Әртүрлі антипирендермен өңделген текстиль материалдарының отқа төзімділігін зерттеу
Автор: Буркітбай A., Джуринская И.М., Асанхан Н.Ж.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология текстиля и одежды, дизайн
Статья в выпуске: 2 (148), 2025 года.
Бесплатный доступ
Ұсынылған зерттеудің технологиялық шешімі қол жетімді шикізатты пайдалануға негізделген, қымбат реагенттер, жоғары температура, жоғары қысым, арнайы жабдық қолданылмайды. Мақала импорттық Nortex-Х (мақта матасы үшін), Nortex-КП (беймата материалы үшін) және гуанидин гидрохлориді мен фосфорлы қышқыл натрий композициясымен өңделген текстиль материалдарының отқа төзімділігін зерттеуге арналған. Зерттеу нысандары: мақта матасы, зығыр және жүн талшықтарының қалдықтарынан жасалған беймата, сондай-ақ антипирендер және химиялық препараттар (nortex-Х (целлюлоза талшықтары үшін), Nortex-KП (беймата үшін), гуанидин гидрохлориді және фосфорлы қышқыл натрий). Зерттеу жұмыстарын орындау кезінде бірқатар кешенді зерттеу әдістері пайдаланылды: материалдың жануға тұрақтылығы ГОСТ Р 50810-95 талаптарына сәйкес анықталды. Текстиль материалдары талшықтарының беткі морфологиясын зерттеу үшін JSM - 6490lА (Жапония) сканерлеу растрлық электронды микроскопы қолданылды. ИҚ-спектроскопиялық талдау "Spectrum 65" (Perkin&Elmer) ИҚ-Фурье спектрометрінің көмегімен жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде гуанидин гидрохлориді мен фосфорлы қышқыл натрий композициямен өңделген текстиль материалдары жоғары отқа төзімді қасиеттер көрсеткені анықталды. Nortex препараттарымен өңделген бейматаның отқа төзімділігі артады. Алайда, осы препараттармен өңделген мақта матасының отқа төзімділігі төмен.
Текстиль материал, беймата материалы, мақта матасы, антипирен, отқа төзімділік, тұтану, жану, өртену, оттан қорғау қасиеттері, гуанидин гидрохлориді, фосфорлы қышқыл натрий
Короткий адрес: https://sciup.org/140310157
IDR: 140310157 | DOI: 10.48184/2304-568X-2025-2-210-217