Трлі даыл дндерін ндіру мерзіміні режимдерін анытау

Автор: Кизатова М.Ж., Набиева Ж.С., Ищанова И., Жарасан Н.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Техника и технологии

Статья в выпуске: 1 (91), 2012 года.

Бесплатный доступ

Дәндерді өндіру жайлы әдебиетке шолу жасалды. Жүгері қытайбұршақ, ноқат, арпа, сұлы, жасымық, тары сияқты түрлі дәнді дақылдардың дәндерін өндіру мерзімін анықтау бойынша тәжірибелер жүргізілді. Оптималды өндіру мерзімі антиоксиданттық қасиет көрсететін дәрумендер мөлшерінің көбеюі арқылы анықталды.

Короткий адрес: https://sciup.org/140204937

IDR: 140204937

Текст научной статьи Трлі даыл дндерін ндіру мерзіміні режимдерін анытау

Кіріспе. XVI ғасырдың соңында қытай фармокологиясында өскіндердің емдік қасиеттері бар екені айтылған. Көп ғасырлар бойы шығыс елдерінің халықтары күнделікті тағамдарына өнген дәндер қолданып келеді, әдетте олар өнген асбұршақтарын қолданған.

XVIII-ғасырда ұзақ сапарға шығатын теңіз моряктары цинга ауруымен ауырып көз жұмған. Алғашқы болып кеме капитан Джеймс Кук осы цинга ауруын жеңіп шықты. Ол ұзақ теңіз сапарына шықанда өзінің командасындағы моряк-тарға өнген бұршақ дәндерінің шырынын беріп аман сақтап қалған. Бірінші Ұлы Отан соғысында месопотами майданында, британ және үнді әскерлеріне осы өнген дәндер берілген.

Ресей елі де өнген дәндерінің пай-дасын білген. Бұл ел де дәстүрлі өнген бидай дәндерін қолданған [1].

Дәрілер көптеген ауруларға көмек-теседі, бірақ адам ағзасының бір жеріне зиянын келтіреді, сонда ағза сол зиянды әсерді жеңу үшін өзінің күшін жұмсап, қайта әлсірейді. Өнген дәндер көмегімен адам өзінің ауру ағзасын бұзылған жасушалары мен жүйесін қалпына келтіру үшін, үнемі бір қалыпты болу үшін күнделікті керекті заттарды алып отыратын, ағзаға жақсы сіңетін тағам немесе өнім қабылдауы керек. Өнген дәнде ағзаға қарсы әсер ететін токсиндік және зиянды агенттер болмайды. Дәнді жылдап қабылдап жүрген адамға ешқандай зиянды әсері болмайды. Егер ағза барлық керекті заттарды қажетті мөлшерде алып жүрсе, ол кез келген аурумен күресе алады [2].

Өнген дәндер – спраутс адам ағзасы үшін ғажап экстра мұнай, ол өзіне күн сәулесінің энергиясын сіңірген тағам, «күн сәулесі дәрумендерінің» аккумуля-торы болып табылады. Жүйелі және ұзақ уақыт бойы пайдаланылған бұл тағам ағзадағы барлық керексіз заттарды өлті-реді де, ауыратын жерлерді қалпына кел-тіреді, яғни ағзаны мықтырақ етеді [3].

Өскін – өсірілген дән. Құрамында биологиялық активті заттар бар. Дән құрамында: 6-20% табиғи ақуыз, 1-9% май, көмірсу 60-88%, клетчатка – 1-4%, органикалық тұздар 1-3%. Өскін өсе келе В, РР, Е, С дәрумендері көбейе бастайды. Қазіргі кезде өскін дәндер емдеу мақса-тында көп қолданады.

