Тігін өндірісі бұйымдарына арналған құйылмалы металлды элементтерді жасау әдістерін зерттеу
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология текстиля и одежды, дизайн
Статья в выпуске: 3 (153), 2026 года.
Бесплатный доступ
Тігін өндірісінде фурнитура таңдауы бұйымның сапасына тікелей әсер етеді, бірақ қай материал қай жағдайда тиімді екені өндірісте көбінесе тәжірибе арқылы ғана анықталады. Осы жұмыста құйылмалы металл фурнитурасының дайындалу технологиялары мен киімдегі қолданысы қарастырылды. Болат, жез, титан, мырыш және қола механикалық беріктік, салмақ және коррозияға төзімділік бойынша өзара салыстырылды. Әрқайсысының тігін өндірісіндегі қолайлы және қолайсыз жақтары жеке сараланды: мысалы, жез өңдеуге жеңіл және арзан болса, титан жеңілдігі мен беріктігін ұштастырып, гипоаллергенді қасиетімен ерекшеленеді. Өндіріс кезеңдері: қалыпқа құю, механикалық өңдеу, штамптау, эмальдау, электролиздік қаптама және жылтырату өндірістік жабдықпен орындалу тұрғысынан талданды, қолданылған техника кестеде топтастырылды. Металды матаға бекіту кезінде туындайтын нақты мәселелер талшық зақымдануы, салмақ теңгерімінің бұзылуы, беттік ақаулар, қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздік өндірістік мысалдар арқылы айқындалды. Никель мен алтын тұнбасына негізделген гальваникалық қаптаудың тотығуға қарсы тиімділігі зерттеу барысында анықталды. Ұнтақты бояу гальваникамен салыстырылып, механикалық беріктік пен түс алуандығы жағынан артықшылықтары байқалды, бірақ жұқа қаптамаларда соққыдан жарылу тіркелді. Фурнитура таңдауда матаның түрін, бұйымның тағайындалу мақсатын және өзіндік құнды да ескеру қажет екені жұмыс барысында айқын болды.
Короткий адрес: https://sciup.org/140316625
IDS: 140316625 | УДК: 64.33.09 | DOI: 10.48184/2304-568X-2026-3-195-203
Исследование методов изготовления литых металлических элементов для изделий швейного производства
В швейном производстве выбор фурнитуры напрямую влияет на качество изделия, однако какой материал подходит для конкретных условий, на практике чаще всего выясняется методом проб. В данной работе рассмотрены технологии изготовления литой металлической фурнитуры и её применение в одежде. Сталь, латунь, титан, цинк и бронза сравнивались по механической прочности, массе и коррозионной стойкости. Преимущества и недостатки каждого материала в условиях швейного производства разбирались отдельно: латунь проста в обработке и доступна по цене, тогда как титан сочетает лёгкость и прочность, отличается гипоаллергенными свойствами. Производственные этапы литьё в форму, механическая обработка, штамповка, эмалирование, электролитическое покрытие и полировка рассматривались с точки зрения выполнения на производственном оборудовании; применяемая техника систематизирована в таблице. Практические трудности, возникающие при закреплении металла на ткани, повреждение волокон, нарушение весового баланса, поверхностные дефекты, несоответствие требованиям безопасности разобраны на производственных примерах. Эффективность гальванического покрытия на основе никеля и золота против окисления была установлена в ходе исследования. Порошковая окраска сравнивалась с гальваникой: выявлены преимущества по механической прочности и цветовому разнообразию, однако на тонких покрытиях зафиксировано растрескивание при ударных нагрузках. В процессе работы стало очевидно, что при выборе фурнитуры наряду с техническими характеристиками материала необходимо учитывать тип ткани, назначение изделия и себестоимость.
