Аылшын тілі сабаында экологиялы трбие беру арылы пнаралы байланысты жзеге асыру

Бесплатный доступ

Мақалада ағылшын тілін оқытуда жоғары оқу орындарының техникалық мамандық-тарына экологиялық білім берудің маңыздылығы, оны қалыптастыру мен дамыту жолдары қарастырылған. Мақаланың практикалық маңыздылығы оқу орындарында білім алушылардың қоршаған ортаға деген жаңаша көзқарасын қалыптастыра отырып, экологиялық тәрбие беретін, ағылшын тілі сабағында экологиялық тәрбие беру арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыратын ғылыми-әдістемелік ұсыныстарға негізделген. Зерттеу материалдарын орта және кісіптік білім беру мекемелерінде, жоғары оқу орындарында шет тілінен дәріс беруде қолдануға болады.

Короткий адрес: https://sciup.org/140205034

IDR: 140205034

Текст научной статьи Аылшын тілі сабаында экологиялы трбие беру арылы пнаралы байланысты жзеге асыру

Кіріспе

Ағылшын тілі пәнін оқыту үрдісінде экологиялық білімділіктің ең негізгі рөлі – бұл тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы үрдіс. Ағылшын тілін оқытуда оқу мен тәрбие үрдісін дамытудағы ең негізгі мақсат – бұл экология-лық тәрбие беру мақсаты болып есептеледі. Ағылшын тілін оқыту арқылы келешек ұрпаққа экологиялық тәрбиені біліммен ұштастыра, тәрбие жұмысының мақсаты, міндеті және мазмұнын анықтай отырып, экологиялық білім, дағды және біліктілікті жетілдіру қажет. Сонымен қатар ағылшын тілі сабағында ЖОО студенттеріне жүргізілген экологиялық тәр-биені дамытуға байланысты бақылаулар нәти-жесінде студенттердің танымдық белсенділігін арттыру көрсеткіштерін байқауға болады. Ағылшын тілін оқытуда студенттерді білім нәрімен сусындатуға, жас жеткіншектердің талпынысын арттыруда танымдық белсен- діліктің атқаратын рөлі зор. Студенттердің білімін күшейтіп және шет тіл арқылы эколо-гияға қызығушылықты арттыру. Оқыту үрдісіндегі, ағылшын тілі мен экологиялық тәр-бие беру жайында ЖОО-да жұмыс жүргізу. А.А.Бейсенова және А.Д.Болтаев өз жұмыс-тарында пәнаралық байланыс туралы жазды.

Зерттеу нысаны мен әдістері

Ағылшын тілін оқыту барысында оқушылардың тілдік және сөйлеу білік-тіліктерін қалыптастырады. Тілдік біліктілікті қалыптастыруда оқушылар оқып үйренетін тілдің лексикалық, грамматикалық құбылыс-тарын және сол тілдің заңдылықтарын коммуникативтік әрекет барысында қолдана білу қажет. Шетел тілдерін оқып үйрену және оны қолдану мақсатына сәйкес қарым-қатынас жасау аялары әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынас аясы болып бөленеді. Нақтылы қарым-қатынас жасау процесіне тән тілдік тақырыптар

құрамы коммуникативтік өріс шеңберінде анықталған. Сөйлеу әрекеті тілдік ойлаумен байланысты болғандықтан, әрекеттік тәсіл тіл мен оқытуды пайдалануға емес, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға бағытталуын талап етеді. Тілдік құралдарды үздіксіз пайдаланып, үздіксіз қарым-қатынас жасау арқылы ғана оны үйренуге болады. Бірақ тілді үйретуде оқушыларға тіл ұстарту мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруда тәрбиелік және жинақталған ақпараттық материалдарды қолданған тиімді. Ағылшын тілін оқыту бары-сында негізгі бағыт-бағдар қоршаған орта мен қоғам арасындағы байланысты нығайту, эколо-гиялық білімділік пен тәрбиелік деңгейдің нышандарын студент бойында қалыптастыру, табиғатқа деген көзқарасын кеңейту, интелектуальды және ішкі дүниені сезіну, экологиялық білімділік-табиғат қорғаушысы, табиғат жаршысы, табиғат жанашырын тәрбиелеу. Жалпы білім беретін орта мектеп-терде ағылшын тілін оқытуда оқыту бағдар-ламасына сәйкес экологиялық бағыт-бағдарды сипаттайтын тіл материалдарына табиғат компоненттері: (тұрған жердің географиялық орны, жер бедері, климат, өсімдік пен жан- жануарлар дүниесі, халықтың өз жеріндегі табиғатты пайдалануы, адамның өз өлкесі табиғатын өзгерту т.б.) ендірілетіні сөзсіз.