Өнген дәндерде көп мөлшерде келесі құнды заттар болады:

  • -    Е дәрумені, жыныс функциясын, бұлшықет және жүйке жүйесін, бауыр жасушаларын қалпында ұстап, жұмысын жақсартады;

  • -    В тобының дәрумендері, жүрек-қантамыр және жүйке жүйесінің, көру мүшелері мен бұлшықет қызметін қал-пына келтіреді;

  • -    Жасұнық, ағзадағы токсиндерді шығарып, ішек моторикасын жақсаруына себепші болады;

  • -    Хром және литий, сирек кездесетін микроэлементтер, асқынған жүйке жетіспеу-шілігі профилактикасына қызмет етеді;

  • -    Калий, қышқыл-сілтілік тепе-тең-дікті ұстап тұрады, бұлшықет солуын болдырмай оларға серпінділік береді, жүрек бұлшықетін қатайтады;

  • -    Темір, қан тамырлар жүйесі үшін С дәруменімен бірге өте қажет.

Өнген дәндерде биохимиялық өзге-рістер нәтижесінде пайда болатын С дәрумені антиоксидантты белсенділік көрсеткендіктен ағза үшін өте маңызды болып табылады [4, 5, 6].

Әдеби шолу өнген дәнінің тағамдық құндылығы өнбеген дәндерге қарағанда жоғары болатындығын көрсетті.

Зерттеу объектісі ретінде Қазақстанда өсірілетін дәнді дақылдар - жүгері, жасымық, қытайбұршағы, ноқат, сұлы, арпа, тары таңдалынып алынған.

Зерттеу әдістері: Е, в-каротин дәрумендері ЖҚХ, ЖЭСХ әдістерімен, ал С дәрумені титрометриялық әдіспен анықталды [7, 8].

Нәтижелер және оларды талдау. Өндіру процесі кезіндегі өзгерістерге қарап оны 1 тәуліктен 5 және 6 тәулікке дейін өсіру қарастырылды. Әр тәуліктегі дәнді дақылдың химиялық құрамы, оның тағамдық және биологиялық құндылығы анықталды. Сондықтан өнген дәндердің химиялық құрамы 1, 2, 4, 5, 6 тәуліктен кейін анықталып отырды.

Өнген дәнді дақылдардың химиялық құрамының өзгерісі 1- кестеде келтірілген.

Кесте 1- Дәндерді өсіру процесі кезіндегі тағамдық, биологиялық құндылығының өзгеру нәтижелері

R В X св W

Көрсеткіш атауы, өлшем бiрлiктерi

Бақылау

1-

тәулік

2-

тәулік

4-

тәулік

5-

тәулік

6-

тәулік

?

Я-каротині, мкг

260

322

323

326

351

351

Е, мг

4,60

5,46

5,50

5,61

5,94

5,94

С, мг

0,01

1,0

1,8

2,3

4,9

4,9

к а

cd Н

Я-каротині, мкг

70

71

74

80

85

85

Е, мг

17,30

17,35

18,01

18,68

19,80

19,95

С, мг

0,01

2,9

3,7

4,7

6,7

6,7

Й о К

Я-каротині, мкг

0,09

0,094

0,095

0,097

1,2

1,2

Е, мг

2,44

2,47

2,48

2,58

2,8

2,8

С, мг

0,01

2,8

3,5

4,7

6,2

6,2

К

Я- каротині, мкг

0,03

31

31

33

36

-

Е, мг

2,00

2,39

2,42

2,48

2,57

-

С, мг

0,01

0,3

0,5

1,3

3,5

-

и 2

Я- каротині, мкг

20

21

23

24

29

-

Е, мг

2,80

2,69

2,70

2,89

3,11

-

С, мг

0,01

0,1

0,7

2,9

5,3

-

cd

Я- каротині, мкг

0,01

9

9,3

9,6

9,8

9,8

Е, мг

2,70

2,72

2,78

2,81

2,94

2,94

С, мг

0,01

0,3

0,5

1,6

3,7

3,7

Я- каротині, мкг

1,11

1,3

1,5

1,55

-

-

Е, мг

2,30

2,28

2,37

2,62

-

-

С, мг

0,01

1,0

1,9

2,0

-

-

  • 1    кестеде келтірілген деректер тө-мендегідей мәліметер береді.

Өнген жүгері дәні:

1-ші тәуліктен кейін бақылаумен салыстырғанда, в–каротин 23,8% болды, С дәрумені пайда болды.

