Digital нарыта ттынушыларды анааттану дрежесіне маркетинтгтік зерттеулер жргізу
Автор: Егеубекова А.Е.
Журнал: Экономика и социум @ekonomika-socium
Рубрика: Основной раздел
Статья в выпуске: 3 (70), 2020 года.
Бесплатный доступ
Мақалада электрондық сауалнама жүргізу арқылы тұтынушылардың ЖШС «НТК» телеарнасының диджитал нарығындағы жұмысымен қанағаттану дәрежесіне маркетингтік зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеу барысында негізгі қиындық туғызған мәселелер және қанағаттану дәрежесін жоғарылату жолдары ұсынылған.
Тұтынушылардың қанағаттану дәрежесі, диджитал нарық, маркетингтік зерттеу, мәселе, ұсыныс
Короткий адрес: https://sciup.org/140247899
IDR: 140247899
Текст научной статьи Digital нарыта ттынушыларды анааттану дрежесіне маркетинтгтік зерттеулер жргізу
Қазіргі уақытта тұтынушылардың қанағаттану дәрежесін зерттеу өзекті болып табылады, өйткені маркетинг өте тез дамып келеді. Бәсекелестік үнемі өсіп келеді және клиентті ұстау уақыт өткен айын қиындай түсуде. Тұтынушылардың адалдығын баурап алу - ғылым. Оның ескі де, жаңа да көптеген әдістері бар, бірақ айта кететін нәрсе, тұтынушылары өнімімен 100% қанағаттанатын компания жоқ. Тұтынушылардың көңілінен шығу үшін компания үнемі өнімдерін жетілдіріп отыруы керек, ал технологияның дамуымен және жаһандануға байланысты тұтынушылардың қанағаттану дәрежесін арттыратын құралдар көбейе түсуде. Сонымен қатар тұтынушының өзі де жиі өзгеріп отырады, оның мүдделері қазіргі заманғы үрдістер мен сәнге байланысты болуы мүмкін. Сондықтан, ең бастысы -тұтынушының мүдделерін үнемі талдау және бақылау керек. Бұл мәселені шешу үшін тұтынушымен өзара әрекеттесуде проблемалық бағыттарды анықтауға және олардың қанағаттану дәрежесін арттыруға көмектесетін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Болашақта бұл қызмет пен өнімді сатудың өсуіне әкелетін, адалдықты қалыптастыруға көмектеседі.
Тұтынушылардың ЖШС «НТК» телеарнасының диджитал нарығындағы жұмысымен қанағаттану дәрежесін анықтауға арналған электрондық сауалнама 2020 жылдың ақпан айында өткізілді. Маркетингтік зерттеу мақсаты ағымдағы жағдайды зерттеу, проблемаларды анықтау және оның шешу жолдарын қарастыру болып табылады.
Зерттеу объектісі – Алматы қаласының 14 жастан жоғарғы тұрғындары.
Жұмыс гипотезалары:
-
1. Тұтынушылардың 80%-ы Instagram әлеуметтік желісінде отырғанды ұнатады.
-
2. Телеарнаның ресми сайтын қолданушылар сайттың жылдамдығымен қанағаттанбайды.
-
3. Instagram әлеуметтік желесінің тіркелушілері ЖШС «НТК» телеарнасының парақшасындағы шығарылатын шығарылым санымен қанағаттанбайды.
-
4. Потенциалды тұтынушылардың 40%-ы ЖШС «НТК» телеарнасының әлеуметтік желіде парақшасы бар екендігінен хабардар.
-
5. Егер ЖШС «НТК» телеарнасының жеке ұялы бағдарламасы болса, шын берілген тұтынушылардың және қолданушылардың саны өседі.
Сауалнама кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден және барлығы 12 сұрақтан тұрады. Әзірленген сауалнама бойынша пилоттық пікір сұрау өткізілді. Сауалнамадағы кілттік сұрақ арқылы іріктеме жиынтығы статистикалық әдіспен есептелініп, 360 адам, яғни 0,03% бекітілген іріктеме.
Енді сауалнама сұрақтары бойынша нәтижелерін қарастырып өтейік:

1-сурет. ««НТК» телеарнасының ғаламтордағы жұмысымен таныссыз ба?»
1-сұрақ. ««НТК» телеарнасының ғаламтордағы жұмысымен таныссыз ба?» - деген сұраққа респонденттердің 78,6% «иә» деп, 21,4%-ы «жоқ» деп жауап берді (1-сурет). Демек, әлеуетті тұтынушылар арасында көпшілік бөлігі «НТК» арнасының ғаламтор аясындағы жұмысымен таныс екені, арнаның беделінің деңгейі қанағаттанарлық.

