Тоыма кілем бйымдарыны жану рдісін зерттеу
Автор: Сихимбаева М.Т., Кенжибаева Г.С., Ердем Р.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология текстиля и одежды, дизайн
Статья в выпуске: 2 (144), 2024 года.
Бесплатный доступ
Қазіргі кезде синтетикалық кілем бұйымдары тұрмыстық жағдайда кең қолданыс тапқан, сонымен қатар техникалық сипаттамалар бойынша олар табиғидан біршама ерекшеленеді. Беріктігі жоғары, шіруге икемділігі жоқ, түстік гаммасы ауқымды және өзіндік құнының төменділігіне байланысты. Синтетикалық кілем бұйымдарының көпшілігі қасында тұрған заттар мен басқа да бұйымдардың тұтануына оттың жылдам жануына септігін тигізеді. Өрт көзін тудыратын сіріңке, темекі, қысқаша тұйықталу және абайсызда өрт туындау жағдайлары. Зерттеудің негізгі мақсаты ЖШС «Бал Текстиль» өндіретін синтетикалық тоқыма кілем бұйымдарының жану және тұтану әдістерін бағалау. Зерттеу нысаны: полимер талшықарының тұтануы, тоқыма материалдарының полипропилендік модифицирленген термоқышқылдық деструкция үдерісінің өрт қауіпсіздігі қасиеттеріне байланысты. ЖШС «Бал Текстиль» Heat Set жіптерінің әр түрлі тығыздығы мен түгінің ұзындығына қарай, синтетикалық кілем бұйымдарының жану үдерісін зерттеу жүргізілген болатын. Негізгі жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша кілемнің түгі биік болған сайын жану деңгейі де жоғары болады. Кілем жанған кезде ериді, ал түсі қара қоймалжың сұйықтық түрінде болады. ЖШС "Бал Текстиль" синтетикалық кілем бұйымдарына жүргізілген зерттеудің құндылығы олардың негізінде өндірілетін материалдардың жану (тұтану) деңгейін өңдеу талаптары мен өрт қауіпсіздігін төмендету арқылы оны тәжірибеде қолдану.
Синтетикалық кілемдер, полипропилен, жану, тұтану, тоқыма материалдары
Короткий адрес: https://sciup.org/140305881
IDR: 140305881 | DOI: 10.48184/2304-568X-2024-2-155-164
Текст научной статьи Тоыма кілем бйымдарыны жану рдісін зерттеу
ӘОЖ 64.29.33
Кіріспе
Полипропилен өндірісте маңызы бар, ең алғашқы синтетикалық стереореттегіш полимер [1], қазіргі уақытта техникалық мақсаттар үшін ең жылдам дамып келе жатқан талшық болып табылады, негізгі сипаттамаларына төмен құндылығымен қатар үзілу беріктігі жоғары, соңғы 10 жыл ішінде шамамен тұрақты өсімі 1 жылда 5 % құрады. 1999 жылы полиолефин талшықтарының әлемдік тұтынуы 5,5 миллион тоннадан асты және әлемдік синте-тикалық талшықтар өндірісінің 18% құрады [2, 3]. Полипропилен талшықтары киімде, жиһаз қаптамасында, еден жабындарында, гигиеналық медициналық, геотекстильде, автомобиль өнеркәсібінде, автомобиль тоқыма бұйымдарында, әртүрлі үй тоқыма бұйымдарында, тұсқағаздарда және т.б. кеңінен қолданылады [4]. Яғни, жеңіл және тоқыма өнеркәсібінде жоғары технологиялық прогрестің іске асуы синтетикалық талшықтардың пайда болуы болды.
Полипропилен талшықтарының тоқыма материалдарында қолданылуының себебін олардың төмен құны, жеңіл өңдеу қабілеті, төмен тығыздығы, жоғары беріктігі және тамаша химиялық төзімділігі ретінде қысқаша сипаттауға болады. Алайда, талшықтардың төмен полярлығы, ультракүлгін сәулеленуге төзімділігі және төмен термиялық тұрақтылығы сияқты кемшіліктері бар [5,6]. Екінші жағынан, полипропилен талшықтары шикізат ретінде пайдаланылатын кейбір арнайы тұты-нудағы жоғары механикалық беріктігі, отқа төзімді, электр өткізгіштік (антистатикалық), ластануға қарсы қасиеттер (немесе өзін-өзі тазарту), ультракүлгін сәулеленуге төзімділік сияқты талшықтың қосымша қасиеттері қажет болуы мүмкін. Полипропилен тоқыма бұйымдарының қасиеттері мен функцияларын жақсартуға бағытталған әртүрлі зерттеулер әлі де жүргізілуде [7,8]. Дегенмен полипропилен талшықтары көптеген тамаша қасиеттерге ие, жоғары жанғыштық әлі де оның одан әрі қолданылуы мен дамуын шектейді [9,10]. Оның оттегінің шекті индексі (LOI) шамамен 18% құрайды [11]. Полипропилен жанған кезде ыдырау өнімдері де жанғыш болып табылады және балқытылған тамшылардың көп мөлшері пайда болады, бұл өрттің тез таралуына әкеледі [12-16]. Сондықтан, ЖШС "Bal Tekstil" синтетикалық кілем бұйымдарының негізге ала отырып ең тиімді әдістерін бағалау тұтану және жану процесінің мақсатын зерттеу болды.
