Оңтүстік және солтүстік өңірлердегі кадеттердің антропометриялық типологиясы мен жалпы білім беретін мектеп оқушыларының көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы
Автор: Арыстанова Г.Б., Сарттарова Л.T., Аийыпканова Н.А.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология текстиля и одежды, дизайн
Статья в выпуске: 4 (150), 2025 года.
Бесплатный доступ
Мақалада Қазақстан Республикасының оңтүстік және солтүстік аймақтарындағы кадеттердің физикалық даму көрсеткіштерін салыстырмалы түрде талдау негізінде олардың антропометриялық типологиясын әзірлеу мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – кадеттердің морфофункционалдық параметрлерінің ерекшеліктерін айқындап, олардың аймақтық айырмашылықтарын анықтау арқылы әскери оқу орындарында білім алатын курсанттарға арналған формалық киім үлгілерін жобалауға қажетті антропометриялық сипаттамалар құрылымын жасау. Зерттеу барысында 16–17 жастағы кадеттердің негізгі антропометриялық көрсеткіштері өлшенді. Әскери лицей тәрбиеленушілерінің өлшемдік типологиясын анықтау үшін математикалық статистика және кластерлік талдау әдістері қолданылды. Антропометриялық көрсеткіштерді талдау нәтижесінде Қазақстан Республикасының әртүрлі аймақтарында тәрбиеленіп жатқан кадеттердің физикалық даму деңгейінде елеулі айырмашылықтар бар екендігі анықталды. Конституциялық типтердің аймақтық-климаттық ерекшеліктермен байланысы көрсетілді. Зерттеу нәтижелері практикалық маңыздылығымен ерекшеленеді және жеңіл өнеркәсіп пен тоқыма өндірісінде Қазақстан Республикасы әскери лицейлерінің оқушыларына арналған формалық киімдерді жобалау мен дайындау үдерісінде қолданылуы мүмкін. Алынған ғылыми қорытындылар ұлттық өлшемдік стандарттарды әзірлеуге негіз бола отырып, әскери киім өндірісін жаңғыртуға және оның сапасын арттыруға септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде әскери оқу орындарының тәрбиеленушілерінің антропометриялық ерекшеліктерін есепке алуға мүмкіндік береді.
Антропометрия, кадеттер, өлшемдік типология, формалық киім, өңірлік айырмашылықтар, физикалық даму, жобалау
Короткий адрес: https://sciup.org/140313232
IDR: 140313232 | УДК: 64.33.14 | DOI: 10.48184/2304-568X-2025-4-182-194
Текст научной статьи Оңтүстік және солтүстік өңірлердегі кадеттердің антропометриялық типологиясы мен жалпы білім беретін мектеп оқушыларының көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы
МРНТИ 64.33.14
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының оңтүстік және солтүстік өңірлеріндегі кадеттердің физикалық даму көрсеткіштерін салыстырмалы талдау негізінде олардың антропометриялық типология-сын дайындауға арналған.
Зерттеудің мақсаты — кадеттердің морфо-функционалдық параметрлерінің ерекшеліктерін анықтау, олардың аймақтық айырмашылықтарын белгілеу арқылы Қазақстан Республикасының әскери оқу орындары курсанттарына арналған формалы киімді жобалау үшін антропометриялық сипаттамалар құрылымын жасау.
Зерттеу барысында 16–17 жас аралығындағы кадеттердің негізгі антропометриялық көрсеткіш-тері өлшенді.
Өлшемдер: бой, дене массасы, кеуде, бел және жамбастың шеңбері. Өлшемдік типологияны анықтауда математикалық статис-тика және кластерлік талдау әдістері қолданылды.
Антропометриялық көрсеткіштерді тал-дау нәтижесі арқылы кадеттердің әртүрлі өңірлердегі физикалық дамуда елеулі айырма-шылықтары анықталды. Конситуционалдық (дене бітімі) типтердің климаттық-сәулеттік факторлармен тәуелділігі байқалды.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы жоғары болып шығып, жеңіл және тоқыма өнеркәсібінде әскери лицей оқушыларына арналған формалы киімдерді жобалау мен өндіру кезінде қолданылуы мүмкін. Алынған қорытындылар ұлттық өлшемдік стандарттарды қалыптастыруға негіз бола отырып, әскери киім өндірісін жаңғыртуға және оның сапасын арттыруға қол жеткізуге септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасындағы қазіргі әскери білім беру жүйесінде кадет корпустары мен әскери лицеилердің санының артуы болашақ әскери қызметшілерге арналған тиісті, ыңғайлы формалы киім қажет екендігін көрсетеді. Бұл оқу орындарында оқитын жас курсанттардың дене бітімі мен физикалық даму деңгейін ескере отырып, униформаның өлшемдік сипаттамаларын жаңарту немесе жаңа стандарттарды дайындау қажеттілігін туғызады. Жобаланатын антропо-метриялық құрылымның тиімді болуы үшін антропология, материалтану, эргономика және дизайн салаларының мамандары бірлесіп жұмыс жасауы тиіс. Мұндай интегративтік, көпсалалы тәсіл ұлттық стандарттарға сай келетін және өмірлік міндеттерді орындауда қолайлы, ыңғайлы әскери киімді жобалауға көмектеседі.
