Рмалас сйлемні алыптасу жолдары
Автор: Байкабилов У.А.
Журнал: Экономика и социум @ekonomika-socium
Рубрика: Современные науки и образование
Статья в выпуске: 1-2 (92), 2022 года.
Бесплатный доступ
Түркі тілдеріндегі құрмалас сөйлемдердің жалпы мәселелері аталған сөйлем типінің пайда болу жолдарын анықтау мен дамуын қарастыруды көздейді.
Короткий адрес: https://sciup.org/140291002
IDR: 140291002
Текст научной статьи Рмалас сйлемні алыптасу жолдары
Күрделі ой мен күрделі пікірді білдіру үшін қызмет ететін құрмалас сөйлемдер және басқа да ой білдіруде қолданылатын түрлі құрылымдар қазіргі заман көркем әдебиетінде, ғылыми және саяси шығармаларда жиі кездеседі. Десе де қандай тілдік бірлік болмасын оның өзіндік қалыптасу, даму тарихы болады. Құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдердің негізінде қалыптасқан кейінгі құбылыс десек те, көне жазба ескерткіштер тілі аталған тіл бірлігінің сан ғасырлық тарихы бар екенін жоққа шығармайды.
Тарихи ескерткіштер тілі сол кезеңдегі тілдік сана мен құрылымды толық көрсете алмайды әрі оны қалпына келтірудің өзіндік қиындықтары да бар екендігін естен шығармауымыз керек. М.Ширалиев көрсеткендей, жазба ескерткіштерде тілдің лексикалық және грамматикалық құрылымы толыц 9pi жан-жацты бейнелене алмайды, онда тек тiлдiн1 цолжазба жэне ескерткіштердің автор таңдап алған тақырыбы мен мақсатына сай шектелген «дәндері» көрінеді. (Проблема сложноподчиненного предложения. Жинақ: «Вопросы грамматики сложноподчиненных предложений в современном азербайжанском языке» Докт.дисставтореф. Баку,1963, 20-б) немесе Б.А.Серебренников айтцандай «Тiлде цандай да 6ip сөздің не тұлғаның болмауы адам санасында соған сәйкес түсініктің жоқ екендігін көрсетпейді» (Н.З.Гаджиева, Б.А.Серебренников.
«Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков». Синтаксис. 43-б.).
Түркі тілдері үшін дамудың барлық кезеңдерінде жай сөйлемдердің бip-бipiмен тipкесуi нэтижесшде пайда болFан синтаксистiк ц^рылымдар тән болғандығын көне түркі жазба ескерткіштерінің тілдік фактілері нацтылай тYседi.
Катанный сабын алматын,
Иерт-сайу бардыг,
Кеп анта алкынтыF, аpылтыF,
Анта цалмыш йер-сайу кеп
Туру-злу йорыйур ерт^,
Te^pi йарлыцадуцын Yчiн,
Оз1м кутым бар Yчiн,
Каган елуртым (КYлтегiн, Бipiншi жыр.) (Аудармасы: Каганыдныд тiлiн алмадьщ, Жер-жерге бардыц, Онда кеп алцындыд, арылдьщ, Сонда калFандаp жер-жерге кацFып 0лiмшi босцын боп едi,Тэцip жарылқағандықтан, Өзімнің құтым бар болғандықтан, Қаған болып отырдым) (1, 16). Жалпытүркілік тарихи ескерткіштер мен кейбір тілдерге ғана тән деп есептелетін тарихи ескерткіштер материалдарында жай сөйлемдер жиі кездеседі десек те, салаласа, сабақтаса байланысқан к¥рмалас cейлeмдeрдiц де аз eMecmiriH жоFaрыдaFы мысал да дэлелдей TYece керек.
Түркі тілдеріндегі құрмалас сөйлемдердің жалпы мәселелері аталған сөйлем типінің пайда болу жолдарын анықтау мен дамуын қарастыруды көздейді. Кейінгі зерттеулерде бұл мәселелер қарастырылғанымен, ол әлі жан-жакты шeшeмiн тапты деп айтуга болмайды.
