Арша аашыны биосфераа экологиялы сері
Автор: Думетова С.Т., Алмагамбетова С.Т., Султангазиева Г.С.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Естественные науки
Статья в выпуске: 1 (110), 2016 года.
Бесплатный доступ
Бұл жұмыста Қазақстан аумағында таралған арша түрлерінің биологиялық ерекшеліктері мен биосфераға тигізетін әсерінің экологиялық жағдайы қарастырылған. Табиғаттағы аршаның санының азайып кетуіне ықпал ететін факторлар анықталып, зертханаларда аршаны қолдан өсіру әдістері арқылы табиғи аршалардың жыл сайынғы санының арту мәліметтері ұсынылған. Жұмыстың ғылыми жаңалығы болашақта күтіліп отырған еліміздегі аса қатты қуаншылық және қатаң континентальды климатты жағдайды болдармаудың алдын алу үшін, күшті фотосинтездеуші арша ағашының әсері экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
Короткий адрес: https://sciup.org/140205071
IDR: 140205071
Текст научной статьи Арша аашыны биосфераа экологиялы сері
Кіріспе
Арша - кипарис тұқымына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты ағаш немесе бұта. Арша - екі үйлі, бір үйлісі өте сирек кездеседі. "Бүржидегі"-бірінші жылы жасыл, екінші жылы жұмсақ, көкшіл қара немесе күрең- қызыл түсті болады. Әбден пісіп жетілген тұқым қатты, қоңыр, бүрдің шайырлы жұмсағынан тез ажырайды, жаздың аяғымен суық күзге дейін жерге шашылады. Тұқымдары құстармен түрлі жануарлар арқылы таралады, себебі "бүр-жидегі" тәтті, шырынды. Арша жарық сүйгіш
құрғақшылыққада суыққада төзімді, топырақ талғамайды. Жақсы дамыған тамырлары топырақтың төмен қабатына еніп тарамалып, 10м-дей аумаққа жайылады. Суды еркін сіңіретіндіктен құмның үстінде, сазды жерлерге, әкті топырақта өсе береді. Аршаны теңіз деңгейінен 4000м биіктегі тау беткейлеріненде кездестіреміз. Арша баяу өседі, 800, 1000, 2000, жылға дейін тіршілігін жоймайды. Өркені баяу өскендіктен тамырлары баяу өседі, әрі мықты болады. Жапырағынан бөлінетін эфир майы ауаны зиянды микробтардан тазартады. Бүрі өте хош иісті, құрамында шайыр, 40%-ы қант, органикалық қышқылдар шайыр (алма, құмырсқа, ірке қышқылдары) өсімдік балауызы және т.б бар. Эфир майы жас өркендерінде және бүрлерінде болады. Бір арша ағашының шығарған оттегінің мөлшері 25-30 адамның тыныс алуына жетеді екен. Сонымен қатар 20-25 тонна шаң тозаңды залалсыздандырады және де көктемнен күзге дейін микробтарды жояды [1,2,3,4,5].
Зерттеу нысаны мен әдістері
Қазақстанда оның 10-ға жуық түрі кездеседі. Алатаумен Қаратау аралығында өте ерте кезде аршаның 6 түрі өскен. Көнекөз қариялардың айтуларына қарағанда, кейбір 300 жыл ішінде олардың 3 түрі мүлдем жойылып кеткен. Ал, қалған 3 түрі - қара арша, балғын арша, және сауыр аршасы қазіргі кезде Талас Алатауында өсіп, кезінде халқымыздың біртуар азаматы Тұрар Рысқұловтың тікелей ұйтқы болуымен 1926 жылы ұйымдастырылған, Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында қорғауға алынған.
Қазақстанда аршанын үш түрі кездеседі:
-
1. зеравшан аршасы (қара арша),
-
2. Түркістан аршасы
-
3. жарты шар тәрізді арша - Juniperus semiglobosa Regel.
-
10 жабайы түрі бар. Табиғи жағдайда көбірек кездесетін түрлеріне:
-
4. Түркістан аршасы (І. turkestanіca)
-
5. Талас аршасы (І. talaіca) - кәдімгі арша, ем арша деп те айтады
-
6. Сібір Аршасы (І. іbіrіca)
-
7. Кәдімгі арша (І. communі)
-
8. Зеравшан аршасы (І. eravchanіca) жатады.
