Жүгері шашағы сығындысын зерттеу
Автор: Айтбаева А.Ж., Алибеков Р.С., Касымова М.К., Кизатова М.Ж., Қалдыбекова Ж.Б.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности
Статья в выпуске: 4 (150), 2025 года.
Бесплатный доступ
Жүгері шашағы пайдалы заттарға, яғни фенолдық қосылыстарға (флавоноидтар, полифенолдар, дубильдік заттар), майда және суда еритін дәрумендерге, сондай-ақ минералдарға бай. Жүгері шашағының сығындылары да дәрумендер мен минералдардың көзі ретінде денсаулыққа пайдалы және зиянды бос радикалдармен күресуге көмектесетін функционалдық тамақ өнімдерін жасау үшін қолданылады.Бұл зерттеу жүгері шашағының сулы-спиртті экстрактісінің физика-химиялық және биологиялық белсенді қасиеттерін жан-жақты зерттеуге бағытталған. Оның сүт қышқылды өнімдерінің негізгі сипаттамаларына әсерін бағалау функционалды тағам өнімдерін әзірлеудің маңыздылығын анықтауға мүмкіндік береді.Зерттеуге Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында орналасқан «Әли» шаруа қожалығының жүгері шашағы шикізаты пайдаланылды. Жүгері шашағы сығындысындағы және оның негізінде алынған өнімдердегі биологиялық белсенді қосылыстарды және А, В тобы, D3, K дәрумендерін сандық анықтауда Жоғары тиімді сұйық хроматография-масс-спектрометрия әдістері модификацияланды. Деректер “Excel 7.0” (MS Office, АҚШ) және “Statistica 6.0” (StatSoft, АҚШ) бағдарламалық қамтамасыз етулері арқылы статистикалық өңделді.Вакуумды ультрадыбыстық экстракция әдісімен алынған 20% сулы-спирттік сығындысы жақсы нәтижелер көрсетті. Ақуыз концентрациясының мөлшері сығындымен байытылған тәжірибелік үлгідегі сынаманың бақылау үлгісімен салыстырғанда айтарлықтай өсуіне әкелді. Бұл белсендендіру жүгері шашағының аминқышқылдық құрамына оң әсер ететінін көрсетеді. Осы өзгерістер негізінде әзірленген өнімнің жақсартылған және функционалдық қасиеттерге ие екендігін қорытындылауға болады.Жүгері шашағының сулы-спирттік сығындысын қосып әзірленген «Айран» сүт қышқылды өніміне жүргізілген зерттеулер оның құрамында метилбутират (Methylbutyrate) және метилцис-11,14-эйкозадиеноат (Methylcis-11, 14-eicosadienoate) майларының болуын және оның биологиялық тиімділігін растайды.Жүгері шашағы сығындысының құрамындағы В тобы дәрумендерінің жоғары болуы оның «Айран» сүт қышқылды өнімін өндіруге арналған перспективті шикізат ретіндегі әлеуетін анықтайды. Аталған бағыт дәрумендермен және алмастырылмайтын аминқышқылдарымен байытылған отандық функционалдық сүт қышқылды өнімдері индустриясының дамуына ықпал етеді.
Жүгері шашағы, ультрадыбыстық сығынды, технология, зерттеу, сулы-спирттік сығынды
Короткий адрес: https://sciup.org/140313224
IDR: 140313224 | УДК: 24.10.00 | DOI: 10.48184/2304-568X-2025-4-110-119
Текст научной статьи Жүгері шашағы сығындысын зерттеу
ҒТАХР 24.10.00
Кіріспе
ЖYгерi шашаFы — пайдалы заттардын, табиғи көзі. Оның құрамында фосфор, кремний, хлор, магний, калий, темір, кальций, мыс, хром, марганец, мырыш, никель, кобальт, бром, селен, молибден және тіпті алтын сияқты көптеген минералдар бар. Сондықтан оны пайдалы заттардың нағыз шағын фабрикасы деп атауға болады. Бұдан басқа, жүгері шашағында майлы май (2,5%-Fа дейш), ащы заттар, сапониндер, шайырлар, К дәрумені (бір грамында 1600 бірлік), криптотоксин, С дәрумені мен пантотен қышқылы, инозит, ситостерин, стигмастерин және аздаған мөлшерде алкалоидтар кездеседі [1].
