Ксіптік білім беру жйесіндегі оытуды дамыту рдістері

Автор: Калыкова А.О., Купербаева А.Ж.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Инновации в образовании

Статья в выпуске: 1 (91), 2012 года.

Бесплатный доступ

Мақалада кәсіптік білім берудің өзектілігі көрсетілген. Кәсіптік білім берудің даму үрдісі сипатталып, алдағы даму тенденциялары көрсетілген. Оқытуды дамытудың жаңа және қолданыстағы үрдістері айқындалған.

Короткий адрес: https://sciup.org/140204930

IDR: 140204930

Текст обзорной статьи Ксіптік білім беру жйесіндегі оытуды дамыту рдістері

Кез-келген мемлекеттің қазіргі әлемнен мәртебелі орын алуы сол елдегі білім беру саласының даму деңгейіне тығыз байланысты. Бұл сала үнемі даму үстінде, ашық, икемді, заман талабына жауап бере алатын, отандық және әлемдік тәжірибенің ең озық үлгілерін жинақтаған болуы тиіс. Өйткені, білім беру дегеніміз мемлекеттің, қоғамның және жеке тұл-ғаның мүдделері үшін оқыту мен тәрбие берудің мақсатты бағытты үдерісі. Ол жас ұрпаққа көптеген ғасырлар бойы бүкіл адамзат баласы жинаған білімдерді беріп қана қоймай, сонымен қатар оны келесі ұрпақтарға жеткізу қабілетін білдіреді. Қазіргі таңда білім саласына қойылатын талап өте жоғары және бұл сала күн сайын өзгеріске ұшырап, жаңарып, дамып отыр. Мұның бір себебі, үстіміздегі ХХІ ғасырда білім қоғам мен мемлекеттің даму қарқынын айқындайтын бірден-бір маңызды да мәртебелі сала екендігіне байланысты. Ертеңгі қоғам мүшелері – бүгінгі оқушылар мен студенттер. Мәселе олардың білім сапасы мен таңдаған мамандықтарын игеру дәрежесінде. ХХІ ғасыр, яғни ақпарат дәуірінде өмір сүріп отырған біздер үшін дамудың басты көрсеткіші ақпаратты алу және қолдану болып отыр. Мұнда білім негізгі құндылық. Қазіргі күні кез-келген саланың қызметін дұрыс атқаруы оның қажетті ақпаратты дер кезінде иеленуіне, іс-әрекетті үздіксіз жетілдіріп отыруына байланысты. Ол үшін мамандардың білік-тілігін жүйелі түрде көтеруі міндет. Өйт-кені, ақпараттық технологиялар күн сай-ын жаңарып, бірін-бірі ауыстыру үстінде. Кәсіби деңгейдің төмендігі мамандардың өз міндеттерін жеткілікті дәрежеде орын-дауына кедергі келтіреді. ХХІ ғасырда басты капитал білім болып табылады, бұл елдің экономикалық гүлденуіне, өндіріс пен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына түбегейлі ықпал ететін құбылыстың бірі.

Қазақстан Республикасының Консти-туциясында кепілдік берілгендей, еліміз-дің барлық азаматтары білім алуға құ-қылы (30-бап). Бүгінде білім сапасына үлкен талап қойылып отырғаны белгілі. Соған орай барлық деңгейдегі білім мекемелері оқыту үдерісіне инновация-лық жаңалықтарды батыл енгізу үстінде. Мұнда қазіргі заманғы қоғам дамуының алғышарты ретінде өндіріс пен экономика сұранысы, білім беру мазмұны мен оқыту үдерісі технологияларының өзара сәйкес келуі маңызды. Бұл міндеттер елімізде тиісті заңнамалар мен арнайы бағдар-ламалар арқылы реттелген. Атап айт-қанда, Қазақстан Республикасында білім берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы елі-міздің білім беру жүйесін дамыған елдер моделіне сәйкестендіруді және әлеумет-тік-экономикалық тиімділіктерді қамта-масыз етуді көздейді. Бағдарламаны іске асыру нәтижелері арасында еңбек нары-ғының сұраныстарына сәйкес келетін, үздіксіз кәсіптік білім берудің икемді жүйесін қалыптастыру мәселесі де маңыз-ды орын алады [1].

