Аспаздардың денсаулық қауіпсіздігін арттыру мақсатында қорғаныс фартугының қасиеттерін зерттеу

Бесплатный доступ

Бұл зерттеу асханалық өндірісте қызмет атқаратын аспаздардың еңбек қауіпсіздігін арттыруға бағытталған арнайы жұмыс киімінің эргономикалық, гигиеналық және қорғаныс қасиеттерін кешенді бағалауға арналған. Жұмыс барысында негізгі назар екі материал түріне – негізгі жұмыс костюміне арналған Панацея Премиум В7420 матасына және қорғаныс фартугына арналған отқа төзімді Пробан материалына аударылды. Зерттеудің мақсаты – аспаздардың кәсіби қызметінің биомеханикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қауіпсіз және эргономикалық киім моделін ғылыми тұрғыдан негіздеу. Зертханалық сынақтар материалдардың физика-механикалық беріктігін, ауа өткізгіштік деңгейін, термиялық тұрақтылығын, ылғал сіңіру қабілетін, жану динамикасын және гигиеналық сипаттамаларын анықтауға бағытталды. Қосымша ретінде, аспаз жұмысына тән қозғалыстар: алға еңкею, қолды жоғары көтеру, жылдам бұрылу және ұзақ уақыт тік тұру жағдайлары кезінде фартуктың эргономикалық бейімділігі бағаланды. Пробан материалының жоғары температура әсеріне төзімділігі, өздігінен сөну қабілеті және деформацияға ұшырамауы оның кәсіби қауіптерді азайтуда тиімді шешім екенін көрсетті. Сондай ақ Пробан материалының термиялық әсерден, ашық жалыннан және жоғары температуралық факторлардан қорғау деңгейін айтарлықтай арттыратынын көрсетті. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде аспаздарға арналған арнайы киімнің қауіпсіздік, жайлылық және функционалдық талаптарға толық сәйкес келетін ғылыми негізделген моделі ұсынылды.

Еще

Эргономика, қорғаныс материалдары, асханалық өндіріс, өтқа төзімді, Пробан, термиялық тұрақтылық

Короткий адрес: https://sciup.org/140313231

IDR: 140313231   |   УДК: 64.29.01   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2025-4-176-181

Текст научной статьи Аспаздардың денсаулық қауіпсіздігін арттыру мақсатында қорғаныс фартугының қасиеттерін зерттеу

МРНТИ 64.29.01                               

Кіріспе

Қоғамдық тамақтандыру саласында еңбек ететін аспаздардың кәсіби қызметі жоғары температура, ашық жалын, ыстық бу, май шашырауы және ұзақ уақыт бойы тұрып жұмыс істеу сияқты өндірістік факторлармен тікелей байланысты. Мұндай ортада жұмысшының денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өндірістік гигиенаның негізгі талаптарының бірі. Соңғы жылдары тағам өндірісіндегі қауіпсіздік стандарттары күшейіп, қызметкерлердің қорғаныс киіміне қойылатын талаптар да артты. Әсіресе, термиялық әсерлерден қорғайтын арнайы материалдардың тиімділігі мен эргономикалық қасиеттерін ғылыми тұрғыда бағалау қажеттілігі өзекті мәселе болып отыр.[1]

Аспаздарға арналған қорғаныс фартугын жобалау кезінде киімнің отқа төзімділігі, материалдың физика-механикалық беріктігі, ауа және бу өткізгіштігі, ылғал сіңіру қабілеттілігі, сонымен қатар биомеханикалық қозғалыстарға бейімделуі сияқты көрсеткіштер маңызды рөл атқарады. Өндірістік ортада қауіптің жоғары болуына байланысты фартуктың тиімді моделі қызметкердің қауіпсіздігін арттырумен қатар, оның жұмыс өнімділігі мен жайлылығына әсер етеді.[2]

Егер аспаздар үшін арнайы қорғаныс фартугын отқа төзімді, баяу жанғыш, термиялық тұрақтылығы жоғары Пробан материалынан жобалап, ал негізгі костюмге Панацея матасын

қолдансақ, жалын, ыстық май шашырауы және механикалық әсерлер жағдайында қызметкердің еңбек қауіпсіздігін айтарлықтай арттырады және эргономикалық жайлылық сақтайды.[3]

Осы зерттеу жұмысының мақсаты – аспаздар үшін арнайы қорғаныс фартугын ғылыми негізде бағалау, оның материалдық құрамын, функционалдық тиімділігін және эргономикалық сипаттамаларын талдау. Зерттеу барысында Пробан сияқты отқа төзімді материалдардың қасиеттері зертханалық сынақтар арқылы салыстырылып, өндірістік жағдайларда қолдану қолайлылығы анықталды. Алынған нәтижелер тағам өндірісінде пайдалануға арналған қауіпсіз әрі тиімді арнайы киім үлгісін жобалауға мүмкіндік береді.