Жүгері шашағын қышқыл сүт өнімдерін eндiруде колдану — коршаган ортага камкорлык жасаудың және ресурстарды үнемдеудің тамаша тәсілі. Сонымен қатар, бұл қосымша шикізаттан алынған пайдалы заттармен өнімдерді байытуға мүмкіндік береді, олардың денсаулық үшін кундылыгын арттырады.
Жүгері шашағы сығындыларын зерттеу бірнеше бағытты қамтиды. Фитохимиялық талдау нәтижелері шикізат құрамында 5,3% суда еритін полисахаридтер мен 1,3% пектиндтк заттардын, бар екенін растайдыі. Сонымен қатар, еркін (2,12 мг%) және байланысқан (12,84 мг%) күйде болатын 12 аминцышцылы аныкталган.
ЖYгерi шашаFынын, жэне онын, сыFынды-ларының өт айдағыш қасиеттерін қамтамасыз ететш негiзгi белсендi компоненттер флавоноид-тар мен гидрокси-коцыр кышкылдары болып табылады.
Әзірленген ультрадыбыстық экстракция әдісі биологиялық белсенді заттардың шығымын 40%-га арттыруFа жэне сыгындыны белсендi топтармен 30-40%-га байытуга мYмкiндiк бередi. Сығындының сапасын сақтау үшін ылғалдылық, жарық және ультракүлгін сәулелердің әсерін ескере отырып жYргiзiлген стресс-сынактар нәтижесінде, жүгері шашағы сығындысын сақтаудың оңтайлы шарттары анықталған: оны жарыктан корFалFан жерде сактау кажет [1,2].
Дегенмен, этанолмен вакуум-ультрады-быстық экстракциясы өзекті болып саналады, өйткені ол биологиялық белсенді заттардың (БАЗ) қосындысы бойынша да, белсенді заттардың жекелеген топтары бойынша да дәстүрлі әдістермен (орта есеппен 2 есе) салыстырғанда экстракция процесінің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл эдiстi колдану сулы-спирттi экстракциясын алу уақытын қысқартуға және негізгі БАЗ мазмұны бойынша оның сапасын арттыруға мүмкіндік бередi.
Жумыстын, максаты — жYгерi шашаFынан дайындалған сығындының құрамын және отандық сүт қышқылды өніміне «Айран» әсерін зерттеу.
Зерттеу нысаны - жYгерi шашаFынан алынган сулы-спиртйк сыFынды жэне отандык (д9стYрлi казак) сут кышкылды eнiмi «Айран».
Функционалды сүт қышқылды өнімдерін жоғары тағамдық құндылықпен жасаудың бір эдiсi — экологиялык турFыдан кауiпсiз есшдк шикізатын қосу болып табылады. Жүгерінің қайта өңдеу өнімдері, атап айтқанда, жарма немесе крахмал өндірісінде қосымша өнім ретінде түзілетін жүгері шашағы, болашағы зор ингредиент реттнде карастырылады.
ЖYгерi шашаFы флавоноидтар, стериндер, алкалоидтар, полисахаридтер, органикалық қышқылдар, эфир майлары, минералдар және дәрумендер сияқты көптеген пайдалы заттарға бай [3]. Ғалымдар жүгері шашағынан флавоноидтарды алу үшін әртүрлі әдістерді қолданады: химиялық реагенттер, ферменттер, микротолкынды пештер, арнайы газдар, ультра-дыбыс пен микротолқындардың комбинациясы [4,5]. Флавоноидтар — бул жасушаларды зақымданудан қорғайтын (антиоксиданттар), зиянды молекулалармен күресуге көмектесетін, бактериялардың өсуін тоқтататын және қандағы майларды реттеу арқылы қан тамырларының жағдайын жақсартатын табиғи заттар. Көптеген ғалымдар флавоноидтарды өсімдіктер өндіретін өте маңызды заттар деп санайды. Алайда, қазіргі кездегi басты киындык — жYгерi шашаFынан алынған флавоноидтардың тазалығы төмен және құрамында ең белсенді флавоноидтардың аз болуы [6,7].