Kaзiргi эдеби тiлiмiздiц барлык жанрында колданылатын к¥рмалас сөйлемнің қалыптасып дамуы бір күннің жемісі емес. Бұл жөнінде Төлеубай Қордабаев «Көрнекті ғалымдардың айтуына қарағанда, тіл дамуының көнерек заманында сөйлем құрамындағы сөздерді, сол сияқты жай сейлемдер бiр-бiрiмeн байланыстыратын кaзiргi дэнекерлер, тэciлдeр болмаған. Ол уақыттағы сөздер, сөйлемдер арасында қазіргі тіліміздей бірі екіншісіне меңгеріліп, жетектеліп бірі екіншісін меңгертіп, жетектеп, өзіне тэуeлдi eтiп т¥ру сиякты байланысу тэciлдeрiнiц анаг^рлым бeрiк тYрлeрi болмаған. Сөздер, сөйлемдер байланысындағы бұл тәсіл олардың тұрған орындарына мaFынa жeлiлeрiнiц жакындыктарына карай бiр-бiрiмeн қабыса, іргелесе байланысу тәсілі болған. Сөз бен сөздің сөйлем мен cейлeмнiц бiр-бiрiнeн аракатынасы тыFыз, бeрiк болмагандыктан, оларда дeрбecтiк, бiр-бiрiнe тэуeлciздiк KYштi болFaн» дeйдi (4.24).
Тіл дамуының көне заманында сөздердің де, сөйлемдердің де арасында дербестштщ, бытырацкылыктыц басым болFaндыFын Yндi-еуропа тiлi cинтaкcиciн зерттеген Faлмдaр да керсеткен.
Түркі тілдеріндегі бағыныңқы құрмалас сөйлемге қатысты басты мәселелер сөйлемнің пайда болу жолдары мен дамуын анықтаумен байланысты. СонFы жылдaрдaFы зерттеулерде б^л мэселелер жарым-жартылай шешілгенмен осы күнге дейін анықталмаған даулы мәселелер де жeтeрлiк.
БaFыныцкы к¥рмалас cейлeмдeрдiц пайда болу жолдары туралы теорияның негізін А.Рифтин салғаны және оның А.А.Потебняның кейбір дәлелдеріне сүйенгені мәлім. Осы теорияға сәйкес бағынықы құрмалас сөйлемдердің дамуындағы екі жол салаласу негізінде екі жай сөйлем бірігіп, нәтижесінде бағыныңқылы құрмалас сөйлем құрауы; жай сөйлемнің етістік тіркестері бағыныңқы сөйлемге айналып, бағыныңқы құрмалас сөйлем құруы туралы көзқарас тілші ғалымдар арасында бірауыздан мақұлданды деуге болмайды. Кейіннен Г.С.Кнабе бұл теорияны жоққа шығарады. Ол үндіеуропалық тілдерде етістікті оралымдардың бағыныңқы сөйлемге айналуының кездеспейтіндігін ескертеді. (3.29). Осылайша А.Рифтин ұсынған дамудың екінші жолын үндіеуропалық тілдердің материалдары нақтылай алмады. Дегенмен көптеген түркітанушылар А.Рифтин көзқарасын қолдады.
Ғалымдардың айтуынша, алдымен салалас құрмалас пайда болған да, соның негізінде сөйлемнің әр түрлі дәнекерлер арқылы байланысатын түрлері, соның ішінде сабақтаса байланысатын түрлері тіл дамуының кейінгі дәуірлерінде пайда болған. Аталған тұжырымды нақтылай түсетін Ф.Е.Корштың пікірін келтіре кетейік: «В истории синтаксического развития речи сочинение предшествует подчинению, древнейшими способами следует признать присоединение к логически главному предложению другого логически подчиненного, но грамматически вполне самостаятельного с соединительным союзом или без всякой внешней связи. Первый из этих двух способов чуть ли не древнее, чем второй, так как бессоюзие предпологает уже такое сильное развитие логического подчинения, которое неизбежно должно выработать для себя особенную внешнюю форму» (4.84). Бұл пікірдің дұрыстығын түркі тілі жазба ескерткіштер фактілері де дәлелдейді. Мұны «Құрмалас сөйлем және олардың жалум жолдары» деген мақаласында Н.Сауранбаев та айтқан еді: «Жеке сөйлемдердің бір-бірімен байланысуы сияқты жеке сөйлемдер де өзара байланысатын болған» (5.113). Көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеуші ғалымдар шығу тегі жағынан жалғаулықсыз салаластардың алғашқылығын, жалғаулықты салаластардың эпитафиялар тілінен кездеспеуін олардың тарихи жаңа категория екендігімен байланыстырады (6.99). Расында да кене жазбалар тiлiнен 6ip-6ipiMeH ешбip дэнекеpсiз, катар турып байланыскан сейлемдеpдi жиi Ke3gecmipyre болады. Атым Ел Туған тутуқ, бен теңрі елімке елчісі ертім, алты бағ будунқа бег ертім. Аудармасы: Атым - Ел ТуFан тутук, мен тэцipлiк елiмнiц елшiсi бодым, алты баулы халыққа бек болдым. (Талас жазуның ескерткіштерінен). Ебліг аты тучайан оглы аты Кара чур. Аудармасы: Эйелiмнiц аты - тучайан, улым аты - Кара чур- (Енисей жазуыныц ескеpткiштеpiнен).