Research into methods of manufacturing cast metal elements for garment production
In garment production, the choice of fittings directly affects product quality, yet which material works best in a given situation is most often worked out through hands-on experience. This paper examines the manufacturing technologies of cast metal fittings and their application in clothing. Steel, brass, titanium, zinc and bronze were compared by mechanical strength, weight and corrosion resistance. The advantages and drawbacks of each material in garment production were reviewed separately: brass is easy to work with and inexpensive, while titanium combines low weight with high strength and stands out for its hypoallergenic properties. The production stages mould casting, machining, stamping, enamelling, electroplating and polishing were analysed in terms of execution on industrial equipment, and the machinery used is set out in a table. Practical problems encountered when attaching metal to fabric fibre damage, weight imbalance, surface defects and failure to meet safety requirements were examined through production examples. The corrosion resistance of nickeland gold-based electroplating was established during the study. Powder coating was compared with electroplating: advantages in mechanical strength and colour range were identified, though cracking under impact was recorded on thin coatings. The work showed that when selecting fittings, fabric type, intended use of the garment and unit cost must be taken into account alongside the technical properties of the material.
Текст научной статьи Тігін өндірісі бұйымдарына арналған құйылмалы металлды элементтерді жасау әдістерін зерттеу
Тігін өнеркәсібінде бұйымның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі тек матаның қасиетімен емес, қолданылатын металл фурнитурасының (карабиндер, люверстер, ілгектер, арнайы бекіт-кіштердің) сенімділігімен де байланысты. Зама-науи киімде металл элементтері жай қосымша бөлшек емес, кейде бұйымның конструктивті бөлігін де құрайды. Бірақ тігін кәсіпорын-дарының көпшілігі әзірше дайын импорттық фурнитурамен жұмыс жасаумен шектеледі, бұл бірегей дизайн жасауды қиындатады және са-паны өз бетімен бақылауға мүмкіндік бермейді.
Соңғы жылдары трансформацияланатын киімдерге сұраныс өсті, бұл фурнитураға қойы-латын талаптарды өзгертті. Металл бөлшектері енді тек бекіту қызметін атқармайды, олар пішінді реттейді, конструктивті шешімді ай-қындайды. Алайда металды киімге енгізу бір-қатар нақты мәселелер тудырады. Қорытпаның физикалық сипаттамаларын ескермей жасалған фурнитура шамадан ауыр болып шығады, мата талшықтарын зақымдайды немесе терімен жанас-қанда аллергия тудырады [1, 2]. Қаптама сапасы төмен болса, жуу кезінде металл тотығып матаны бояйды. Осы мәселелерді шешу үшін жеңіл, берік және өлшемі дәл келетін құйылмалы элементтер жасаудың технологиялық режимдерін нақтылау қажет.
Зерттеу шарттары мен әдістері
Зерттеу жұмысы барысында жез, болат, мырыш қорытпасы, алтынмен және никельмен қапталған фурнитура үлгілері нақты мата үлгі-леріне енгізіліп, бекіту тәсілдерінің тиімділігі тексерілді. Қашау, эмальдау, электролиздік қап-тама және жылтырату сияқты безендіру техно-логиялары эстетикалық сипаттамалары жағынан бағаланды, беріктік көрсеткіштері визуалдық тексеру арқылы анықталды.