Бүгінгі күннің негізгі талаптары мен қағидалары мыналар:

  • -    оқушыларды біліммен қамту;

  • -    оқушылардың ғылыми ой-түйсігін дамыту;

  • -    ғылыми ізденушілік қабілетін арттыру;

  • -    жас ұрпаққа ғылыми әдістерді меңгеру;

  • -    келешек ұрпақтың білімге деген құш-тарлығын қалыптастыру.

Нәтижелер мен оны талқылау

Бүгінгі таңда мұғалімнің өзі өскелең ұрпақтың білімге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыра алатындай тақы-рыпты жетік меңгерген болуы керек. Оқушы-лардың білімге ынтасын арттырылмайынша тілді үйрету мүмкін емес, сондықтан білім алу үшін оқытушының төзімділігі мен білімділігі қажет болады.

Ағылшын сабағында экологиялық білімділік және тәрбие берудің құндылығын қарастыруда мына сызбаға көңіл бөлейік (сызба 1).

Сызба 1 – Экологиялық білімділік және тәрбие беру құндылықтары

Оқыту үдерісін тудырушы кейіпкерлер – мұғалім мен оқушы. Өскелең ұрпақтың ғылыми танымдылығын арттырушы күш – бұл оқушының өзіндік жұмысы.

Ағылшын тілін оқыту барысында эко-логиялық білімділік жүйесін дамыту салдары-нан мынандай іс-шаралар туындайды:

  • а)    экологиялық білімділік пен тәрбиелілік жүйесін ғылыми танымдылықта

жүргізу – оқушылармен бірлесе ұйымдасты-рылған іс-шара;

ә) экологиялық білімділік пен тәрбиелілік жүйесін ғылыми танымдылықта зерттеу – оқушылардың бақылау жүргізуі;

  • б)    білімдерін толықтыруда ұлттық дүние танымын қарастыруы;

  • в)    балалардың өздері ізденіс жүргізіп жатқан ғылыми танымдық материалдарын тереңінен анықтап білу.

  • г)    қоғамдық жұмыстар кезінде эколо-гиялық білімділік мен тәрбиені бірге қолдану, кеңінен пайдалану.

Ағылшын тілін оқыту үдерісіне оқушылардың табиғатты қорғауға байланыс-ты тәрбие беруде мектептегі оқу тәрбие процесін жоспарлап, пәнаралық байланыс арқылы экологиялық бағыт-бағдардың мақ-саты мен міндеттерін анықтаған жөн.

Ағылшын тілін оқыту барысында табиғатты қорғауға байланысты тәрбие беру кезінде оқушылардың ғылыми танымдылық мүмкіндігін зерттейміз, және табиғатты қорғау-ға байланысты тәрбие жұмыстарын қалыптас-тыру кезінде мынадай дағдыларға жүгінеміз:

  • -    кешенділік дағды ағылшын тілі пәнінің өзінше ерекше сәйкестілігі, экология-лық білім мен тәрбие беруге қатысты компоненттермен толықтыру;

  • -    үздіксіз дағды – оқушылардың білім берудегі экологиялық дайындығын ұйым-дастыру;

  • -    практикалық дағды – экологиялық білім мен тәрбиені өмірде жүзеге асыру, әр оқушы табиғатты қорғауда өз үлесін қосу, сабақта немесе сабақтан тыс іс-шараларда оқушыларды табиғат қорғауға және табиғат-ты сақтауға тәрбиелеу.

Ағылшын тілін оқыту үрдісінде эколо-гиялық білім мен тәрбиеге байланысты барлық пәндерді қарастыруға болады. Мысалы, биология пәні қоршаған ортаның тіршілік көздері ретінде, физика мен химия пәндері бойынша жердің, ауаның және судың ластануы, тарих пәні бойынша адам мен табиғаттың арасындағы үйлесілімділік, өзін-өзі тану дегеніміз – адам сұлулығы мен табиғат сұлулы-ғының өзара байланыстылығы, ағылшын пәні бойынша экологиялық білімге байланысты материал жинақтарымен ұштасады.

Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін оқыта отырып, экологиялық тәрбие беруге қатысты әр түрлі жұмыстар жүргізу қарастырылған. Мұғалім өз шеберлігінің арқасында оқушыларға экологиялық білім беруде оқушылармен бірлесе отырып, экологиялық тәрбиеліктің амал-тәсілдерін талдап, атқарудағы жұмыс әдістерін қарас-тырып, іскерлік, дүние танымдылығы мен қабілетін арттыру қажет.

Бұл тәрбие барысындағы өткізілетін іс-шаралар әр бейсенбі сайын тазалық күні ретінде ұйымдастырылады. Көктем айла-рында оқушылар мұғалімдердің ұйымдас-тыруымен мектеп ауласына ағаштар мен гүлдер отырғызу басталады және отырғызыл-ған ағаштар мен гүлдерді суғару жоспар-ланады. «Жасыл желек» бағыт-бағдары бо-йынша мектептен тыс алаңдар тазартылады.

И.Д. Зверевтің жас жеткіншектерге экологиялық тәрбие берудегі пәнаралық байланысты пайдалану керегін, оның негізгі талабы мұғалімнің табиғатқа шын қамқоршы болуын қалады. Табиғат қамқоршысы табиғат байлығын сақтаумен қатар көркейтуді, сонымен бірге оқушыларға сұлу табиғатқа деген ықыласты бойына сіңіруді мақсат етеді.

Б.Г. Иоганзен табиғатты қорғауға бай-ланысты білім беру мақсатында, табиғатты педагогикалық аспектілерінің негізі ретінде алып, табиғатты қорғауға байланысты білім беру мен қатар оны қорғауға тәрбиелеудің бір-бірімен тығыз байланысты екенін айтады. Б.Г. Иоганзен әрбір мұғалімнің экологиялық тәрбие беру барысын мынадай жобалармен қамтамасыз етуін ұсынады.

  • а)    табиғатты қорғауға байланысты пән мұғалімінің тәрбие жұмысының жоспары;

  • ә) табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруы;

  • б)    табиғатты қорғауда оқушылардың белсенділігін арттыруы;

  • в)    табиғатты қорғауда ата-аналармен бірге насихат жүргізуі.

Владимиров А.М., Шилов И.А., Шарафутдинов Д.С., Сарыбеков Н.С. т.б. ғылыми зерттеулері мен еңбектерінде экологиялық тәрбие беру мына іс шаралармен тікелей байланысты:

  • а)    мұғалімдердің көмегімен қоғам мен табиғат байланысының ғылыми, психо-логиялық-педагогикалық, әлеуметтік-саяси негіздерін меңгеруі;

ә) экологиялық бағыт-бағдарларын, әлеуметтік адамгершілік пен эстетикалық қажеттіліктерін қалыптастыру;

  • б)    экологиялық бағыт-бағдарларын практикалық іс-шараларда пайдалана, педаго-гикалық дағдылар мен біліктілікті үйрету.

Теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздей отыра, оқушыларды табиғатты қорғауда жүргізілетін іс-шараларға қазақ елінің ғалымдары да өз үлестерін қосқан. Соның бірі ғалым Н.С. Сарыбековтің еңбегі. Бұл еңбектің негізгі мақсаты – табиғатты аялау және табиғатты қорғау идеясымен сабақтасады және де пән аралық байланыс ретінде экологиялық ілімдердің мазмұны мен көлемін зерттеу жұмысында мұғалімнің экологиялық тәрбиені жүзеге асыруына ықпалын тигізеді.

Ағылшын тілі сабағында табиғатты қорғау мақсатында пәнаралық байланысты республикамызға танымал ғалым А.А. Бей-сенова өзінің еңбектеріне тоқталып, пәнаралық байланысты түбегейлі зерттеді. Ғалым А.А. Бейсенова басқа да пәндермен өзара байла-ныстыра, оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруді көрсетті.

И.Д. Зверевтің тұжырымдамасына тоқ-талсақ, пәндерді кешендендіру, бұл оқыту процесінің әр кезеңдеріндегі ғылыми таным-дарды жинақтауға ықтималына тигізеді.