Олардың биіктігі 1-2 м-ге жетеді. Бұтағы тік немесе жерге жайыла өседі.
Қылқаны қабыршақты, тікенекті келеді, үш-үштен шоқтанып не екі-екіден қарама-қарсы орналасады. Жеміс бүрі жидек пішіндес не шар тәрізді, түсі көкшілдеу болады [6,7].
Зеравшан аршасы . Батыс Тянь – Шаньның мәңгі жасыл ланшафт ағашы. Бұл туысқа кіретін Қазақстандық жеті өкілдің тек үшеуі ғана ағаш пішінді, қалғандары - тік немесе төсемелі бұталар. Шыршадан айырма-шылығы аршалар жоғары ылғал-дылыққа төзімсіз, тек едәуір жылы және құрғақ климаттық жағдайда өседі. Бұл жылу сүйгіш түрдің солтүстік таралу шекарасы Оңтүстікке Қазақстанның территориясымен және Жамбыл облысының кейбір жерлерімен өтеді. Биіктігі 10-12 метрден аспайды, діңінің қабығы қызғылт, созылған жолақтарымен қабатталады, ағаштың басы қалың, пішіні шар тәрізді. Жас жеке түрлердің 8-10 жылға дейінгі жапырақтары өткір, ине тәрізді, үлкен жастағы қабыршақ тәрізді, бір-бірлеріне қатпарлана жанасқан. Екі үйлі өсімдік.
Аталық масақтар сопақ, жас бұтақтарға тығыздала топтасқан, тозаңдары жеңіл көбік тәрізді. Гүлдеу мерзімінде (сәуір) ең жеңіл қозғалыстың өзінде жел тербесе, ағаш сары алтындай жалтыраған тозаңның хош иісті бұлтына оранады. Жеміс салаты бүршіктер күзге қарай қалыпты мөлшерге жетеді (диаметрі 1 см-ге дейін), бірақ бірінші жылы түсі жасыл болады. Келер жылғы күзде олар піседі, қатты, құрғақтау, қара түсті болады. Тұқымы әр бүршікте екі - үштен, қатты, үш қырлы. Әдетте пісіп жетлгеннен соң бір жылдан соң өсіп өнеді. Өте жай өседі. Жас жеке түрлер жылына бір сантиметр ғана өседі. Жаппай жеміс беруі өсімдіктің тіршілік етуінің 100 жылға жуықтаған мерзімінде болады [8,9].
Сібір аршасы. Төселгіш бұта биіктігі 1м-ге дейін жайылған бұтақтарымен. Басқа алдыңғы түрден ерекшелігі жапырақтары қысқа, ине тәрізді, бүршіктері барынша ұсақ. Алтай тауынан Батыс Тянь-Шаньға дейін таулардың Альпі және субальпі белдеулерінде кездеседі. Әсіресе Алтай және Іле Алатауында көп кездеседі. Төселгіш аршалардың шіліктерінің, онымен қатар басқа түрлердің (түркістан, қызыл) тау беткейлер-дің топырағын тұрақтандыруда маңызы зор.
Мысалы: бір ғана түп аршасы бар тік тау беткейлерінде жыл сайын бес мың кубометрге дейін топырақ шайылып кетеді, ал төселгіш арша шіліктері бар беткейлерде мұндай жағдай кездеспейді. Барлық арша тYpлеpiнен ушатын зат бeлiнедi (фитонциттер), олар бактерияларда өлтіреді. Сондықтан, адамдардың денсаулығы үшін арша ормандарыныц мацызы зор[10].
ТYpкiстан аpшасы.ТYpкiстан аршасы -таңқаларлық өте әдемі мәңгі жасыл ағаш тектес eсiмдiк. Оцтустж Казакстанда, Орта Азияда өседі. Түркістан аршасы салқын ылғалды жерде және құрғақ, тасты күн көзі шызғырып тұрған жарларда да есе беpедi. Бул арша езшщ узак өмір сүру қасиетімен таң қалдырады. Мың жыл жасаған аршалар кездеседі. Бұл аршаның жайылып өскен тамыры 2 куб метр ылғал жинап, су топыраққа баяу сіңуіне мүмкіндік жасайды. Сондыктан бул арша ескен жерде, ешбір құрғақшылық жағдайда да бұлақтар мен езендер суалмайды. ТYpкiстан аршасы кептеген кұстар үшін мекен (кекілік, ұлар т.б) және оларға тамақтық қор болып табылады, себебі аршаның жемісі көктемге дейін ағашта сақталады [11,12].