Осылайша, зерттеудің өзектілігі тағам өндірісі қызметкерлерінің кәсіби денсаулығын қорғауға бағытталған заманауи, эргономикалық әрі жоғары қорғаныс деңгейіне ие жұмыс киімін жасау қажеттілігімен айқындалады.[4]

Зерттеу әдістері мен материалдары

Зерттеу жұмысының материалдық базасы ретінде аспаздардың кәсіби қызметінде жиі қолданылатын екі түрлі тоқыма материалы таңдалды: негізгі жұмыс костюміне арналған Панацея Премиум В7420 матасы және қорғаныс фартугына арналған отқа төзімді Пробан материалы. Аталған материалдар өндірістік гигиена, термиялық қауіпсіздік және эргономика талаптарына сәйкес таңдалып, олардың

құрылымдық, физикалық және химиялық қасиеттері кешенді талдаудан өткізілді.[5]

Материалдардың сапалық көрсеткіштерін бағалау үшін бірқатар стандартизеленген сынақ әдістері қолданылды. Талшықтың құрамын, жіптің құрылымын және материалдың тоқылу тығыздығын анықтау ГОСТ 3816-81, ГОСТ 6611.2-73 және ГОСТ 8847-85 талаптарына сәйкес жүргізілді. Маталардың физика-механикалық беріктігі, оның ішіндегі созылуға және жыртылуға төзімділігі ГОСТ 270-75 әдістері бойынша бағаланды. [6]

Материалдардың қасиеттерін салыстыру үшін зертханалық деректер негізінде интегралыд ба,алау әдістері қолданылды. Кестеде көрсетілгендей, екі материалдың негізгі эксплуатациялық параметрлері салыстырылып, олардың қауіпсіздік деңгейіне әсер ету коэффициенті есептелді. Алынған сандық мәліметтер математикалық статистика әдістерімен өңделіп, стандартты қателік, орташа мән вариациялық коэффициенттер анықталды.

Осы тәсілдер жиынтығы зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен ғылыми негізділігін қамтамасыз етті және аспаздарға арналған арнайы қорғаныс фартугын жобалауда материалдардың тиімділігін кешенді бағалауға мүмкіндік берді.

Нәтижелер және оларды талқылау

Тамақ өндірісіндегі еңбек ортасы көпфакторлы физикалық, химиялық және термикалық жүктемелермен сипатталады. Аспаздар күнделікті кәсіби қызметінде жоғары температуралы жабдықтармен, тез қызатын майлармен, өткір құралдармен және агрессивті химиялық реагенттермен тікелей әрекеттеседі. Осы факторлардың жиынтық әсері қызметкерлердің кәсіби қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді. [7]

Зерттеу барысында аспаздардың жұмыс процессіне тән негізгі қауіп көздері анықталды және тәуекел деңгейі бағаланды.

Кәсіби аспаздардың еңбек ортасы көпкомпонентті техногендік қауіптермен сипатталатындықтан, жеке қорғаныс құралдарының материалдық құрылымына қойылатын талаптар классикалық тоқыма өнімдеріне қарағанда едәуір жоғары. Өндірістік процестердің термиялық, радиациялық, механикалық және химиялық факторларының бір мезгілде әсер етуі адам терісінің зақымдану қауіпін арттырады. Мысалы, 180-250˚С дейін қыздырылған майдың жылу сыйымдылығы мен жылу өткізгіштігі термиялық энергияның тікелей берілуін күшейтеді. Осындай жағдайларда фартук материалының жылулық диффузиясы төмен, жылу инерциясы жоғары және майды сіңірмеу қабілеті минималды болуы қажет – бұл теріге түсетін жылу импульсін бәсеңдетудің негізгі механизмі.[8]

