Бұршақ тұқымдас дақылдардың сапасын кешенді бағалау

Жиенбаева С.Т. Изтаев А. Елеукенова К.А. Якияeвa М.А. Серикбаева А.Н. Мамыраев М.Н. Рахымбаева М.Н. Султанкул М.Б.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности

Статья в выпуске: 2 (152), 2026 года.

Бесплатный доступ

Бұл зерттеу Қазақстанда өсірілетін негізгі бұршақ тұқымдас дақылдардың - соя («Жансая Элита», «Айсәуле Супер Элита»), ноқат («Нұрлы»), жасымық («Веховская») және асбұршақ («Шал») - сапасы мен тағамдық құндылығын кешенді бағалауға арналды. Зерттеу барысында макронутриенттердің мөлшері, дәннің физика-технологиялық көрсеткіштері, май фракциясының сапалық сипаттамалары және биоактивті қосылыстар анықталды. Нәтижелер сояда ақуыз бен майдың ең жоғары деңгейде болатынын көрсетті (36,39-36,71 % ақуыз, 18,69–20,56 % май), ал асбұршақ, ноқат және жасымықта бұл көрсеткіштер төменірек байқалды. Крахмал мөлшері жасымықта (55,34 %), асбұршақта (51,98 %) және ноқатта (48,51 %) жоғары болды, ал тағамдық талшықтар соя сұрыптарында басым болды (14,18–15,59 %). Күлділік мөлшері 2,09–3,65 % аралығында, рН көрсеткіштері 6,20–6,33 шамасында болып, дән сапасының жоғары деңгейін аңғартты. Сондай-ақ соя суға еритін антиоксиданттар, полифенолдар мен Е дәруменінің көп мөлшерімен ерекшеленді. Алынған нәтижелер зерттелген бұршақ дақылдарының жоғары тағамдық құндылығы мен функционалдық қасиеттерін растайды және оларды тиімді тамақтану рационында, тағам өнеркәсібінде қолданудың, сондай-ақ биологиялық және тағамдық құндылығы арттырылған өнімдерді әзірлеуде пайдаланудың зор әлеуеті бар екенін көрсетеді.

бұршақ тұқымдастар \ соя \ ноқат \ асбұршақ \ жасымық \ тағамдық құндылық \ ақуыз \ май \ крахмал \ тағамдық талшықтар \ витаминдер \ антиоксиданттар

Похожие статьи в разделе Управление предприятиями, организация производства, торговли и транспорта

Источники биологически активных соединений: возможности применения какао-бобов в неразделенном виде для создания функциональных продуктов питания
Источники биологически активных соединений: возможности применения какао-бобов в неразделенном виде для создания функциональных продуктов питания

Стрижевская В.Н., Мезенцева Е.М., Марадудин М.С., Романова Х.С., Видяшева И.В., Архангельская А.А., Тупикин Д.В.

Короткий адрес: https://sciup.org/140315562

IDS: 140315562   |   УДК: 65.29.03   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2026-2-60-67