Designing information systems for sales and accounting of household appliances
Автор: Kuzenbaev B.A., Kasymbek B.D.
Журнал: Теория и практика современной науки @modern-j
Рубрика: Математика, информатика и инженерия
Статья в выпуске: 6 (48), 2019 года.
Бесплатный доступ
This article describes the process of developing an information system for accounting of the material values of a small enterprise. The program is implemented in the environment of Borland Delphi 7. The user manual is also given.
Program, database, accounting, reports, filtering, building materials
Короткий адрес: https://sciup.org/140274814
IDR: 140274814
Текст научной статьи Designing information systems for sales and accounting of household appliances
Тауар есебін автоматтандыру реляционды деректер базасының бағдарламалық өнімін өңдеуді Borland Delphi бағдарламалау тілі арқылы іске атқару шешілді.
Borland Delphi ортасын шақырғаннан кейін ортаның жұмысын басқаратын алты негізгі терезе шығады:
-
- негізгі терезе;
-
- объектілер тармағының терезесі;
-
- объектілер инспекторының терезесі;
-
- броузер (көру) терезесі;
-
- формалар терезесі;
-
- программа кодының терезесі.
Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады. Бүл терезе экранда барлық уақытта болады жэне ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Delphi ортасының бас менюі, пиктографиялық командалық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан.
Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық керекті командалардан тұрады. Бас менюдің барлық опциялары екінші деңгейде ашылатын опциялар тақырыбын қамтиды.
Бас терезенің барлық элементтері арнайы панельдерде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары бар. Бас менюден басқа кез келген панельді терезеден алып тастауға болады.
Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басу жеткілікті. Бүдан кейін ашылған көме Run меню терезесінде барлық панельдердің аттары келтірілген жэне олардың статусы көрсетілген (жалаушалар). Олардың ішінен Customize-ды (настройка, баптау) таңдағаннан кейін баптау терезесі пайда болады. Енді қажет емес батырмаларды алып тастауға да болады, Сommands терезесіндегі тізімнен керекті батырмаларды таңдап, оны экранға тасып апаруға болады [1].
Borland Delphi ортасының 5-нұсқасынан бастап, үш жаңа интерфейстік элементтермен толықтырылған, олар Desktops тобында орналасқан. Осы инструменттердің көмегімен программист Borland Delphi -дің қалған терезелерінің орналасуының бірнеше варианттарын дайындап, оны түзету файлында сақтап қоюына болады. Әдетте екі немесе үш терезенің негізгі конфигурациясы таңдалынады: форма жасау режимі, кодтау режимі жэне отладка. Форма жасау кезінде экранда форманың өзі, обbектілер тармағы мен обbектілер инспекторы терезелері көрініп тұруы тиіс.
Терезелердің сэйкес өлшемі мен оны орналастырудың күйін келтіргеннен кейін, оны мысалы, «Design desk» деген атпен сақтауға болады. Кодтау режимін түзеткеннен кейін «Соde desk», отладкалық режимді «Debug desk» деген атпен сақтауға болады [2].
Компоненттер палитрасы - Borland Delphi ортасының ең басты байлығы болып табылынады. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан жэне онда керекті компонентті жылдам іздеуді қамтамасыз ететін ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, программист формалар терезесіне орналастыра алатын қандай да бір басқару элементін түсінеміз. Компоненттердің көмегімен программаның сүлбесі (каркасы) жасалады, жалпы жағдайда экранда көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі және т.б.
Батырмалар панелі тәрізді, компоненттер палитрасы да түзетіледі. Ол үшін арнайы редактор пайдаланылады, редактор терезесі компоненттер палитрасындағы кез келген пиктограммаға курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басқанда жэне Properties опциясын таңдағанда пайда болады.
Формалар терезесі Windows жобасы - болашақта программа жазатын терезе болып табылынады. Басында бүл терезе бос болады. Дэлірек айтсақ, ол Windows -дің интерфейстік элементтері үшін стандартты жүйелік менюді шақыру батырмаларынан, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан және тақырып жолынан түрады. Әдетте, терезенің жұмыс алаңы нүктелік координаталық тормен толтырылған, ол формадағы компоненттердің орналасуын реттеу қызметін атқарады (бүл нүктелерді алып тастау үшін Тооl/Еnvironment Орtions меню командаларының көмегімен, Рreferences қойымтасындағы Display Grid ауыстырып қосқышындағы жалаушаны алып тастау қажет) [2].
Объектілер инспекторы терезесінің кез келген беті екі бағанды кесте түрінде беріледі, сол бағанда қасиеттің немесе оқиғаның аты, ал оң жақта -қасиеттің нақты мэні немесе сэйкес оқиға өңдейтін қосалқы программаның аты болады.
Броузер терезесіндегі элементті тышқанмен екі рет белгілеу сэйкес обbектіні сипаттау үшін код терезесіне курсорды орналастырады немесе оны алғашқы сақтау кезінде орындалады. Аса күрделі емес оқу программаларын құруда броузер терезесін жауып қоюға болады. Броузер терезесін шығару үшін View Ехрlorer терезесін таңдаймыз.
Borland Delphi программалауда алғашқы қадамдар жасап жүргендер үшін ерекше тартымды. Бірнеше түйінді сөз үйреніп, Windows-та жұмыс
істеу дағдылар болса жеткілікті. Қолданбаның сыртқы көрінісін жасау үшін, Paint сияқты дайын объектілерді экранның керекті орнына жай ғана тасымалдап отыруға болады.
Borland Delphi программалау жүйесі Windows-тың барлық офистік қолданбаларына енгізілген, бұл жағдайда ақпараттық технологияға ойшыл, шығармашылық тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді [3].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
1. Delphi создаёт приложения Windows
https://library.by/shpargalka/belarus/programming/001/pro-034.htm 2001
-
2. Визуальная среда разработки Delphi 2009
-
3. Заключение комиссии по списанию материальных запасов Источник: https://analyzbuhuchet.ru/zaklyuchenie-komissii-po-spisaniyu-materialnyx-zapasov-skachat-akt-provodki.html
Список литературы Designing information systems for sales and accounting of household appliances
- Delphi создаёт приложения Windows https://library.by/shpargalka/belarus/programming/001/pro-034.htm 2001
- Визуальная среда разработки Delphi 2009 https://studbooks.net/2191214/informatika/uluchsheniya_novoy_versii
- Заключение комиссии по списанию материальных запасов Источник: https://analyzbuhuchet.ru/zaklyuchenie-komissii-po-spisaniyu-materialnyx-zapasov-skachat-akt-provodki.html