Әдеби шолу және зерттелу деңгейі Қазақстан мен шет елдердің әскери лицей оқушыларының антропометриясы саласындағы зерттеулерді талдаған кезде мына мәселелер анықталды:
-
- Кадеттерге арналған формалы киім өлшемдік типологиясында олардың өңірлік, этникалық және жас ерекшеліктері көбіне ескерілмейді.
-
- Ғылыми зерттеулер көбіне ересек әскери қызметшілердің антропометриялық деректеріне негізделеді, жас өспірімдер көрсеткіштері жеткі-ліксіз қарастырылған.
-
- Қазақстандық ғалымдар (С.Т. Ахметова, М.О. Турсумбаева [1], Ж. Хайбуллина [2], Г.Т. Нурмадиева, Б.А. Жетписбаев [3] және басқа зерттеушілер) климаттық шарттардың халықтың денсаулығы мен жайлылығына әсерін атап өткенмен, бұл әсердің морфологиялық көрсет-кіштерге нақты сандық сипаттарын көрсететін деректер мен тігін өнеркәсібі үшін ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар жеткіліксіз.
Қолданыстағы стандарттар — СТ РК 1137-2015, СТ РК 1138-2015, СТ РК 1140-2015 — жалпы ересек топтардың орташа өлшемдеріне негізделген, 14–17 жастағы жасөспірімдерге тән физикалық даму ерекшеліктерін ескермейді. Қазақстан аумағының кеңдігі мен этникалық әртүрлілігіне байланысты дәстүрлі өлшемдік жобалау maciagepi дайын форманы 15-20% дәрежеде ғана сәйкес етеді, бұл оның функционалдылығы мен эргономиялық қасиет-терін төмендетеді.
Зерттеу нысаны : 16–17 жас жасындағы кадеттердің морфологиялық сипаттамалары, Қазақстан Республикасының әскери лицеилерінің оңтүстік (Алматы) және солтүстік (Қарағанды) өңірлерінде оқитын кадеттер.
Зерттеу пәні: Кадеттердің антропоме-триялық көрсеткіштерінің (биіктік, дене массасы, кеуде, бел және жамбастың көлемі) өңірлік ерекшелігі, оны өлшемдік типологияның құры-лымдық негізі ретінде пайдалану мүмкіндігі.
Зерттеу материалдары мен әдістері
Зерттеу материалдары мен әдістері: морфологиялық көрсеткіштердің өңірлік вариа-тивтілігін анықтап, өлшемдік типологияны қалыптастыру үшін кластерлік талдау негізінде ғылыми негізделген құрылымды дайындау.
Тапсырмалар :
-
1. Оңтүстік және солтүстік өңірлердегі кадеттердің антропометриялық сипаттамаларында статистикалық айтарлық айырмашылықтарды вариациялық статистика әдістерімен анықтау.
-
2. Морфологиялық ерекшеліктерді кадет-тердің өңірлік тиесілілігіне қарай анықтау.
-
3. Антропометриялық деректер негізінде өңірлік спецификаны ескеретін кластерлік талдау арқылы кадеттердің өлшемдік типологиясын дайындау.
Ғылыми жаңалығы — кадеттердің антро-пометриялық көрсеткіштерінің өңірлік айырма-шылықтарын анықтау, өлшемдік жүйені құрылымдаудың жаңа әдістемесін дайындау. Оңтүстік және солтүстік өңір кадеттерінің морфологиялық айырмашылықтары көпөлшемді статистикалық талдау арқылы сандық түрде түпнұсқа көрсеткіштермен анықталды. Өңірлік климаттық ерекшеліктерді ескеретін өлшемдік типология ұсынылды.
Теориялық маңызы — Қазақстан кадет-терінің физикалық дамуының өңірлік ерекшелік-терін зерттеп, өлшемдік стандарттарды морфо-функционалдық сипаттамалар негізінде түзету принциптерін теориялық тұрғыдан негіздеу.
Практикалық маңызы — өлшемдік типология құрылымының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорын-дарына қолданылуы нәтижесінде формалы киімнің антропометриялық сәйкес келу мөлшері 12-15 %-Fа улгаюына, елшемдк шкалаларды тузету есебшен eHgipicmik шыFындаpдыц 8-10%-ға төмендеуіне ықпал етеді. Нәтижелер кадеттердің физикалық даму деңгейін және кәсіби дайындығын жақсарта түседі. Бұл практикалық нәтижелерге әлемдік антропометриялық тәжірибені зерттеу және бейімдеу арқылы қол жеткізу жоспарланған.
