Алыды киімдерінде олданылатын ою-рнектерді «Corel DRAW» бадарламасымен топтастыру

Бесплатный доступ

Мақалада қалыңдық киімін көркемдік өңдеуде қолданылатын ұлттық ою-өрнекті «Corel DRAW» бағдарламасы арқылы топтастыру қарастырылған. Салтанатты жағдайға арналған қалыңдық жинағын жобалау және әзірлеу үдерісінде оның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын көркемдік шешім ретінде қазақ ұлттық ою-өрнектері қолданылды.

Короткий адрес: https://sciup.org/140204963

IDR: 140204963

Текст научной статьи Алыды киімдерінде олданылатын ою-рнектерді «Corel DRAW» бадарламасымен топтастыру

Кіріспе

Ұлттық мәдениет халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы есебінен жетілетіні белгілі. Ұлтаралық қатынаста мәдениеттің биік деңгейіне жете алатындай жүйенің бірі - халық қолөнері, оның ішінде ою-өрнек өнерінің ұлттық киімдерде қолданылуының мәні өте зор.

Зерттеу жұмысында этнограф ғалым-дардың зерттеулерінің негізінде қалыптасқан ою-өрнектің жіктелуін қолдана отырып,

қалыңдық киімін көркемдік әрлеу үшін ою-өрнек таңдауда «Corel DRAW» бағдарламасы пайдаланылды.

Зерттеу нысандары және әдістері

«Corel DRAW» – бұл векторлы бейнелерді жасаудағы үлкен мүмкіндіктері бар қазіргі заманғы ең танымды жаңа бағдар-ламаның бірі болып табылады. «Corel DRAW» бағдарламасында контурларды әртүрлі және қолайлы басқару шаралары, сонымен бірге мәтінмен жұмыс істеу құралдары жоғары дамыған. Тапсырманы іске асыру үшін әртүрлі жолдарды іздей отырып, шығармашылық жұмыстарды орындауға болады.

Компьютерлік графика тігін өндірісінде киімнің үлгілері мен құрылысын жобалауда кеңінен қолданады. Ою-өрнек элементтерінің көлемдік жазықтықтағы композициясын классикалық симметрияда автоматтық жүйеде салу «Corel DRAW» бағдарламасында вектор-лық графика құрылғысы көмегімен бейне-ленеді.

Сонымен қатар, киім бөлшектеріндегі көлемдік жазықтық композициялық шеші-мінде симметрия, бояу түсі және мәнер ауданының тепе теңдігі, жазықтықтағы түс бояуларының бірлестігінде топтастыру әдістері қолданылды.

Нәтижелер және оларды талқылау

Қалыңдық киімдерінің коллекциясын

әзірлеу үшін зерттемелік жұмыста жоғарыдағы тарауда талданған ою-өрнектер жіктемесі негізінде қазақ ұлттық әйел киімінде жиі қолданылатын жануарлық және өсімдіктік ою-өрнек мәнерлерін қолдана отырып, стилизацияланған ою-өрнектердің мәнерлерін «Corel DRAW» бағдарламасымен салу әдісі 1-суретте көрсетілген. «Corel DRAW» бағдарламасы арқылы суретті салу үшін түзету-контур пішінін коррекциялауға; қисық-контурларды құру; эллипс-эллипстерді салу; интерактивті саймандар-әсерлер құру; интерактивті түзету, масштаб-терезедегі көлемдік-үйлесімділік бейнесін басқару, тікбұрыш-тікбұрыштарды алу, көпбұрыш-көпбұрыштарды салу, қарапайым фигуралар-қарапайым фигураларды түзету, мәтінді енгізу, түзету және тағы басқа саймандар қолданылды [1].

Сурет 1 – Ою-өрнекті «Corel DRAW» бағдарламасы арқылы топтастыру.

Бұл бағдарлама бойынша жұмыс жаса-ғанда келесі ішкі саймандарды пайдалануға болады:

  • -    құрал-сайман пиктограммасына тыш-қанның курсорын әкелу;

  • -    тышқанның сол жақ батырмасын

басып, бірнеше секунд ұстап тұру;

  • -    пайда болған қалқыған тақтадан оның пиктограммасына тышқанды баса отырып басқа сайманды таңдау.

Көрсетілген құрал-саймандарды пайда-лану арқылы ою-өрнектерді жобалау реттілігі төмендегідей:

  • -    бағдарлама терезесін ашу;

  • -    қисық сайманда орналасқан «безье» ішкі сайманын қолданып, өрнек контурын салу;

  • -    пішінді түзету сайманының ішінде орналасқан ішкі сайман түйінді түзеу құралын қолданып, түйіндерді жылжыта отырып, оюдың контур сызығын сызу;

  • -    бейнеленген өрнектің пропорциялық қатынаста болуын қадағалау;

  • -    өрнек суретін түйінді жөндеу құралымен дұрыстау;

  • -    түстер палитрасын қолданып, өрнек-тің түстік үйлесімділігін табу.

Зерттеу жұмысында қарастырылған ою-өрнектер келесідей топтарға бөлінеді: жа-нуарлық, өсімдіктік, ғарыштық және геомет-риялық.