-
• Instagram
-
• YouTube
ф Facebook
-
• Вконтакте
* Ресми сайт
-
• Однолассники
2-сурет. ««НТК» арнасы туралы ақпаратты қайдан іздейсіз?»
1-сұраққа «иә» деп жауап берген респонденттер 2-ші сұраққа өтіп ««НТК» арнасы туралы ақпаратты қайдан іздейсіз?» деген сұраққа жауап берді. Нәтижесінде, респонденттердің жауабы екі тарапқа бөлінді яғни, Instagram әлеуметтік желісінен 54,5%-ы, Ресми сайттан 45,5% ақпарат іздейді. Тұтынушылардың талғамы бойынша осы екі ақпарат көзі өзекті және ыңғайлы екенін байқауға болады, және осы екі ақпарат көзіне аса назар аударуды қажет етеді.

ф Б1ркалыпты, кызыцсыз
Ф 9те кеп пост ф Эртурл! ойын, конкурстар аз ф Сурактарта дер кез!нде жауап бер!лмейд!
3-сурет. «Әлеуметтік желі парақшасының несіне көңіліңіз толмайды?»
Егер респонденттер 2-mi суракка 9леуметтiк желiлердi белгiлеген респонденттер 3-шi суракка еттi «Элеуметпк жел1 паракшасыныц несiне кецiлiцiз толмайды?». Бул суракка 75%-ы «ете кеп пост», 16,7%-ы «сурактарFа дер кезiнде жауап берiлмейдi», 8,3-ы «б1ркалыпты кызыксыз» деп жауап берді. Бұл көңіл толмайтын мәселелерді шешу үшін әлеуметтік желі контентін қайта қарастыру қажет, және SMM мамандарымен жұмыс жасау кажет.

4-сурет. «Элеуметтiк жел1 паракшасыныц кай жаFынан унайды?»
4-ш1 сурак «Элеуметтiк желi паракшасыныц кай жагынан унайды?» паракшалардыц мыкты жаFын бiлу Yшiн койылFан. Н9тижесiнде, 58,3%-ы «Белсенділік жоғары», 25% «комментарийлерге тез жауап беріледі», 16,7%

5-сурет. «Сiздiц НТК арнасыныц паракшасын достарыцызга, таныстарыцызга усыну ыктималдылыFыцыз?»
Элеуметтiк желiге байланысты сурактардан кейiн тутынушылар адалдығын бағалау үшін «Сіздің НТК арнасының парақшасын достарыңызға, таныстарыңызға ұсыну ықтималдылығыңыз?» сұрағы койылды. Нэтижесшде, респонденттердiц 25% -ы «6», 16,7%-ы «7», 25%-ы «8», 25%-ы «9», 8,3% -ы «10» белг1лед1.
■ 1 ■ 2 M 3 ■ 4 ■ 5 М 6 М 7 ■ 8 ■ 9 ■ 10

Интерфейс ыцтайлыльны Жылдамдыты ©him сапасы Kepi байланыс
6-сурет. ««НТК» арнасының ресми сайтын бағалаңыз»
2-ші сұраққа Ресми сайт деп жауап берген респонденттер 5-ші сұраққа өтті. ««НТК» арнасының ресми сайтын бағалаңыз», яғни кесте бойынша әр сипаттама бойынша балл таңдау керек. Нәтижесінде,
Интерфейс ыңғайлылығы: 1 адам «5» балл, 1 адам «6» балл, 1 адам «7» балл, 5 адам «8» балл, 2 адам «9» балл берді. Жылдамдығы бойынша: 3 адам «2» балл, 1 адам «3» балл, 1 адам «4» балл, 3 адам «5» балл, 1 адам «6» балл, 1 адам «7» балл берді. Өнім сапасы бойынша: 1 адам «6» балл, 2 адам «8» балл, 4 адам «9» балл, 3 адам «10» балл берді. Кері байланыс бойынша: 3 адам «4» балл, 4 адам «5» балл, 3 адам «6» балл берді.

Иэ
Жоц
Bapioip
7-сурет. «НТК арнасының ұялы бағдарламасы болғанын қалайсыз ба?»
НТК телеарнасының ғаламтор аясындағы жұмысымен таныс респонденттерге - «НТК арнасының ұялы бағдарламасы болғанын қалайсыз ба?» сұрағы қойылды. Нәтижесінде, респонденттердің 95,5%- ы «иә», 4,5%-ы «бәрібір» деп жауап берді. Демек, бұл сұраққа назар аудару қажет.