Методология — зерттеу проблемасын зерделеу үшін шетелдік және отандық ғалым-дардың антропометрия саласында жарияланған ғылыми мақалалары, диссертациялары мен мемлекеттік статистикалық деректер жүйелі түрде талданды. Өлшемдік типологияны құруда вариациялық статистика мен кластерлік талдау әдістері қолданылды.
Халықаралық тәжірибе мен Қазақстан контексті — Халықаралық тәжірибе әскери қызметшілердің морфологиялық ерекшеліктерін кешенді зерттеуге негізделген. Gordon C.C пен Bradtmiller B. (2012) [4] АҚШ-тың әртүрлі өңірлерінде антропометриялық көрсеткіштердің өзгергіштігін бойының ұзындығы бойынша 8–12 %, ал көлемдік өлшемдер бойынша 15–18 % дейін анықтады. Gordon C. C, Bradtmiller B. (1989) [5] басшылығымен жүргізілген ANSUR ауқымды зерттеуі 13 000 әскери қызметшіні қамтып, өлшемдердің дифференцияланған стандарттары-ның қажеттілігін көрсетті. Жалпы қабылданған өлшем шкалалары эргономикалық сипаттамалар-ды 20–25 % төмендетеді. Британдық зерттеушілер S.P. Ashdown және L. Dunne (2012) [6] әскери мекемелерде 14-17 жастағы жасөспірімдердің өсу қарқыны құрдастарына қарағанда 12-15 % жоғары екенін анықтады. Жапон ғалымдары S. Yan, J. Wirta және J.K. Kämäräinen (2019) [7] 3D-сканерлеуді қолдана отырып, өлшеулердің дәлдігін 8-10 % арттырды. НАТО-ның Becker C, J. Allison және E. Halsne (2017) [8] жүргізген зерттеулері климаттық аймақтарға бейімделген өлшемдік шкалаларды дайындау қажеттілігін растады. Teng J.G. және Fok S.L. (2021) [9] машиналық оқытуды енгізу арқылы стандарттарды дайындау уақытын 30–40 % қысқартты.
Ballester A. және әріптестері (2016) [10] ANSUR II негізінде дәл өлшеу жүйелерін жасады. Simmons K.P. пен Istook C.L. (2003) [11] дәстүрлі әдістерді 3D-сканерлеумен салыстырды. Imaoka H. және әріптестері (2017) [12] пішіннің дәл сәйкестігін арттыруға арналған алгоритмдерді дайындады.
Қазақстандық контекст — отандық зерттеулер қазіргі уақытта фрагментарлы сипатқа ие болып, негізінен медициналық бағытта дамуда және тігін өнеркәсібіне арналған практикалық ұсыныстарды қамтымайды.
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазНМУ) жасөспірідердің физикалық дамуын зерттеумен айналысады: А.У. Балтаева және әріптестері [13] Алматы қаласының мектеп оқушыларын зерттесе, Н.Т. Джайнакбаев және әріптестері [14] астаналық мектеп оқушыларының зерттеу барысында елорда өңірінің жасөспірімдеріне тән ерекшеліктерді анықтады. Аймақтық айырмашылықтарды түсінуге елеулі үлес қосты. С.Ж. Кабиева және әріптестері [15] Павлодар индустриялық аймағы жасөспірімдерінің физикалық даму ерекшеліктерін ашу арқылы қосты. В.В. Кожанов және әріптестері [16] Оңтүстік Қазақстан өңірінің, атап айтқанда Шымкент қаласының мектеп оқушыларының морфологиялық көрсеткіштерін сипаттады. Ұлттық ерекшеліктерді түсінуде принциптік мәнге ие нәтижелерді А.Т. Нурханова және әріптестері ұсынды, олар Орталық Қазақстанның ауылдық және қалалық жасөспірімдері арасында маңызды айырмашылықтарды анықтады.
Г.И. Алдибекова және әріптестері жүргізген лонгитюдті зерттеулер [17] соңғы 30 жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық трансформацияларға байланысты антропометриялық көрсеткіштердің айтарлықтай өзгерістер динамикасын көрсетті. В.С. Павловская және әріптестері [18] жасөспірімдердің морфологиялық көрсеткіш-терінің көпжылдық динамикасына негізделген өлшем стандарттарын үнемі жаңарту қажеттігін растады.
С.М. Базарбаева және әріптестері [19] қазақ ұлттық жастардың спецификалық антропомет-риялық ерекшеліктерін алғаш рет анықтады. С.Т. Нуртазин және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әріптестері [20] ірі қала жағдайындағы қазақ жігіттерінің морфологиялық сипаттамаларын егжей-тегжейлі зерттеді.
Н.С. Жанабаев және әріптестері [21] халықаралық физикалық даму критерийлерін Қазақстан жағдайына бейімдеді. А.С. Абильдина [22] ұлттық денсаулық сақтау саясаты контекстінде физикалық дамуды зерттеудің жүйелік тәсілін ұсынды.
