп болып отыр. Өткен жылы жалпы жұмыссыздар санынан 22,7%-ы 1 айдан 6 айға дейін жұмыс іздеуде болған. 6айдан 12 айға дейін жұмыс іздеушілер жұмыссыздар- дың 12,8%, бір жылдан жоғары жұмыс іздеушілер – 26,5%.
ХХІ ғасырдағы еңбек нарығының айқындаушы тенденциялары арасында жастар арасындағы жұмыссыздықтың азаюын бөліп айтуға болады. Ол туралы 2000 жылы мәлімет жоқ, ал 2004 жылы жастар арсындағы жұмыссыздық деңгейі 12,1% құрады. Әсіресе, 15-24 жас категориясы арасында жұмыссыз-дық деңгейі өте жоғары болды. 2008 жылы бұл көрсеткіш 7,4%-ға дейін қысқарды, 2009 жылы 6,7%, 2010 жылы 5,2% және 2011 жылы 4,6% болды [5].
Жоғарыда аталған тенденциялар Қазақ-стандағы еңбек нарығының позитивті дамуын куәландырады, бұл халықаралық рейтингтік мәліметтермен дәлелденеді. Жаһандық бәсеке қабілеттіліктің Әлемдік Экономикалық форумы индексінде, Қазақстан 2012-2012 ж.ж. еңбек нарығының тиімділігі бойынша «өзінің позициясын бірден 7 пунктке тұрақтандырып» 19 орынды алды [6].
Соңғы жылдардағы жағымды тенденция Қазақстан халықтарына кездеспеген жұмысшылардың кәсіби икемделуі болады. Бірақ өндіріс технологиясының, экономика салаларының тез алмасуы, ескілердің ығысуы және мүлдем жаңа мамандықтардың қажет-тілігі, жұмысшылардың көп бөлігінің кәсіби икемделуіне әкеледі. Нәтижесінде жаңадан, екінші немесе үшінші мамандық пен кәсіпті игеру, сабақтас пәндер мен кәсіби дағдылану қажеттілігі туындайды. Әсіресе бұған 30 жасқа дейінгі жастар икемді, ал жасы үлкен жұмысшылар кәсіби икемделудің қажеттілі-гін түсінсе де мамандығын өзгертуге ұмтыл-майды.
Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына жету жолының маңызды қадамы «Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы» болады, мақсаты; «Тұрақты және жемісті жұмыспен қамту арқылы ықпал жасау арқылы халықтардың табысын ұлғайту» болады [7].
Осылайша, еңбек нарығының даму перс-пективасын анықтайтын негізгі фактор – еңбек-ке қабілетті халық санының өсуі, жасы үлкен топтардың экономикалық белсенді халықтар құрылымындағы үлесін арттыру болады.
Біздің көзқарасымызда, жақын онжыл-дықтағы басты тренд жоғары білім деңгейін және біліктілігі аз жұмыс күштері үшін жұмыс орындарын қалыптастырудың жоғары қарқынын қажет ететін мамандықтардың паралельді өсуі болады. Жұмыспен қамтуда, өндірістік және ауыл шаруашылығы жұмыс- шылары, балық аулаушылар, орман шаруашылығы жұмысшылары т. б. кәсіби топтарында орташа қарқынмен өседі. Инфра-құрылым, тұрғын-үй коммуналдық шаруашы-лығы, тұрмыстық және сервистік қызмет көр-сету, білім беру, денсаулық сақтау жұмыс-шыларына тұрақты сұраныс болады деп жобалануда. Біліктілігі аз және мамандығы жоқ жұмысшыларға сұраныс төмендейді.
Қорытынды
Қазіргі жағдайда еңбек нарығы экономиканың және әлеуметтік-саяси өмірдің маңызды жоспарлы саласының бірі, еңбек нарығында жұмысшы күшін құнын, еңбек ақыны көлемін, еңбек жағдайын, білім алу мүмкіндігін, кәсіби өсімін бағалайды. Ұлттық еңбек нарығы қоғамдық өндірісті қамтиды, әрбір сала талаптарының жұмысшы күшіне деген талаптары ерекшеленеді. Отандық еңбек нарығын талдау барысында оның артықшылық-тары мен кемшіліктері анықталды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Послание Президента Республики Казах-
стан – Лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана. Стратегия «Казахстан- 2050». Новый политический курс состоявшегося государства. 14.12.2012. [Электронный ресурс]. – Режим доступа: / http://www. akorda.kz.
-
2. Уровень жизни населения в Казахстане. Стат. сб. -Алматы, 2002, 268 с.
-
3. Основные показатели рынка труда на 1 апреля 2012 г. [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://kyzylorda.enbek.gov.kz/ru .
-
4. Казахстан за годы независимости. 19912010. Стат. Сб. -Астана, 2011, 194 с.
-
5. Казахстан сегодня. Брошюра. -Астана, 2012, 42 с.
-
6. Казахстан в Индексе глобальной конкурентоспособности ВЭФ. 2012-2013. Министерство экономического развития и торговли Республики Казахстан, АО «Институт экономических исследований». [Электронный ресурс]. – Режим доступа: www.economy.kz .
-
7. Программа занятости – 2020. [Электронный ресурс]. – Режим доступа: / http://social.balkhash.kz/ru/templates/ja_purity/imag es/header1.gif.
Список литературы Р-сында леуметтік жаырту аясындаы ебек нарыы
- Послание Президента Республики Казах-стан -Лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана. Стратегия «Казахстан-2050». Новый политический курс состоявшегося государства. 14.12.2012. . -Режим доступа:/http://www.akorda.kz.
- Уровень жизни населения в Казахстане. Стат. сб. -Алматы, 2002, 268 с.
- Основные показатели рынка труда на 1 апреля 2012 г. . -Режим доступа: http://kyzylorda.enbek.gov.kz/ru.
- Казахстан за годы независимости. 1991-2010. Стат. Сб. -Астана, 2011, 194 с.
- Казахстан сегодня. Брошюра. -Астана, 2012, 42 с.
- Казахстан в Индексе глобальной конкурентоспособности ВЭФ. 2012-2013. Министерство экономического развития и торговли Республики Казахстан, АО «Институт экономических исследований». . -Режим доступа: www.economy.kz.
- Программа занятости -2020. . -Режим доступа:/http://social.balkhash.kz/ru/templates/ja_purity/images/header1.gif.