ЖYгерi шашаFын ендеу кейнде биология-лық белсенді заттары бар сығындыларды алу және олардан ең көп пайдалы компоненттерді бөліп алу арқылы функционалдық қасиеттері бар инновациялық ұлттық өнімдерді алуға болады. Жүгеріні қайта өңдеуден кейін алынған қосымша ресурстарды жэне олардын, казiргi техноло-гиялық шешімдерін талдау олардың тұтастығы мен сапасын сақтайтын ешбір әдістің жоқ екенін көрсетеді. Демек, бөлініп алынған қосымша ресурстарды антиоксиданттық қасиеттері бар биологиялық құнды заттарды алу көзі ретінде қарастыруға болады.
Зерттеу әдістері мен материалдары
Зерттеуге арналған үлгілер Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында орналасқан « Әли » шаруа қожалығында өсірілетін Driver гибридті жүгерінің жас шашақтарынан алынды.
Экстракция. Сулы-спирттік сығындысын дайындау үшін, алдымен 1,5-2,0 мм мөлшерінде ұсақталған жүгері шашақтары экстрагентке қатысты 1:30, 1:50 қатынасында алынып, 20% сулы-спирттік ерітіндіге салынады. Ерітінді экстрагенттің шикізат саңылауларына еніп, қажетті компоненттерді ерітуі үшін бөлме температурасында 3,5-4 сағатқа қалдырылады. Содан кейін экстрагент 38–40°C температурада, 15 минут бойы вакуумда -ультрадыбыстық (қалдық қысым P = 113–114 Па) өңдеуден өткізіледі (жиілігі 35 кГц, қарқындылығы 70 Вт/см2).
Ақуыздың аминқышқылдық құрамы М-0438-2009 (МЕМСТ Р 55569-2013) әдістемесі бойынша, аминқышқылдарын талдауға арналған арнайы кассетасы бар «КАПЕЛЬ-105М» капиллярлық электрофорез жүйесінің көмегімен анықталды [8].
Микроэлементтік құрам JSM-6490LV сканерлейтін электрондық микроскопының көмегімен, INCA Energy дисперсиялық микроталдау жүйелері мен HKL-Basic құрылымдық талдау жүйесін қолдану арқылы эксперименталды түрде анықталды.
Суда еритін В тобы дәрумендерінің сандық мөлшері «Капель 105М» аспабындағы капиллярлық электрофорез әдісімен анықталды. В1, В2, В3, В5 (никотин қышқылы), В6 дәрумендерінің құрамын анықтау үшін капиллярлық-зоналық электрофорез әдісі (λ=200– 267 нм; pH=8,9; Leff/Lcomm=65/75 см; капилляр диаметрі=50 мкм; кернеу: +25 кВ, температура: +30 °C) толқын ұзындықтарын бағдарламалық ауыстыру арқылы қолданылды.
Ұшпа фенолдардың (жиынтығы) сандық концентрациясы РД 4.52.24.480-2006 әдістемесі бойынша бутил ацетатпен экстракциялау, кейін оларды сілті және бутил ацетатпен реэкстракциялау арқылы анықталды. Оптикалық тығыздық λ=470–490 нм толқын ұзындығы диапазонында үздіксіз спектрлік сканерлеуі бар фотометрде анықталды.
МЕМСТ ISO 14502-2010 стандарты 70°С температурада Фолин-Чиокалтеу реактивін
қолдану арқылы полифенолдардың жалпы мөлшерін анықтауға бағытталған.
Флавоноидтар мен дубилдік заттардың мөлшерін анықтау спектрофотометриялық әдіспен (λ=408–420 нм) МЕМСТ Р 55312-2012 және МЕМСТ 24027-2-80 сәйкес алюминий хлоридімен жүзеге асырылды. Стандарт ретінде рутин қолданылды.
МЕМСТ Р 54037-2010 бойынша антиок-сиданттарды анықтау зерттелетін заттың (немесе заттар қоспасының) белгілі бір потенциалда жұмысшы электрод бетінде тотығу кезінде пайда болатын электр тогының күшін өлшеуге негізделген [9,10].
Статистикалық деректерді өңдеу «Excel 7.0» (MS Office, АҚШ) және «Statistica 6.0» (StatSoft, АҚШ) бағдарламалық қамтамасыз етулері арқылы жүзеге асырылды. Мәндер үш тәуелсіз эксперимент нәтижелері бойынша 90% сенімділік деңгейінде (P=0,90) орташа мән ± стандартты ауытқу түрінде берілген (n=3).