Қазақстандық ғалымдар жасөспірімдердің физикалық дамуы туралы аймақтық, этникалық және уақыттық аспектілерді қамтитын кең көлемді білім базасын құрды. ҚазНМУ, ҚазАТУ, ҚазҰУ және басқа да институттардың ғылыми ұжымдарының жұмыстары ұлттық өлшемдік классификация стандарттарын әзірлеудің ғылыми негізін қалыптастырады. Сонымен қатар, отандық зерттеулерді талдау барысында төмендегі кемшіліктер анықталды:
-
- киім конструирлеу мақсатында 14-17 жастағы жасөспірімдердің кешенді антропо-метриялық деректерінің жоқтығы;
-
- әскери оқу орындары тәрбиеленушілерінің морфологиялық ерекшеліктерінің зерттелмеуі;
-
- халықаралық өлшемдік стандарттарды Қазақстан жағдайына бейімдеу бойынша жұмыс-тардың жеткіліксіздігі;
-
- 3D-сканерлеудің заманауи технология-ларын қолдану арқылы зерттеулердің болмауы.
Әдеби шолуда анықталған кадеттердің формалы киімін жобалауда антропометриялық қамтамасыз ету саласындағы олқылықтар кешенді зерттеуді жүргізудің қажеттілігін анықтады, бұл ағымдағы кемшіліктерді жоюға және тігін өнеркәсібі үшін ғылыми негізделген методо-логиялық базаны құруға мүмкіндік береді.
Кадеттердің морфологиялық сипаттама-лары климатогеографиялық және этникалық факторлардың кешеніне байланысты статистика-лық маңызы бар өңірлік вариативтілікті көрсетеді деген болжамға сүйене отырып, формалы киімнің өлшемдік стандарттауына дифференцирленген тәсілмен зерттеу жобаланды.
Зерттеу дизайны — салыстырмалы көлде-нең (cross-sectional comparative) зерттеу түрінде жүргізілді. Салыстыру топтары: әскери учи-лищелер мен кадет корпустары оқушылары; өңірлік бөліну: оңтүстік (Алматы) және солтүстік (Қарағанды) Қазақстан. Бұл дизайн зерттеу топтары арасындағы морфологиялық айырмашы-лықтарды климаттық-регионалдық факторларды ескере отырып жан-жақты талдауға мүмкіндік берді.
Кесте 1. Қазақстанның оңтүстік және солтүстік өңірлеріндегі әскери лицей кадеттерінің антропометриялық ерекшеліктерін зерттеудің құрылымдық схемасы.
ЗЕРТТЕУ антропометриялық ерекшеліктер 16–17 жастағы жасөспірімдер
|
ОҢТҮСТІК АЙМАҚ (Алматы облысы) |
СОЛТҮСТІК АЙМАҚ (Қарағанды облысы) |
|
КАДЕТТЕР «АРЫСТАН» |
КАДЕТТЕР «ЖАС ҰЛАН» |
|
n = 40 |
n = 40 |
Негізгі өлшемдер.
Зерттеу шеңберінде 6 базалық антропометриялық өлшем енгізілді:
-
1. Жасы – жыл есебімен;
-
2. Бойы – тік тұрып өлшенген жалпы бой ұзындығы;
-
3. Дене салмағы – килограмммен;
-
4. Кеуде айналымы (ОГ) – сантиметрмен;
-
5. Бел айналымы (ОТ) – сантиметрмен;
-
6. Маңдай айналымы (ОБ) –
сантиметрмен.
Зерттеу қатысушыларының саны — 80
адам.
Өңірлік бөлініс:
-
- Оңтүстік өңір (Алматы) – 40 адам (50%);
-
- Солтүстік өңір (Қарағанды) – 40 адам (50%).
Топтық бөлініс:
-
- «Арыстан» кадеттері – 40 адам (50%)
-
- «Жас Ұлан» кадеттері – 40 адам (50%).
Одан әрі зерттеу авторы Қазақстан Республикасының оңтүстік («Арыстан», Алматы, n=40) және солтүстік («Жас Улан», Қарағанды, n=40) өңірлеріндегі әскери лицей кадеттеріне антропометриялық өлшемдер жүргізді. Зерттеу нәтижесінде физикалық даму деңгейінде статистикалық тұрғыдан маңызға ие айырмашылықтар анықталды. Бұл айыр- конструкторлық-технологиялық шешімдерді машылықтар әскери киімді жобалау кезінде нақтылау үшін айрықша маңызға ие (2-кесте).