8-сурет. «Қазақстандық қандай телеарналарды тамашалайсыз?»»
1-ші сұраққа «жоқ» деген респонденттерге және басқаларына «Қазақстандық қандай телеарналарды тамашалайсыз?» деген сұрақ қойылды. Респонденттердің 46,4%- ы «31» арна, 21,4%- ы «Гакку», 14,3%- ы «КТК», 3,6%- дан «7 арна», «Астана», «Алматы», «Хабар» деп жауап берді. Демек, НТК арнасының негізгі бәсекелестері болып 31 арна, Гакку, КТК телеарналары болып табылады.

9-сурет. «Қазақстандық қандай телеарналардың парақшаларына тіркелгенсіз?»
«Қазақстандық қандай телеарналардың парақшаларына тіркелгенсіз?» деген сұраққа респонденттердің 64,3%- ы «Гакку», 17,9%- ы еркін жауап «Жоқ, яғни тіркелмегенмін», 14,3%- ы «31 арна», 3,6%- ы «КТК» деп жауап берді. Яғни, ғаламтор аясындағы негізгі бәсекелесі «Гакку» арнасы болып табылады, оған бірден-бір себеп арна өз парақшаларында атақты әншілердің өлеңдерін, бейнебаяндарын шығарады.

10-сурет. ««НТК» арнасы туралы ақпаратты қайдан іздейсіз?»
«Сіздің қызметіңіздің түрі» деген сұраққа, респондеттердің 50%-ы 14 адам «қызметкер», 39,3%- ы «оқушы топ», 7,1%- ы «мемлекеттік қызметкер», 3,6%- ы «зейнеткер» деп жауап берді. Демек, арна тұтынушыларының негізгі мақсатты тобын қызметкерлер мен оқушы топ құрайды.

11-сурет. «Жасыңыз»
«Жасыңыз» деген сұрақтың жауаптары бойынша, респонденттердің 42,9%-ы «24-40», 25%-ы «14-23», 17,9%-ы «14 жасқа дейін», 10,7%-ы «4150», 3,6%-ы «65-тен жоғары» жас аралығында. Негізгі мақсатты топтың жасы 24-40 жас аралығында, яғни төлем қабілеттілігі жоғары топ болып табылады.

• Эйел адам
• Ер адам
12-сурет. «Жынысыңыз»
Мақсатты топты жыныстық белгілері бойынша анықтау үшін «Жынысыңыз» сұрағы қойылды. Нәтижесінде, респонденттердің 67,9%-ы «әйел адам», 32,1%-ы «ер адам» болып табылады.
Қорытындылай келе, зерттеу нәтижелері бойынша ЖШС «НТК» телеарнасының мақсатты тобы 24-40 жас аралығындағы адамдар. Телеарнаның диджитал аясындағы жүмысы белсенді болып табылады, дегенмен кемшіліктер бар. Мысалы, шығарылым саны, ресми сайт жүктеу жылдамдығы, ұялы бағдарламаның болмауы. Сәйкесінше, әлеуметтік желі парақшаларының қалыптастыру стратегиясын, сонымен қатар күніне жүктелетін шығарылым санын қайта қарастыру қажеттілігі бар. Арнаның ресми сайтының жылдамдығы төмендігі анықталды, оны жоғрылату үшін қосымша сервер алу керек. Қазіргі таңда адамдардың уақыт тапшылығына байланысты, тұтынушылардың талғамы бойынша телеарнаның ұялы бағдарламасы болғанын қалайды, демек қажеттілік бар. Осылайша, респонденттердің пікірін ескере отырып, жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды енгізу арқылы, арнаның қаржылық сипаттамасы да, бренд болып қалыптасуына да көмегін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
-
1. Маркетингтік зерттеулер: Оқулық. – Алматы: 2013. – 320 б.
-
2. www.stat.gov.kz/ Қазақстанның демографиялық жылнамалығының деректері
"Экономика и социум" №3(70) 2020
Список литературы Digital нарыта ттынушыларды анааттану дрежесіне маркетинтгтік зерттеулер жргізу
- Маркетингтiк зерттеулер: Оқулық. - Алматы: 2013. - 320 б.
- www.stat.gov.kz/ Қазақстанның демографиялық жылнамалығының деректерi