Сауыр аршасы. Казакстанда Сауыр -Тарбағатайында, Жоңғар Алатауында, Зайсан шуцкырында eседi. Бул арша кумды топырақты бекітуге қолданылады. Құмды төбенің ең биік төбесінде, басқа бұталар өсе алмайтын жерде өседі. Бұл аршаның кейбір түрі ағаш тектес болып келеді, биіктігі 10 метрге дейiн жетсе, негiзгi тYpi жайылып eседi, оны кейде жатаFан арша деп атайды. Жас өркенімен қылқанында болатын эфир майы өткір жағымсыз иіс шығаратындықтан басқа аршалар мен шатастырмайды. Жарық CYЙгiш, суыкка жэне куpFакшылыкка тeзiмдi топырақ таңдамайды. Негізінен құмды тоқтату мақсатында, сонымен бірге жүннен жасалған заттарды күйеден қорғауға қолданады. Жалпы Қазақстанда кездесетін аршаның түрлерінің қысқаша сипаттамасы 1- кестеде кepсетiлген [13,14,15].
Кесте 1- Казакстанда кездесетш арша турлершщ сипаттамасы
Арша турлер1 |
Таралу аймаFы |
Бшктт |
Т1рш1л1к ету узактыFы |
Жалпы ерекшелт |
Зеравшан аршасы |
Батыс Тянь-Шань, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы |
10-12 метр |
Шамамен 8-10 жыл |
Ағаштың басы қалың, пішіні шар тәрізді, дінінің қабығы қызғылт, жапырағы етк1р ине тэр1зд1. Ек1-уш уйл1 ес1мд1к |
С1б1р аршасы |
Алтай және Іле Алатауы |
1 метрге дейін жететін теселг1ш бута |
- |
Жапырақтары қысқа ине тәрізді, бүршіктері усак |
Түркістан аршасы |
Орта Азия, Оцтуст1к Казакстан |
Ец узак жасайтын арша шамамен 1000 жыл |
Жемісі ағашта көктемге дейін сакталады |
|
Сауыр аршасы |
Сауыp-ТаpбаFатай, Жоңғар Алатауы, Зайсан шуцкыры |
Шамамен 10 метрге дейін жетед1 |
Шамамен 20-30 жыл |
Қылқанында болатын эфир майы өткір жағымсыз иіс беріп басқа арашлармен шатастырмайды |
Арша - сауыpаFаштаp тукымдасына жататын бутакты жэне кыpкып-пiшiндеуге ыңғайлы, шымыр ағаш. Өсу тұрғысына қарай арша жайыла өсетін және тік өсетін болып екіге бөлінеді. Табиғаттағы тік өсетін тYpлеpiнiц биiктiгi - 20-30 метрге жетедi. Жалпы 300 жылFа дейiн eмip суредй Табиғатта Гиннестің рекордтар кітабына кірген 800 жыл жасаған кәрі аршалар да бар. Қалай аршаны күтуге болады. Аршаның барлык тYpi ашык кYндi кажет етедi. Кез-келген топырақта өсе береді. Бұтағының ушын кыркып пiшiндеп eсipген дурыс. Қылқанының түсі қанық болуы үшін жылына бip рет кектемде толык минералды тыцайт-қыштармен қоректендірген жөн. Қалемшелеу жэне тукымы аркылы кeбейтiледi. Калем-шелеп көбейткен жөн. Тұқымы арқылы көбейту жұмыстары арнайы жылыжайларда жүргізіледі.

Сурет 1 - Туцымдарын жинау . Арша ес1мд1г1нщ жемiс 6ypi (1), ашылFан жемiс бур£ жапырацшалары (2) жэне туцымы (3)
Аршаның жеміс бүрі жидек пішіндес немесе шар тэpiздес, 4-6 жапырацша бipiгiп өскен, әрбір жапырақша түбінде бір дән бар. Ішіндегі дәні қыркүйек айында піседі. Жеміс бүрі әдепкіде көкшілдеу болады. Тұқым піскен кезде жапырақшалар қоңыр түсті болады да, жапырақшалар ашылып, дәндер (4-5 туцым) жерге тусш шашылады. Сосын оны жинап алу өте қиын, өйткені дәндердің myci топырац тэpiздес эpi майда. (1-сурет).