Негізі кілем жамылғысы латекспен жабыстырылған екі қабаттан тұрады (оларды әдетте бастапқы және екінші негіздер деп атайды). Біріншісі қалың синтетикалық матадан (капролактамнан) жасалады, оған түктің талшықтары өріледі. Ары қарай оған латексті жағып, кейін екінші негізді қысады, түктің қатырылған орнын жабады және кілем жабындысынң теріс жағын түзеді. Екінші негіз ретінде қандайда бір серпімді синтетиканы немесе киізді, бірақ көбінесе табиғи немесе жасанды жұт қолданылады, көпіршіктенген немесе кесілген латекс пайдалануға да болады. Әдетте жасанды джут суға төзімді: ол ісінбейді, шірімейді, деформацияға ұшырамайды және шуымайды. Бір қабатты кілем жабындысының екі қабатты кілем жабынды-сынан айырмашылығы түктің мынадай маңызды сипаттамасын береді, ол серпімділігі, дыбыс пен жылу оқшаулағыштығы, тозуға төзімділік, отырғызуға және сырғанауға қарсылық жасайды [17].
Негізгі талшықтар болып күрделі химиялық зат пропилен болып табылады, мұнай қалдықтарын өңдеу арқылы түйіршік түрінде болады. Дайындау әдісіне байланысты полипропилен талшықтарын (жіп) дайындау үш түрде болуы мүмкін [18]:
БЦФ - экструдер машинадан алынған бірінші талшық (түйіршіктерді майдалау үшін арналған машина). Ол термиялық өңдеуден өтпейді. Оны тек бобинаға орау арқылы созады. Мұндай талшықты арзан кілем жасау үшін пайдаланады. BCF жіптен жасалған кілемдердің қызмет ету мерзімі 3 жылдан 7 жылға дейін пайдалану қарқындылығына байланысты өзгеруі мүмкін. Хит-Сет - сыртқы түрі бойынша табиғи кілемдерге барынша жақындатылған синтетикалық кілемдерді жасау үшін пайдаланылады. Бұл талшықтан жасалған кілемдер жүнге өте ұқсас. BCF Жіпті алу үшін термиялық өңдеуден өткізеді, созады және өз осінің айналасына бұрайды. Қаншалықты иіру көп болса, талшық соншалықты сапалы болады, демек кілем соншалықты қымбат болады. Хит Сет талшығын BCF талшығымен салыстыратын болсақ пайдалану уақты біршама ұзағырақ болады. Хит-Сет полипропилен талшығынан жасалған кілем оны пайдалану қарқындылығына байланысты 5 жылдан 10 жылға дейін қызмет етеді. Фризе -Хит-сет талшықтарын одан әрі өңдеудің нәтижесі. Ол үшін екі Хит Сет жіптері иіріп, одан кейін оларға Z және S пішінді бұйымдар түрін береді және алынған талшықты өте жоғары ылғалдылық пен температура жағдайында өңдейді. Екі иірілген жіпке механика-термиялық өңдеу беріп талшықты жүнге ұқсатады, ал иірім жіптің өзі «бұйра» қасиетке ие болады. Фризе талшығының диаметірі біршама қалыңдау, Хит Сет талшығына қарағанда және серпімділігі біршама жоғары түстерді араластыру арқылы біршама қанық түс аламыз.
Синтетикалық кілемдердің 90% полипропилен талшықтарынан алынады.
“Bal Tekstil” фабрикасында кілемдер полиэстер, полипропилен мен аралас синтетикалық жіптерден алынады. Кілемдердің барлық түрінің негізі табиғи джут пен мақтадан тұрады. Кілем өндірісінде қолданылатын барлық материалдардың ішінен қолжетімді полипропилен талшығы ең арзан. Heatset және Frieseoni бұйымдарынан жасалған, кілемдердің сыртқы көрінісі мен сапасы қолданылатын жіптің түріне байланысты .
Молекуланың құрылымы өте тығыз және өндірушілер сұйық балқымаға бояғыштар мен қажетті сіңіргіштерді енгізеді, соның арқасында кілемдер өз түсін өзгертпейді және пайдалану процесінде техникалық көрсеткіштерін жоғалтпайды. Полипропилен бастапқы кезде статикалық электр қуатының жиналуын болдырмайтын жалғыз материал болып табылады, бұл оны антистатикпен өңдемеуге және ұйымдастыру техникасы көп жерлерде пайдалануға мүмкіндік береді (бірақ талшықтың ластануына байланысты бұл қасиетті жоғалтады). Полипропилен жабындарын күтіп-баптау оңай: оларды құрамында хлор мен еріткіштер (бензин, уайтспирит) жоқ әртүрлі жуғыш құралдармен тазалауға болады, олар ылғалды мүлдем сіңірмейді және кір олардың құрылымына кірмейді.
