Фитоөнімдер өндірісі үшін өсімдік фармацевтикалық субстанцияларын алу әдістемесін әзірлеу
Автор: Ибраева М.Б., Рысалова Б.Б., Сабырова А.Б., Жумашова Г.Т., Сакипова З.Б., Ридванов Ч.И., Орынбекова С.О., Сермухамедова О.В., Джакиянов А.М., Туруспаева Ж.Ж.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности
Статья в выпуске: 4 (150), 2025 года.
Бесплатный доступ
Фармацевтикалық өнеркәсiптi дамытудың қазiргi заманғы үрдiстерi фитопрепараттарға деген қызығушылықтың тұрақты өсуiмен сипатталады. Бұл дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiне жоғары назар аударумен, сондай-ақ экологиялық таза және жаңартылатын шикiзатты пайдалануға жаһандық ұмтылыспен байланысты. Осы жағдайларда өсiмдiк өнiмi құрамының тұрақтылығын және сапасының жаңғыртылуын қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми негiзделген технологиялық тәсiлдердi әзiрлеу ерекше маңызға ие болады.Ұсынылған жұмыста Quality by Design тұжырымдамасын және эксперименттерді жоспарлау құралын (Design of Experiments) қолдануға негізделген фармакопеялық сападағы дәрілік өсімдік шикізатын алу әдістемесі әзірленді. Зерттеулер Seseli sessiliflorum Schrenk, Dracocephalum bipinnatum Rupr., Dracocephalum integrifolium Bunge, Dracocephalum ruyschiana L. және Ziziphora bungeana Juz. өсімдіктерінің жер үсті бөліктерінде жүргізілді. Бұл өсімдіктер құрамында эфир майлары, флавоноидтар және айқын биологиялық белсенділікке ие фенолдық қосылыстар сияқты биологиялық белсенді компоненттердің жоғары мөлшерімен ерекшеленеді. Жұмыс барысында жинау, кептіру, ұнтақтау және сақтау параметрлерінің термолабильді компоненттердің сақталуына және зерттелген шикізаттың химиялық профилінің тұрақтылығына әсері бағаланды. Дайындалған өсімдік шикізатын алу әдістемесі дәрілік препараттарды, биологиялық белсенді қоспаларды және болжауға болатын сапасы мен тиімділігі бар косметикалық құралдарды әзірлеу үшін кең перспективаға ие. Сонымен қатар, ол өсімдік тектес материалдардың сапасын халықаралық талаптарға сай стандарттау және сапаны бақылау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Дәрілік өсімдік шикізаты, инфрақызыл сәуле, эфир майы, экспериментті жоспарлау, технологиялық үдеріс параметрлері, фармацевтикалық өнімнің сапасы
Короткий адрес: https://sciup.org/140313213
IDR: 140313213 | УДК: 34.45.00; 65.01; 76.31 | DOI: 10.48184/2304-568X-2025-4-15-25