Сондықтан жеміс бүрі жапырақшалары ашылмай тұрғанда, шамалы қоңырқар түсті болғанда, қыркүйек, қазан айларында жинайды. Жиналған тұқым жетіліп піскенше 10 күн «жатып сацталуы» керек, сосын егуге болады.
Тұқымдарды егу.
Тұқымды егу және күтіп баптау үшін бір мезгілдік стакандар алынып, біреуінің түбін шприцтік инемен немесе бізбен теседі. Ал екіншісі тесілмейді. Тесілген стаканды тесiлмеген стакан iшiне кигiзедi, сосын кэдiм-ri топырацпен толтырып шамалы ныFыз-дайды. Эpбip стаканFа аршаныц 3-5туцымы себіледі де, беті топырақпен жабылады, бірақ түқым тереңге түспеуі керек (беті жабылса болды, теpецдiгi 0,8-1 см.), сосын жаймен су құйылады. Топырақ тұрақты түрде ылғылды болу керек.
Ол Yшiн 2-3 кун eтiп, 3 немесе 4- куш әрбір стакандар суарылады, бірақ су көп цуйылмау керек. Осылайша егiлген стакан-дарда тұрақты ылғал сақталады. Егілген арша туцымдары 40 - 45 кунде екi урыц жапырац болып шығады, содан біраз күннен кейін наFыз цылцан жапырацтар шыFа бастайды (2-сурет).
Нәтижелер және оларды талдау.

Сурет 2 - Арша дэндеpiн цолдан eсipу нэтижелеpi
Өскіндерді күтіп-баптау
Эpбip стаканFа егiлген аршанын, 3-5 тұқымы түгел шыға бермейді. Өйтені аталған тұқымдар табиғи жағдайдағы физиологиялық қасиеті, шығымдылығы әртүрлі. Сондықтан тұқым себілген стакандардың кейбіреулерінде бір өскіннен көпшілігінде екеуден, аз бөлігінде 3-5-тен шыццан. 0скiндеp шыццан стакандар терезеге жақын, күн сәулесі түсетін жерде столFа орналастырып, цыс бойы бапталады.
Кутш-баптау шаралары - негiзiнен суару. Үш күн өтіп, төртінші күні стакандағы
өскіндер аздап суарылады. Егер стакандарға су көбірек құйылса арша тамырларына ауа жетіспегендіктен әлсіреп, ауруға шалдығады, сосын өледі. Осы әдістеме арқылы көп мөлшерде арша, емен, сирень, акация өскіндерін өсіріп дайындауға болады және ол арзанға түседі. Жеке кәсіпкерлер немесе қаланы гүлдендіру мекемесінің дайындалған аталған ағашты өсімдіктер өскіндері әрбіреуі 10-15 мыннан турады.
Көктемде табиғи топыраққа (тұрақ-ты орнына) отырғызу.
Көктемде наурыз, сәуір айларында ауа температурасы +10+15 градус болғанда топыраққа, яғни тұрақты орнына арша өскіндері отырғызылады. Ол үшін арша өскінімен стакандағы топырағы сиятындай шұңқыр қазылады, сосын су құйылады. Осы шункырFа eсiмдiк есюш топыратмен отыр-ғызылып, ал қазылғанда, шыққан топырағымен шұңқырды қайтадан толтырады да топырақ шамалы ныFыздалады. Сосын асты жэне Yстi кесшген пластикалыц бeтелкенi арша ескшше кигiзiледi де, оны (пластикалыц бетелке) топырацца ныFыздап орналастырады.
Пластикалыц бетелкенщ айналасын қоршап ойықша қазылады. Бұл арша өскінін суару үшін керек. Әдепкіде әлсіздеу арша
өскініне орнатылған пластикалық жақсы микроклимат қалыптастырып, транпирация қарқындылығын азайтады. Тамырларының eсiп ныFайуына оптималдыц жаFдай жасайды.
Арша өсімдіктері тұзданбаған топырақты жерлерде, яFни Алматы облысында, Талды-қорған маңайында, Оңтүстік Қазақстан маңайларында жақсы өседі. Ал тұзданған топырац жаFдайында арша туцымынын, цалай өну шығымдылығын анықтау үшін NaCl ерітіндісінде тәжірибие қойылады. Арша тұқымы петри табақшасында 50 данадан себiлдi. Т9жiрибе нусцалары: 1-таза су; 2- 0.3 NaCl ерiтiндiсi; 3- 0.5% NaCl ерiтiндiсi; 4- 1.0 % NaCl ерiтiндiсi; 5- 1.5% NaCl ерiтiндiсi; 6- 2,0 % NaCl куйылады.