Нәтижелер және оларды талқылау
Анализ нәтижесінде (цианидті сынама, желатинмен реакция, 1% темір-аммоний ашу-дасы ерітіндісімен, концентрлі тұз қышқыл-ындағы 1% ванилин ерітіндісімен сапалық реакциялар және т.б.) жүгері шашағының құрамында фенолдар, полифенолдар, флавон-оидтар, дубильдік заттар, көмірсулар, аминқыш-қылдары, май қышқылдары бар екендігі анықталды.
МЕМСТ 51433-99 стандартына сәйкес, жүгері шашағы сығындыларындағы құрғақ заттардың массалық үлесі 10,4-18,0% аралы-ғында болуы тиіс. Жүгері шашағы сығынды-ларындағы сахароза бойынша құрғақ заттардың орташа мөлшері шашақ мөлшеріне байланысты 12,925%-ды құрайды.
Жүгері шашағының химиялық құрамын практикалық зерттеу барысында флавоноид-тардан басқа, шикізаттың басқа да БАЗ топтары қаралды. Жүгері шашағының химиялық құра-мындағы БАЗ дәстүрлі белгілі өт айдайтын, диуретикалық және қан тоқтататын қасиеттерін толықтырып қана қоймай, олардың иммуно-тропты, ісікке қарсы, антиоксидантты, қабынуға қарсы қасиеттері де анықталды.
Жүгері шашағының мөлшері артқан сайын, құрғақ заттардың массалық үлесі азайып, сәйкесінше 12,3%, 11,0% және 10,4% құрады, бұл әдеби деректермен сәйкес келеді.
Сандық талдау тәжірибесін жүргізу нәтижесінде 100 г жүгері шашағында фенолдық және флавоноидтық қосылыстар анықталды. Галл қышқылына шаққанда фенолдық қосылыс- тардың жалпы мөлшері 1050 мг, ал рутинге шаққанда флавоноидтардың жалпы мөлшері 1330 мг болды. Бұл нәтижелер экстракцияның жүгері шашағынан фенолдық қосылыстар мен флавоноидтарды алудың ең жақсы әдісі екенін көрсетеді, сондай-ақ, алынған деректер жүгері шашағының химиялық құрамын анықтау және оны «Айран» өнімінің технологиясында қолдану міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Сулы-спирттік экстракция әдісі арқылы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, 20% сулы-спирттік сығындыдағы фенолдардың, полифенолдардың және флавоноидтардың мөлшері сәйкесінше 0,9 мг/г, 1,62 мг/г және 0,49 мг/г екені анықталды (1-кесте).
Кесте.1 Жүгері шашағы сығындысының физико –химиялық құрамы
|
№ |
Көрсеткіштердің атауы, өлшем бірліктері |
Жүгері шашағының сығындысы (сулы–спирт сығындысы, 20%) |
|
Антиоксиданттық құрамы, мг/г |
||
|
1 |
Фенолдар |
0,99 |
|
2 |
Полифенолдар |
1,62 |
|
3 |
Флаваноидтар |
0,49 |
|
4 |
Дубильді заттар, % |
1,37 |
|
Көмірсулардың құрамы, г/л: |
||
|
5 |
Глюкоза |
11,2 |
|
6 |
Арабиноза |
29,78 |
|
7 |
Фруктоза |
36,4 |
|
8 |
Сахароза |
8,7 |
Сулы-спирттік экстракция әдісі жүгері шашағынан сығынды алу үшін оңтайлы болып табылады, себебі ол шашақтан таза күйінде бөліп алу мүмкін емес заттарды қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жүгері шашағының фенолдық қосылыстарының ішінде ерекше қызығушылық тудыратыны — одан бөлініп алынған полифенолдар.
Жүгері шашағын сулы-спирттік экстракция арқылы өңдеу биологиялық белсенді заттарға бай сығындылар алудың жоғары ықтималдығын қамтамасыз етеді. Пайдалы компоненттерді бөліп алуды оңтайландыру функционалдық сипаттама-лары бар инновациялық отандық өнімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді (1-кесте). Жүгері шашағының сығындылары фенолдық қосылыс-тарды (флавоноидтар, полифенолдар, антиокси-данттар) қамтитын биологиялық белсенді қосылыстардың әртүрлі спектріне ие екені анықталды. Осылайша, бөлініп алынған қосым-ша ресурстарды антиоксиданттық қасиеттері бар биологиялық құнды заттарды экстракциялаудың перспективалық көзі ретінде қарастыруға болады.