Жұмыста екі ғылыми әдіс кешенді түрде пайдаланылды. Салыстырмалы-талдау әдісі металл материалдарының техникалық сипатта-маларын өзара салыстыруға мүмкіндік берді. Жүйелеу әдісі арқылы бекіту тәсілдері мен безендіру технологиялары кестелік түрде жік-телді. Алынған барлық деректер кестелер мен суреттер арқылы көрнекі жүйеге келтірілді. Металл элементін таңдауда оның киімнің негізгі матасымен үйлесімділігі шешуші рөл атқарады. Бөлшектің өңі мен фактурасы матаның немесе терінің түріне сәйкес болуы тиіс. Мақта, жібек, зығыр сияқты жұмсақ табиғи талшықтардан тігілген киімге нәзік, жеңіл пішінді элементтер қолайлырақ. Ал былғары немесе синтетикалық матадан жасалған бұйымдарда металл бөлшек-терінің фактурасы мен түсі айқынырақ, ірілеу таңдалуы мүмкін. Металл элементтері тек бекіту қызметімен шектелмейді, олар бір мезгілде киім-нің сыртқы сипатын да айқындайды [3]. Осы себепті әрбір элемент конструктивті мақсатын да, эстетика-лық рөлін де бірдей орындайтындай етіп жобалануы керек. Жалпы қағида мынадай: металл бөлшегі бекіту, пішінді өзгерту немесе жаңа бөлшек қосу міндеттерінің кемінде біреуін нақты атқаруы тиіс. Трансформацияланатын киімдерде металл элементтері ерекше маңызға ие. Бөлшектерді бекіту немесе алып тастау арқылы бұйымның сыртқы пішінін өзгертуге болады, бір киімнен бірнеше образ жасау осы принципке негiзделедi. Металл ыгектер, сырFы-малар немесе бекiтпелер арцылы киiмнiц узын-дығы, көлемі немесе силуэті реттелсе, бұйымның функционалдыц мYмкiндiктерi айтарлыцтай кец-ейедi. Металл тYрлерiнiц цасиетгерi:
-
— Қола тарихи және этникалық стильдегі буйымдарда цолданылады. ТYЙмелер мен тут-қалар өзіндік сипат береді, бірақ ылғал ортада тотыFуFа бейiм — жуу режимiн ескеру цажет;
-
— Жез тiгiн ендiрiсiнде жиi цолданы-лады: жiцiшке илемделедi, баFасы цолже-тiмдi, бет жылтырын узац сацтайды [4]. Орташа коррозия төзімділігі бар, тікелей ылғалға ұзақ турса тотыFады;
-
— Болат пен темiр жYктеме мол жер-лерде — белдiктер, семке тутцалары — пайдаланы-лады. Берік және ұзақ қызмет етеді, салмағы
ауырлау болғандықтан жіңішке маталарда цолданысы шектеулi;
-
— Титан жеңіл де берік, қышқылға және тотығуға төзімді, терімен жанасқанда аллергия тудырмады — сынацта расталды. Кемшiлiгi: ендеуi кYрделi, баFасы жоFары;
-
— Мырыш жецл жэне арзан, бiрац соццы-дан тез зақымдалады, жүктеме мол жерлерге жарамайды [5];
-
— Никель берік, тот баспайды. Алайда сынақта бірнеше адамда жанасу дерматиті байцалды, терi сезiмталдыFы бар тутынушы-ларFа арналFан буйымдарда сацтыц керек;
-
— Алтын мен күміс жоғары сапалы аксессуарларда қолданылады. Бағасы жоғары, бірақ тотықпайды және сыртқы сапасы ұзақ сацталады (кесте 1).
Кесте 1. Металлды элементтердщ цуйылу жолдары мен цурал-жабдыц турлер1
|
Жумыс Ke3engepi |
Курал-жабдыктар |
Колданылуы |
Мысалдар |
|
Куйылу эдю1 (форманы дайындау, металды ергту, құю, қалыптан шыFару) |
Кую жабдыFы Ж'Ж |
Металды цалыпца кую ушш пайдаланылады |
Кум цалыптар Болат цалыптар Арнайы цую ыдыстары |
|
Балцыту пештер1 |
индук циялыц пешт ер <Ш* |
Металды суйыц куйге келт1ру уш1н жоFары температураFа дей1н цыздыруFа арналFан |
Электр пештер1 Газды пештер Индукциялыц пештер |
|
Механикалыц ецдеу (фрезерлеу, токарлыц ецдеу, бурFылау) |
Фрезерл1 к ста ноктар |
Металдыц шшшш ецдеу, бетшщ тепстйш цамтамасыз ету ушш пайдаланылады |
Колданбалы фрезерлш станоктар CNC фрезерлш станоктар Токарлыц станоктар |
|
Штамптау |
Штамптау пресс1 |
Жуца металдарды цию, ширату, илемдеу ушш пайдаланылады |
Штамптау пресстер1 Гидравликалық пресстер жоFары цысымды |
Кестеде фурнитура жасауда пайдаланы-латын жабдықтар мен олардың атқаратын қызметі топтастырылған. Әрбір жабдық өндіріс процесінің белгілі бір кезеңіне сай таңдалады жэне фурнитураныц сапасын тiкелей айцын-дайды.
Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау
Металл белшектерiн безендiру т9сiлдерi. Дайын металл фурнитурасына сыртқы өңдеу жасаудыц бiрнеше T9сiлi бар:
-
1. Кашау - металл бетiне ернек немесе жазу түсіру тәсілі. Түймелер мен декоративтік
-
2. Эмальдау - металл 6emiHe тYрлi TYcmi эмаль жағу арқылы ерекше безендіру жасау. Аксессуарлар мен сәндік фурнитурада кеңінен таралFан.
-
3. Электролиздiк каптама - металл бетiне алтын, күміс немесе өзге материалдың жұқа қабатын электролиз арқылы жағу. Бөлшектің беріктігін арттырады, коррозиядан қорғайды жэне сырткы жылтырын жаксартады [7,8].
-
4. Жылтырату - беттiк кабатын Yйкелей отырып, металл бетіне айнадай жылтыр беру. Беттiк кабаттыц сапасын арттырады.
туткаларда жиi пайдаланылады, буйымFа дара-лык сипат бередi [6].
Гальваникалык каптау - электр тогыныц көмегімен бір металдың бетіне басқа металдың жука корFаныш-декоративтiк кабатын кондыру процесi. Тiгiн eндiрiсiнде жез, болат жэне ЦАМ (цинк, алюминий, мырыш) корытпасынан жасалған фурнитураны тотығудан қорғау, оларға алтын, күміс немесе хром жылтырын беру және матаның боялып кетуін болдырмау максатында кецiнен колданылады. Процесс электролиз заңына сәйкес арнайы ванналарда жүзеге асырылады. Ванна ішіне қаптайтын металдың тұздары бар ерітінді электролит құйылады. Теріс полюске қапталуы тиіс бұйым жалғанады, оң полюске қаптайтын металдың өзі таза алтын, күміс немесе никель пластинасы бекiтiледi [9]. Ток берыгенде анодтаFы металл атомдары ерітіндіге өтіп, катодта бұйым бетінде біртекті қабат түрінде шөгеді. Тігін өндірісінде мақсатқа қарай гальваниканың төрт негiзгi TYрi колданылады:
-
1. Никельмен каптау - ец кецiнен тараFан тэсы. ФурнитураFа акшыл-сур немесе айнадай жылтыр сыртқы түр береді, коррозияға тeзiмдiлiгi жоFары.
-
2. Алтынмен каптау - премиум жэне эксклюзивтi буйымдарFа арналFан. 999 сына-малы алтынның өте жұқа микроқабаты жаFылады. ^араймайды, тотыкпайды.
-
3. КYмiспен каптау - фурнитураFа асыл ақ реңк береді. Декоративтік маңызы жоғары, алайда ауадағы күкіртпен реакцияға түсіп, уакыт ете сэл карайуы мYмкiн - буны болдыр-мау Yшiн Yстiнен корFаныш лак жаFылады.
-
4. Хроммен каптау - механикалык берiк-тігі ерекше жоғары. Спорттық немесе әскери киімдердің, сөмкелердің жиі үйкеліске түсетін белiктерiне тиiмдi.
