Ауа кеістігіндегі парашютшілерді озалыс негізінде згеретін антропометриялы нктелерін зерттеу

Автор: Абекова А. Ж., Талгатбекова А. Ж., Рахметова Н. Б.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Технология текстиля и одежды, дизайн

Статья в выпуске: 2 (140), 2023 года.

Бесплатный доступ

Ауа кеңістігінде парашютпен секіруге арналған костюмді жобалау барысында оларға қатысты қауіпті және зиянды факторлардың әсерін, оның ішінде парашютші орналасқан қоршаған ортаның сыртқы факторларын ескеру қажет, парашютшілер орындайтын функционалдық позициялар, қозғалыстар белгіленеді және талданады, сонымен қатар тұтынушылардың қалаулары егжей-тегжейлі зерделенеді. Ауа кеңістігінде парашютпен секіруге арналған костюмді жобалау үрдісі келесі маңызды кезеңдерді қамтиды: эргономикалық талапқа сәйкес киім мен антропометриялық нүктелердің өзара қатынасын, киімнің адам денесін қорғау барысындағы салыстармалы сипаттамалары негізінде материалдар пакетін таңдау, математикалық модель негізінде жобаланған өнімнің дизайнын жасау, құрылымды ұзақ зерттеу үрдісін қысқарту ескеріледі. Жобалау сатысында эргономикалық сәйкестіктің жоғарғы деңгейі бар өнімдерді алуға мүмкіндік береді. Парашютпен секіруге арналған эргономикалық костюмді жобалаудың ұсынылған ақпараттық-логикалық схемасы дизайнның әр кезеңіндегі жұмыс түрін, дәйектілігі мен байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында парашютшілердің фигураларының өлшемдік белгілерінің динамикалық әсерлерінің өзгеруінің негізгі буындардағы қозғалыстардың бұрыштық биомеханикалық параметрлеріне көпмүшелік тәуелділіктері анықталды. Ауа кеңістігіндегі парашютшілердің қозғалыс негізінде өзгеретін антропометриялық нүктелерін зерттеу жағдайларына сәйкестігін анықтайтын арнайы киім функционалдық-эргономикалық белгілері бойынша анықталынады.

Еще

Парашютшілер, антропометрия, антропометриялық нүкте, биомеханика, қозғалыс

Короткий адрес: https://sciup.org/140300142

IDR: 140300142   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2023-2-194-200

Текст научной статьи Ауа кеістігіндегі парашютшілерді озалыс негізінде згеретін антропометриялы нктелерін зерттеу

Кіріспе

Костюмді жобалау процесінің құрылымы арнайы киімнің жаңа үлгілерін жасау бойынша дәйекті орындалатын жұмыс түрлерін сипаттайтын деңгейлер бойынша топтастырылған кезеңдермен ұсынылған [1]. Жобалау алдындағы зерттеулерді жүргізу барысында пайдалану жағдайлары зерделе-неді, өйткені қауіпті және зиянды факторлардың (ЖФҚ) әсерін, оның ішінде пара-шютші орналасқан қоршаған ортаның сыртқы факторларын ескеру қажет, парашютшілер орындайтын функционалдық позициялар, қозғалыстар белгіленеді және талданады, сонымен қатар тұтынушылардың қалаулары егжей-тегжейлі зерделенеді [2].

Парашютпен секіруге арналған эргоно-микалық костюмді жобалау процесі келесі маңызды кезеңдерді қамтиды: қорғау сипаттамаларын бағалау және олардың қорғау қабілетінің салыстармалы сипаттамалары негізінде материалдар пакетін таңдау, мате- матикалық модель негізінде жобаланған өнімнің дизайнын жасау, құрылымды ұзақ зерттеу процесін қысқарту, жобалау сатысында эрго-номикалық сәйкестіктің жоғарғы деңгейі бар өнімдерді алуға мүмкіндік береді [3].

Зерттеу материалдары мен әдістері

Жалпы ауа кеңістігіндегі парашютші-лердің қозғалыс негізінде антропометриялық нүктелерін зерттеу әдістеріне қойылған мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін міндеттері: теориялық және практикалық материалды талдау және синтездеу, топтастыру және салыстыру, ғылыми абстракция және болжау, құрылымдық-динамикалық талдауларды қарастырған жөн [4].