Арша туцымы 40-45 кYнде eнiп шыFады. Ал, ену энергиясы (30 кYнде eнiп шыққанын) есептегенде, кәдімгі су құйылған нусцада (бацылау) егшген дэндердщ 9,6% -eнiп шыцты. 1,0-2,0% NaCl нусцасында туцымынын, 1,5-3,0% Fана eнiп шыцты. 45 күнде кәдімгі су берілген тәжірибе нұсқасында себілген тұқымнын 91% толық шықты, 1.0% NaCl ерітіндісінде 58.6% , 2.0 % NaCl ерітіндісі 28,0% тұқым өніп шықты. Нэтиже 3- суретте керсетшген.

Сурет.3 - Арша туцымыныщ эртурл1 тузданFан жаFдайда ену шыFымдылыFын аныцтау тэж1рибес1
Биосферадағы барлық тіршілік иелерінің адам баласының тыныс алуы үшін ормандардың маңызы зор. Өйткені барлық тіршілік иелерінің тыныс алуына керекті оттегіні ормандар көптеп шығарады. Сондықтан ормандар, әсіресе, тропикалық ормандар «планетамыздың өкпесі» саналады және онда биологиялық түрлердің 50% тіршілік етеді. Яғни, ормандарды жою қазіргі жылдамдыцпен жYргiзiлсе 40-45 жылдан кейін биосферада орнына келмес апатты жағдайлардың пайда болуын туындатады. Мысалы, «планетамыздың өкпесі» саналатын Амазонка өзені жағасындағы тропикалық ну ормандардың алаңы 2010 жылы 103 шаршы шақырымға, 2011 жылы 593 шаршы шақырымға, яғни 20% қысқарған. Азиядағы, Африкадағы, Солтүстік Америкадағы, басқа жерлердегi ормандарда осындай жылдам-дықпен жойылуда. Биосфераның әлемдік жылыну себептерімен оның алдын алу шаралары 2-3-кестеде керсетшген [16,17].
Кесте 2 - БҰҰ мамандарының мәліметі бойынша, климаттың әлемдік жылыну себептері
Біріншіден |
Бұл адамзатттың тіршілік әрекеті нәтижесі. Адам баласы өндірісті, техниканы, транспортты зор қарқынмен дамытты, ауыл шаруашылығы интенсивтендірілді. Нәтижесінде атмосфераға «жылыжай эффекті» беретін СО 2 , СО газдары, күкірт пен азот оксидтері және басқада зиянды газдар зауыттар мен жылу электростанциялары трубаларынан, автокөліктерден орасан көп мөлшерде шығарылуда. |
Екіншіден |
Қазіргі кезеңде Күннің активтілігі күшейіп, Жер ғаламшарын қыздырып, жылынуын күшейтуде. Егер, аспанда бұлт жоқ болса, ауа тез қызып, аптап, ыстық болады, бұл күннің активтілігінің күшеюінен. |
Үшіншіден |
Ресей ғалымдарының пікірі бойынша, қазіргі кезеңдегі климаттың глобальды жылынуы табиғи процесс деп есептейді. Жер ғаламшарының солтүстік бөлігінде климаттың ылғалды-салқын фазасы 1978-1979 жылдары басталып, 2010-2011 жылдары аяқталды. Енді, 2012-2013 жылдардан бастап климаттың жылы-құрғақ кезеңі басталып, ұзақ жылдарға созылады. |
Кесте 3 - Биосферадағы қуаншылық, құрғақ, аптап ыстық климаттың қалыптасуының алдын алу шаралары
Біріншіден |
Емен, арша, акация, сирень, үйеңкі ағаштарының тұқымдарын жинап, оларды бір мезгілдік стақандарда өсіріп, өскін-көшеттерін алу, өсіріп, күтіп, баптау. |
Екіншіден |
Мектептердегі, университеттердегі әрбір оқушыларға ағаштарды отырғызу жұмыстарын тапсырып, қадағалап, еңбектерін грамоталармен марапаттау. Әрбір үш жыл сайын оқушылардың еңбектерін газеттерге жариялау. |
Үшіншіден |
Оқушылар мен оқытушылар бірігіп, мекеме аулаларын, көшелерді тіпті қала ішілік саябақтар мен қала сыртындағы аумақтарды көгалдандыру. |
Еліміздің табиғатында аршаның зарафшан, түркістан, қазаттық арша деген түрлері бар. Көгалдандыруда аршаның тек шет елден әкелініп, жерсіндірілген түрлері ғана қолданылады. Қылқандарының түсі, түріне қарай: сары, ашық жасыл, қою жасыл, көк, көкшіл болып келеді. Сабақ бойына тығыз орналасқан қылқандары әдемі хош иіс шығарады. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грецияда жылан шаққан кезде пайдалан-ған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарын-даш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құр-ылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады.