Тiгiн ецдiрiсiне арналFан металл элемент-терiн каптау тэсiлдерi. ¥сак жэне кYрделi пішінді киім бөлшектерін жаппай қаптауда екі технологиялык тэсы колданылады. Аспалы тэсы iрi, нэзiк немесе авторлык фурнитуралар арнайы ілгектерге қолмен ілінеді. Жабынның мінсіз біркелкілігін қамтамасыз етеді, бірақ өнімділігі салыстырмалы түрде төменірек. Барабанды тэсы мыцдаFан усак белшектер, люверстер, кішкентай ілгектер тор көзді айналмалы барабанFа бiрге салынады [10, 11]. Барабан ваннада айналFан кезде белшектер бiр-біріне үйкеле отырып, барлық қуыстарына дейін біркелкі қапталады. Тігін фурнитурасы өндірісінде бұл ең тиімді және үнемді тәсіл болып табылады. Гальваниканыц тiгiн ендiрi-сiндегi мацызы. Тiгiн практикасында гальваниканыц кажеттiлiгi накты жаFдайлардан туын-дайды. Тәжірибеде анықталғаны: қапталмаған болат немесе мырыш қорытпасынан жасалған фурнитура терімен тікелей жанасқанда кейбір адамдарда металдық дерматит пайда болды. Никель немесе алтын қаптамасы бұл мәселені едәуір төмендетті. Сонымен бірге, қапталмаған металдар жуу кезінде тотығып, ақ немесе жеңіл маталарда сары-жасыл дак калдырды, бул өндірісте жиі кездесетін ақау(сурет 1) Беріктік жағынан қарағанда, электролиз арқылы қонған кабат матамен жиi YЙкелiске TYсетiн фурни-тураны (сыдырма, ілгек, люверс) мүжілуден сақтап, қызмет мерзімін айтарлықтай ұзартады.
Сурет 1. 999 сынамалы алтын белшектер1 мен калий (МЕМСТ 4207-75) жэне натрий унтаFы коспасы
Ұнтақты полимерлі бояу - металл фурни-тураның бетіне арнайы құрғақ ұнтақты электр өрісі арқылы бүркіп, жоғары температурада балқыту арқылы берік полимерлі қабат түзу технологиясы. Тігін өндірісінде бұл тәсіл айылбастар, металл түймелер мен ілгектерге RAL палитрасы бойынша кез келген қанық түс беру, оларды сырылудан қорғау және химия-лық әсерлерге төзімді ету үшін пайдаланылады. Металл фурнитурасын жасауда 3D баспа мен лазерлік кесу технологиялары дәстүрлі өндір-іске жаңа мүмкіндіктер қосты. Бұл тәсілдер күрделі пішіндерді жоғары дәлдікпен шығаруға мүмкіндік береді, құю немесе штамптау ар-қылы мұндай нәтижеге жету қиын болар еді. Жаңа жеңіл қорытпалар бөлшектердің салма-
ғын азайтады, бұл киімді кигенде ыңғайлырақ сезіледі.
Ұнтақты бояу технологиясы. Бояу алдын-да металл бетін дайындау - ең маңызды кезең. Майсыздандырмаған немесе дұрыс кептіріл-меген бетке жағылған бояу ерте тіліне бас-тайды, бұны өндірісте бірнеше рет байқадық. Электростатикалық бүрку барысында ұнтақ оң зарядталып, теріс тұйықталған фурнитура бе-тіне тартылады - бұл физикалық принцип күрделі пішінді бөлшектердің де барлық қуыстарын біркелкі қаптауға мүмкіндік береді. Жез фурнитура үшін 185-190°C температурада 20 минут балқыту жеткілікті болды; жұқа металдарда уақытты азайтқан дұрыс, әйтпесе пішін өзгеруі мүмкін [12,13] (сурет 2).
Сурет 2. Лазерлік кесу арқылы формаланып, ұнтақты бояумен қапталған жез
Ұнтақты бояудың тігін фурнитурасы үшін бірнеше нақты артықшылығы байқалды. Түс таңдауда мүмкіндіктер кең RAL палитрасы бойынша матаға дәл сай реңк алуға болады, шагрень немесе муар текстурасы да беріледі, бұны гальваникамен жасау мүмкін емес. Құрамында еріткіш болмағандықтан жұмыс барысында иіс сезілмеді, бояушылар үшін жұмыс жағдайы жеңілдеді. 30 жуу циклінен өткен үлгілерде бояу өңбеді, сыпырылмады. Сонымен қатар, полимер қабаты металдың өткір жиектерін жауып қалады — сынақта бұл маталардағы талшық зақымдануын азайтты, дәл қанша пайызға екенін өлшемедік, бірақ айырмашылық байқалды.
