«Қазақ тілі» пӘні бойынша бастауыш мектеп оқушыларына арналған электронды оқулықтың құрылымын қалыптастыру
Автор: Жаксылыкова А.М.
Журнал: Экономика и социум @ekonomika-socium
Рубрика: Информационные и коммуникативные технологии
Статья в выпуске: 6-3 (25), 2016 года.
Бесплатный доступ
Қазіргі кезде электронды оқу құралдарын құрастыру үрдісі жеке эксперимиенттер шегінен шықты, оларды білім беру жүйесіне белсенді түрде еңгізу жұмыстары жүргізілуде. Электронды оқулық термині мен оның концепциясы қалыптасты.
Қазақ тілі, электронды оқулық, оқулық құрылымы, интерфейс
Короткий адрес: https://sciup.org/140120940
IDR: 140120940
Текст научной статьи «Қазақ тілі» пӘні бойынша бастауыш мектеп оқушыларына арналған электронды оқулықтың құрылымын қалыптастыру
Кілттік сөздер: қазақ тілі, электронды оқулық, оқулық құрылымы, интерфейс.
Соңғы жылдары мұғалімдер оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникативті оқыту технологияларын белсенді қолданып келеді. Заманауи компьютерлік технологиялар негізіндегі мектептерді ақпараттандыру электронды оқулықтарға жол ашты.
Электронды оқулықтар төмендегідей педагогикалық міндеттерді шешуге көмек бола алады:
-
- пәннің негізімен, пәнге байланысты негізгі түсініктер мен оның құрылымымен танысу;
-
- білім деңгейі бойынша дайындалу;
-
- білімі мен ептілігін бақылау және бағалау;
-
- түрлі әрекетерге қабілетін дамыту;
-
- білімі мен ептілігін қалпына келтіру.
Әртүрлі электронды оқу басылымдарын құрудың әдістерін талдау арқылы электронды оқулықты жобалау барысында назарға алуға тиісті негізгі оң және теріс тенденцияларды бөліп көрсетуге болады. Сол бағанда электронды оқулықты жобалау мен іске асыру барысында ұмтылуға қажетті жағдайлар, ал оң бағанда теріс тенденциялар 1 кестеде көрсетілген.
1 кесте. Электронды оқулықты жобалаудағы оң және теріс тенденциялар
Оң тенденциялар Теріс тенденциялар Тек бір ғана жобада қолданумен шектелмейтін бағдарлы бағдарламалық өнімді құру Монитор экранындағы ақпаратты қабылдауда психоло – физиологиялық ерекшеліктерге керекті көңіл бөлінбейді. Пайдаланушыға бағдарлама жұмысы мәнін тез Бағдарламаның дизайніне дұрыс "Экономика и социум" №6(25) 2016 386
түсінуге мүмкіндік беретін жақсы ойластырылған анықтамалық жүйе |
көңіл бөлінбейді. Оқулықтың әртүрлі бөлімдері арасында жедел ауысуға мүмкіндік беретін ойластырылған навигациялық жүйе құруға көңіл бөлмеу. |
Мүмкіндігінше электронды оқулық құру барысында жалпы қол жетерлік «тегін» дара технологияларды қолдану. Қуатты қызметімен қатар пайдаланудың қарапайымдылығына ұмтылу. |
Электронды оқулықты жобалау мен жасауда негізгі басымдық қымбат (қол жетерлік емес) технологияларға беріледі. |
Толыққанды электронды оқулық құруда талап етпейтін, қуатты технологияны қолдану. |
Электронды оқулық құрамы бірнеше бөлімдерден (блоктардан) тұрады. Оның көрінісі 1 суретте көрсетілген.

1 сурет. Оқулық блоктары
Электронды оқу басылымдарын құрастырудың негізгі кезеңдері:
-
- деректер көзін таңдау;
-
- мазмұны мен тұжырымдамалар тізімін жасау;
-
- мәтінді тараулар бойынша модульдерге бөлу арқылы қайта құрастыру;
-
- гипермәтінді электронды формада іске асыру;
-
- компьютерлік қолдауды өңдеу;
-
- материалды мультимедиада іске асыру үшін талдау және жалпылау;
-
- дыбыстық сүйемелдеуді әзірлеу және іске асыру;
-
- материалды көрнекілік үшін дайындау;
-
- материалды көрнекілеу.