«Corel DRAW» бағдарламасы арқылы жоғарыда аталған ою-өрнек түрлері этнограф ғалымдардың құрған жіктемесіне сай топтастырылды. Қазақ ұлттық қалыңдық киімдерін көркемдеп безендіруде ең көп қолданылған өсімдіктік және жануарлық өрнектер болғандықтан, кейінгі жұмыстарда тек осы өрнектер ғана зерттеледі. Топтастырылған өсімдік тектес ою-өрнектердің өзі екі түрге бөлінеді: негізгі және қосымша. Негізгі ою-өрнектер – ағаш, қызғалдақ, гүл, шырмауық түрлері болады. Ал, екінші қосымша түрінде – оның бір ғана бөлшегін өрнекте қолдануға болады. Бұларға «гүл», «үшжапырақ», «бесжапырақ», «жапырақ гүл», «түйе жапырақ» оюлары жатады [2].

Жануарлық ою-өрнектерде мал, аң, құс бейнелері және олардың мойны, табаны, мүйізі, тұмсығы, құйрығы, өркеші сияқты жекелеген бөліктері қолданылған. Мысалы, «мүйіз», «қосмүйіз», «сыңар мүйіз», « қошқар мүйіз», «қазмойын», «бұғы мүйіз», «өркеш», «қыңырмүйіз», «құс қанат» және «табан».

Берілген жіктелуді пайдалана отырып, жобалаған үлгіні көркемдік әрлеу үшін «Corel DRAW» бағдарламасымен стилизацияланған ою-өрнектің түрлерін топтастыруда келесі жұмыстар орындалды:

  • -    ою-өрнек композициясының ырғақ қатынасы сақталады;

  • -    ұлттық ою-өрнекте әртүрлі элемент қарапайым бөлшектенді;

  • -    ою-өрнек әлементтерінің өзара қатынасы сақталынды;

  • -    ою-өрнекті құрастырғанда оның

пропорциясы және әртүрлі элементтерінің заңдылығы сақталынды.

Ұлттық нақыштағы қалыңдық киімінің ою-өрнегінің композициялық шешімін табуда симметриялық топтастыру әдісі қолданылды.

Зерттеу жұмысында костюм бөлшек-терінде ою-өрнектерді қолданғанда олардың элементтерінің жазықтықтағы композициясын «Corel DRAW» бағдарламасымен топтастыру 2-суретте көрсетілген.

Бұл ою-өрнектерді топтастыру үшін келесі симметрия түрлері қолданылды:

  • -    негізі симметрия;

  • -    бұрыштық симметрия;

  • -    көшіру симметриясы;

  • -    жазықтық бұрыштық симметриясы.

Осы жұмыста стилизацияланған ою-өрнектерді салу әдісі негізгі айналым симметриясы арқылы орындалды. Бұл үшін объект белгіленеді де, оны бұрышқа орналастыру «көшіру» командасымен, 180°C да орындалады. Бұрыштық симметрия «еркін қозғалыс» командасымен жүзеге асады. Көлемдік жазықтық кез-келген бағытта орындалады, бір немесе бірнеше бағытта оюлар тізбегі алынады.

Жазықтық бұрыштық симметрияда сақталынған ою-өрнекте көлемдік жазық-тықта ось нүктесін бекітеміз және 90°C сақталған элементті нүкте осьінде автоматты түрде көшіріледі.

Толық симметрия ою-өрнек әлемент-терін көшіру, салу командасында сақтап, элементтерді 90°C, 180°C, 270°C көшіру арқылы орындалды.

Осылайша, компьютерлік графиканы қолдана отырып, «Corel DRAW» бағдарламасында қалыңдық ансамблін көркемдеп безендіруде қолданылатын ою-өрнек элементтері топтастырылды. Қазіргі заман талабына байланысты ұлттық нақыштағы бұйым дайындау үшін мұнымен қоса келесі қағидаларды ұстану керек:

  • -    бұрынғы дәстүрмен байланысты сақтау;

  • -    жаңа ойларды өндірісте жылдам іске асыру;

  • -    киімнің мәдениетін, ғылым мен өндірістегі жетістіктеріне, сәнді болжауға ғылыми ізденістер жасау;

  • -    адам бейнесінің қоршаған материал-дық ортамен стильдік бірлігі;

  • -    бұйым эскизінің тұрғызғандығы негіз-гі қағидалар – қарама қайшылық және динамика заңдылықтарын білу.

    Сурет 2 – Ою-өрнекті «Corel DRAW» бағдарламасы арқылы топтастыру


Қорытынды

Сонымен, зерттеу жұмысында қазіргі заманғы қалыңдық костюмін көркемдік бе-зендіру үшін компьютерлік графика арқылы стилизацияланған ою-өрнектердің жануарлық және өсімдіктік түрлері топтастырылып, нә-тижесінде әзірленген ою-өрнектер жіктемесі жобаланған үлгінің композициялық шешімін табуда қолданылды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Список литературы Алыды киімдерінде олданылатын ою-рнектерді «Corel DRAW» бадарламасымен топтастыру

  • Тайц А.М., Тайц А.А. Corel Draw: все программы пакета. -СПб.: БХВ, 2001. -1136 с.
  • Джанибеков У.Д. Казахский костюм. -Алматы.: Онер, 1996.-189 с.
Статья научная