Кесте 2 . «Арыстан» (Алматы) және «Жас Ұлан» (Қарағанды) әскери лицей кадеттерінің антропометриялық көрсеткіштері бойынша өңірлік айырмашылықтарды талдау
|
Көрсеткіш |
«Арыстан» 0) Алматы (n=40) |
«Жас Ұлан» Караганда (n=40) |
Айырмашылық |
|
Жасы (жыл) |
16,7 |
16,4 |
0,3 |
|
Биіктігі (см) |
177,2 |
172,8 |
4,4 |
|
Салмағы (кг) |
65,7 |
64,4 |
1,3 |
|
Кеуде (см) |
92,4 |
91,7 |
0,7 |
|
Бел (см) |
74,8 |
78,1 |
-3,3 |
|
Жамбас (см) |
95 |
95 |
0 |
Нәтижелер және оларды талқылау.
Базалық антропометриялық параметрлерді талдау нәтижелері зерттелушілердің жасы шамалас екенін көрсетті (айырмашылық — 0,3 жыл), алайда оңтүстік өңір кадеттері дене бітімінің сызықтық өлшемдері бойынша жоғары көрсеткіштерге ие. Бой ұзындығы бойынша ең айқын айырмашылық байқалды — «Арыстан» әскери лицейінің кадеттері жоғары солтүстік өңірдегі «Жас Ұлан» лицейінің кадеттерінен 4,4
см ге (177,2 см қарсы 172,8 см) ұзын, бұл орташа мәндердің 2,5%-ын құрайды.Осыған ұқсас үрдіс басқа көрсеткіштерде де байқалды:
-
- дене салмағы бойынша айырмашылық -1,3 кг ;
-
- кеуде айналымы бойынша - 0,7 см .
Бұл оңтүстік өңір кадеттерінің, әсі-ресе дененің жоғарғы бөлігіндегі бұлшық ет дамуы жағынан анағұрлым жақсы қалыптасқанын көрсетеді (1-сурет) .
«Арыстан» (Алматы) жэне «Жас ¥лан» (Каратанды) курсанттарынын антропометриялык корсетюштершщ аймактык айырмашылыты
Сурет 1. «Арыстан» (Алматы) және «Жас Ұлан» (Қарағанды) кадеттерінің антропометриялық көрсеткіштері бойынша өңірлік айырмашылықтардың салыстырмалы сипаттамасы
Солтүстік өңірдегі кадеттердің белі орта есеппен 3,3 см үлкен (78,1 см қарсы 74,8 см), бұл айырмашылық бой көрсеткіштерінен кейінгі екінші орынға ие. Екі топтағы жамбас аймағының көлемі (95 см) бірдей болып шықты, бұл төменгі дене бөлігінің жалпы пропорцияларын сақтай отырып, ортаңғы дене бөлігінің өңірлік даму ерекшелігін көрсетеді.
Қазақстанның оңтүстік және солтүстік өңірлеріндегі кадеттердің антропометриялық көрсеткіштеріндегі өңірлік айырмашылықтар әр өңірдегі дене бітімінің өлшемдік типтерін кластерлік талдаудың қажеттігін айқындайды. Әскери лицейлер тәрбиеленушілерінің физика-лық дамуының географиялық ерекшеліктері оңтүстік және солтүстік өңірлер арасында конститу-ционалдық типтердің таралуындағы айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік 6epegi.
Кластeрлiк талдау эд^терш (k-орташа әдісі, силуэт коэффициенті S=0,76) қолдану нәтижесінде кадеттердің жалпы таңдауы ішінде төрт түрлі морфотип бөлініп алынды, олардың әрқайсысы өзіндік антропометриялық параметрлері мен дене салмағы индексімен (ДСИ) сипатталады.
Доминирленген нормостеникалық тип (тацдаудыц 44,0%) ДСИ 19,5-22,5 аралыFында жэне пропорционалды дене бiтiмiмeн ерекше- ленеді, бұл кадеттер контингентінің үлкен бөлігінің үйлесімді физикалық дамуын көрсетеді 3-сурет.
Гиперстеникалы^ тип (25,0%) ДСИ 22,5-тен жоғары және дамыған бұлшықет құрылымымен сипатталады, бұл тексерілгендердің төрттен бір бөлігін құрайды. Астеникалы^ тип (19,0%) ДСИ 19,5-тен темен және сызықты дене бітімін көрсетсе, жоғары бойлы тип (12,0%) 90-процентильден жоFары бойымен және қалыпты ДСИ мәндерімен сипатталады (4-сурет).
Өлшем түрлерінің пайыздық таралуы
Астеникалық Гиперстеникалық
Нормостеникалық Биік
Сурет 2. Әскери училище кадеттерінің өлшемдік типтері бойынша пайыздық таралуы
АшылFан конституциялы^ вариативттк ецiрлiк талдаудын, eгжeй-тeгжeйлi жYргiзiлу цажеттытгш аньщтайды, ейткeнi климатты^, генетикалы^ жэне элеуметык-экономикалы»; факторлар елдш, эртYрлi географиялық аймақтарындағы өлшемдік типтердің таралуына елеулі ықпал етуі мүмкін.