Білім беру мекемелері оқушыны қоғамның әртүрлі саласында белсенді қызмет атқаруға дайындайтын маңызды сала болуымен ерекше. Сондықтан да бұл мекемелер қоғам сұранысына сәйкес келуі тиіс. Адамның бүкіл саналы өмірі еңбекпен өтеді. Әр адам өз қабілеті мен бейіміне сай мамандық бойынша қоғам-нан өз орнын алуы заңды. Кәсіби білікті маман елдің экономикалық гүлденуінің маңызды бір факторы, ол еңбек өнімді-лігіне де, қоғам үшін де қажет. Болашақ мамандықты жас адамның көбінесе мек-теп партасынан бастап таңдайтыны белгілі. Бұл мәселе жалпы білім беретін оқу орындарын бітірушілердің білім сапасы мен кәсіптік бейімдеудің өзектілі-гін дәлелдейді. Осы тұрғыда білім меке-месіндегі оқыту үдерісін оқушылардың жеке тұлғалық-психологиялық ерекшелік-терін, олардың пәнге деген бейімділігін ескере отырып ұйымдастырғанда өте тиімді болмақ. Осы себепті қазіргі таңда еліміздегі оқу орындарында кәсіптік бі-лімге үлкен мән беріле бастады. Кәсіптік оқытудың басты міндеті – мектеп, лицей, гимназиялар оқушыларына еңбек техно-логиясы және кәсіптік оқыту пәні бойын-ша тәрбие беру және кәсіпке даярлау болып табылады. Кәсіптік оқытудың не-гізгі бағыты – еңбек және кәсіптік қызмет бейіні бойынша болашақ мамандарды теориялық және практикалық даярлау. Бұл ең алдымен мұғалімнің кәсіби дең-гейінің биіктігін, біліктілігі мен іскерлі-гін, тәрбие мен білімді ұштастыра білуіне байланысты. Кәсіптік оқыту білім беру, өндірістік-басқару, жобалау сияқты іс-әрекет түрлерін жүзеге асыруға бағыт-талған. Кәсіптік оқытудың тиімділігін көтеруге ықпал ететін факторлар қата-рында қоғам мен мемлекеттің қажеттілігі мен сұранысын айқындау, оқытудың мақ-сатын жүйелеу, оқыту формасын таңдау, оқушылардың жасына қарай оқу ерекше-ліктерін ескеру және т.б. бар. Кәсіптік мектеп білім алушылары (оқушылар) бұлар белгілі бір кәсіп саласына қызы-ғушылығы бар негізгі және орта мектеп-тік деңгейде білім алатын жастар.

Кәсіптік оқыту тұлғаның ең маңызды қасиеттерінің бірі – еңбексүйгіштікке тәр-биелейді. Бұл ертеңгі іс-әрекет саласына, қоғамдық пайдалы еңбекке моральдық-психологиялық даярлық деңгейін айқын-дайтын сапалық қасиетке жатады. Еңбек-ке қабілеттіліктің қалыптасу дәрежесіне байланысты әр адам өмірдегі өз орнын табады. Еңбек дағдылары баланың қол жеткізген тәжірибесінің деңгейін, шебер-лік біліктілігін сипаттайды. Еңбек дағды-ларын меңгерудің негізгі жолы – белгілі бір теорияға негізделген кәсіптік оқыту сабағы. Бұл дағдылар ең алдымен арнайы білім салаларына қарай жіктеледі [2].

Дүние жүзінде оқытудың тиімді жол-дары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру қар-қынды жүріп жатыр. Жаңа педагогикалық технологияларды дұрыс таңдап алып, тиімді пайдалануды оқытудың сапасын арттыруға септігін тигізетінін көптеген зерттеу нәтижелері дәлелдеп отырғаны анық. Қазіргі таңдағы білім беру техноло-гияларының кең ауқымын қарастыра отырып, Г. К. Селевко өзінің «Қазіргі білім беру технологиялары» деген еңбе-гінде оларды келесі топтарға топтасты-рады: педагогикалық үдерістің тұлғалық бағдарлануы негізіндегі педагогикалық технологиялар («Ынтымақтастық педаго-гика»; М.А. Амонашвилидің «Ізгілік-тұл-ғалық технологиясы»; Е.Н. Ильинаның жүйесі «Әдебиет пәнін адамды қалыптас-тыратын пән ретінде оқыту»); материалды дидактикалық тұрғыдан жетілдіру және қайтадан өңдеуге негізделген педагоги-калық технологиялары (Л.В. Тарасовтың «Экология және диалектика технология-сы»; В.С. Библер мен С.Ю. Кургановтың «Мәдениет диалогы»; П.М. Эрдиневтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы»; М.В. Воловичтің «Ақыл-ой әрекеттерін кезеңмен қалыптастыруды іске асыру технологиясы»); дербес пәндік педагогикалық технологиялары Жаңа технология жүйесінде модульдік оқыту және іскерлік ойыны арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі

қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Даму-дың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі- мұғалімнің жеке басының ізденімпаздылығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді. Жас ұрпақты еңбекс-үйгіштікке, іскерлікке баулу, әсіресе, қазіргі кезеңде ауадай қажет.

Кәсіптік білім беру саласында оқыту-дың екі түрлі принциптері қарастыры-лады: жалпы-дидактикалық және тек кәсіптік оқытуға ғана тән арнайы принциптер. Кәсіби оқыту әдістері – бұл арнайы жүйе және ол логикалы бір ізділікпен іс - әрекет жасайтын инженер – педагог пен кәсіптік мектеп оқушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы оқушы-лар кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілет-тіліктерін дамытып, кәсіби шеберліктің қыр – сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады [3].