Қорытынды
Ағаш қоры кешендi түрде пайдалану тиiс, яғни тек ағаш даярлау үшiн ғана емес оның басқа да қызметтер мен үйлесiмдi пайда-ланылуы тиiс. Ағаш қорын кешендi пайдалану деп – ағаштың өзiн ғана емес, басқа бөлiктерiн (бұтақтарын), түбiрiн, қабығын пайдалана бiлу керек. Орман қорын тиiмдi пайдалану қорғау экономикасы орманды өсiру құнын қорғау шығындарының тиiмдiлiгiн талап етедi.
Биосферадағы және Қазақстандағы ауа бассейінін жақсартып тазалау үшін адам баласының әліде 40-45 жыл уақыты бар.
Биосферадағы өсімдіктер жамылғысының, әсіресе ормандарды сақтап, көлемін ұлғай-тып, фотосинтез процесін күшейту, күшті фотосинтездеуші ағашты өсімдіктерді көптеп өсіру қажет.
Арша ағашының санын арттырудың ең тиімді жолдары арша тұқымдарын күзде жинап жыл бойы зертханаларда өсіріп, көбейтіп әрбір мекемелердің ауласына отырғызылуы керек. Себебі арша ағашының санын арттыру арқылы енді 40-50 жылда күтіліп отырған биосфераның ғаламдық жылынуының алдын алуға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. «Қазақстанның» Ұлттық энциклопедиясы / Бас ред. Ә. Нысанбаев. Алматы: «Қазақ энцикло-педиясы» Бас редакциясы, 1998.- 464 б.
-
2. Иващенко А.А. Қазақстанның өсімдіктер әлемі.- Көпшілікке арналған ғылыми басылым.-«Алматы кітап» ААҚ, 2004.- 125 б.
-
3. Жайлыбай.К.Н. Арша мен Емен өсіру атмосфераны тазартудың ең арзан әдістемесі // Атамекен.- 2012.- 23 ақпан, №4, 2 б.
-
4. Сыпабекқызы Г., Жайлыбай К.Н., Қоңырова Ж., Ережетова Ұ. Қазақстан экологиясын жақсарту проблемалары және арша, емен, акация өсірудің ең арзан әдістемесі // Қазақстанның білім және ғылым әлемі. -2012.- №4, 2-5бет.
-
5. Биология: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра.-2007, 228 бет.
-
6. Аралбай Н.К., Қуатбаев А.Т., Чилдибаев А.Ж. Қазақстан флорасындағы қарағайлар (Pinaceae Lindl), Кипаристер (Cupressaceae Neger) және қышалар (Ephedraceae Wettst) тұқымдастары-ның туыстық және түрлік анықтағыш кілттері // ҚазҰУ хабаршысы. Биология сериясы – 2012.-№3(55).- 8-13 бет.
-
7. Бегентегі Ә. Арша Алматының ажарын ашады // Алматы Ақшамы.-2014, 30 қазан (№134).- 6 бет.
-
8. Жайлыбай К. Жасыл желек экологияны жақсартудың тиімді жолы // Ана тілі. – 2014, 30 қаңтар - 5 ақпан (№4).- 8 бет.
-
9. Сәтімбеков Р. Арша // Биология және салауаттылық негізі.- 2010.- №3. - 64 бет.
-
10. Сәтімбеков Р. Пайғамбар парқын білген ағаш // Айқын. 2009.- 20 тамыз 1.(№153).- 28 бет.
-
11. Көшерова Г. Аршаға да араша керек! //
Алаш айнасы.- 2011.- 25 ақпан (№34).- 1-2 бет.