Кесте 1. Қауіп факторларын бағалау

Қауіп факторы

Температуралық немесе әсер ету деңгейі

Әсер ету механизмі

1

Май шашырауы

180-250˚С

Конвективті жылу және қызған май тамшылары

2

Пеш/плита жылуы

150-200˚С

Инфрақызыл сәуле және жанама қызу

3

Ыстық бу

100-110˚С

Бу күйігі, ылғалды жылу

4

Өткір құралдар

Механикалық күш 10-20 Н

Қию, тесу, жырту

5

Химиялық заттар

Хлор, сілті, жуғыш ерітінділер

Полимер бұзылуы, түс өзгеруі

Пеш пен плита аймағындағы 150-200˚С диапазонындағы инфрақызыл сәулелену де елеулі қауіпті фактор болып табылады. Инфрақызыл сәуленің ткань беткі қабатында абсорбциясы радиациялық жылу тасымалын күшейтіп, материалдың ішкі құрылымына жылудың терең өтуін жылдамдатады. Сондықтан фартуктың талшықтық матрицасы термо-стабильді болуы, ал жылулық релаксация уақыты ұзақ болуы тиіс. Қаныққан бу әсері кезінде конденсация құбылысы жасырын жылу бөлінуімен қатар жүреді, бұл ылғалды күйікке әкеледі. Сондықтан материалдың гидрофобты қасиеттері, су сіңіргіштігінің төмендігі және бу диффузиясының бақылануы өте маңызды.[9]

Асүйдегі өткір құралдардан туындайтын механикалық қауіптер де ескерілмей қоймайды. Пышақ, сатыр немесе басқа да тесу-қию құралдары материалға динамикалық жүктеме түсіретіндіктен, фартук жоғары жыртылуға төзімділікке, тесу күшіне қарсы белсенді механикалық беріктікке және абразивтік тұрақтылыққа ие болуы қажет. Сонымен қатар асханалық тазарту құралдарының химиялық агрессиясы – хлорсодалы, сілтілі ерітінділер мен май еріткіштердің әсері – материалдың полимерлік құрылымын деградацияға ұшыратуы мүмкін. Осыған байланысты химиялық инерттілік пен қорғаныс үлдірінің болуы материалдың жұмыс қабілеттілігін ұзақ мерзімге сақтаудың маңызды элементі саналады.[10]

Факторлардың салыстырмалы қауіптілігін анықтау үшін интегралды тәуекелді бағалау жүргізіліп, оның нәтижелері кестеде көрсетілгендей, әр қауіп көзі және әсер ету механизмдері бағаланды. Кестеде ұсынылған деректер май шашырауы мен инфрақызыл сәуле

әсерінің ең жоғары тәуекел коэффициентін қалыптастыратынын көрсетті, бу әсері мен механикалық жарақаттану орташа деңгейде, ал химиялық факторлар салыстырмалы түрде төмен, бірақ маңызды тәуекел аймағына жататыны анықталды. Интегралды көрсеткіштер фартук материалының термиялық, механикалық және химиялық қорғаныс қасиеттерінің үйлесімді түрде қамтамасыз етілуінің қажеттігін дәлелдейді. [11]

Кесте 2. Материалдардың физика-механикалық көрсеткіштерінің салыстырмалы нәтижесі.

Мата атауы

Тарту күші (кН)

Жыртылу күші (Н)

Жану уақыты (сек)

Жылу     өткізгіштігі

(Вт/(мК))*

1

Мақта матасы

1,5

25

15

0,06

2

Аралас (65%ПЭ/35%ВС)

1,8

30

12

0,055

3

Полиэстер

2,0

35

10

0,05

4

Пробан

2,2-2,5

40

3-4

0,045

Матаның физика-механикалық қасиет-терін салыстыру үшін Пробан матасына және классикалық мақта, аралас (ПЭ/ВС) және полиэстер маталарына лабораториялық сынақтар өткізілді. Осы зерттеу барысында келесі стандарттар қолданылды: ГОСТ ISO 13934-1 – 2021 – максималды тарту күші мен созылғыштығын өлшеу әдісі; ГОСТ R ISO 139371 – 2012 – жыртылуға төзімділікті баллистикалық маятник (Эльмендорф) әдісімен анықтау; ГОСТ R 50810-95 – текстильдік материалдардың жануын анықтау.

Зерттеу бойынша, Пробан материалы классикалық мақта және аралас маталармен салыстырғанда механикалық беріктік (тарту және жыртылу күші) жағынан жоғары. Осы жоғары көрсеткіштер талшықаралық құрылымның тығыздығы мен антипиренді өңдеу арқасында қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, Пробан матасының қалдық жалын уақыты өте қысқа – тек 3-4 секунд шамасында, бұл жоғары деңгейлі отқа төзімділікті білдіреді. Бұл нәтиже ГОСТ R 5081095 стандартындағы «тұтанғаннан кейінгі жалын уақыты» өлшеуіне сай болып, материалдың баяу жанғыш классына жатуын дәлелдейді.