Кәсіптік оқытудың пән ретінде өзіндік ерекшеліктері бар. Оған сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту үдері-сінің тәжірибемен ұштасуы, үйренген дағдыларды күнделікті өмірде қолдану және т.с.с. сияқты іс-әрекеттер кіреді. Мы-салы, сабақ барысында тұтастай педаго-гикалық технологиялар қолданылады, олар: технологиялық сызбалар және карталар. Технологиялық сызба дегеніміз – процесс технологиясының шартты бейнесі, ол жеке-леген құрамдас бөліктерге бөлінеді және олардың өзара қисынды байланысын білдіреді.

Технологиялық карта дегеніміз – процес барысындағы іс-әрекеттерді он-дағы қолданылатын құрал-жабдықтарды көрсете отырып, біртіндеп, кезең-кезең-мен дәйекті түрде сипаттау (көбінесе графикалық формада болады).

Білімдерді игеру, дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру, қабілеттерін дамыту белгілі бір тәртіппен келетін үдеріс, оған мынадай кезеңдер кіреді:

  •    Оқу материалын қабылдау;

  •    Ұғыну;

  •    Есте сақтау;

  •    Үйренген дағдыларды практикалық іс-әрекетте қолдану.

Оқыту үдерісінде ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бірқатар талаптарды орындау қажет, олар:

  • -    оқушының оқуға, үйренуге деген белсенді көзқарасы;

  • -    оқу материалын белгілі бір тәртіппен, дәйектілікпен бере білу;

  • -    ақыл-ой және практикалық іс-әре-кеттің әртүрлі әдіс-тәсілдерін жаттығулар орындау арқылы бекіту;

  • -    көрнекті құралдарды таңдай білу;

  • -    үйренгендерін іс жүзінде қолдану.

Технологиялық картаны құрастыру мұғалімнен дәлдікті, құрылымдық айқын-дықты, әдістемелік тілдің түсінікті бо-луын, әдістемеге негізделуін талап етеді. Технологиялық жобалаудағы негізгі объект – оқу тақырыбы. Ол бірнеше сабақ-қа жалғасуы мүмкін. Мұндағы тақырып бойынша сабақтардың ең аз саны – 6-8, ал көп саны - 22-24 сабақ болады. Осындай сабақтар жүйесі арқылы оқу үдерісін басқару тиімділікпен жүзеге асырылады. Әр сабақтың өз мақсаттары бар, ол тапсыр-маларды орындау, оны үй тапсырмасымен үйлестіру сияқты білім беру міндеттерінің тиімді шешімін табуға негізделеді.

Сапалы кәсіптік білім беру уақыт талабына және қоғам қажеттіліктеріне лайықты жауап беруге мүмкіндік беретін кешенді мәселелерді білдіреді. Жалпы кәсіптік білім берудің маңызды міндет-терінің бірі мамандар даярлау сапасын көтеруге ықпал ету болып табылады. Ал оқыту сапасы ең алдымен оқыту үдері-сінде қол жеткізген білімдер мен қалып-тасқан дағдылар арқылы көрініс табады. Бұл сондай-ақ оқушының саналуан тұл-ғалық қабілеттерін, кәсіптік бейімділігін дамыту деңгейін де бейнелейді.

Әлемдік өркениет дамуының заңды көрінісі бола отырып, қоғамды ақпарат-тандыру бүгінгі күні жаһандық сипат алуда. Одан бүкіл адамзат қоғамдас-тығының бір мүшесі ретінде Қазақстан тыс қала алмайды. Мұндағы басты фактор еліміздің білім деңгейін көтеру арқылы экономикалық әлеуетіміздің өсу қарқы-нын нығайту болып табылады. Білім беру жүйесіндегі кәсіптік оқытуды дамыту үрдістері көрсеткендей, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін жоғары деңгейге көтеруге ықпал ете алатын сала ретінде білім беру жүйесінің барлық құрамдас бөліктерін дамыту арқылы мемлекет алдындағы маңызды міндеттердің табысты жүзеге асуына қол жеткіземіз.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Қазақстан Республикасында білім берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // www.akorda.kz/kz/official_documents/decre es.../f

  • 2.    Беспалько В.П. Педагогика и прог-рессивные технологии обучения. -М., 2005.- 256c.

  • 3.    Устемиров К., Шаметов Н.Р., Ва-сильев И.Б. Профессиональная педаго-гика. Алматы, 2005 - 270с.

Список литературы Ксіптік білім беру жйесіндегі оытуды дамыту рдістері

  • Қазақстан Республикасында бiлiм берудiң дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы//www.akorda.kz/kz/official_documents/decrees../f
  • Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. -М., 2005.-256c.
  • Устемиров К., Шаметов Н.Р., Васильев И.Б. Профессиональная педаго-гика. Алматы, 2005 -270с.
Статья обзорная