Курмалас сейлемнiц бастапкы тYpi болып саналатын кене заманFы салалас құрмалас сөйлемді қазіргі тіліміздегі салалас құрмалас сөйлеммен тең дәрежеде қарауға болмайды. Ол кездегі сөйлеммен салыстырғанда тіл курылысы кYpделенiп, жацалану Yдеpiсiнен еткенiне кез жYгipтуге болады.
Курмалас сейлемнщ бастапкы кенетYpкi болып табылатын паратасмстен кейiнipек келе жай сейлемдеpдiц бip-бipiмен сабактаса курмаласатын гипотаксис деп аталатын тYpi пайда болFан. Тiл дамуында, алдымен, сездеpдi, жеке сейлемдеpдi бip-бipiмен байланыстыратын дэнекерлер пайда болмайды, кеpiсiнше, алдымен сол дэнекеpлеpдi керек ететін мұқтаждық пайда болып, соның қажет етуінің барын әр түрлі жалFаушы дэнекерлер пайда болFандыFы айтылып жYp.
Сейтiп эркайсысы ез деpбестiктеpiн толык сактап компоненттеpi бip-бірімен нашар байланысатын құрмалас сөйлемнің бастапқы көне түрінің орнына компоненттеpi бip-бipiмен тыгыз байланыстаFы жара тypi пайда болады. Құрмаластың ең бастапқы түрі болып табылатын паратаксис пен оныр негiзiнде туган нипотаксистiр бip-бipiнен езгешелiгi тек байланыстырушы дәнекерлерде ғана емес, сонымен бірге олардың әрбір жеке компоненттеpiнiр iшкi курылыстарындагы жаралыктарында.
Будан шыFатын корытынды: курмалас сейлемнщ алгашкы тYpi бip-бірімен мағыналық жағынан да, грамматикалық жағынан да нашар байланысқан жеке, дербес жай сөйлемдердің өзара салаластық негізде байланыса айтылуынан пайда болған да, кейінірек келе сол салаластың негізінде компоненттері әр түрлі дәнекерлер арқылы байланысқан жалFаулыкты салаластар мен 6ip-6ipiHe баFына байланысатын саба^тас сөйлемдер қалыптасқан. Десе де, көне жазба ескерткіштер тілінде жалғаулықты салаластар мен сабақтастар болмаған деп ой түюге болмайды. Мысалы, кене TYpki жазба ескеpткiштеpiнде жалFаулыктаp арқылы байланысқан сабақтас сөйлемдерді де кездестіруге болады. Кейiннен курмалас сейлемнiр жара TYpлеpi пайда бола бастады. Онда постпозициялық, яғни соңғы сөйлемнің баяндауышы көсемше формасын иеленген (Мысалы: Анта калмычы йip сайу кеп туру елу йорыйур еpтiг -Ол жерде калFавдаpьщ ел-елдi тентipетiп, ит елiмшi болдырдар. Т9рpi куч биртук учун, каным каFан сусi бкpi тег еpмiс, йагысы кон тег еpмiс -Тәңірім құдірет бергендіктен, әкемнің әскері бөрідей еді, жаулары қой сияқты еді). Көсемшелі тізбекті құрылымдар пайда бола бастап, кейін олардан сабақтас құрмалас сөйлемдер жасалды. Бағыныңқы сөйлемдері бар сабақтас құрмалас сөйлемдердің басқа тілдердегі бағыныңқы сөйлемдерге сәйкес келетін синонимдік, эдногендік құрылым ретінде айқындауышты сөйлем мүшелері бар сөйлемдер мен көсемше оралымдары бар тiзбектi курылымдар танылады.
Сөйлемнің күрделі құрылымының ары қарай дамуы төменде көрсетілген құрмалас сөйлемнің екі типінің өзара қосыла байланысуы аркылы жуpедi: екi немесе одан да кеп бip-бipiмен ipгелесе не жалғаулықтар арқылы байланысқан сөйлемдерден тұратын құрылымдар; тiзбектi, кесемшелi курылымдар.
Кейіннен бұл құрылымдар бағынышты кешендерге айналып, адстраттык жэне субстраттык факторлардыр ыкпалымен баFыныркы сөйлемдері бар жалғаулықтары немесе жалғаулықсыз сабақтас құрмалас сөйлемдер формасына көшті. Көптеген түркітанушылар құрмалас сөйлемнің пайда болуы туралы мәселелерді қарастыра келе, А.Рифтиннің көзқарасын ұстанады. Әзербайжан тіліндегі бағыныңқы құрмалас сөйлемнің пайда болу мәселесін қарастырған М.Ширалиев те жоғарыда көрсетілген екі жолды атап айтады.