Электронды оқулықты құрастыру кезінде пән бойынша интернет ресурстары қолданылады. Оқу әдістемесін жасауда іріктелген материалдар оқу материалының көлемі, мазмұндалу қарапайымдылығы, көрнекіліктердің
(кестелер, сұлбалар) бар болуы өлшемдеріне сүйеніп таңдалды. Жоғарғы мәзірде теориялық бөлімдерге, басты бетке, тестілеу беттеріне өтуге болатын тізім көрсетіледі. Бұл пайдаланушыға қажетті ақпаратты табуға көмектеседі. Бүйір жақ мәзірде тақырыпшалар орналасқан беттерге өтуге болатын тізім орналасады. Әрбір тақырыпшада қысқаша түсінік пен жаттығуларға сілтеу болады. Осылайша, кез келген бетке екі шерту арқылы өтуге болады.
Оқыту мақсаты, яғни оқушының оқулықпен жұмыс істеу мақсаты -нақты пәндік облыс (біздің жағдайымызда қазақ тілі) бойынша білім алу.
Осы мақсатқа жету үшін оқу бағдарламасы негізгі 3 бөлімге бөлінді:
-
- теориялық;
-
- жаттықтырушы;
-
- бақылау.
Бақылау жүйесінің түрі оқыту түріне тәуелді. Берілген оқулық өз бетімен оқып үйренуге арналған, сондықтан электронды оқу құралында өзін -өзі бақылау үшін тестілеу жүйесі қолданылады. Теориялық материалдың әр бөлімі соңында электронды тесттердің орналасуы оқушының алған білімін бірден тексеуіне байланысты өте ыңғайлы, себебі оқушы электронды оқулықтың теориялық материалын, әрбір бөлімнің соңында орналасқан видео-сабақтарды қайталау мен бекіту жұмысын жүргізе алады.
Оқулықтың интерфейсіне қойылатын негізгі талаптар анықталды:
-
- Қарапайымдылық . Пайдаланушы бағдарлама жұмысын лезде ұғу керек. Графиканың, элементтерден шамадан тыс көп болуы пайдаланушы компьютерінің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін.
-
- Икемділік. Бағдарлама басқа формаларға өтудің бірнеше жолдарына ие болуы керек.
-
- Стандарттау. Барлық модульдер түрі бірдей болуы қажет. Оқушылар бірнеше терезелерді қарап болған соң, навигацияны түйсікпен жүзеге асыра алуы жөн.
Оқулықтың интерфейсі келесі элементтерден тұрады: негізгі мәзір, қосымша мәзір және материалды тікелей бейнеленетін басты терезе. Интерфейс құрылымы бірдеңгейлі, яғни қандай да бір элементті шерткен кезде тиісті материал шығады. Кез келген тақырыпты басты терезеде лезде қарауға болады. Интерфейстің осындай құрылымы оқулық бойынша навигацияны жеңілдетуге арналған, электронды оқулықтың кез келген элементін тікелей шақырылады.
Электронды оқулық экраннан қабылданатындықтан, оның өз ерекшеліктері және оларға қойылатын талаптары бар. Берілген оқулықтың жалпы құрылымы 2 суретте сипатталады.

-
2 сурет. Электронды оқулықтың жалпы құрылымының сипаттамасы Қолданылған әдебиеттер:
-
1. Зимина, О.В. Печатные и электронные учебные издания в современном высшем образовании: Теория, методика, практика. – М.: Изд-во МЭИ, 2008. – 267 с.
-
2. Беспалько В.П. Образование и обучение с участием компьютеров. – М.: Изд. Московского психолого-социального института, 2008. – 352 с.
-
3. Аленичева Е.В., Монастырев В.П. Электронный учебник (проблемы создания и оценки качества )// Высшее образования в России. – - 2011. - №1
"Экономика и социум" №6(25) 2016
Список литературы «Қазақ тілі» пӘні бойынша бастауыш мектеп оқушыларына арналған электронды оқулықтың құрылымын қалыптастыру
- Зимина, О.В. Печатные и электронные учебные издания в современном высшем образовании: Теория, методика, практика. -М.: Изд-во МЭИ, 2008. -267 с.
- Беспалько В.П. Образование и обучение с участием компьютеров. -М.: Изд. Московского психолого-социального института, 2008. -352 с.
- Аленичева Е.В., Монастырев В.П. Электронный учебник (проблемы создания и оценки качества)//Высшее образования в России. -2011. -№1