Мақта маталарын мыс нанобөлшектерімен модификациялау арқылы антимикробтық қасиет беру
Автор: Баймаханова М.Б., Джуринская И.М., Таусарова Б.Р., Оңғар Т.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология текстиля и одежды, дизайн
Статья в выпуске: 3 (149), 2025 года.
Бесплатный доступ
Мақала «жасыл химия» әдісіне сәйкес алынған мыс нанобөлшектері негізінде антимикробтық қасиеттері бар целлюлоза текстиль материалдарын әзірлеуге арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – мақта маталарын ұзақ мерзімді бактерияға қарсы әсер ететін экологиялық қауіпсіз әдіспен модификациялау. Қалпына келтіргіш ретінде аскорбин қышқылы, ал тұрақтандырғыш ретінде желатин мен глюкоза қолданылды. Мұндай таңдау мыс нанобөлшектерінің тұрақты коллоидтық жүйелерін түзуге және олардың талшықты құрылымда біркелкі таралуына мүмкіндік берді. Нанобөлшектерді бекітуді күшейту үшін қосымша тетраэтоксисилан енгізіліп, кремний диоксиді матрицасы түзілді. Жұмыста мақта маталарын синтездеу мен модификациялау әдістемесі сипатталып, таңдалған тұрақтандырғыштардың қасиеттері талданды. Сканирлеуші электрондық микроскопия нанобөлшектер морфологиясындағы айырмашылықтарды растады: желатин қолданылған жағдайда ұсақ әрі біртекті бөлшектер (30-74 нм) түзілсе, глюкоза ірі агрегаттардың (56-143 нм) түзілуіне әкелді. Бұл деректер микробиологиялық сынақ нәтижелерімен сәйкес келеді: өңделген үлгілер E. coli өсуін тежейтін аймақты 0,4 мм-ге дейін көрсетті. Зерттеудің практикалық маңызы антимикробтық және қорғаныштық қасиеттері бар функционалды мақта маталарын өндіруде қолдануға болатын әдісті әзірлеуде жатыр, ол жеңіл өнеркәсіп пен медицина саласында сұранысқа ие.
Целлюлоза текстиль материалдары, модификация, жасыл химия, мыс нанобөлшектері, антимикробтық қасиеттер
Короткий адрес: https://sciup.org/140312214
IDR: 140312214 | УДК: 64.29.23 | DOI: 10.48184/2304-568X-2025-3-269-278