Келесі кезеңде ұлттық сүт қышқылды өнімдерінің технологиясына өсімдік шикіза-тынан алынған байытылған сығындыларды қосудың оңтайлы мөлшері, сондай-ақ, сақтау мерзіміне байланысты олардың тағамдық қауіп-сіздікке, физика-химиялық және органолеп-тикалық қасиеттеріне әсері анықталады (2-кесте).
Кесте 2. «Айран» сүт қышқылды өнімінің физико-химиялық құрамы
|
№ |
Көрсеткіштердің атауы, өлшем бірліктері |
«Айран» сүт қышқылды өнімі (бақылау) |
Жүгері жібегінің 20% сулы-спирт сығындысы қосылған «Айран» сүт қышқылды өнімі |
|
1 |
Ақуыздың массалық үлесі, % |
3,58 |
3,94 |
|
2 |
Майдың массалық үлесі, % |
4,7 |
4,8 |
|
3 |
Көмірсулардың массалық үлесі, % |
4,99 |
5,28 |
|
4 |
Суда еритін антиоксиданттар, мг/г |
0,36 |
0,62 |
|
5 |
Майда еритін антиоксиданттар, мг/г |
0,10 |
0,12 |
|
6 |
Фенол құрамы, мг/г |
0,068 |
0,083 |
|
7 |
Полифенол құрамы, мг/г |
0,22 |
0,29 |
|
8 |
Флавоноидтардың құрамы, мг/г |
0,066 |
0,079 |
|
9 |
Тұтқырлық, Па.с |
0,098 |
0,0166 |
|
10 |
Энергетикалық құндылық, ккал |
72,96 |
80,61 |
2 -кестеде керсетшгендей, жYгерi шашаFы-ны, сулы-спиртпк сыгындысын «Айран» енiмiне цосу фенолдар (22%-га), полифенолдар (24%-га) жэне флавоноидтар (21%-га) децгейiнiц айтарлыц-тай артуына экеледг 3 - кестеде ұсынылған нәтижелерде «Айранды» жүгері шашаFыныц сулы-спиртпк сыFындысымен байыту полифен-олдыц цосылыстар мен флавоноидтар концен-трациясыны, б1ршама өсуіне ықпал ететінін көрсетеді. Бұл байыту т^келей енiмнiц антиокси-данттыц белсендшлтнш, жацсаруымен байланыс-ты, бул экстракт компоненттершш, эсершен болады
Антиоксиданттыц белсендшк — ауа мен суды, ластануы, УК-сэулелену, цолайсыз температуралар, патогенді микроорганизмдердің әсері сияқты әртүрлі жағымсыз факторлардың салдарынан төмендеуі мүмкін өте маңызды көрсеткіш. Эксперименттік үлгінің құрамын байыту арцылы (2-кесте), енiмдегi антиокси-данттық заттардың (флавоноидтардың) мөлшері артты. Біз алған деректер жұмысында келтірілген нәтижелермен сәйкес келеді. Оларға сәйкес, жүгері шашағы мен өсімдік сығындыларын сүт қышқылды өнімдерінің құрамына енгізу соңғы өнімді суда да, майда да еритін фракциялармен, сондай-ац полифенолдармен жэне флавоноид-тармен байытады. Бул бацылаулар антиокси-данттық және прооксиданттық белсенділігі бар компоненттер арасында оцтайлы тепе-тецдiк орнату арцылы айцын функционалдыц сипатта-малары мен сақтау кезіндегі тұрақтылығы бар енiмдi цалыптастыруга болатынын керсететш зерттеулермен Yйлеседi [11,12, 13].
Өсімдік компоненттерін жануар тектес шик1затпен YЙлестiру синергетикалыц эсер тудырып, ацуыздыц сiцiрiлуiн 1,5-2 есеге арттырады. Бұл дәрумендер мен минералдардың жоғары құрамымен түсіндіріледі, бұл организмнің зат алмасу процестеріне оң әсер етеді (1, 2-кестелер). ЖYгерi шашаFыныц цунды қасиеттерінің арқасында тағамға қосу жақсартылған функционалдық сипаттамалары бар жаңа өнімдер жасауға және дәстүрлі сүт қышқылды өнімі «Айранды» байытуға мүмкіндік беред1.