Жалпы қандай да киімнің сапасын бағалау сарапшылардың субъективті пікірлері негізінде жүргізіледі [5]. Соның бірі парашютшілердің киімдерінің қозғалыс негізінде антропомет-риялық нүктелерінің фигураға сәйкестігін анықтау барысында төмендегі суреттегі киім сапасын бағалаудың тұжырымдамалық моделі ұсынылды.

Антропометриялық нүктелердің параметрлік сәйкестігі

Сандық бағалау

Критерийлер

Сандық

Сапалық

Салыстырмалы бағалау

Антропометрпялық байланыс

Өлшем белгілері

Сүлбасы

Киімнің қонымдыпьтғы

Денеге матана қысымының деңгейі

Киім өлшемі

Киімнің қонымдылық дәрежесі

Конструктивті ақаулар

Дене пішініндегі деформация

Фигураға қатысты киімнің кеңістіктік ^ бағыты

Материалдың деформациясы

Жобаланған киімнің эталонға сәйкестігі денгейі

Проекцпялық саңы-лаулар

Сурет 1 – Парашютшілердің киімнің антропометриялық нүктелердің жобалық шешімдерінің сапасын бағалаудың тұжырымдамалық моделі

Парашютшілердің киімнің антропо-метриялық нүктелердің жобалық шешімдерінің сапасын бағалау барысын сандық, сапалық, салыстырмалы критерилер арқылы анықталынды [6]. Мұнда сандық бағалауда парашютшілердің киімі мен адам денесіндегі антропометриялық нүктелердің өзара байланысын анықталынды. Демек, бұл жағдайда міндетті түрде өлшем белгілерін және денеге матаның қысымының деңгейін анықтағанды жөн көрдік. Атап айтқанда адам мүшесінде 206 сүйек болатын болса әрқайсысының киімді жобалауда қажеттігі анықталады [7]. Ал, киім өлшемінің саны немесе көлемі адам денесінің пішініне үйкеліс барысындағы деформациясын және құрастыру үрдісіндегі жіберілген ақауды көрсетеді [8]. Фигураға қатысты киімнің қо-нымдылығын, ауа кеңістіктік жағдайындағы парашютшілердің киімедегі проекциялық са-ңылаулардың қажеттігін анықтайды [9].

Кесте 1 - Парашютшілерге тән қимыл-қозғалыстар

Қимыл-қозғалыс түрі

Сипаттамасы

1

2

Басы жоғары бейтарап позиция. Кеуде жоғары көтерілген, омыртқа тік қалыпта. Шынтақ кеуде деңгейінде көлденең бағытта созылған. Жамбас алдыға қарай көтерілген. Отырған кезде тізе буыны 90⁰-та бүгілген.

Басты және қолды көтеру позициясы. Кеуде жоғары көтерілген, омыртқа тік қалыпта. Шынтақ жоғары қарай көтерілген. Жамбас алдыға қарай көтерілген. Отыру кезінде аяқтағы тізе буыны 90⁰-та бүгілген.

Басты және қолды жоғары қөтеру және 45⁰-та отыру позициясы. Кеуде жоғары көтерілген, омыртқа тік қалыпта. Қол жоғары көтерілген. Жамбасты алыға қарай көтеру. Отыру кезінде аяқтағы тізе буыны 45⁰-та бүгілген.

Баспен вертикаль бағытта айналу позициясы. Кеуде жоғары көтерілген, омыртқа тік қалыпта. Шынтақ кеуде деңгейінде көлденең бағытта созылған. Қолды көз деңгейінде жоғары көтеру. Жамбас алдыға қарай көтерілген. Отыру кезінде аяқтағы тізе буыны 90⁰-та бүгілген.

Ішпен ұшудағы негізгі позиция. Жамбас иық пен тізеден төмен болатындай етіп орналасу керек. Қолдар шамамен 90⁰ бұрышта бүгіп, симметриялы позициялы. Тізеңі иық енінен бөлек ұстау.Қолдар шынтақ бүгілген, иық деңгейінен сәл төмен.

Ішпен ұшудағы негізгі позиция. Басты төмен түсіру. Жамбас иық пен тізеден төмен болатындай етіп орналасу керек. Қолдар шамамен 90⁰ бұрышта бүгіп, симметриялы позициялы. Жауырын бұлшық еті жиырылған. Тізесін иық енінен бөлек ұстау. Қол шынтағы бүгілген, иық деңгейінен сәл төмен. Қолды көлденең бағытта созу.

Отырып ұшудағы негізгі позиция (2). Кеудені жоғары көтеру. Жамбасты алдыға қарай көтеру. Отырған кезде аяқтағы тізе бындары 90⁰-а бүгілген.

