Аылшын тілін оытуда ауызекі тілді дамыту
Автор: Джакипова Л.С., Таубеева А.Т.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Инновации в образовании
Статья в выпуске: 3 (99), 2013 года.
Бесплатный доступ
Мақаланың көкейкестілігі: жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге ағылшын ауызекі тілін үйретудің және дамытудағы жаңа әдістемелік тәсілдерді пайдаланудың маңыздылығы қарастырылады. Зерттеудің нәтижелері: ағылшын тілін оқытуда студенттердің ауызекі тілін дамытуда педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға байланысты іс-тәжірибелерді таратып, жоғары оқу орындарында білім беретін оқытушылардың тәжірибесіне енгізу қажет.
Короткий адрес: https://sciup.org/140204998
IDR: 140204998
Текст научной статьи Аылшын тілін оытуда ауызекі тілді дамыту
Мақаланың көкейкестілігі: жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге ағылшын ауызекі тілін үйретудің және дамытудағы жаңа әдістемелік тәсілдерді пайдаланудың маңыздылығы қарастырылады.
Зерттеудің нәтижелері: ағылшын тілін оқытуда студенттердің ауызекі тілін дамытуда педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға байланысты іс-тәжірибелерді таратып, жоғары оқу орындарында білім беретін оқытушылардың тәжірибесіне енгізу қажет.
Актуальность статьи обусловлена важностью обучения и развития разговорной речи студентов на уроках английскгог языка.
Практическая значимость исследования заключается в использовании педагогических инноваций при обучении и развитии навыков разговорной речи.
Выводы исследования: использование разнообразных методов обучения иностранному языку и таких приемов как: парная и групповая работы, интервью, самооценка и т.д. делает урок продуктивным, интересным и способствует развитию устной речи студентов.
The actuality of this article is stipulated on the development of speaking abilities of students who study in high institutions.
Practical importance of the research is concluded in using pedagogical innovation while studying English language. The novelty of article is stipulated on the development of speaking skills. The research conclusion: development of speaking skills which are necessarily to be considered as the subject of intercultural communication and include in the program of university students.
Негізгі сөздер: шетел тілдері, ауызекі тіл, ынталандыру, жұптық және топтық жұмыс.
Кіріспе
Қазіргі заман жастары жан-жақты жетік, зейіні өткір, ынталы жастар. Әсіресе, жастар-дың шетел тілдеріне деген қызығушылығы жоғары. Өзін заманауи деп санайтын әрбір қыз-жігіт шетел тілін жетік меңгеруге талпынады. Солай екен, біз оқытушылар алдымызда жауапкершілігі мол жұмыс тұрғанын сезе отырып еңбек етуіміз қазіргі инновациялық технологиялар ғасырының талабы. Ағылшын тілін үйреніп жатқан жастар ауызекі тілде еркін сөйлеуді қалайды.
Зерттеу әдістері және нысандар
Сөйлеу пікірді ауызша баяндау дегенді білдіреді. Тіл үйренуде ауызекі тілдің маңызы ерекше. Соңғы жылдары тілші, ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, студенттердің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құруда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Студенттердің ауызша сөйлеу қабі-летін қалыптастыру – қазіргі таңда маңызды мәселе болып табылады.
Нәтиже және оны талдау
Студент ағылшын тілінде өз пікірін баяндағанда ағылшын тілінің лексикалық, грамматикалық, сөздердің айтылу ережелерін қолданады. Демек, студент ағылшын тілінің фонетикасын, грамматикасын және лекси-касын жақсы білуі керек. Ең алдымен студентті ағылшынша сөйлетуде оқытушы мен студент арасында психологикалық тосқауыл болмауы тиіс, яғни студенттің ағылшын тілінде өз пікірін айта алу дағдысын қалыптастыру керек.
Жалпы тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады: а) тіл дамыту жұмыстарын бақылау арқылы жүргі-зу; ә) тіл дамытуда газет- журналдардың ресми іс-қағаздардың стилін пайдалану; б) тіл дамытуда көркем - әдебиет тілінен үлгі алу.
Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі: 1) сөздікпен жұмыс; 2) сөз тіркестері мен сөйлемдермен жұмыс; 3) оларды байланыстырып сөйлетуге дағдыландыру жұмыстары.
Студенттердің ауызша сөйлеу дағды-сын қалыптастыруды әдістемелік әдебиет-терді пайдалана отырып, ауызекі сөйлеуін қалыптастыруға байланысты талдаулар жүргізе отырып жүзеге асыруға болады.
Ауызша тілді үйретуде оқытушы тыңдап-түсіну, оқып-түсіну сияқты сөйлеу түрлерін қолдана алады. Мысалы: бір сағаттық сабақ жоспарын басшылыққа ала отырып төмендегілерді мысал ретінде келтіруі мүмкін: сабақтың мақсаты, қызықтыру, яғни ынталандыру, тәжірибе, нәтиже және оның міндеттерінен құралады. Осы жоспардың ынталандыру бөлігі студенттердің ауызекі тілін дамытуға көп септігін тигізеді. Өйткені, оқытушы студенттер мен сабақ тақырыбына қатысты ойын немесе шара өткізеді. Студенттер сабақта ән айтады, мәтінді дауыстап оқиды, бір тақырыпқа қатысты суретті талқылайды, еркін әңгіме құрастыру, әр түрлі ойындарды орындау арқылы ауызекі тілді дамытады. Сонымен қатар, оқу жоспарына сәйкес студенттің өзіндік жұмысының да рөлі үлкен. Өзіндік жұмыс сағатында студенттер мемлекетіміздің және тілі оқытылатын елдің, спорт, қоғамдық және саяси өміріне қатысты тақырыптарға әңгіме құрастыру және қысқа ақпарат беру, 15-20 минуттан аспайтын баяндама жасау, жаңалықтарды тыңдап, түсінуге ұмтылғаны дұрыс.
Ауызша сөйлеу кезінде студенттер дайындалып және дайындалмай сөйлеуге дағдыланады. Құрбыларының ой-пікірлері, тыңдалған аудиомәтін немесе кинофильм жайлы студент өз пікірін айтып үйренеді. Студенттер ауызекі тілді дамытуда жеке сөйлеу қабілетін дамытуға дағдыланады. Мұнда студенттер тыңдалған және оқылған мәтіннің мазмұнын айтып береді, оқылған немесе көрілген нәрсе жайлы қысқаша баяндама жасайды, фильм немесе театр қойылымы жайлы алдын-ала дайындалған жоспар бойынша әңгіме жүргізеді. Студент-тер өздерінің жеке пікірлерін айтады, тың-даушылар назарын ең қызықты мәселелерге аудартады. Жеке өмірінде орын алған жайттардан мәлімет береді.
Басылым материалдары бойынша саяси оқиғаларды айту, газеттерден мәдени, спорт, ғылыми мәліметтерді талқылау - ауызша тілдің дамуына өз үлесін қосады. Жұп болып әңгіме жүргізудің де пайдасы үлкен. Студенттер жұптасып мәдени, ғылыми, спорт, саяси тақырыптар бойынша ағылшын тілінде пікір алмасады. Ағылшын тілінде жұп болып немесе топ болып әңгімелесу тыңдаған немесе оқыған мәтін, фильм туралы өз ойын жеткізу - ауызша сөйлеудің ең маңызды әдістеріне жатады.
Қорытынды
Студенттердің тілін дамыту белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушы-лардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделсе, студенттердің тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі. Студенттердің ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырса студент келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби тілде жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Список литературы Аылшын тілін оытуда ауызекі тілді дамыту
- Мирошниченко А.Л. Обучение устной речи.//Английский язык все для учителя, Август 2011г. -16 б.
- Scvrivener J. Learning Teaching.//A guidebook for English Language Teachers, 2nd edit. -Macmillan Education, 2005.-431 б.