-
12. Жайлыбай К.Н., Мұхамединова Н.Ә. Қазақстан экологиясының қауіпсіздігі және емен, арша, акация, үйеңкі, сирень өсірудің ең арзан әдістемесі // ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы. -2013.- №2/2 (38).- 121-125 бет.
-
13. Жәнібек С., Байғанаева С.Т. Әрі шипалы, әрі зиянсыздәрілік өсімдіктер // Ғылым және білім ғасыры .-2013.-№4/6.- 89-94 бет.
-
14. Сматуллаева А. Қазақстандағы ең ерекше ағаштар // Жас ғалым. -2012.-№9.- 32 бет.
-
15. Сәтімбеков Р. Арша ағашы // Парасат.-2009.-№9.- 22-24бет.
-
16. Сәтімбеков Р. Арша ағаштардың анасы! // Алматы ақшамы.- 2014.- 3 сәуір (№38).- 6 бет.
-
17. Табиғат тілін тануға талпындым / Құлжабаева Г. // Егемен Қазақстан . – 2013ж, 13 желтоқсан (№ 274). – 7 б.
Список литературы Арша аашыны биосфераа экологиялы сері
- «Қазақстанның» Ұлттық энциклопедиясы/Бас ред. Ә. Нысанбаев. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998.-464 б.
- Иващенко А.А. Қазақстанның өсiмдiктер әлемi.-Көпшiлiкке арналған ғылыми басылым.-«Алматы кiтап» ААҚ, 2004.-125 б.
- Жайлыбай.К.Н. Арша мен Емен өсiру атмосфераны тазартудың ең арзан әдiстемесi//Атамекен.-2012.-23 ақпан, №4, 2 б.
- Сыпабекқызы Г., Жайлыбай К.Н., Қоңырова Ж., Ережетова Ұ. Қазақстан экологиясын жақсарту проблемалары және арша, емен, акация өсiрудiң ең арзан әдiстемесi//Қазақстанның бiлiм және ғылым әлемi. -2012.-№4, 2-5бет.
- Биология: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра.-2007, 228 бет.
- Аралбай Н.К., Қуатбаев А.Т., Чилдибаев А.Ж. Қазақстан флорасындағы қарағайлар (Pinaceae Lindl), Кипаристер (Cupressaceae Neger) және қышалар (Ephedraceae Wettst) тұқымдастары-ның туыстық және түрлiк анықтағыш кiлттерi//ҚазҰУ хабаршысы. Биология сериясы -2012.-№3(55).-8-13 бет.
- Бегентегi Ә. Арша Алматының ажарын ашады//Алматы Ақшамы.-2014, 30 қазан (№134).-6 бет.
- Жайлыбай К. Жасыл желек экологияны жақсартудың тиiмдi жолы//Ана тiлi. -2014, 30 қаңтар -5 ақпан (№4).-8 бет.
- Сәтiмбеков Р. Арша//Биология және салауаттылық негiзi.-2010.-№3. -64 бет.
- Сәтiмбеков Р. Пайғамбар парқын бiлген ағаш//Айқын. 2009.-20 тамыз 1.(№153).-28 бет.
- Көшерова Г. Аршаға да араша керек!//Алаш айнасы.-2011.-25 ақпан (№34).-1-2 бет.
- Жайлыбай К.Н., Мұхамединова Н.Ә. Қазақстан экологиясының қауiпсiздiгi және емен, арша, акация, үйеңкi, сирень өсiрудiң ең арзан әдiстемесi//ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы. -2013.-№2/2 (38).-121-125 бет.
- Жәнiбек С., Байғанаева С.Т. Әрi шипалы, әрi зиянсыздәрiлiк өсiмдiктер//Ғылым және бiлiм ғасыры.-2013.-№4/6.-89-94 бет.
- Сматуллаева А. Қазақстандағы ең ерекше ағаштар//Жас ғалым. -2012.-№9.-32 бет.
- Сәтiмбеков Р. Арша ағашы//Парасат.-2009.-№9.-22-24бет.
- Сәтiмбеков Р. Арша ағаштардың анасы!//Алматы ақшамы.-2014.-3 сәуiр (№38).-6 бет.
- Табиғат тiлiн тануға талпындым/Құлжабаева Г.//Егемен Қазақстан. -2013ж, 13 желтоқсан (№ 274). -7 б.