Полиэфирлік талшықтың барлық синтетикалық талшықтар арасында ең көп өндірілетін болып келеді. Полиэстер негізін түзетін атақты кілем маркалары тревира, тергаль, диолен, дакрон.Полиэстер талшықтары жоғары беріктікке ие, формасын жақсы ұстайды, аз өзгереді, жарық әсеріне төзімді, микроор-ганизмдермен зақымданбайды, жеткілікті жұмсақ және икемді. Гигроскоптылығы төмен, яғни ылғалды сіңірмейді.
Синтетикалық иірім жіптерді өндіру бірнеше кезеңдерден тұрады: полимеризация, экструзия, созу, текстуралау [19]. Синте-тикалық иірім жіптерді өндіру полимерлеу және бұрау процестерін пайдалана отырып жүргізіледі, бұл ретте балқымаларды айналдыруды жиі пайдаланады. Алдын синтети-калық полимерлерге түйіршік формасын береді, құрамында УФ-тұрақтандырғыштары бар, жылтырлықты басатын реагенттер және басқа да қоспалары бар. Бастапқы заттар алдымен автоклавқа салынады, үлкен қысымды алып арба сияқты. Мұнда талшық
өндірісінде алғашқы технологиялық операция жүргізіледі - полимерлеу. Ерітіндідегі ингре-диенттің молекулалары қосылып, сызықтық полимер деп аталатын алып тізбекті құрайды. Келесі технологиялық операция - экструзия деп аталады. Балқытылған полимерді спинарет деп аталатын торлар арқылы айдайды. Спинареттің микроскопиялық саңылауларының мөлшері мен пішіні талшықтың көлденең қимасының пішіні мен мөлшерін анықтайды. Талшықтың көлденең қимасының пішіні түктің әсемдігін, балшыққа төзімділігін және балшықтың көрінбейтіндігін анықтайды. Спинареттен кейін балқытылған полимерді қатты жіптер пайда болғанға дейін ауамен немесе сумен салқындатады. Бұл кезеңде талшық (штапель) және филаментті жіп (BCF) сияқты екі өнім шығады. Бұл өнімдерді түрлі кілемдерге пайдаланады. Штапельді дайындау кезінде талшықтардың көп саны жгутқа қосылады. Филаментті жіп үшін талшықтардың аз саны жіпке біріктіріледі, ол бір процесте дайын иірімжіпке айналады. Талшықтар қосылғаннан кейін олар үшінші операцияға -ұзындыққа дайын.
Дайын иірімжіпке жабын салынады, әдетте, бұл төмен шоғырланған сулы ерітінді немесе табиғи немесе синтетикалық майлар-дың эмульсиясы. Бұл иірімжіпті одан әрі өндіруді жеңілдету үшін жасалады (атап айтқанда, электростатикалық қасиеттерді төмендету және үйкеліс). Жіптер бобиналарға салынар алдында оларды созады, бұл ретте полимердің молекулалық құрылымы реттеледі (ол неғұрлым сызықты болады, демек жіптер мықты және берік болады).
Текстуралау - кілем талшықтары өндірі-сіндегі төртінші және соңғы операция. Бұл үдерістің мақсаты оған серпімділік беру болып табылады. Бұл иірімді бояуға өте жақсы дайындайды. Талшықтар өзінің пішімін жоғары температурада жасайды. Антистати-калық талшықтарды, фирменный талшықтарға қосу арқылы заряд деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, адам денсаулығы мен кеңсе қондырғыларына қауіпсіз етеді.
Иірім жіп екі немесе одан да көп (бір немесе бірнеше түстерден) біршама қалың иірілген түрде қолданлады. Бұл өндірушіге арнайы техникалық немесе эстетикалық нәтижеге жеткізуге мүмкіндік береді. Иірім жіптің тарқатылып кетпеуі үшін арнайы жылумен өңдеу жүргізіледі. Кілемнің әр түрлі стильіне қарай әр түрлі технологияны қолданылады. Мысалы, 'саксони' стильі термотұрақтылықты
қажет етеді, ілгек түгі мен велюр айырмашылығы олар оны қажет етпейді.
Негізінен, қыздырылған иірімжіпті алу үшін екі түрлі жүйе пайдаланылады. Бірінші жағдайда иірімжіп алдымен ыстық бумен өңделеді, содан кейін белгілі бір температурада және қысымда иірімжіптің көлемі белгіленеді. Басқа тәсілмен иірімжіп құрғақ қыздырылады, алайда бұл жағдайда қатты бояғыштармен бояу проблемалары туындайды. Тоқыма материалдары өте өрт қаупі бар: дәстүрлі түрде пайдаланылатын және ірі тон-налық шығарылатын материалдардың көпшілігі жеңіл тұтанғыштығымен және жалынның жоғары таралу жылдамдығымен, сондай-ақ жану өнімдерінің таксикалығымен сипатталады. Сондықтан кілем бұйымдарының өрт қауіптілігін төмендету проблемасы, өрттің таралу қауіптілігі мен жылдамдығын болжау мүмкіндігі маңызды ғылыми және практи-калық міндеттердің бірі болып табылады.
Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарындағы өрттің ерекшелігі оттың тез таралуы, түтіннің жоғары түсуі және жанып жатқан үй-жайлардың ішіндегі температураның өсуі болып табылады. Бұған кілем түктерінің, органикалық шаң-тозаңның, шикізаттың ұсақ талшықтарының, ғимараттардың жабдықтары мен құрылымдарының болуы есебінен өндірістік үй-жайлардың үлкен жанғыш тиелуі ықпал етеді, бұл кілем бұйымдарын өндіруде және қоймада сақтауда белгілі бір проблемалар туғызады. Қолда бар әдеби деректер негізінде [20] тоқыма материалдарының оттан қорғайтын қасиеттерін бағалау және зерделеу бірнеше әдістермен жүзеге асырылады: 1) жалынның тұтануын және таралу жылдамдығын айқындау; 2) оттегі индексін анықтаумен; 3) колориметрлік анықтамамен; 4) жоғары температурада тоқыма материалдарында өтетін процестерді зерттеуге; 5) жану кезінде материалдармен бөлінетін түтін мен уытты газдарды талдаумен; 6) арнайы мақсаттағы тоқыма материалдарының оттан және термоқорғағыш қасиеттерін анықтау. Отпен жұмыс істеу кезінде табиғи материалдар адамды жақсы қорғайды, полиэстер немесе қоспасы бар материалдарға қарағанда олар дереу еріп, денені күйдіреді [21-22].
Зерттеу материалдары мен әдістері
Зерттеу жүргізу үшін әр түрлі тығыздықтағы синтетикалық кілемдердің үлгілері алынған болатын, ол Heat Set атаулы синтетикалық жіптерінен дайындалады. Бұл үлгілер МЕСТ талаптары бойынша әзірленді
Мемлекетаралық стандарт МЕСТ 32088 -2013 «Кілем бұйымдарының төсеніштері мен еден жапқыштар. Жанғыштық. Анықтау әдісі мен жіктелуі» тоқыма материалдары бойынша зерттеу жүргізілді [23]. Жылдам тұтанатын кілем төсемелерінің классификациялық топтамасы бойынша (уротропин таблеткасы) төмен қуатты тұтану көзінің әсерінен көлденең күйде кілем төсемдерінің беттік тұтану сипаттамасының эксперименттік негізгі әдісемен анықталады.
Кілем төсемелерінің тұтанғыштығын анықтау үшін «Таблетка» қондырғысы қолданылады. Әр түрлі тығыздықтағы синтетикалық кілем сынамасын әр қайсысын үш дана етіп квадрат формада (230 ± 3) мм өлшеммен қырқып алып жасалды. Зерттеу 10°С—30°С бөлме температурасында жүргізілді салыстырмалы ауа ылғалдылығы 20 %—65 %.
Кілем төсеме сынамасын кондиционер-леуден кейін сынақ камерасының түбіне көлденең күйінде ортасына бетін жоғары қаратып орналастырады. Егер сынаманың түгі болса, онда оны тік бағытта тарап орналастырамыз.
Сынамаға метал пластинаны орналастырып, оның шетін жан жағына қарап түзетеміз.
Уротропин таблеткасын сынаманың центірі арқылы тегіс бетіне орналастырып, таблетканың бетін жанып тұрған сіріңкемен тұтатып сынаманың бетіне тиіспей жағамыз. Таблетка тұтанып жанған соң секундомерді қосып сынақ аяқталғанға дейін сорғыш шкафты жауып қоямыз. Сынаманы жүргізу үдерісі кезінде келесі көрсеткіштерді бекітеміз: сынаманың өздігінен (түтеу) жануы, максималды жану, с, тутанып жану,с.
Нәтижелер және оларды талқылау
1 суретте тоқыма кілем үлгілерінің 30 с бастапқы жануы көрсетілген. Нәтижелерді сараптау арқылы, алынған үлгілердің зақымданған көлемін 1 суретте көруімізге болады. Кілем үлгісінің 30 с уақыт аралығында тұтатып жанғаны көрсетілген. Бұл кілем үлгілернің түгі мен синтетикалық иірім жіптің тығыздығына байланысты лаулап жанады. LANSET 10 мм, Hit Set, 1600 DTEX синтетикалық жіптерінен (1 сур. а) тоқылған кілемді жандырғанда лаулап жанады. LANSET 10 мм, Hit Set, 1800 DTEX синтетикалық жіптерінен кілем үлгілерін өртеген кезде баяу тұтанып барып, лаулап жанады (1 сур. б). LANSET 22 мм, Hit Set, 2000 DTEX синтетикалық жіптерінен кілем үлгілерін жандырғанда өте нашар тұтанады (1 сур. в). Бұл кілем үлгілері синтетикалық жіптердің тығыздығы жоғары болғандықтан баяу түрде жанады.

