Функционалдық нан рецептураларын модельдеу және оңтайландыру: кешенді шолу

Нұрманова А.Д. Кизатова М.Ж. Шаймерденова Д.А. Абуова А.Б.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности

Статья в выпуске: 2 (152), 2026 года.

Бесплатный доступ

Салауатты тамақтану мен функционалдық тағам өнімдеріне деген қызығушылықтың артуы жағдайында нан өнімдері функционалдық қасиеттерді мақсатты түрде қалыптастыру үшін перспективалы объект ретінде қарастырылуда. Қазіргі заманғы тағам технологияларының дамуы рецептураларды эмпирикалық іріктеуден нан өнімдерінің құрамын модельдеу мен оңтайландырудың ғылыми негізделген әдістеріне көшуді талап етеді. Осы шолу мақаласының мақсаты — берілген технологиялық, тағамдық және тұтынушылық қасиеттерге ие функционалдық нан рецептураларын модельдеу мен оңтайландырудың заманауи тәсілдерін жүйелеу және талдау. Жұмыста функционалдық ингредиенттерді қолдануға, сондай-ақ рецептураларды модельдеудің математикалық, есептеуіш және data-driven әдістеріне байланысты зерттеулердің негізгі бағыттары қарастырылған. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы функционалдық нан рецептураларын модельдеудің қазіргі заманғы әдістерін кешенді түрде жинақтау және олардың артықшылықтары мен шектеулерін анықтаумен сипатталады. Практикалық маңыздылығы қарастырылған тәсілдерді болжамды қасиеттері мен тұрақты сапасы бар жаңа нан өнімдерін әзірлеу барысында қолдану мүмкіндігімен айқындалады. Зерттеу әдіснамасы халықаралық дерекқорларда индекстелген ғылыми жарияланымдарды талдау мен жалпылауға негізделген және жүйелік талдау, салыстырмалы талдау және жіктеу әдістерін қамтиды. Жүргізілген шолу нәтижесінде функционалдық нан рецептураларын модельдеу саласының дамуының негізгі үрдістері анықталды, сондай-ақ берілген функционалдық қасиеттерді қалыптастыруда математикалық оңтайландыру және компьютерлік модельдеу әдістерінің тиімділігі көрсетілді. Нан өнімдерін әзірлеу үдерістеріне цифрлық және интеллектуалдық технологияларды интеграциялаудың перспективалылығы туралы қорытынды жасалды. Зерттеудің құндылығы функционалдық нан өнімдерін модельдеу саласындағы болашақ зерттеулерге арналған ғылыми негіз қалыптастыруында. Алынған нәтижелердің практикалық маңызы оларды ғылыми зерттеулерде, білім беру үдерісінде және нан-тоқаш өнеркәсібінде қолдану мүмкіндігімен анықталады.

функционалдық нан \ рецептураларды модельдеу \ оңтайландыру \ функционалдық ингредиенттер \ нан өнімдері \ тағамдық құндылық

Похожие статьи в разделе Управление предприятиями, организация производства, торговли и транспорта

Влияние порошка столовой свёклы на реологические свойства ржаного теста и качественные показатели хлебобулочных изделий
Влияние порошка столовой свёклы на реологические свойства ржаного теста и качественные показатели хлебобулочных изделий

Родичева Н.В., Болтенко Ю.А., Мячикова Н.И., Зиновьева И.Г., Фролова Л.Н., Дерканосова А.А.

Короткий адрес: https://sciup.org/140315559

IDS: 140315559   |   УДК: 65.33.29   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2026-2-31-41