Ультракүлгін сәулелерден қорғайтын текстиль материалдарын жасау және зерттеу

Бесплатный доступ

Мақалада мақта маталарына соңғы әрлеу кезеңдерінде ультракүлгін қорғаныс қасиеттерін беру технологиясының дамуы туралы мәліметтер келтірілген. Текстиль материалдарының функционалдығын арттыру ультракүлгін сіңіргіш қасиеттері бар текстиль көмекші заттарын пайдалана отырып, өңдеудің жоғары тиімді әдістерін енгізу, сондай-ақ жүріп жатқан процестерді интенсификациялауда жаңа химиялық және физикалық әдістерін қолдану. Физикалық-механикалық сипаттамалардың қажетті деңгейіне және ультракүлгін сәулеленуге төзімділікке қол жеткізуге бағытталған мақта маталарын өңдеу бойынша технологиялық шешімдер жасалды. Жұмыс ерітінділерін дайындаудың оңтайлы параметрлері таңдалды: ультракүлгін тұрақтандырғыштардың концентрациясы, компоненттердің қатынасы, температура және өңдеу ұзақтығы. Өңделген матаның сапалық сипаттамалары, соның ішінде түзңлген қорғаныс қабатының біркелкілігі және ультракүлгін сәулелерден қорғаудың тиімділігі, сондай-ақ физика-механикалық көрсеткіштер зерттелді. Текстиль талшықтарының бетіне функционалды заттардың тұрақты бекітілуін қамтамасыз ететін периодты және үздіксіз өңдеу әдістері ұсынылды. Жасалған технологияны енгізу гигиеналық және қорғаныш қасиеттерін жақсарту, энергия шығыны мен өңдеу уақытын қысқарту есебінен дайын текстиль материалдарының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері арнайы, медициналық және күнделікті мақсаттағы бұйымдар үшін берілген функционалдық сипаттамалары бар табиғи, химиялық талшықтардан және олардың қоспаларынан текстиль өндірісінің заманауи технологиялық процестерін жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Еще

Ультракүлгін қорғаныс, ультракүлгінді әрлеу, мақта текстиль материалдары, ультракүлгін тұрақтандырғыштар, текстиль-көмекші заттар, функционалды әрлеу

Короткий адрес: https://sciup.org/140313237

IDR: 140313237   |   УДК: 64.29.23   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2025-4-228-233