а б в
Сурет 1. Тоқыма кілем үлгілерінің 30 с бастапқы жануы: а- LANSET 10 мм, Hit Set, 1600 DTEX, б- LANSET 10 мм, Hit Set, 1800 DTEX, в- LANSET 22 мм, Hit Set, 2000 DTEX
Шығарылған нәтижелерді салыстыру арқылы тоқыма кілемдерінің үлгісіне сәйкес жалынның әсері арқылы толық жанып бітіп жатқан кілем үлгілерін көруге болады (сур.2). Әр кілем үлгісінің жану уақыты әр түрлі. LANSET 10 мм, Hit Set, 1600 DTEX кілем үлгісі (сур.2 а) - 15 мин 16с толық жанды, LANSET 10 мм, Hit Set, 1800 DTEX кілем
үлгісі (сур. 2 б) -16 мин 30 с толық жанды, ал LANSET 22 мм, Hit Set, 2000 DTEX кілем үлгісі (сур.2 в) -39 мин 30 с толық жанды. Әр кілем үгісі және синтетикалық иірім жібінің номері мен тығыздығында айырмашылығы бар. Соған қарай жану деңгейі де әр түрлі болып келеді.

а б

в
Сурет 2. Тоқыма кілем үлгілерінің толық жануы: а- LANSET 10 мм, Hit Set, 1600 DTEX-15 мин 16 с, б-LANSET 10 мм, Hit Set, 1800 DTEX-16 мин 30 с, в- LANSET 22 мм, Hit Set,2000 DTEX-39 мин 30 с.
Зерттеу бойынша 1 кестеде тоқыма кілем үлгілерінің жану үрдісінің зерттеу нәтижелері көрсетілген. Нәтижелер бойынша өртеу үрдісінің жану, максималды жану, тұтанып өшу денгейі қарастырылған, бұл жерде LANSET 10 мм, Hit Set, 1600 DTEX тығыздығы аз болған-дықтан орташа бастапқы жану уақытысы 12 с, орташа максималды жануы 17с , орташа тұтанып өшуі – 21 с. Ал LANSET 10 мм, Hit Set, 1800 DTEX, LANSET 22 мм, орташа бастапқы жану уақытысы 12 с, орташа максималды жануы 41 с, орташа тұтанып өшуі - 1 минутқа созылған. Hit Set, 2000 DTEX орташа бастапқы жану уақытысы 16 с, орташа максималды жануы 53 с, орташа тұтанып өшуі- 3 мин минутқа созылған. Үш кілем үлгілерін салыстырғанда ең ұзақ жанғаны LANSET 22 мм, Hit Set, 2000 DTEX болып табылды.
Кесте 1. Тоқыма кілем үлгілерінің жану үрдісінің зерттеу нәтижелер
№ |
Кілем бұйымы ның атауы |
Өнімнің тығызд ығы |
Физ.сипаттамасы |
Жану |
Максималды жану |
Тұтанып өшу |
||||
Құрамы |
Сал мағы |
Уақыт, с |
Темп ерату ра ,ºС |
Уақыт, с |
Темпера тура, ºС |
Уақыт, с |
Темпера тура, ºС |
|||
1 |
LANSET 10 мм Hit Set 1600 DTEX |
288000 поинт/м 2 |
Мақта жіп |
0,253 |
10 |
40 |
15 |
85 |
20 |
60 |
Полиэстер жіп |
0,063 |
|||||||||
Полиэстер жіп |
0,058 |
12 |
41 |
18 |
87 |
21 |
63 |
|||
Латекс |
0,100 |
|||||||||
Мақта жіп |
0,253 |
13 |
41 |
19 |
86 |
22 |
61 |
|||
Полиэстер жіп |
0,063 |
|||||||||
2 |
LANSET 10 мм HitSet 1800 DTEX |
192000 поинт/м 2 |
Мақта жіп |
0,239 |
13 |
43 |
40 |
150 |
60 |
45 |
Полиэстер жіп |
0,085 |
|||||||||
Полиэстер жіп (негізгі жіп) |
0,058 |
10 |
45 |
41 |
152 |
80 |
60 |
|||
Латекс |
0,100 |
|||||||||
Полиэстер жіп |
0,126 |
14 |
47 |
43 |
151 |
72 |
62 |
|||
Полиэстер жіп |
0,048 |
|||||||||
3 |
LANSET 22 мм Hit Set 2000 DTEX |
288000 поинт/м 2 |
Джут жіп |
0,788 |
15 |
45 |
50 |
155 |
80 |
52 |
Полиэстер жіп |
0,061 |
|||||||||
Поликоттон (негізгі жіп) |
0,061 |
17 |
48 |
54 |
158 |
85 |
63 |
|||
Латекс |
0,100 |
|||||||||
Hit Set полипропилен жіп |
0,100 |
16 |
47 |
55 |
160 |
90 |
55 |
|||
Полиэстер жіп |
1,104 |