Физикалық қасиеттеріне келсек, Пробан матасының жылу өткізгіштік коэффициенті (болжамды мән – 0,045 Вт/(мК)) төмендеу болғандықтан, ол жоғары температура әсерінен жылуды тиімді тежей алады. Бұл қасиет әсіресе аспаздық өндірісінде, май шашырауы немесе ИҚ-сәулелену жағдайында маңызды қорғаныс береді.[12]

Осылайша, механикалық, термиялық және қауіпсіздік қасиеттерінің кешенді талдауы Пробан материалының негізгі маталардан айтарлықтай артықшылықтары бар екенін көрсетеді. Мұндай артықшылықтар оны фартук ретінде қолдануға ғылыми түрде негіздейді.

Аспаздық өндірістегі еңбек әрекеттерінің биомеханикалық құрылымы фартук материалының салмағына, қаттылығына және қимыл еркіндігіне тікелей тәуелді. Осыған байланысты жүргізілген эргономикалық зерттеу барысында аспаздар орындауға мәжбүр болатын негізгі қозғалыс түрлері талданды:

Кесте 3. Аспаздардың негізгі жұмыс қозғлыстары және фартук материалына қойылатын талаптар

Қозғалыс түрі

Қозғалыстың сипаттамасы

Қойылатын эргономикалық талаптар

1

Алға еңкею

Ингредиенттерді   алу,   пешке

еңкею, үстелге жақындау

Материал жеңіл болуы, қаттылық тудырмау, бел аймағында жиналып қалмауы

2

Қолды жоғары көтеру

Сорелерден зат алу, ас құралдарын ілу

Иық аймағында тартылмау, созылу қасиеті жақсы болуы

3

Жылдам айналу

Ас үй ішінде маневр жасау, бірнеше операцияны қатар орындау

Қимыл    еркіндігін    шектемеу,    үйкеліс

коэффициенті төмен болуы

4

Ұзақ уақыт тік тұру

Тұрақты қимыл және статикалық жүктеме

Материалдың салмағы минималды болуы, тер бөлуді қиындатпау, ауа өткізгіштігі жоғары болуы

МЕМСТ 12.2.033 - 2012 «Ецбектi цоргау. Арнайы киімнің эргономикалық талаптары» стандарттарының негізгі критерийлеріне сүйене отырып зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қимыл амплитудасы, дене бұлшықеттерінің кернеуі және локомоторлық еркіндік деңгейі бағаланды. Сонымен қатар, фартук материалының массасы, қаттылығы, қалыңдығы және иілгіштік модулі талданды [14].

Зерттеу н9тижелеpi 1-диаграммада көрсетілгендей, Пробан материалы стандартты мақта немесе аралас маталармен салыстырғанда эргономикалыц жYктеменi 20-35% дейш темен-детеді. Бұл оның төмен меншікті салмағы, талшыцаралыц ауа еткiзгiштiгi жэне материал-дың құрылымдық икемділігімен түсіндіріледі. Мысалы, алға еңкею кезінде дене алдындағы жYктеме 0,35-тен 0,22-ге дейш азайганы анықталды. Бұл көрсеткіштер фартуктың жалпы массасының төмендеуі және қозғалысқа кедергі келтipмеyiмен байланысты.

¥зац уацыт тш турып жумыс iстеy процестерінде де оң өзгеріс байқалды: статикалыц жYктеме 0,55-тен 0,41шартты бірлікке дейін төмендеді. Бұл нәтижелер материалдың қатаңдық модулінің төмен болуын және дене контурына жеңіл бейімделетін цурылымын дaлелдейдi.[13]

ЖYpгiзiлген зертханалык-бацылау сынац-тары Пробан материалының эргономикалық тиімділігін объективті түрде дәлелдеп, оны кәсіби аспаздар үшін арнайы қорғаныс киімдеріне қолданудың қисындылығын арттырады. Материалдың жеңілдігі, иілгіштігі және қозғалыс кезіндегі механикалық кедергіні азайту қабілеті еңбек өнімділігін жоғарылатып, шаршау децгейш темендетуге мYмкiндiк беpедi.