Кесте 2. Ұнтақты бояудың гальваникадан айырмашылығы
|
Сипаттамасы |
Гальваникалық қаптау |
Ұнтақты полимерлі бояу |
|
Сыртқы түрі |
Металдық жылтыр береді (алтын, күміс, хром, қола) |
Кез келген түсті (қызыл, көк, қара т.б.), күңгірт немесе жылтыр қабат береді |
|
Қабаттың қалыңдығы |
Өте жұқа, микрондармен өлшенеді, металдың нақышын жоғалтпайды |
Қалыңдау келеді, металдың ұсақ ақауларын жасыра алады |
|
Қорғаныс деңгейі |
Тотығудан жақсы қорғайды |
Соққыға, сырылуға және механикалық деформацияға өте төзімді |
Металл элементтерін тігу кезіндегі тех-нологиялық қиындықтар. Металл фурнитура-сымен жұмыс істеу тігін шеберлерінен арнайы дағды мен сақтық талап етеді.
-
1. Материалдың қаттылығы. Қатты ме-талдан жасалған бөлшектерді матаға бекіткен-де тігу жұмысы қиындайды. Ине металл бетіне тіреліп кетіп, жіп үзіледі немесе тігіс бұзылады;
-
2. Жабдыктыц за^ымдалуы. Металл эле-MeHTTepiMeH жумыс кeзiндe miriH машинасы-ның инесі жиі сынады, ал жіп тозады. Бұл өндірістік тоқтаулар мен қосымша шығындарға алып кeлeдi;
-
3. Бepiктiк M9сeлeсi. Кeйбip металл бөлшектері матамен бірігу нүктесінде шамадан тыс қысымға ұшырайды. Нәтижесінде бекіту орны нашарлап, бөлшек сынуы немесе матадан бeлiнiп калуы MYMкiн [14].
Киiмдi ашып-жабу, бeлшeктepiн 6ipik-тіру, силуэтті өзгерту, осылардың барлығы металл элeмeнттepiнiц KOHCTpyKTUBTik MYMкiн-діктеріне негізделеді. Металл элементтерін киімге енгізуде қауіпсіздік мәселесі ескерусіз қалмауы тиіс. Өткір жиектерді міндетті түрде тегістеу, беттік өңдеудің сапасын бақылау және элементтің ыңғайлылығы, осы үш шарт бірге оpындалFанда Fана фурнитура киiмнiц функ-ционалдылығына кері әсер етпей, пайдасын бepeдi [15].
Металл фурнитурасын жобалаудыц не-гізгі тәсілдері. Металл элементтерімен жұмыс жасаудың өзіндік күрделіліктері болғанымен, оларды дұрыс қолданса киімнің сапасы мен функционалдыFы артады. Модульдiк жYЙeдe металл бeлшeктepi бip-бipiмeн оцай жалFа-сатын және бөлінетін етіп жасалады. Түймелер, ілгектер немесе тізбектер арқылы киімнің жеке бeлiктepiн алмастыpуFа MYMкiндiк туады [16]. Нәтижесінде бір бұйымнан бірнеше образ жасауFа болады. С9ндiк колдану T9сiлiндe металл бөлшектері киімнің визуалдық сипатын айкындайды. Инкрустация, гравирлеу, эмаль-дау немесе түсті қаптама арқылы өңделген элементтер б¥ЙымFа бipeгeйлiк бepeдi (кесте 3).