3-суретте LANSET 10 мм, Hit Set, 1600 DTEX кілем үлгісінің жану үрдісінің уакытпен температурасынын графикалық функциясы көрсетілген. Бұл LANSET 10 мм қалыңдықтағы Hit Set жібінен тоқылған 1600 DTEX тығыздықтағы 230×230 мм өлшемдегі кілем қимасын қырқып өртегендегі жану графикасы көрсетілген. Мұнда бір кілем сынамасын 3 реттен өртегендегі температурасы мен уақытының өзгеру ерекшелігі көрсетілген. Уақыт ерекшелігіне қарай тұтану температурасы да соған қарай өзгеріп отырады, мысалы min 10 секундта 40 ºС градус болса, max 21секундта 63 ºС болады. 4-суретте LANSET 10 мм қалыңдықтағы Hit Set жібінен тоқылған, 1800 DTEX тығыздықта иірілген жіпті қарастырдық. Айырмашылықтары жіптің тығыздығы мен түгінің биіктігі мен қысқалығында. Өлшемі 230×230 мм кілем үлгісінің жану графикасы көрсетілген. Мұнда бір кілем үлгісінің 3 реттен өртегендегі температурасы мен уақытының өзгеру ерекшелігі көрсетілген. Уақыт ерекшелігіне
қарай тұтану температурасы да соған қарай өзгеріп отырады, мысалы min 13 секундта 43 ºС градус болса, max 41 секундта 152 ºС болады. 5-суретте LANSET 22 мм қалыңдық-тағы, Hit Set жібінен тоқылған, 2000 DTEX тығыздықта иірілген жіпті қарастырдық. Уақыт ерекшелігіне қарай тұтану температурасы да соған қарай өзгеріп отырады мысалы min 15 секундта 45 ºС градус болса, max 55 секундта 160 ºС болады

1 -үлгі; I 2-үлгі —I 3-үлгі —I
Сурет 3. LANSET 10 мм, Hit Set, 1600 DTEX үлгісінің жану температурасы мен уақытының тәуелділік графигі

1 -үлгі; —I 2-үлгі —I 3-үлгі —I
Сурет-4 LANSET 10 мм, Hit Set, 1800 DTEX үлгісінің жану температурасы мен уақытының тәуелділік графигі

I 2-үлгі —I 3-үлгі I
1 -үлгі;
Сурет 5. LANSET 22 мм, Hit Set, 2000DTEX үлгісінің жану температурасы мен уақытының тәуелділік графигі
Қорытынды
Жоғарыда келтірілген нәтижелерді ескере отырып, жалпы LANSET 10 ММ, HIT SET, 1600 DTEX, LANSET 10 ММ, HIT SET, 1800 DTEX, LANSET 22 ММ, HIT SET, 2000 DTEX үш түрлі кілем үлгілерін алып, әр қайсысының түгі мен жіптерінің тығыздықтары әр түрлі, әр қайсысын 3 реттен өртеп тұтанып жану деңгейін МЕСТ 32088 -2013
бойынша арнайы құрылғымен уақыты мен градусын айыра білдік. Зерттеу нәтижесінде LANSET 22 мм қалыңдықтағы Hit Set жібінен тоқылған 2000 DTEX тығыздықтағы тоқыма кілем ұзақ жанады. Ал LANSET 10 мм қалыңдықтағы Hit Set жібінен тоқылған 1600 DTEX тығыздықтағы тоқыма кілем үлгісі баяу жанатынын көріп отырмыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Ahmed M. Polypropylene fibers—science and technology. Amsterdam: Elsevier; 1982, РР. 10–30.
-
2. O’Day PT. The US manufactured fibre and textile industry. In: 39th International Man-Made Fibres Congress, Dornbirn, Austria, Paper 3, 13–15 Sept.
-
3. Freed W. Polyolefins—major textile market outlook. Chem Fibers Int 2001;51(1):42.
-
4. Gleixner G. Flame retardant PP fibres-lateat developments. Chem Fibers Int 2001; 51:422–4.
-
5. Zhu, M.F.; Yang, H.H., Handbook of Fiber Chemistry 3rd Edition; Lewin, M., Ed., CRC Press: Newyork, Chapter 3, 2006, РР 139-260.
-
6. Qian G., Lan, T. Polypropylene Nanocomposite, Handbook of Polypropy1ene and Polypropylene Composites, ed: Harutun, G. K., Marcel Dekker, NewYork, Basel, Chapter 20, 2003
-
7. Koch P. A. Polypropylene Fiber Table. Chemical Fibers International, 50, 2000, РР.233-253
-
8. Zhang S., Horrocks A. R. AReview of Flame Retardant Polypropylene Fibres. Progress in Polymer Science, 28, 2003, РР.1517-1538.
