Аылшын тілі сабаында студенттерді білімін тексеру жне зін-зі тексеруі

Бесплатный доступ

Мақалада ағылшын тілі сабағында студенттердің білімін тексеру және өзін-өзі тексеру әдісіне үйрету тәсілі көрсетілген. Ең маңыздысы бұл әдісті сабақ процесіне енгізу болып табылады. Осы мақалада оқытушы өзінің мол тәжірибесіне және ізденушілігіне сүйене отырып, студенттердің білімін тексеруге және өзін-өзі тексеруге қызығушылығын арттырады.

Короткий адрес: https://sciup.org/140204997

IDR: 140204997

Текст научной статьи Аылшын тілі сабаында студенттерді білімін тексеру жне зін-зі тексеруі

Кіріспе

Еліміз тәуелсіз мемлекет болғаннан бастап шетел тілдеріне әсіресе ағылшын тілін үйренуге сұраныс арта түсті. Жаһандану кезе-ңінде халықаралық қатынастардың кеңеюіне байланысты, мемлекетіміздің мамандары же-ңіл, тамақ өнеркәсібі салаларына көбірек көңіл бөле бастады. Заман талабына сай мамандар дайындау кәзіргі күн талабына сәйкес келеді.

Зерттеу әдістері және нысандары

Зерттеу әдісінің нысаны ағылшын тілі сабағында студенттерді бақылау және өзіндік бақылау әдісіне үйрету, істе қолдана білу болып табылады. Әдістер өте алуан түрлі болып келеді. Осыдан келіп студенттердің оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыруда әдісті таңдап алу күрделілігі қолданғанда байқалады.

Нәтиже және оны талдау

Оқыту үрдісінің құрылымында оның бағалаушы-шешуші компонентінің маңызы зор. Жыл бойы студенттердің оқу үлгерімін тексеру мен бағалау оқытудың белгілі кезеңдеріне тығыз байланысты.

Бұл топқа бақылаудың ауызша әдістері – дербес, фронтальді, сауалнамалар жатады. 15-20 минут аралығында кішкене топтың студенттері тақтага қысқа жазулар жазумен, карточкамен жұмыс істеумен айналысса, кейбір студенттер тексеруші оқытушының орнында болуы мүмкін. Нәтижесінде сыныптың жартысы бағаланса, келесі жолы екінші жартысы бағаланады. Ал оқытушы бүкіл жұмыстарды үйлестіріп отырады. Бақылаудың жазбаша әдістеріне әр түрлі өзіндік қорытынды жұмыстар: диктант, мазмұндама, шығарма, реферат, баяндама т.б. жатады. Оқытушы сабақ ерекшелігіне байланысты көптеген кестелер мен сызба-ларды оқу материалын түсіндіру барысында қолданса мұны білімді тексерудің графи-калық әдісі деуге болады. Тексеру кезінде студенттерге кесте толтыру, сызба және сызу немесе өтілген тақырып бойынша графи-калық жұмыс жасау ұсынылады.

Бағдарламалы оқыту әдісі. Бұл тәсілде оқу материалы бағдарламаланған оқулық кітаптарында беріледі. Оқу материалдарын бағдарламалап оқытудың үш жүйесі бар; бір бағытты материал кішкене бөлшектерге бөлінеді (доза), содан кейін біртіндеп игертуге бағытталады. Студенттер қателескен немесе жауап бере алмаған жағдайда қосым-ша түсініктемелер беріледі.

Бағдарламалап оқытуда тапсырмалар мен жаттығулардың орындалуы әр түрлі ерекшелікте берілген. Бұндай тапсырмалар оқыту материалдарының әр бөлшегін игер-геннең кейін беріледі. Үш мақсатта берген білімді қабылдау және тексеру жаттығулар мен тапсырмалардың үйымдастыру тәсілімен орындалады. Бұл тәсілде жаттығулар мен бақылау тапсырмалары дисплей экранында орындалады. Студенттер өздерінің жауапта-рының дұрыстығын бірден көреді. Сондықтан да бағдарламалап оқыту тиімді. Ең кең тара-ған тексеруді ұйымдастыру әдісі. Бағдарла-малап оқытуда ұқсас жауаптардан дұрыс жауапты табу ұсынылады. Қазіргі компью-терлер құрылған жауаптарды өздігінен талдап, ұсыныс түрінде, сөз, формула, түрлі бірлікте өндіре алады.

Білімді беруді тексеру.

  • а)    Фронтальды және жеке дара жолдармен сұрақ қойып ауызша тексеру, дұрыс жауап оқытушымен бірге анықталады.

  • б)    Жазбаша тексеру аз уақыт немесе көп уақыт аралығында орындалып, сонымен қатар кең диагностикалық анықтамасымен ерекшеленеді.

  • в)    Лабораториялық тексеру сабақ барысында пайдаланатын студенттердің құралдармен жұмыс жасай білу. Бұл іс-тәжірибелер өткізуде, эксперименталды жұмыстың шешімін шығаруда және жазба жұмыстарда өтіледі.

  • г)    Өзін-өзі бақылау-жіберілген қателер-ді өз бетімен тауып алу, дұрыс еместігін, оны жою тәсілдерін іздестіру бірлігін қалыптас-тырады.

Оқытушы оқыту әдісін таңдап алуда басшылықты студенттердің өздігінен білімді игеру мен оқу практикалык даярлығын

қалыптастыруға бағыттаса, студент жеке тұл-ғалық ерекшелігін ашық шығармашылығын дамытатын потенциальды оқу-танымдық ерекше қасиетін, зерттеушілік ізденімпаз іс-әрекетке бағыттайтын, ғылымды берудің спецификалық таным әдістерін таныстыру, жеке дара психологиялық даму ерекшелігін, кәсіби даярлық деңгейін, өмірлік іс-тәжі-рибесі мен оқытушының шығармашылықтық ерекшелігін, оның әдістемелік және педаго-гикалық шеберлігін алу керек. Белсенді өзге-рістерге гуманистік және демократиялық көзқарасын жетілдіретіндігін байқатады. Оқытушының оқыту әдістері басқа да дидак-тикалық қызығушылығы, оларға оқыту фор-масы мен принциптерге оқушының білім алуға деген қызығушылығы, оқу тақырыбы-ның көлемінің Оқытушының әлеуметтік-кәсіби жеке басының даярлығы, сонымен қатар басқада өлшемдер, көрсеткіштер, талаптармен қоса жаңаша технология, оқу танымдылық іс-әрекетте қызмет ету және студенттің жеке тұлғасының шығармашы-лықта дамуына байланысты.

Қорытынды

Оқытушының таңдап алған әдістері, жұмысындағы дидактикалық шеберлігі оқу танымдық стилімен ерекшеленеді, стандарт-ты емес оқушыны жеке тұлға ретінде қалып-тастырудан жеке дара және инновациялық-шығармашылық танымдылығын, қоғамдағы жаңаша күрделілігіне, техникалық оқу құрал-дары мен жабдықтануы, сынып оқушылары-ның саны мен олардың дене тәрбиесі, психи-калық және интелектуалды денсаулығының деңгейі, оқу сабақтарының кұрылымы, өзара қарым-катынас ерекшелігі болып табылады.

ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ

Список литературы Аылшын тілі сабаында студенттерді білімін тексеру жне зін-зі тексеруі

  • Рахимонова Р.А. Контроль и самоконтроль студентов при обучении английскому языку.//Ж.: «Иностранный язык в школе». -май-июнь. -2011. -С. 17-18.
Статья научная