Тізеңі иық енінен бөлек ұстау. Қолдар шынтақ бүгілген, иық деңгейінен сәл төмен. Қолды көлденең бағытта созу.

Парашютшілерге тән қимылдарын талдау кезінде қолдың жиі кездесетін жағдайы: алға қарай созылған, шынтақтары бүгілген, тігінен жоғары көтерілген. Аяқтың позицияларына: тізе мен жамбас буындарында бүгілуі жатады [10].

Нәтижелер және оларды талқылау

Эргономикалық сипаттамалары жоғары өнімді жобалау кезінде сипаттамалық қозғалыстар ескерілуі керек [11]. Алматы облы-сындағы «Байсерке аэродромы» және «Плато Ушконыр» қызметкерлерінен 15 адамнан сауалнама жүргізілді. Сауалнаманы әлеуетті тұтынушыларды зерттеу барысында алынған артықшылықтарды талдау костюмдердегі артықшылық берілетіндігін көрсетті.

Өнім материалдарының артықшылықтарын анықтау үшін жұмыс істейтін қызметкерлерге ауызша сауалнама жүргізілді, бұл жоғары матаның жоғары беріктігі, жақсы гигиеналық 40 қасиеттері, жел мен ылғалдан қорғайтын болуы, сондай-ақ қозғалыс кезінде артық шу шығармауы керек екенін көрсетті. Жобалау ал- дындағы зерттеулер барысында алынған декрек-терді есепке алу: қолданыстағы ассортиментті пайдалану жағдайларын, зиянды және қауіпті факторлардың әсерінен талдау, киім үлгілерінің тозу топографиясы, тән қозғалыстарды талдау және әлеуетті тұтынушыларды зерттеу пара-шютшілер костюмдерінің дизайнына және жо-баланған өнім пакетіне кіретін материалдарға қойылатын талаптарды әзірлеуге және негіздеуге мүмкіндік береді [12].

Жетекші өндірушілердің костюм-деріндегі спортшылардың фотосуреттерін па-раметрлік талдаудан кейін таңдалған негізгі позицияларда және тәжірбиелі парашютші нұсқаушыларының практикалық ұсыныстарынан кейін куртка мен шалбардың динамикалық сәйкестігін бағалау үшін екі бұрыштық биоме-ханикалық индикатор таңдалды [13].

Оларға:

  • 1 .Қолдың бұрыштық биомеханикалық көрсеткіші (α-45⁰)

  • 2 . Аяқтың бұрыштық биомеханикалық көрсеткіші (β-45⁰)

    Сурет 2 - Қозғалыс кешенін талдау негізгінде спортшының ұшу кезіндегі қабылдайтын позициялары


Анықталған қолдың және аяқтың бұрыштық биомеханикалық көрсеткіштер негізінде, кеңістіктегі антропометриялық нүктелердің қозғалыс заңдылықтарын және өзгерістерін зерттеу болып табылады [14]. Яғни, қолды иық және аяқтың тізе буындарында.

Бұл ұстанымды толық қалыптастыру үшін сауалнама жүргізілді. Яғни, қол және аяқты бұру, созу кезінде антропометриялық нүктелердің ығысуы пайда болады [15]. Соның негізінде антропометриялық нүктелердің он бір түрі анықталды. Нәтижесінде олардың ішінен 7 түрі өзгеріске бейім екені анықталып, кесте 2 ұсынылған.

Кесте 2- Өзгеріске ұшырайтын антропометриялық нүктелер

Антропометриялық нүктелер атауы

Сипаттамасы

1

Б

Омыртқаның жетінші шығыңқы нүктесі

2

Ж

Жауырынның акромяльді шығыңқы нүктесі

3

О

Артқы бойдың қолтық ойындысындағы жоғарғы нүктесі

4

И

Шыбық сүйектің шынтақтағы шығыңқы нүктесі

5

З

Иық буынының ортасынан бөлгендегі шығыңқы нүктесі

6

П

Артқы бойдың шығыңқы нүктесі

7

М

Тізенің шығыңқы нүктесі

Қорытынды

Жоғарыда қарастырылған ғылыми зерттеу жұмыстарына талдау жасай отырып, пара-шютшілердің киімнің антропометриялық нүктелердің жобалық шешімдерінің сапасын бағалаудың тұжырымдамалық моделі жасауды жөн көрдік. Антропометриялық нүктелердің параметрлік сәйкестігін анықтау барысында сандық, сапалық, салыстырмалы бағалау кри-терилері ұсынылды.