Олшемдж типтердш салыстырмалы
■ Астеникалык 'Нормостеникалык Гиперстеникалык Бшк
Сурет 3. Әскери училище кадеттерінің өлшемдік типтер кластерлерінің салыстырмалы сипаттамасы
Типологиялы^ классификацияны размер-лік жобалауда практикалық қолдану үшін әрбір ецiрдeгi кадеттердш, антропометриялы^ керсет-кіштері арасындағы өзара байланыстарды ескеру
^ажет. Пирсон эдiciмeн жэне кeптiк салысты-руларға арналған Бонферрони түзетулерімен (a_corrected=0,006) жYргiзiлгeн корреляциялык талдау өңірлер арасындағы антропометриялық өзара байланыстар құрылымындағы маңызды айырмашылықтарды анықтады. «Арыстан»
эскери лицейшш, кадеттерше тэн дене пропор-циялары біршама тәуелсіз болып, дене салмағы мен айналмалы өлшемдер арасында жоғары корреляциялар байқалады (0,786–0,886), ал бой ұзындығы басқа параметрлермен салыстырмалы тYрдe элciз байланыс кeрceтeдi (4-сурет) .
Сурет 4. «Арыстан» (Алматы) кадеттерінің антропометриялық көрсеткіштерінің корреляциялық матрицасы
Ең айқын корреляциялар дене салмағы мен бел айналымы (0,886), кеуде айналымы (0,854) және ДСИ (0,868) арасында байқалады. Бұл дене салмағының өсуімен көлемдік сипаттамалардың да пропорционалды түрде артуын кeрceтeдi. «Жас ¥лан» (KараFанды)
әскери лицейінің кадеттерінің физикалық көрсеткіштерінің корреляциялық матрицасы дене көлемдік параметрлері арасындағы айтарлықтай жоғары өзара байланыстарды айцындайды (5-сурет) .
Сурет 5. «Жас Ұлан» (Қарағанды) кадеттерінің корреляциялық матрицасы
Кеуде жэне бел айналымы араcындаFы KараFанды кадеттершде бул керсеткш 0,896-Fа корреляция оңтүстік өңірінде 0,687 болғанда, жетеді, ал бел мен жамбас арасындағы байланыс тиісінше 0,785 және 0,924 деңгейінде. Бел мен жамбас арасындағы ең жоғары корреляция (0,924) бұл топта дене дамуының біркелкілігін Kepcemegi.
Алматы мен Қарағанды кадеттерінің корреляциялық матрицаларын салыстырмалы талдау физикалық дамудағы айтарлықтай eнipлiк epeкшeлiктepдi Kepcemegi 7-сурет.
Караганды кадеттершде кeлeмgiк керсет-кіштер арасындағы байланыс күшті: кеуде мен бел (0,896 царсы 0,687), бел мен жамбас (0,924 қарсы 0,785), салмақ пен ДСИ (0,902 қарсы
0,868). Сонымен қатар, бой мен дене салмағы арасындағы байланыс әлсіздеу (0,310 қарсы 0,379), ал бой мен кеуде айналымы арасындағы корреляция Қарағандыда жоғары (0,258 қарсы 0,075).
Бұл деректер Қарағанды кадеттерінің дене пропорцияларының анағұрлым тұрақты екенін, ал алматылық кадеттердің көрсеткіштері көбірек eзгepмeлi екенш кepceтegi. Мундай айырма-шылыцтар елдш, тYpлi климаттыц аймац-тарындагы eмip суру жагдайларымен байла-нысты болуы мYмкiн.
|
ТАЛДАУ |
||||
|
Керсетюштер жубы |
Онтуспк (Алматы) |
Солтустяк (Караганды) |
Айырмашылык |
Тусшлрме |
|
BHiicriri (см) - Салмак (кг) |
0.379 |
0.310 |
0.069 |
Шамалы айырмашылык |
|
Бшкпп (см) - Келле (см) |
0.075 |
0.258 |
-0.182 |
Орташа айырмашылык |
|
Салмак (кг) -ЛАП! |
0.868 |
0.902 |
-0.034 |
Шамалы айырмашылык |
|
Келле (см) - Бел (см) |
0.687 |
0.896 |
-0.209 |
Елеул! айырмашылык |
|
Келле (см) -Жамбас (см) |
0.645 |
0.884 |
-0.239 |
Елеул! айырмашылык |
|
Бел (см) -Жамбас (см) |
0.785 |
0.924 |
-0.139 |
Орташа айырмашылык |
|
Бшкпп (см) - ДАШ |
-0.129 |
-0.128 |
-0.001 |
Шамалы айырмашылык |
|
Салмак (кг) -Келле (см) |
0.786 |
0.643 |
0.142 |
Орташа айырмашылык |
|
Салмак (кг) -Бел (см) |
0.886 |
0.587 |
0.299 |
E.iey.ii айырмашылык |
Сурет 6. «Арыстан» (Алматы) және «Жас Ұлан» (Қарағанды) кадеттерінің корреляциялық матрицаларының салыстырмалы сипаттамасы
-
- Антропометриялыц параметрлер бойын-ша корреляциялық талдау нәтижелері бойынша нeгiзгi тужырымдар тeмeндeгigeй:
-
- Онтуспк ещр (Алматы): дене пропор-цияларынын, бip-бipiнeн тауeлciздiгiмeн сипат-талады. Дене cалмаFЫ мен айналмалы елшем-дер арасында KYштi байланыс байцалады (г = 0,786-0,886), алайда бой узындыFЫ басца параметрлермен aлciз байланысты.