2-ші тәулікте бақылаумен салыстыр-ғанда в–каротин 24,2 % жетті, С дәрумені 180% өсті.

4-ші тәулікте бақылаумен салыстыр-ғанда в–каротин 25,3% болды, С дәрумені 230% өсті.

Жасылымен өскен, яғни 5 тәуліктен кейінгі жүгері дәнінің бақылаумен салыс-тырғанда в–каротин 35% болды, С – 490% өсті.

Өнген сұлы дәні:

1-ші тәулікте өнген сұлы дәнінің бақылаумен салыстырғанда, в–каротині 5%, өсті де, Е – 3,92% кеміді.

2-ші тәулікте өнген сұлы дәнін бақылаумен салыстырғанда в–каротин 15% өсіп, Е – 3,5% кеміді.

4-ші тәулікте өнген сұлы дәнінің бақы-лаумен салыстырғанда дәрумендері: в–ка-ротин 20%, Е – 3,21% өсіп, С – 290% болды.

Жасылымен өскен сұлы дәнінің бақы-лаумен салыстырғанда в–каротин 45%, С – 530% өсті.

Өнген жасымық дәні:

1-ші тәулікте өнген жасымық дәнінің бақылаумен салыстырғанда в–каротин 103,2% болып өсті.

2-ші тәулікте өнген жасымық дәнінің бақылаумен салыстырғанда в–каротин 103,2% өсті, С дәрумені 50% өсті.

4-ші тәулікте өнген жасымық дәнінің бақылаумен салыстырғанда в–каротин 109,9% өсті, С дәрумені 130% жоғарылады.

Жасылымен өскен жасымық дәнін бақылаумен салыстырғанда в–каротин 119,9% , С – 349% өсті.

Өнген арпа дәні:

1-ші тәулікте өнген арпа дәнін бақылаумен салыстырғанда в–каротині 900%, Е – 0,7% кеміді.

2-ші тәулікте өнген арпа дәнін бақы-лаумен салыстырғанда дәрумендері: в–каротин 930%, Е – 2,9% көбейіп, С дәрумені – 50% пайда болды.

4-ші тәулікте өнген арпа дәнінің ба-қылаумен салыстырғанда дәрумендері: в–каротині 960%, Е – 4%, С – 160% көбейді.

Жасылымен өскен арпа дәнінің ба-қылаумен салыстырғанда в–каротині 979%, Е –8%, С – 370% өсті.

Өнген тары дәні:

1-ші тәулікте өнген тары дәнін бақы-лаумен салыстырғанда в–каротин 17,1%–ға көбейіп, Е – 0,8% азайды.

2-ші тәулікте өнген тары дәнін бақы-лаумен салыстырғанда в–каротин 35,1% өсіп, Е – 30,4%, С-189% көбейді.

4-ші тәулікте өнген тары дәнін ба-қылаумен салыстырғанда дәрумендері: в–каротин 39,6 %, Е – 13,9% көбейіп, С – 200% дейін өсті.

Өнген ноқат дәні:

1-ші тәулікте өнген ноқат дәнінің бақылаумен салыстырғанда, в–каротині 4,4%, Е – 1,2% көбейді.

2-ші тәулікте өнген ноқат дәнінің ба-қылаумен салыстырғанда в–каротині 5,5%, Е – 1,6% көбейді.

4-ші тәулікте бақылаумен салыстыр-ғанда в–каротині 7,7%, Е – 5,7% көбейіп, С – 470% болды.

Жасылымен өскен ноқат дәнін бақы-лаумен салыстырғанда в–каротині 123%, Е – 14,75% көбейіп, С – 620% болды.

Өнген қытайбұршақ дәні:

1-ші тәулікте өнген қытайбұршақ дәнінің бақылаумен салыстырғанда в–каротині 1,42%, Е – 0,12% көбейіп, С – 290% болды.

2-ші тәулікте өскен қытайбұршақ дәнінің бақылаумен салыстырғанда в–каротині 5,7%, Е – 4,10% , С – 370% көбейді.

4-ші тәулікте өскен қытайбұршақ дәнінің бақылаумен салыстырғанда, в–каротині 14,2%, Е – 7,9% , С – 470% артты.