Сонымен қатар парашютшілерге тән қимыл-қозғалыстар нәтижесінде ұсынылған он бір қозғалыстың ішінде, парашютшілер жасайтын үш негізгі қимыл-қозғалыс анықталды. Оларға: 1) басы жоғары бейтарап позиция; 2) ішпен ұшудағы негізгі позиция; 3) ішпен ұшудағы негізгі позиция (2) тандалынды. Соның негізінде өзгеріске бейім жеті негізгі ан-тропометриялық нүктелер анықталынды. Үш қозғалыста жасау барысында антропометри-ялық нүктелердің ығысуы анықталды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Список литературы Ауа кеістігіндегі парашютшілерді озалыс негізінде згеретін антропометриялы нктелерін зерттеу

  • Типовые фигуры мужчин. Размерные признаки для проектирования одежды. ОСТ17521-86.
  • Рахметова Н.Б. Тігін бұйымдарын құрастыру. Жоғары оқу орындарына, колледж, кәсіби мектептерге арналған қазақ тіліндегі оқу құралы. – Алматы: Эверо, 2022. – 156 б
  • Сопельникова Н.Г. Исследование и разработка защитного костюма для выполнения работ методами промышленного альпинизма на основе биомеханических характеристик человека: автореф. дисс. на соиск. уч. ст. канд. техн. наук, Шахты. – 2006. – 26 с.
  • Ольшанская, Г.Г. Функционально-эргономическое обоснование проектных решений одежды специального назначения: дис. ... канд. техн. наук: 05.19.04 // Г.Г. Ольшанская. - СПб.: СПбГУТД, 1990. - 220 с.
  • Москаленко Н.Г. Проектирование одежды для экстремальных видов спорта с повышенными эргономическими показателями: дисс. ... канд. техн. наук – Владивосток. 2011. – 188 с.
  • Москвина М.А. Обеспечение антропометрического соответствия в автоматизированном проектировании одежды заданных силуэтных форм: дисс. ... канд. техн. наук: 05.19.04 // Санкт-Петербургский государственный университет промышленных технологий и дизайна], 2016.- 211с.
  • Рыскулова Б.Р., Сейдехан А.Е., Рахметова Н.Б., Данадилова Ж.Е., Кандидат М.. Выбор и обоснование оптимального комплекта спецодежды штукатура//Технология текстильной промышленности. - 2018. No 6 (378) – С. 222-226.
  • Ташпулатов С.Ш., Кадиров Т.Д., Расулова М.К., Абенова И.Р., Талгатбекова А.Ж. Исследование показателей качества хлопчатобумажной ткани, обработанной технологическим раствором для изготовления спецодежды // No 5 (383) Технология текстильной промышленности. Москва - 2019.-139-142 с.
  • Imankulova L., Rakhmetova N., Tastanbek D., Zholdasbekova S., Kalymova A., Mata B. Formation of Future Teachers Professional Competence on the Bases of Modern Technologies. //Reviewof International Geographical Education (REGION),11(5),439-449. Doi:10.48047/
  • Розанова Е.А., Москаленко Н.Г., Стрельцов И.П. Разработка математической модели для определения параметров замкнутой системы «человек – спортивная одежда» // Фундаментальные исследования. – 2013. – № 11-6. – С. 1142-1146
  • Кузнецов, В.И. Анатомия и физиология человека / В. И. Кузнецов. - Минск : Нове знание, 2015. - 560 с. - ISBN 978-985-475-795-7.
  • Lina Wahrer. MATERIAL SCIENCE & GARMENT TECHNOLOGY TOWARDS CIRCULAR ECONOMIES WITHIN THE FASHION INDUSTRY / The Swedish school of textiles university of Boras.- 2015. – 52 p.
  • Хосп Юлиан, Барблис Томас. Кайтбординг Trictionary / Tricktionary Publishing, 2013. — 424 с. — ISBN 978-3-9502776-7-8.
  • Москаленко. Н.Г. Проектирование одежды для экстремальных видов спорта с повышенном эргономическими показателями [Текст]: дис... канд. тех. наук: 05.19.04/ Москаленко Надежда Григорьевна // Дизайн и технологии. 2011. – 190c
  • Tarrier, J. Applying Finite Element Analysis to Compression Garment Development/ J. Tarrier, A. Harland, R. Jones, T. Lucas, D. Price // Procedia Engineering. 2010. -vol.2 -P. 3394-3354
Еще
Статья научная