Олардың екіншісі туралы айта келе, ол құрмалас сөйлем, көсемше немесе масдармен берілген және функционалды бағыныңқы сөйлемге бара-бар жай сөйлемнің бір мүшесінің грамматикалық дамуы нәтижесінде пайда болады дейді. Ол етістік тіркестердің бағыныңқы сөйлемге айналу жолдарын түсіндіреді. Ал түрік тілі синтаксисін зерттеушілер бұл тілде тек шартты бағыныңқылар ғана бар екенін, ал қазіргі түрік тіліндегі өзге бағыныңқылардың бәрі басқа тілдердің, әсіресе, парсы, француз тілдерінің ықпалынан пайда болған деп есептейді.
М.Ширалиевтің мақаласында тіркестердің бағыныңқы сөйлемге ауысуы туралы нақты дәлелдер болмағанмен автордың теориялық пікірінің дұрыстығы айтылып жүр.
Әзербайжан тілінде бағыныңқы құрмалас сөйлемдерге арнайы зерттеу жүргізген А.Абдуллаев, бір жағынан, М.Ширалиевпен келіспецді, себебі ол М.Ширалиев, А.Рифтин идеяларының әсерінде деп есептейді. Екінші жағынан, А.Абдуллаев бағыныңқы құрмалас сөйлемнің пайда болуы жай сөйлемнің «шектен шығуы» деп есептеп, бұл жолмен әдетте тіркестер бағыныңқы сөйлемге ауысатындығын көрсетеді. Н.Гаджиева керісінше бағыныңқы сөйлемдердің етістікті тіркестерден дамитындығын жоққа шығарады.
Әрине А.Рифтин теориясында да кемшіліктер жоқ емес. Біріншіден, бұл теория сабақтас құрмалас сөйлемдердің тікелей жай сөйлемдерден құралу мүмкіндігін жоққа шығарады. А.Абдуллаев, Н.Гаджиева және тағы басқа да ғалымдар бұл жолдың бар екендігін ғана емес, сонымен қатар оның көнеден келе жатқанын дәлелдейді. Бұл пікірді көптеген түркітанушылар қуаттайды.
Екіншіден, салаласа байланысқан құрмалас сөйлемдердің бәрі сабақтас құрмалас сөйлем бола алмайды. Бұл үдеріске олардың кейбіреулері ғана ұшырайды.
Сөйтіп түркі тілдерінде бағыныңқы құрмалас сөйлемдердің пайда болуының үш жолы болуы мүмкін:
-
2) жай сөйлемдердің құрамындағы етістік тіркестердің тіл дамуы
барысында бағыныңқы құрмала сөйлемге ауысуы;
-
3) кейбір салалас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы құрмалас
сөйлемдерге ауысуы.
Құрмалас сөйлем төңірегіндегі (жалпы бүкіл синтаксис айналасындағы) айтыстар негізінде шындыққа негізделген материалды дәлелдейтін деректің аздығынан жиі пайда болатынын ескеру қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
1. О.Нүсіпова. Көне түркі жазба мұралар тарихы. А., 2004.
-
2. М.Балақаев, Т.Қордабаев. қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. А.,1992.
-
3. Г.С.Кнабе. «Вопросы языкознания», 1, М., 1955.
-
4. Ф.Е.Корш. Способы относительного подчинения. М., 1977.
-
5. Н.Сауранбаев. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. А.,
-
6. Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енисей жазуы
ескерткіштерінің зерттелу тарихы мен грамматикалық очерктері. А., 1984.
-
7. Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші.А., 1995.
"Экономика и социум" №1(92) 2022
Список литературы Рмалас сйлемні алыптасу жолдары
- О.Нүсiпова. Көне түркi жазба мұралар тарихы. А., 2004.
- М.Балақаев, Т.Қордабаев. қазiргi қазақ тiлi. Синтаксис. А.,1992.
- Г.С.Кнабе. "Вопросы языкознания", 1, М., 1955.
- Ф.Е.Корш. Способы относительного подчинения. М., 1977.
- Н.Сауранбаев. Қазақ тiлiндегi құрмалас сөйлемдер жүйесi. А., 1998.
- Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енисей жазуы ескерткiштерiнiң зерттелу тарихы мен грамматикалық очерктерi. А., 1984.
- Ғ.Айдаров. Күлтегiн ескерткiшi.А., 1995.