Linum pallescens және Linum heterosepalum шөбін жинау, дайындау технологиясын әзірлеу

Автор: Омархан А.Б., Жумашова Г.Т., Сакипова З.Б., Ибраева М.Б., Нұрахметова Д.Б.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности

Статья в выпуске: 3 (149), 2025 года.

Бесплатный доступ

Солғынгүл зығыр (Linum pallescens Bunge.) және алатостаған жапырақ зығыр (Linum heterosepalum Regel.) шөбін жинау мен дайындаудың оңтайлы технологиясын әзірлеу биологиялық белсенділікті, шикізат сапасын сақтауды қамтамасыз етуге, жоғары технологиялық эффективтілікке және процестердің экологиялық тұрақтылығын сақтауға бағытталған. «Quality by Design» (QbD) концепциясын технологиялық процестерді әзірлеуге енгізу сапаның критикалық көрсеткіштеріне әсер ететін факторларды жүйелі түрде ескеру және оларды оңтайландыру шарттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты QbD концепциясын қолданып, солғынгүл зығыр және алатостаған жапырақ зығыр шөбін жинау мен дайындаудың оңтайлы технологиясын әзірлеу. Өсімдік үлгілері «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК мамандарымен идентификацияланды. QbD концепциясының щеңберінде зығырдың екі түрінің өсімдік шикізатын кептіру және дайындау процесінде жобалау кеңістігін (Design Space) жасау үшін Minitab бағдарламасын пайдалана отырып, статистикалық талдау жүргізілді. QbD концепциясын солғынгүл зығыр және алатостаған жапырақ зығыр өсімдік шикізаттарын жинау мен дайындаудың технологиясын жасау процесіне интеграциялау жоғары тиімділікті көрсетті. Зерттеу нәтижелері дәрілік өсімдік шикізатын дайындаудың барлық кезеңдерінде сапаны, тиімділікті және бақылауды арттыру үшін QbD қолдану ұтымдылығын растайды.

Еще

Linum pallescens, Linum heterosepalum, өсімдік шикізаты, кептіру, экспериментті жоспарлау, шөп, тұқым

Короткий адрес: https://sciup.org/140312205

IDR: 140312205   |   УДК: 76.31.31   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2025-3-188-198