5-ші тәулікте жасылымен өскен қы-тайбұршақ дәнінің бақылаумен салыс-тырғанда, в–каротині 21,4%-ға, Е – 14,45%, С – 670% көбейді.

Алынып отырған нәтижелердің бар-лығы әдебиеттегі теорияға сәйкес болып отыр, яғни дәндерді өндірген кезде С дәруменінің өсуі -жасыл өскін пайда бол-ғанда, фотосинтез процесінің жүруі әсері-нен көбейеді. С дәруменінің мөлшері дән-дерді өндіру уақыты көбінесе 5 тәулікке жеткенде артатындығы байқалды [9].

Жалпы жасалған тәжірибелердің нәтижесі бойынша жасымық пен сұлыны өндіру кезінде 5 тәулікте дәрумендердің көбеюі байқалғанмен, 4 тәулікте жалпы энергетикалық құндылығы, ақуыз, т.б. көрсеткіштері көбейген.

Қортынды. Жүгері, жасымық, қытай-бұршағы, ноқат, сұлы, арпа, тары осы же-ті дақылды өндіру процесі кезінде құрам-дарында антиоксиданттарға жататын Я-каротин, С және Е дәрумендері көбейетіні дәлелденді.

Зерттеу нәтижелерінен дақылдардың арасында жүгеріде жалпы Я-каротин мөлшері едәуір көп болатындығы көрінді.

Тәжірибе негізінде келесі дақыл дәндерін өндірудің оптималды мерзімдері анықталды: қытайбұршақ, ноқат, арпа және жүгері дәндері үшін 5 тәулік; сұлы, жасымық дәндері үшін 4 тәулік; тары дәндері үшін 2 тәулік.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Пшеничные ростки на вашем столе /пер. с английского Н.Казак. – ИК «Комплект», 1996. -187 с.

  • 2.    Алексеева Э. Живая пища /пер. с английского -М.: КРОН-ПРЕСС, 1996. -272 с .

  • 3.    Шаталова Г. Азбука здоровья и долго-летия. –М.: Энергоатомиздат, 1995. -288 с.

  • 4.    Нилова Д. Лечебная сила живых про-ростков. - СПб.: ИК «Крылов», 2010. – 144 с.

  • 5.    Шасколские Н.Д. и В.В. Самая полез-ная еда: Проростки. –СПб.: Издательство «Веды», 2009. -192 с.

  • 6.    Витавская А.В., Ильницкий В.М. С

    жи-вой пищей XXI век. -Алматы, 1998. -100 с.

  • 7.    Р№ 09-34-99 А, Е, в-каротин дәрумен-дерін анықтау әдісі.

  • 8.    Р№ 09-30-99 С дәруменін анықтаудың титрометриялық әдісі.

  • 9.    Веретенников А.В. Физиология расте-ний: учебник. -М.: Академический Проект, 2006. – 480 с.

Список литературы Трлі даыл дндерін ндіру мерзіміні режимдерін анытау

  • Пшеничные ростки на вашем столе/пер. с английского Н.Казак. -ИК «Комплект», 1996. -187 с.
  • Алексеева Э. Живая пища/пер. с английского -М.: КРОН-ПРЕСС, 1996. -272 с.
  • Шаталова Г. Азбука здоровья и долголетия. -М.: Энергоатомиздат, 1995. -288 с.
  • Нилова Д. Лечебная сила живых проростков. -СПб.: ИК «Крылов», 2010. -144 с.
  • Шасколские Н.Д. и В.В. Самая полезная еда: Проростки. -СПб.: Издательство «Веды», 2009. -192 с.
  • Витавская А.В., Ильницкий В.М. С живой пищей XXI век. -Алматы, 1998. -100 с.
  • Р№ 09-34-99 А, Е, β-каротин дәрумендерiн анықтау әдiсi.
  • Р№ 09-30-99 С дәруменiн анықтаудың титрометриялық әдiсi.
  • Веретенников А.В. Физиология растений: учебник. -М.: Академический Проект, 2006. -480 с.
Статья научная