Кесте 3. Металлды элементтерд1ц турлер1
|
Металлды элементте |
р |
Материал атауы және қолданылуы |
Құрал-жабдықтар |
|
Қорғасыннан жасалған элемент бұйымдарды әрлеу мақсатында колданылады |
Металлды куюFа аpналFан жабдык |
||
|
Никельмен қапталған қорғасыннан жасалған элемент бұйымдарды әрлеу максатында колданылады |
Металлды каптауFа арналган ванна |
||
|
|||||^^ |
Алтынмен қапталған қорғасыннан жасалған элемент бұйымдарды әрлеу максатында колданылады |
Гальванизациялау аппараты |
|
|
■kJ |
Алтынмен қапталған және эмальмен әрленген қорғасыннан жасалған элемент бұйымдарды әрлеу мақсатында колданылады |
пг Гальванизациялау аппараты |
|
|
Жезден лазерлік станок арқылы кесіліп унтакты бояумен капталFан элемент |
Пульверизатор |
||
Металл фурнитурасын матаға бекітудің бірнеше тәсілі бар. Тәсіл таңдауда фурни-тураның конструкциялық ерекшелігі, матаның тығыздығы мен құрылымы, сондай-ақ бұйым-ның жалпы дизайны бірлесе ескеріледі. Тігу арқылы бекіту жұмсақ маталармен жақсы үйлеседі, ал шегелеу немесе клипстеу тығыз,
Кесте 4. Металлды элементтерді бұйымда қолдану түрлері
қалың материалдарда, былғары мен джинсада кеңінен қолданылады. Дұрыс таңдалған бекіту тәсілі бұйымға беріктік пен эстетикалық тұтастық бере отырып, металл бөлшегінің функционалдық және сәндік міндеттерін бір мезгілде орындауын қамтамасыз етеді (кесте 4).
Қолданылатын фурнитура
Люверс
Металды бекітпелер
Металды ендірме
Бұйымда қолдану түрлері 1
Тігін бұйымдарында құйылмалы металл элементтерін пайдалану - бұл жай безендіру шешімі емес, дұрыс таңдалған фурнитура киімнің пішінін реттейді, конструкциясын нығайтады және трансформацияланатын мүм-кіндіктерін кеңейтеді. Металл бөлшектерінің өлшемі мен реңкін таңдауда киімнің стилдік бағыты шешуші рөл атқарады, мысалы, классикалық немесе минималистік бұйымдарда нәзік, ұсақ фурнитура қолайлы болса, спорттық немесе авангардтық стильде ірі, айқын металл элементтері бұйымның сипатын күшейте түсе-ді. Металл бөлшектерін дұрыс орналастыру арқылы дизайнер киімнің визуалдық ауырлық орталығын белгілей алады, бұл киімді кигенде оның жалпы ансамблін тиімді ұсынуға мүмк-
індік береді. Осы жолмен жасалған бұйым бір мезгілде функционалды да, сәнді де бола алады.
Қорытынды
Жүргізілген сынақтардың нәтижесі бой-ынша жез фурнитура тігін өндірісі үшін оңтай-лы материал болып шықты: оңай өңделеді, бағасы қолжетімді, орташа коррозия төзімділігі бар. Титан жеңіл де берік, бірақ бағасы жоғары болғандықтан жаппай өндіріске сирек қолда-нылады. Никель қаптамасы сынақта ең тиімді тотыққа қарсы қорғаныс көрсетті, ақ маталарда тіпті 20 жуудан кейін де дақ қалдырмады. Ұнтақты бояу ашық түстер беруде гальвани-кадан асып түседі, алайда жұқа қаптамалары бар фурнитурада соққыдан жарылу байқалды.
Бекіту тәсілін таңдауда матаның тығыз-дығы шешуші рөл атқарды: жұмсақ маталарда тігу тәсілі жіп үзілуіне соқтырды, ал шегелеу мен клипстеу тығыз маталарда сенімдірек жұмыс істеді. Гальваникалық қаптау тотығудан жақсы қорғап, никель мен алтын тұнбасы металдың матаға дақ қалдыруын болдырмады, сынақ барысында аллергиялық реакция тіркел-меді. 3D баспа мен лазерлік кесу күрделі пішін-дерді дәлірек шығарып, дәстүрлі құю арқылы жасауға қиын бөлшектер осы тәсілмен сәтті өндірілді. Жеңіл қорытпалар бөлшек салмағын азайтты, бұл кигенде байқалды. Тігу, клипстеу, шегелеу, қабаттастыру және ілмектеу тәсілдері жеке сыналды, тәсіл дұрыс таңдалмаса мата зақымдалады немесе бекіту нүктесі бұйымның келбетін бұзады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Абуталипова Л.Н., Хайруллина Л.Г., Инновации в производстве изделий лёгкой промышленности : учебник / Л. Н. Абуталипова [и др.]. Старый Оскол : ТНТ, 2018. — 424 с.