-
- СолтYcтiк ещр (Караганды): айналмалы өлшемдер арасында жоғары өзара байланыс байцалады (г = 0,884-0,924), бул тыгызырац, жинацы дене бiтiмiнe тан сипат.
Сындарлы айырмашылықтар. Ең елеулі айырмашылыцтар кeлeci керсетюштер арасын-дағы корреляцияда байқалды:
-
- салмац-бел айналымы (айырмашылыц = 0,299)
-
- кеуде-жамбас айналымы (айырмашылыц = 0,239)
Ұсынымдар: Өңірлік дене бітімі пропорция-лары аpаcындаFЫ айырмашылықтарды ескере отырып, өлшемдік торлардын, eцipлiк модифика-цияларын дайындау цажет. Бул елшемдк стан-дарттардыщ далдйтн арттырып, киiмнiн сайкес келуш жацсартады.
Практикалыц цолдану:
-
- Оңтүстік өңір үшін: өлшемді жобалауда бой ұзындығындағы вариативтілікке ерекше назар аудару қажет.
-
- Солтүстік өңір үшін: айналмалы өлшем-дердің өзара байланысына басымдық беру ұсыны-лады.
Процентильдік талдау негізінде (5%, 15%, 35%, 65%, 85%, 95%) әр өңір үшін дербес өлшемдік торлар дайындалды. Олар әр өңірдегі антропометриялық әртүрліліктің 95%-ын қамтиды 2 және 3-кестелерде көрсетілген.
Кесте 3. Оңтүстік өңір кадеттеріне арналған өлшемдік тор.
|
Өлшем |
Бой (см) |
Кеуде өлшемі (см) |
Бел өлшемі (см) |
Жамбас өлшемі (см) |
Пайыздық көрсеткіш |
Кадеттер саны |
|
42 |
160-165 |
82-85 |
66-70 |
87-90 |
5-15% |
4 |
|
44 |
166-170 |
86-88 |
71-73 |
91-93 |
15-35% |
8 |
|
46 |
171-175 |
89-92 |
74-76 |
94-96 |
35-65% |
12 |
|
48 |
176-180 |
93-96 |
77-79 |
97-100 |
65-85% |
8 |
|
50 |
181-185 |
97-100 |
80-83 |
101-104 |
85-95% |
6 |
|
52 |
186-190 |
101-104 |
84-86 |
105-108 |
95-100% |
2 |
Оңтүстік өңірлерге арналған өлшемдік тор 160–190 см бой аралығындағы 6 өлшемді (42–52) қамтиды және сәйкес келетін айналымдық параметрлермен толықтырылады. Бұл өңірге тән ерекшелік — бой көрсеткіштерінің кең ауқымды вариативтілігі, ал айналымдық өлшемдер салыстырмалы түрде тұрақты болып қалады. Бұл құбылыс бой мен басқа антропометриялық көрсеткіштер арасындағы әлсіз корреляциямен сәйкестенеді.
Кесте 4. Солтүстік өңір кадеттеріне арналған өлшемдік тор.
|
Өлшем |
Бой (см) |
Кеуде өлшемі (см) |
Бел өлшемі (см) |
Жамбас өлшемі (см) |
Пайыздық көрсеткіш |
Кадеттер саны |
|
40 |
158-162 |
76-80 |
64-68 |
82-86 |
5-15% |
4 |
|
42 |
163-167 |
81-85 |
69-73 |
87-91 |
15-35% |
8 |
|
44 |
168-172 |
86-90 |
74-78 |
92-96 |
35-65% |
12 |
|
46 |
173-177 |
91-95 |
79-83 |
97-101 |
65-85% |
10 |
|
48 |
178-182 |
96-100 |
84-88 |
102-106 |
85-95% |
4 |
|
50 |
183-187 |
101-110 |
89-98 |
107-110 |
95-100% |
2 |
Солтүстік өңірлерге арналған өлшемдік торда 6 өлшемнен (40-тан 50-ге дейін) тұрады, бой ұзындығы 158 см-ден 187 см-ге дейінгі аралықты қамтиды. Алайда, бұл өлшемдік тор барлық айналмалы параметрлердің пропорционалды өзгерісімен ерекшеленеді, бұл топтағы көлемдік көрсеткіштердің жоғары өзара байланысын (0,884–0,924) айқындайды.
