Сыра қалдығының функционалдық қасиеттерін және Астана қаласындағы функционалдық нанның тұтынушылық қабылдануын бағалау
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности
Статья в выпуске: 2 (152), 2026 года.
Бесплатный доступ
Сыра дробинасы сыра қайнату өнеркәсібінің ең перспективалы жанама өнімдерінің бірі болып табылады және жоғары тағамдық құндылығымен мен функционалдық қасиеттерімен сипатталады. Бұл жұмыста кептірілген сыра дробинасының технологиялық сипаттамаларына кешенді зерттеу жүргізіліп, шикізаттың химиялық құрамы, ауыр металдар мөлшері, су сіңіру қабілеті және микроструктурасы анықталды. Кептіруге ұшыратылған сыра дробинасын 5–35 % деңгейінде қосу арқылы алынған нанның органолептикалық көрсеткіштеріне әсері сенсорлық қасиеттердің жылулық картасын құру арқылы бағаланды. Қосымша түрде Астана қаласы тұрғындары арасында онлайн сауалнама жүргізіліп, функционалдық нанды сатып алуға деген көзқарасы мен дайындық деңгейі зерттелді N 109 жас шамасы 16-25. Алынған нәтижелер 2021 жылғы бетпе бет сауалнама деректерімен салыстырылды N 100. Зерттеу нәтижелері Астана жастарының экологиялық және функционалдық тағам өнімдеріне қызығушылығы жоғары екенін көрсетті негізгі кедергі ретінде сыра дробинасы сияқты екінші реттік өсімдік шикізатының пайдасы туралы ақпараттың жеткіліксіздігі анықталды. Сыра дробинасын пайдалану тағамдық қалдықтарды азайтуға және тұрақты өндірісті дамытуға ықпал етеді. Жұмыста Қазақстан жағдайында алғаш рет нанды бағалауда технологиялық және социологиялық әдістер біріктірілді.
Короткий адрес: https://sciup.org/140315571
IDS: 140315571 | УДК: 65.43.91 | DOI: 10.48184/2304-568X-2026-2-136-144