ЖYгерi шашаFыныц сулы-спиртпк сыгын-дысы цосылган айранныц тугцырлыFЫ (0,0166 Па·с) бақылау үлгісінің тұтқырлығынан (0,0146 Па·с) асып түсетіні анықталды. Жүгері шашаFынын су сыгындысы айранныц гидро-фильді қасиеттерін жақсартуға және реологиялық сипаттамаларын өзгертуге қабілетті екенін керсетед1.
Осылайша, 20% жугер1 шашаFыныц сулы-спиртпк сыгындысы цосылган енiмдi антиокси-данттық белсенділігі жоғары ұзақ сақталатын енiмдер санатына жатцызуга болады.
Жүгері шашағы құрамында айтарлықтай мелшерде В тобы дэрумендер1 (эс1ресе В2, В5 жэне В6) бар (1-сурет).
Зерттеу нэтижелер1, 1-суретте цорытынды-ланFандай, жYгерi шашаFыныц сулы-спиртпк сығындысы қосылған Айран өнімдерінде В тобы дэрумендершш, (эс1ресе В2, В5 жэне В6) айтарлыцтай мелшер1 бар екенш керсетед1.
Журызшген зерттеулердш, нэтижелер1 жүгері шашағы сығындысының қышқыл сүт өнімдерін өндіруде В тобы дәрумендерінің цосымша кез1 бола алатынын керсетедг ЖYгерi шашаFынын сулы-спиртйк сыгындысы цосылган «Айран» сүт қышқылды өнімінің прототипін әзірлеу барысында оның құрамында пиридоксин, рибофлавин жэне никотин цышцылыны, бар екендт аныцталды (1-сурет).
а) «Айран» сүт қышқылды өнімі (бақылау)
б) Жугер1 ж1бегшщ 20% сулы-спирт сыгындысы цосылган «Айран» сут цышцылды ен1м1
Сурет 1. «Айран» сут цышцылды енiмiнiц витаминд1к курамы: а) «Айран» сут цышцылды ен1м1 (бацылау); б) Жугер1 ж1бегшщ 20% сулы-спирт сыгындысы цосылган «Айран» сут цышцылды ен1м1
Зерттелетін өнім үлгісінің биологиялық құндылығын анықтау үшін оның құрамындағы алмастырылмайтын және алмастырылатын аминқышқылдары мен май қышқылдарының мөлшері анықталды, олар 2-суретте көрсетілген.
-
а) «Айран» сүт қышқылды өнімі (бақылау)
-
б) Жүгері жібегінің 20% сулы-спирт сығындысы қосылған «Айран» сүт қышқылды өнімі
Сурет 2. «Айран» сүт қышқылды өнімінің амин қышқылдық құрамы: а) «Айран» сүт қышқылды өнімі (бақылау);
-
б) Жүгері жібегінің 20% сулы-спирт сығындысы қосылған «Айран» сүт қышқылды өнімі
Әзірленген «Айран» үлгісіндегі ұлттық өнімнің құрамында адам ағзасына қажетті барлық алмастырылмайтын аминқышқылдары бар екені (2-сурет) талдау нәтижесінде анықталды. Жүгері шашағының сулы-спирттік сығындысы қосылған «Айран» өнімінде изолейцин+лейцин, фенилаланин, лизин, валин сияқты аминқышқылдарының мөлшері артқан. Ал, сулы-спирттік сығынды қосылған өнім-дерде треониннің мөлшері өзгеріссіз қалған.
Келесі кезеңде «Айран» сүт қышқылды өнімінің май қышқылдарының құрамы зерттелді (3-кесте).