Пәнаралық байланыстың түрлері:

  • а)    негіздерінің, заңдарының, ұғымда-рының бірлігіне;

    Пэнаралык; байланысты"

    устану - экологиялык UILMMCH гылым непздерш мецгеру жэне дамыту;

    Оку тэрбие нроцесшде пэнаралык; байланысты ус тана окушылардыц ойынмен сеям!н1ц ic-эр екетгер 1нщ д амы ту,

    Пэнар алык байланысты устану аркылы оку тар бие ур Д1С1Н1ц ыкдалымен окутттылардыцб1л1м, бппктдагдыларын дамыту;

    Пэнар алык байланыска катысты б ар лык оку -тэрбиеурд!с1н жинактап ic жуз!не асыру;

    Сызба 2 – Табиғат қорғауындағы білім мен ғылым негіздері


ә) оқу обьектісіне қатысты ғылыми фактілерінің бірлігіне;

  • б)    ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдану бірлігіне;

  • в)    ақыл-ой әрекеттері тәсілдерінің бірлігіне;

Қорытынды

Ағылшын тілі пәні арқылы ұйымдас-тырылған экологиялық оқу тәрбие жұмысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы экологиялық тәрбие беру оқушылардың патриоттық сенімінің дамуына әсер етеді. Оқушылардың жан-жақты дамуымен ақыл-ой және дене тәрбиелік әрекеті үйлесімін табады. Табиғат қорғауға байланысты тәрбие жұмысындағы іс-шараларды жүргізуге және тілді меңгеруге де мол мүмкіндік береді. Ағылшын пәні арқылы пәнаралық байланысты ұстану табиғат қорғаудағы тәрбие жүйесін толық қалыптастырмаса да оны танып білуге кең жол ашады. Табиғат қорғаудағы тәрбие жүйесінің мәні мен мазмұны терең де көлемді. Осы тұрғыда қазіргі таңда табиғат қорғаудағы білім мен тәрбие жүйесі бойынша пәнаралық байланыстың маңыздылығын зерттеген ғалым-дарымыз А.А. Бейсенованың [4] пен А.Д.Болтаевтың [9] тұжырымдарына тоқталсақ (сызба 2):

Жас ұрпаққа оқу мен тәрбиені ұштастыра жүргізу-бүгінгі заманның маңызды мәселесі болып табылады. Отанды сүю оның табиғатын қорғау ісінде тілді үйрену мен қатар экологиялық тәрбие беру ісі әлі де жалғасып таба беретін үрдіс.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. – Алматы: Дарын, 2008. - 284 б.

  • 2.    Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. -267 б.

  • 3.    Зверев И.Д. Охрана природы и образование / Образование в совремменном мире состояние и тенденции развития/ под.ред. М.Н. Кондакова. –М.: Педагогика, 1986. -С 16-31.

  • 4.    Бейсенова А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру (оқу құралы). – Алматы: Білім, 1995. -179 б.

  • 5.    Владимиров А.М., Ляхин Ю.И., Матвеев Л.Т., Орлов В.Г. Охрана окружающей среды. – М.: Просвещение, 1991. - 163 с.

  • 6.    Шилов И.А. Экология. - М.: Высшая школа, 1998. - 132 с.

  • 7.    Шарафутдинов Д.С. Экологическая информация и современное общество. – Алматы: Дарын, 2005. - 196 с.

  • 8.    Сарыбеков Н.С. Педагогические основы подготовки учащихся к охране биосферы. -Алматы: Мектеп, 1978. - 115 с.

  • 9.    Болтаев А.Д. Пәнаралық байланыс арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру. – Алматы: Білім, 1994. - 154 б.

Список литературы Аылшын тілі сабаында экологиялы трбие беру арылы пнаралы байланысты жзеге асыру

  • Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. -Алматы: Дарын, 2008. -284 б.
  • Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. -267 б.
  • Зверев И.Д. Охрана природы и образование/Образование в совремменном мире состояние и тенденции развития/под.ред. М.Н. Кондакова. -М.: Педагогика, 1986. -С 16-31.
  • Бейсенова А.А. Пәнаралық байланыс негiзiнде оқу процесiн ұйымдастыру (оқу құралы). -Алматы: Бiлiм, 1995. -179 б.
  • Владимиров А.М., Ляхин Ю.И., Матвеев Л.Т., Орлов В.Г. Охрана окружающей среды. -М.: Просвещение, 1991. -163 с.
  • Шилов И.А. Экология. -М.: Высшая школа, 1998. -132 с.
  • Шарафутдинов Д.С. Экологическая информация и современное общество. -Алматы: Дарын, 2005. -196 с.
  • Сарыбеков Н.С. Педагогические основы подготовки учащихся к охране биосферы. -Алматы: Мектеп, 1978. -115 с.
  • Болтаев А.Д. Пәнаралық байланыс арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру. -Алматы: Бiлiм, 1994. -154 б.
Статья научная