-
2. Александров В.М. Материаловедение и технология конструкционных материалов. Учебное пособие. Часть 1. Стандарт третьего поколения / В.М. Александров. – Архангельск: Северный (Арктический) федеральный университет, 2015. – 327 с.
-
3. ГОСТ 15470-70 Фурнитура для изделий кожевенно-галантерейной, текстильно-галантерейной, обувной и швейной промышленности. Термины и определения.
-
4. Морозова Е.А., Горячева Д.Д., Тен А.Ю. Использование латуни в ювелирном деле // Актуальные исследования. 2021. №50 (77). С. 15-18.
-
5. Прикладное материаловедение : Металлы и сплавы : учебное пособие / Э. И. Денисова, В. В. Карташов, В. Н. Рычков. — Екатеринбург : Изд-во Урал. ун-та, 2018. — 216 с.
-
6. Тугоплавкие сплавы для новой техники О.Г. Оспенникова, Ю.В. Столянков // Электронный
научный журнал «Труды ВИАМ». 2016. № 10 (46). С. 55–64.
-
7. ГОСТ 9.302-88 «Единая система защиты от коррозии и старения. Покрытия металлические и неметаллические неорганические.
-
8. ГОСТ 28943-91 фурнитура для изделии легкой промышленности
-
9. Применение металлических материалов для изготовления ювелирных и художественных изделий: учебное пособие/ Д.В. Закамов, Е.А. Морозова, В.С. Муратов. - Самара: Самар. гос. техн. ун-т, 2021. -130 с.
-
10. Yizhu Hou, Xinfang Zhang, Wei Wu, Ting Zhang, Pingxing Chen, Zhijiao Deng. Controlling the Surface Roughness of Surface-Electrode Ion Trap Based on Micro-Nano Fabrication. Coatings 2021, 11 (4) , 406. (Микро-наноөндіріс негізінде беттік электродты ион бетінің Кедір-бұдырлығын бақылау. Жабындар)
-
11. Xiaowen Sun, Xinyue Zhang, Xuze Guan, Wei Wang, Jiayan Luo. Revisiting the Electroplating Process for Lithium‐Metal Anodes for Lithium‐Metal Batteries. Angewandte Chemie 2020, 132 (17) (Литий батареяларына арналған металл процесін қайта қарау.)
-
12. Xiaowen Sun, Xinyue Zhang, Qingtao Ma, Wei Wang, Jiayan Luo. Revisiting the Electroplating Process for Lithium‐Metal Anodes for Lithium‐Metal Batteries. Angewandte Chemie International Edition 2020, 59 (Литий батареяларына арналған металл анодтары)
-
13. Гусев А.И., Кибко Н.В., Попова М.В., Козырев Н.А., Осетковский И.В. Структура и свойства наплавленных слоев, полученных с применением порошковых проволок. //Вестник горнометаллургической секции Российской академии естественных наук. Отделение металлургии. 2016. Вып. 36. -С. 174 – 181.
-
14. ГОСТ 29150-2001 Фурнитура для изделий легкой промышленности. Методы контроля.
-
15. Костина, Е. П., Иванова, Т. В. (2022). Металл и текстиль: инновации в использовании металлизированных материалов. — Санкт-Петербург: Легкая промышленность.
-
16. Туханова В.Ю., Тихонова Т.П. Инженерное конфекционирование материалов для швейных изделий [Текст] // Международный журнал экспериментального образования. – 2016.– № 9.– С.105-109.