Онажайлы индустриясындаы PR

Автор: Кулекенов М., Баймбетова А.Б.

Журнал: Теория и практика современной науки @modern-j

Рубрика: Основной раздел

Статья в выпуске: 3 (9), 2016 года.

Бесплатный доступ

Жиырма бірінші ғасыр - жаңалық пен жаңа ашылулар заманы. Кәсіпкерліктің барлық саласы заманмен бірге ілгеріленеді және бәсекелестікке қарсы тұра білу мақсатында PR-технолологиларға бағынышты болады. Өз кәсіпорнын клиентке жағымды жағынан көрсете білу, қонақ үй шаруашылының басты міндеті.

Pr-технологилар, қонақ үй, экономика, бәсекелестік, тұтынушы

Короткий адрес: https://sciup.org/140289316

IDR: 140289316

Текст научной статьи Онажайлы индустриясындаы PR

Бүгін қонақ үй бизнесі - бүкіл әлемде көп миллион доллар пайда әкелетін ең жылдам, ең перспективалы және өсіп келе жатқан салалардың бірі. Бұл бизнес әр елдің экономикасына жағымды жағынан әсер ететін туризмнің бір саласы болып табылады.

Қонақ үй нарығындағы қатаң бәсекелстік әр менеджерді PR-технологиладың көмегіне жүгінуге алып келеді. Әдетте, қатаң PR акциялар қонақ үйлер тізіміне кіретін және инвесторлармен қаржыландыратын қонақ үйлермен жүзеге асырылады. Өткеннен қалған таңбамен күресіп, қазіргі нарық сұраныстарын жобалап отыруға тура келеді. Қаржы ресурстарының болмауы арнайы PR қызметін жүзеге асыруын тежейді. Сондықтан, барлық қонақ үйлер маманандырылған PR агенттіктерге арқа сүйей алмайды. Бұл іспен қонақ үй масштабына қарай 2-3 маман жұмыс істейді. Сол себпті, қонақ үй бизнесіндегі PR - әлі күнге дейін игерілмеген, көпқырлы және өте перспективалы ауданы. PR міндеті өзара түсіністік құру болып табылады, клиенттің компанияға деген оң көзқарасы мен сенімін ұзақ мерзімге арттыруға тырысу. Бүл жерде жұртшылықтың алдында отельдердің имиджін, беделін оң жағынан ұсынып, құрмет айту.

Жалпы, PR жайлы айта кетсек, паблик рилейшнз ұғымы бастапқыда ұйым мен жұртшылықтың арасындағы қарым-қатынастың ерекше түрі, жұртшылықпен өзара пайдалы әрі тиімді қарым-қатынас орнату, халықтың, сондай-ақ, т.б. қоғамдық ұйымдар тарапынан өзіне жағымды көзқарас қалыптастыру мақсатында ұйым жүзеге асыратын басқару түрі ретінде қолданылды.

PR-кампанияны жүргізудің стратегиясында RACE: R (research) жүйесі қолданылады - міндетті қою және талдау; A (action) - жалпы бағдарламаны және тұжырымдаманы жасау; С (communication) - алға қойылған мақсаттарға    жету    жолында    коммуникативті    байланыстар орнату; Е (evolution) - кері байланысты қамтамасыз ету, нәтижелерді қорытындылау және түзетулер енгізу.

PR бөлімінің артықшылықтары:

  • -    өз қызметкерлері қашанда ұйым алдында жауапкершілікті сезінеді;

  • -    өз беттерімен БАҚ-пен жұмыс істейді;

  • -    оларға ұйымның ішкі маркетингісімен айналысу оңайға түседі.

Осыдан PR-дың қонақ үй бизнесіне әкелетін көмегі мол екенін байқаймыз. Олардың ең басты ұстанатын қаруы – сенімділік. Клиенттірдің кәсіпорынға деген сенімділігін арттыру болып табылады.

Сенімділіктің үш басты аспектісі:

  • 1.    Тұтынушы сенімділігі

  • 2.    Қызметкер сеніділігі

  • 3.    Инвесторлар сенімділігі

Тұтынушы - компанияның ең бағалы активтерінің бірі, сондықтан, ол активті сатып алу мен уақыт өте келе өзінің құнын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін істеу қажет. Оның маңызды аспектісі тұтынушылардың сенімділігін қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар тиісті деңгейде ұстап тұру.

Паблик рилейшнз жоғары мемлекеттік беделдік пен адалдыққа қол жеткізуге бағытталған. Клиенттің өз кәсібіңізге деген сенімділігін арттыру үшін, біз алдымен клиенттке не керек екенін білуңіз керек. Яғни, оның сапары - бірінші – қонаққа не ықтимал екенін білу қажет, оның қажеттіліктеріне мұқият көңіл бөлу және одан кейінгі сапарларын нақтылау. Кез келген клиент жайлы ақпарат алу мақсатында, әр адам басына жеке база құрылуы керек.

PR технологиялар арқылы клиент сенімділігін арттыру мақсатында, тұтынушының қажттілігне көңіл бөлмей, сапа дәрежесін қалыптастыру және оны жоғары дәрежеде сақтау мүмкін еместігіне көзіміз жетті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Список литературы Онажайлы индустриясындаы PR

  • « Қонақ үй шаруашылығы » Мазбаев О.Б., Омаров Қ.М. Оқу құралы. 2007 жыл. - 76б.
  • Қазақстанның қонақ үйлер мен мейрамханалар Ассоциациясының ақпараты (КАГиР).
Статья научная