-
9. Salaun, F.; Creach, G.; Rault, F.; Almeras, X. Thermo-physical properties of polypropylene fibers containing a microencapsulated flame retardant. Polym. Adv. Technol. 2012, 24, 236–248.
-
10. Zheng, Z.; Liu, Y.; Zhang, L.; Wang, H. Synergistic effect of expandable graphite and intumescent flame retardants on the flame retardancy and thermal stability of polypropylene. J. Mater. Sci. 2016, 51, 5857–5871. ]
-
11. Xiao, D.; Li, Z.; De Juan, S.; Gohs, U.; Wagenknecht, U.; Voit, B.; Wang, D.-Y. Preparation, fire behavior and thermal stability of a novel flame retardant polypropylene system. J. Therm. Anal. Calorim. 2016, 125, 321–329. f]
-
12. Gao, Y.; Wu, J.; Wang, Q.; Wilkie, C.A.; O’Hare, D. Flame retardant polymer/layered double hydroxide nanocomposites. J. Mater. Chem. A 2014, 2, 10996–11016.
-
13. Liu, X.; Gu, X.; Zhang, S.; Jiang, Y.; Sun, J.; Dong, M. Effects of dihydrogen phosphate intercalated layered double hydroxides on the crystal behaviors and flammability of polypropylene. J. Appl. Polym. Sci. 2013, 130, 3645–3651.
-
14. Shao, Z.-B.; Deng, C.; Tan, Y.; Yu, L.; Chen, M.-J.; Chen, L.; Wang, Y.-Z. Ammonium polyphosphate chemically-modified with ethanolamine as an efficient intumescent flame retardant for polypropylene. J. Mater. Chem. A 2014, 2, 13955–13965.
-
15. Yuan, G.; Yang, B.; Chen, Y.; Jia, Y. Synthesis of a novel multi-structure synergistic POSS-GO-DOPO ternary graft flame retardant and its application in polypropylene. Compos. Part A 2019, 117, 345–356.
-
16. Zhang, S.; Horrocks, A.R. A review of flame retardant polypropylene fibres. Prog. Polym. Sci. 2003, 28, 1517–1538.
-
17. Кенжибаева Г.С., Сихимбаева М.Т. Кілем бұйымдарының технологиялық процесі // «Әуезов оқулары-20: Мұхтар Әуезов мұрасы-ұлт қазынасы» М.О.Әуезовтың 125-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектері: Том № 8, Шымкент, 2022.- 211-213 бет.
-
18. Перепелкин К. Е. Физические свойства волокон и нитей - Л.: Изд. ЛИТЛП, 1983. - 34 с.
-
19. Башметов В. С. Технологическое оборудование для ткацкого производства – УО «ВГТУ», Витебск, 2009. – 145с.
-
20. Коломейцева Э.А., Сачков О.В., Сиротов Н.Г., Морыганов А.П. Разработки и применение новых препаратов для огнезащитной и полуфункциональной отделок технических тканей // Текстильная промышленность.-2007.-№ 8.-С. 22-24.
-
21. Кенжибаева Г.С., Сихимбаева М.Т. Отқа төзімді тоқыма материалдарын өңдеу// Eurasian Education, Science and Innovation Journal Volume 10, May 2022 Proceedings of The XI International Scientific Practical Conference “Machine Learning Today, Prospects and Threats” XI ISPC Mltpt 2022. 24-25 May 2022, ISSN 2700-8622, РР. 216-220
-
22. Kenzhibayeva G.S., Sikhimbayeva M.T., Yeshzhanov A.A., Yeldiyar G.K. Study of the efficiency of management with an automated system in a carpet weaving factor//Proceeding IX International Conference «Industrial Technologies and Engineering» ICITE-2022, Volume II, M.Auezov South Kazakhstan University Shymkent, Kazakhstan December 9-10, 2022, 105-108.
-
23. Материалы текстильные. Покрытия и изделия ковровые напольные. Воспламеняемость. Метод определения и классификация. Межгосударственный стандарт ГОСТ 32088-2013.- М.- Стаидарти и форм, 2016 г.-12с
Dornbirn: Austrian Chemical Fibres Institute; 2000.
Список литературы Тоыма кілем бйымдарыны жану рдісін зерттеу
- Ahmed M. Polypropylene fibers-science and technology. Amsterdam: Elsevier; 1982, RR. 10-30.
- O’Day PT. The US manufactured fibre and textile industry. In: 39th International Man-Made Fibres Congress, Dornbirn, Austria, Paper 3, 13-15 Sept. Dornbirn: Austrian Chemical Fibres Institute; 2000.
- Freed W. Polyolefins-major textile market outlook. Chem Fibers Int 2001;51(1):42.
- Gleixner G. Flame retardant PP fibres-lateat developments. Chem Fibers Int 2001; 51:422-4.