Аймақтық корреляциялық құрылымдардың ерекшеліктері әскери форманы жобалауда сара-ланған тәсілді қолдану қажеттігін негіздейді. Оңтүстік өңірлердегі әскери оқу орындарының кадеттері үшін келесі конструктивтік шешімдер ұсынылады: силуэтті неғұрлым қынай тігілген түрде орындау, бой және толықтық көрсеткіштері бойынша тәуелсіз градациялау, бұйым ұзындығын 3–5 см-ге арттыру, сондай-ақ орташа дәрежедегі қынамалдылықты қамтамасыз ете отырып, киімді бейімдеуге мүмкіндік беретін реттеу элементтерін енгізу. Бұл шешімдер оңтүстік өңірлердегі кадеттердің морфофункционалдық ерекшеліктеріне бейімделген киімді жобалау тиімділігін арттыруға бағытталған. Солтүстік өңірлердегі кадеттерге арналған форманың конструкциясы айналмалы өлшемдердің жоғары өзара байланысын ескере отырып (0,884–0,924), барлық көлемдік параметрлердің байланысты градациясын қолдануды, киімнің кең және бос орналасуын, сондай-ақ бос тігіс енілерін ұлғайтуды көздейді, 4-кесте бойынша.
Еркін тартылу үшін математикалық негізделген тігіс енілерінің көрсеткіштері өңірлер арасында статистикалық маңызды айырмашы-лықтарды көрсетеді: кеуде айналымы бойынша – оңтүстік өңірде 9,0±1,0 см, солтүстік өңірде 11,0±1,0 см (t=2,83, p<0,01); бел айналымы бойынша – 13,5±1,5 см және 16,5±1,5 см (t=2,91, p<0,01); жамбас айналымы бойынша – 5,0±1,0 см және 7,0±1,0 см (t=2,77, p<0,01),сәйкесінше.
Кесте 5. Еркін тартылуға арналған тігіс енілерінің параметрлері (M±SD)
|
Анатомиялық аймақ |
Оңтүстік аймақ (см) |
Солтүстік өңір (см) |
Статистикалық мәнділік |
|
Кеуде өлшемі |
9.0±1.0 |
11.0±1.0 |
t=2.83, p <0.01 |
|
Бел өлшемі |
13.5±1.5 |
16.5±1.5 |
t=2.91, p <0.01 |
|
Жамбас өлшемі |
5.0±1.0 |
7.0±1.0 |
t=2.77, p <0.01 |
Киімнің қону сапасын бақылау жүйесі төрт негізгі компоненттен тұрады.
-
1. Қону сапасының динамикалық бағалауы бұл бұйымның өлшемдік сипаттамаларының қозғалыс белсенділігі жағдайындағы антропо-метриялық параметрлерге сәйкестігін бақылау.
-
2. Маусымдық бейімделу – бұл суық мезгілде қосымша киім қабаттарын ескере отырып, қону сапасының өзгеруін қарастырады.
-
3. Жеке өлшемдік түзету – стандарттан тыс антропометриялық көрсеткіштері бар тұлғаларға арналған жеке бейімдеуді қамтамасыз етеді.
-
4. Антропометриялық өзгерістерді мони-торингілеу – кадеттердің морфологиялық параметрлерінің динамикасын жүйелі түрде бақылауды және соған сәйкес өлшемдік шешімдерді түзетуді қамтиды.
Қорытынды
Жүргізілген зерттеу әскери лицей тәрбиеленушілерінің аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың антропометриялық сипаттамаларын алғаш рет кешенді түрде сипаттады , бұл арнайы өлшемдік жүйелерді әзірлеу үшін іргелі маңызға ие.
Дайындалған типология морфологиялық әртүрліліктің 100% қамтылуын қамтамасыз етіп , стандартты жүйелермен салыстырғанда (92–95%) антропометриялық жобалау тиімділігін 5–8 пайыздық тармаққа арттырады . Жоғары статис-тикалық валидтілік көрсеткіштері (β=0.80, α=0.05) және Бонферрони түзетімін қолдану (α=0.006) нәтижелердің сенімділігі мен қайталанушылығын растайды.
Кадеттердің антропометриялық көрсеткіш-теріндегі аймақаралық айырмашылықтар әскери киімнің өлшемдік жобалауында сараланған тәсілді қолдану қажеттігін және оны климато-географиялық жағдайларға бейімдеудің маңыз-дылығын дәлелдейді.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық іске асырылуы өндірістік процестерді оңтайлан-дыруға және әскери киімнің пайдалану сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді. Осы зерттеу антропометриялық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып , Қазақстан
Республикасындағы әскери лицейлерде оқитын жасөспірімдерге арналған формалық киімді вариативті өлшемдік жобалаудың ғылыми негізін қалыптастырады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
дис. докт. филос. (PhD): 8D10103. – Астана, 2023. – 112 с.