Қою өсімдік пасталарында (аппетайзерлерде) қолданылатын өсімдік ингредиенттерінің қауіпсіздігін бағалау

Автор: Кулажанов Т.К., Набиева Ж.С., Дарибаева Г.Т., Пронина Ю.Г., Асембаева Э.К.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности

Статья в выпуске: 2 (148), 2025 года.

Бесплатный доступ

Жеміс-жидек, көкөніс және жаңғақ шикізатына негізделген функционалды тағам өнімдерінің денсаулыққа оң әсер етуіне байланысты күн санап танымал болуда. Бұл мақалада биологиялық белсенді қосылыстардың, антиоксиданттардың және тағамдық талшықтардың көзі ретінде қою өсімдік пасталарын (аппетайзерлерді) қолданудың перспективалары қарастырылады. Зерттеуде минималды жылулық өңдеу, пробиотиктерді пайдалану және инновациялық ұнтақтау әдістері сияқты заманауи өндіріс технологиялары талданады. Жергілікті және дәстүрлі емес өсімдік шикізатының әртүрлі түрлері соның ішінде қауын (торпеда), қант қызылшасы, сәбіз, асханалық қызылша, рапс, сафлор, зығыр және жержаңғақ зерттеуге қолданылды. Сонымен қатар, зерттеу барысында қауіпсіздік көрсеткіштері (улы элементтер, микробиологиялық көрсеткіштер, радионуклидтер және микотоксиндер) мен тағамдық құндылықтары, сондай-ақ шикізаттың балғындығын бағалауға мүмкіндік беретін қышқылдық саны анықталды. Шикізаттың тағамдық қауіпсіздігіне, атап айтқанда ауыр металдардың мөлшеріне, микробиологиялық көрсеткіштерге және радионуклидтердің белсенділігіне ерекше назар аударылды. Зерттеу нәтижелері отандық шикізат негізінде байытылған аппетайзерлерді әзірлеудің перспективалық бағыты бар екенін дәлелдейді, бұл жергілікті кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, нарықтағы функционалды өнімдер ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Еще

Функционалды өнімдер, қою өсімдік пасталары, тағамдық қауіпсіздік, өндіріс технологиясы, микробиологиялық қауіпсіздік

Короткий адрес: https://sciup.org/140310153

IDR: 140310153   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2025-2-177-184

Статья научная