- Zhu, M.F.; Yang, H.H., Handbook of Fiber Chemistry 3rd Edition; Lewin, M., Ed., CRC Press: Newyork, Chapter 3, 2006, RR 139-260.
- Qian G., Lan, T. Polypropylene Nanocomposite, Handbook of Polypropy1ene and Polypropylene Composites, ed: Harutun, G. K., Marcel Dekker, New-York, Basel, Chapter 20, 2003
- Koch P. A. Polypropylene Fiber Table. Chemical Fibers International, 50, 2000, RR.233-253
- Zhang S., Horrocks A. R. AReview of Flame Retardant Polypropylene Fibres. Progress in Polymer Science, 28, 2003, RR.1517-1538.
- Salaun, F.; Creach, G.; Rault, F.; Almeras, X. Thermo-physical properties of polypropylene fibers containing a microencapsulated flame retardant. Polym. Adv. Technol. 2012, 24, 236-248.
- Zheng, Z.; Liu, Y.; Zhang, L.; Wang, H. Synergistic effect of expandable graphite and intumescent flame retardants on the flame retardancy and thermal stability of polypropylene. J. Mater. Sci. 2016, 51, 5857-5871.
- Xiao, D.; Li, Z.; De Juan, S.; Gohs, U.; Wagenknecht, U.; Voit, B.; Wang, D.-Y. Preparation, fire behavior and thermal stability of a novel flame retardant polypropylene system. J. Therm. Anal. Calorim. 2016, 125, 321-329. f.
- Gao, Y.; Wu, J.; Wang, Q.; Wilkie, C.A.; O’Hare, D. Flame retardant polymer/layered double hydroxide nanocomposites. J. Mater. Chem. A 2014, 2, 10996-11016.
- Liu, X.; Gu, X.; Zhang, S.; Jiang, Y.; Sun, J.; Dong, M. Effects of dihydrogen phosphate intercalated layered double hydroxides on the crystal behaviors and flammability of polypropylene. J. Appl. Polym. Sci. 2013, 130, 3645-3651.
- Shao, Z.-B.; Deng, C.; Tan, Y.; Yu, L.; Chen, M.-J.; Chen, L.; Wang, Y.-Z. Ammonium polyphosphate chemically-modified with ethanolamine as an efficient intumescent flame retardant for polypropylene. J. Mater. Chem. A 2014, 2, 13955-13965.
- Yuan, G.; Yang, B.; Chen, Y.; Jia, Y. Synthesis of a novel multi-structure synergistic POSSGO-DOPO ternary graft flame retardant and its application in polypropylene. Compos. Part A 2019, 117, 345-356.
- Zhang, S.; Horrocks, A.R. A review of flame retardant polypropylene fibres. Prog. Polym. Sci. 2003, 28, 1517-1538.
- Kenzhibaeva G.S., Sikhimbaeva M.T. Kіlem bұiymdarynyң tekhnologiyalyқ protsesі // «Әuezov oқulary-20: Mұkhtar Әuezov mұrasy-ұlt қazynasy» M.O.Әuezovtyң 125-zhyldyғyna arnalғan khalyқaralyқ ғylymi-tәzhіribelіk konferentsiya eңbekterі: Tom № 8, Shymkent, 2022.- 211-213 bet.
- Perepelkin K. E. Fizicheskie svoistva volokon i nitei - L.: Izd. LITLP, 1983. - 34 s.
- Bashmetov V. S. Tekhnologicheskoe oborudovanie dlya tkatskogo proizvodstva - UO «VGTU», Vitebsk, 2009. - 145s.
- Kolomeitseva E.A., Sachkov O.V., Sirotov N.G., Moryganov A.P. Razrabotki i primenenie novykh preparatov dlya ognezashchitnoi i polufunktsional'noi otdelok tekhnicheskikh tkanei // Tekstil'naya promyshlennost'.-2007.-№ 8.-S. 22-24.
- Kenzhibaeva G.S., Sikhimbaeva M.T. Otқa tөzіmdі toқyma materialdaryn өңdeu// Eurasian Education, Science and Innovation Journal Volume 10, May 2022 Proceedings of The XI International Scientific Practical Conference “Machine Learning Today, Prospects and Threats” XI ISPC Mltpt 2022. 24-25 May 2022, ISSN 2700-8622, RR. 216-220
- Kenzhibayeva G.S., Sikhimbayeva M.T., Yeshzhanov A.A., Yeldiyar G.K. Study of the efficiency of management with an automated system in a carpet weaving factor//Proceeding IX International Conference «Industrial Technologies and Engineering» ICITE-2022, Volume II, M. Auezov South Kazakhstan University Shymkent, Kazakhstan December 9-10, 2022, 105-108.
- Materialy tekstil'nye. Pokrytiya i izdeliya kovrovye napol'nye. Vosplamenyaemost'. Metod opredeleniya i klassifikatsiya. Mezhgosudarstvennyi standart GOST 32088-2013.- M.- Staidarty i formy, 2016 g.-12s