0.6

0.5

0.4

0.3

0.2

0.1

Пробан матасы

Бастапқы мата

Алға

еңкею

Қолды көтеру         у Ұзақ тұру

Бастапқы мата

Пробан матасы

Сурет 1. Диаграмма 1 - Фартук маталарыныц эргономикалыц эсер1н салыстыру

ЖYpгiзiлген зертханалыц-эксперименттш талдаулардың нәтижесінде негізгі жұмыс костюміне арналған Панацея Премиум В7420 матасының өндірістік гигиена, эргономика және физика-механикалыц талаптарына толыц сэйкес келетіні анықталды. Матаның құрылымдық тығыздығы, ауа өткізгіштігі және гигиеналық сипаттамалары аспаздардың ұзақ уакыт бойы жұмыс істеу жағдайында терморегуляциялық тұрақтылықты сақтайтынын көрсетті. Сонымен бірге, материалдың салмақ жеңілдігі мен иілгіштік модулі қозғалыс еркіндігін шектемейтшш дaлелдедi.[14]

^органыс фартугына арналган Пробан материалының қасиеттерін бағалау кезінде оның жоғары температуралы май шашырауы, жалын, инфрақызыл жылулық және қаныққан бу әсеріне қарсы қорғаныс деңгейі стандартты маталардан айтарлықтай жоғары екені анықталды. Лабораториялық сынақтар нәтижесі бойынша Пробан матасы баяу жанғыш материалдар тобына жататындығы, жану уақытының минималды екендігі және өздігінен сөну қабілетінің жоғары екендігі дәлелденді. Бұл көрсеткіш аспаздардың кәсіби қызметіндегі негізгі қауіпті факторларды айтарлықтай темендетедi. [15]

Эргономикалық сынақтар да оң нәтиже көрсетті: жобаланған фартук моделі жұмыс қимылдарының биомеханикасына сәйкес келетінін, қозғалыс диапазонын шектемейтінін және денеге бейімделгіштігі оператордың шаршауын 20-30% азайтуға мүмкіндік береді (нәтижелер кесте және диаграммада көрсетілген). [16]

Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері фартуктың конструктивтік шешімі мен қолданылған материалдардың қорғаныс, эргономикалық және гигиеналық тиімділігін дәлелдеп, жобаның қауіпсіздік деңгейін жоғары технологиялық деңгейге жеткізгенін көрсетті.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    БАЛҚАРА Нұрпейісова А.Б., Мырзабекова Г.А. Тоқыма материалтану негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 248б.

  • 2.    Шәріпова С.Қ., Қалибаева А.Б. Киім конструкциялау және модельдеу. – Алматы: Эверо, 2020.

  • 3.    Қасымова Г.Ә., Жолдасова А.Ә. Тоқыма бұйымдарының сапасын бағалау. – Алматы: Эверо, 2021.

  • 4.    ГОСТ 12088–77. Материалы текстильные. Метод определения воздухопроницаемости.

  • 5.    Белова В.В., Гусев В.Г. Материаловедение швейных изделий. – МОсква: Академия, 2018.

  • 6.    Толегенова С.У. Жеңіл өнеркәсіптегі материалдардың қасиеттері. – Алматы: Қазақ университеті, 2017.

  • 7.    ГОСТ 12.4.026–2015. ССБТ. Одежда специальная защитная. Общие требования.

  • 8.    ГОСТ Р ISO 15025–2016. Одежда защитная. Метод определения поведения тканей при воздействии пламени.

  • 9.    ГОСТ 3816–81. Материалы текстильные. Методы определения структуры тканей.

  • 10.    ГОСТ ISO 13934-1–2014. Ткани. Определение разрывной нагрузки.

  • 11.    Зубцов А.П., Трофимова Н.Е. Термостойкие и огнезащитные композиции для текстильных материалов. – Москва: Химия, 2016.

  • 12.    Серікбаева М.Қ. Арнайы киімдердің эргономикасы және қауіпсіздігі. – Алматы: ҚР БҒМ баспа орталығы, 2018.

  • 13.    Исаев А.А., Чернышева Е.В. Материаловедение и теория одежды. – Москва: Форум, 2021. – 305ст.

  • 14.    ГОСТ 12.2.033 – 2012 «Еңбекті қорғау. Арнайы киімнің эргономикалық талаптары»

  • 15.    Каменева Н.А. Гигиена одежды и обуви. – Москва: Академия, 2017.

  • 16.    Құрманқұлова Л.Т. Арнайы киім және өндірістік қорғаныс бұйымдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2020.