Кесте 3. «Айран» сүт қышқылды өнімінің май қышқылдарының құрамы, %
|
№ |
Компонент |
«Айран» сүт қышқылды өнімі (бақылау) |
Жүгері жібегінің 20% сулы-спирт сығындысы қосылған «Айран» сүт қышқылды өнімі |
|
1 |
Метилбутират. Май қышқылының метил эфирі |
0,157418 |
0,165269 |
|
2 |
Цис-10-пентадекан қышқылының метил эфирі (метилцис-10-пентадеканоат) |
0,0000285 |
0,000098 |
|
3 |
Метилгептадеканоат. Гептадекан қышқылының метил эфирі (метилгептадеканоат) |
0,000188 |
0,002071 |
|
4 |
Цис-10-гептадекан қышқылының метил эфирі (метилцис-10-гептадеканоат) |
0,003191 |
0,000075 |
|
5 |
Цис-9-олеин қышқылының метил эфирі (метилцис-9-олеат) |
0,000120 |
0,000928 |
|
6 |
Метилцис-5,8,11,14-эйкосаттраэноат (метил цис-5,8,11,14-эйкосаттраэноат) |
0,0000113 |
0,000111 |
|
7 |
Цис-8,11,14-эйкосатриен қышқылының метил эфирі (метил цис-8,11,14-эйкосатриноат) |
0,000432 |
0,000576 |
|
8 |
Цис-11,14-эйкосадиен қышқылының метил эфирі (метил цис-11,14-эйкосадиеноат) |
0,001322 |
0,001761 |
|
9 |
Метил нервонаты |
0,001173 |
0,000057 |
|
10 |
Метиллаурат |
- |
0,000001 |
|
11 |
Метилтрикосанат |
- |
0,000002 |
|
12 |
Метилбегенат |
- |
0,000075 |
Май қышқылдарының құрамы тағамдық өнімдердің функционалдық мақсатын көрсете-тін ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Зерттеулер тағамдық өнімдердің функционалдық мақсатының көрсеткіші ретінде май қышқылдарының адам ағзасы үшін эссенциалды май қышқылдары, майда еритін дәрумендер көзі, сондай-ақ май тіндерін биосинтездеу және құру материалы ретінде маңызы зор екенін көрсетті [14,15,16].
Қорытынды
Жүгері шашағынан пайдалы заттарды бөліп алудың тиімділігі мен сығындының соңғы көлемі таңдалған сығынды алу әдісі мен еріткішке тікелей байланысты. 20% сулы-спирттік ерітіндіні қолдана отырып, вакуум -ультрадыбыстық сығынды алу жақсы нәтиже-лерді көрсетті. Ультрадыбыстық толқындар еріткіштің шашаққа ену процесін жылдам-датады, жасуша қабырғаларын бұзады және флавоноидтардың (мөлшері 0,36%-ға дейін жетеді) ерітіндіге толық өтуіне ықпал етеді.
Жүгері шашағынан фенолдық қосылыс-тар (флавоноидтар, полифенолдар, дубильдік заттар), дәрумендер (суда және майда еритін)
және минералдар сияқты әртүрлі биологиялық белсенді заттар бөлініп алынады. Осындай құрамының арқасында бұл сығындылар қоректік заттар көзі ретінде қызмет ете алады және антиоксиданттық қасиеттері бар функционалды тағамдық өнімдер жасау үшін қолданылады.
Сүт қышқыл өнімдеріндегі ақуыз деңгейінің жоғарылауы олардың аминқыш-қылдық құрамының оңтайландырылуына және тағамдық құндылығының артуына ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде, ағзаға қажетті алмас-тырылмайтын аминқышқылдар (изолейцин, лейцин, фенилаланин, гистидин, лизин, валин) мөлшерінің артуымен сипатталады. Оңтайлан-дырылған аминқышқылдық құрамы бұл өнімдердің анаболикалық процестерге, тіндер-дің регенерациясына, танымдық қабілеттерге және иммундық реакцияға айтарлықтай әсер етуі мүмкін деген гипотезаны ұсынуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, әзірлен-ген өнімді жақсартылған және әлеуетті функционалды деп жіктеуге болады, бұл оның қасиеттерін жан-жақты бағалау үшін одан әрі зерттеулер жүргізу қажеттілігін көрсетеді.
Жүгері шашағы сығындысында В (В2, В5, В6) тобы дәрумендерінің жоғары мөлшері оны «Айран» сүт қышқылды өнімін өндіру үшін перспективті шикізат ретінде қарастыруға негіз бола алады. 20% сулы-спирттік сығын-дысы қосылған Айранның май қышқылдары профилінің май фракциясындағы метил-бутират (Methylbutyrate) және метилцис-11,14-эйкозадиеноат (Methylcis-11, 14-eicosadienoate) майларының болуы бұл өнімнің биологиялық белсенділігін көрсетеді. Бұл өз кезегінде, байытылған функционалды сүт қышқылды өнімдерінің отандық өнеркәсібін дамытуға ықпал етеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