Апаратты технологияларды олдану арылы оу рдісіні тиімділігін арттыру

Бесплатный доступ

Бұл мақалада дәстүрлі оқыту әдістерінің орнына ақпаратты - интерактивті оқыту әдістері қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Мақаланың өзектілігі мен жаңалығы оқытушының пәнді жоспарлауда ақпараттық-интерактивтік әдістерін қолданудың анализі болып табылады. Ақпараттық-интерактивті оқыту әдістері «оқытушы мен студенттің» бірлескен қызметі жағдайында оқыту үрдісін дамытуға бағыталған. Жоғарғы оқу орнының педагогикалық үрдісінде ақпараттық-интерактивтік технологияларды қолдану белгіленген пәннің игеру дағдысында қабілеті мен білімін қалыптастыруда, білім алудың сапасын жоғарылатуда, білім алушылардың нақты оқытылатын пәнді меңгеруіне оңтайлы мөлшерленген көмегін көрсетеді.

Еще

Короткий адрес: https://sciup.org/140205115

IDR: 140205115

Текст научной статьи Апаратты технологияларды олдану арылы оу рдісіні тиімділігін арттыру

Кіріспе

ХХ1 Fаcыр - бул акпараттык котам мен технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, қоршаған ортаға, өркениетті елдің ертещне немкурайлы карамайтын, адамзат-тың салауатты өмір сүру салтына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір болғандықтан Қазақстан Республикасы да Fылыми - техникалык прогрестщ непзп бел-гici - коFамды акпараттандыру болатын жана кезеңіне енді. Сондықтан, заманымызға сай казiргi коFамды акпараттандыруда педагог-тардын бiлiктiлiгiн акпараттык - коммуника-циялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Сонын iшiнде, атап айтсак бiлiм беру YPДiciн акпараттандыру дегенiмiз - жана ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта окыту, жеке туманы тала-бына сай деңгейлеп, бағыттап оқыту, ой ерiciн еciрiп, езiндiк дYние танымын калып-тастырып, шығармашылық дамуына ықпал жасау аркылы, бiлiм, бiлiк даFдыларымен ка-руландырып, езiн-езi дамытуына, ез мYДдеci мен қызығушылығын қанағаттандыруына, бойындағы қабілетіне сай білімін тереңдетуге толык мYмкiндiк туFыза отырып, оку - тэрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоFарылатуды айтамыз [1].

Ал, акпараттандыру - бул акпараттык ресурстарды қалыптастыру және тиімді пайдалану негізінде мемлекеттік басқару органдары мен азаматтардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай жасай отырып, мемлекетіміздің негізгі тұжырымдамасы өркениет дамуының жаңа тарихи фазасынан құрылған ақпараттық KOFам куру. Онын негiзi - акпарат жэне бiлiм.

Сондыктан, коFам емiрiнде акпарат пен білімнің рөлін арттыру қажеттілігі күннен күнге артуда, мысалы ішкі өнімнің жалпы көлемінде ақпараттық коммуникациялар, өнім және қызмет үлестерін жоғарылатып, адамдардың өзара ақпараттық, тиімді әрекет етулерін, олардың әлемдік ақпараттық өнім мен қызмет түрлеріне деген қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жаһандық ақпараттық кенicтiк куру кезделiп отыр.

Ақпараттық технологияларды қолдану аркылы оку YPДiciнiн тиiмдiлiгiн арттырудын непзп максаттарымен жолдары.

  • 1.    Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны колдану аркылы оку-тэрбие

  • 2.    Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту ақпараттық қоғам жағдайында жабдықталған өмірге өзіндік дайындықтар жүргізу, яғни, әртүрлі ойлау қабілетінің түрлерін, байланыс жолдары қабілеттілігін дамыту, күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну немесе тиімді шешімдерін қабылдау біліктілігін қалыптастыру, компьютерлік графика мен мультимедиа технологияларын пайдалану аркылы эстетика-лық тәрбиелеу, ақпаратты өндеуді жүзеге асыра білу, ақпараттық мәдениетті қалыптастырып, мәселені моделдей білуді дамыту және ең бастысы, тэжiрибелiк - зерттеу ic - эрекетiн жYзеге асыра бiлудi камтамасыз ету.

  • 3.    Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары, яғни, ақпаратты сауатты меңгерген жеке тұлға даярлау, тұтынушыны компьютер құралдарымен жұмыс істеуге үйрету және информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жYзеге асыру болып табылады [2].

үрдісінің барлық деңгейін қарқындату, яғни, оку YPДiciнiн сапасы мен тиiмдiлiгiн, таным-дык ic-эрекет белcендiлiгiн керсету, пэн-аралык байланыстарды терендету, кажеттi ак-паратты iздеу тиiмдiлiгi мен келемiн кенейту.

Қазіргі нарықтық экономиканың өрлеу кезінде жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет екенін Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудын манызы зор екенi анык.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Занында елiмiздiн бiлiм беру жYЙеciнiн басты мiндеттерiнiн бiрi - бшм беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа инновациялық технологияларын енгізіп, бүкіл әлемдік коммуникация желісіне шығу кажеттiгiн атап керсеткен.

Қазіргі кезде интерактивті үрдістері компьютерлік білімді тереңдетуге, оқытудың жаңа технологияларын, әдістерін және формаларын таңдауға толық мүмкіндіктер бар. Оқытудың интерактивті әдісін тиімді уйымдастыру, cтуденттердiн таным белсен-ділігін арттырып, ғылымға деген көзқарасын жоFары денгейге кетередi.

Интерактив деген сөз ағылшын тілінен енген "өзара әрекет” жасау деген мағынаны білдіреді. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағыттала-тын” қазіргі білім беру жүйесінің ең озық, сапалы тәсілі. Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде студенттердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді [3].

Зерттеу әдістері мен нысандары

Зерттеу әдісінің нысаны ақпараттық технологиялардың әрбір студенттің білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіншілігін бақылау. Сондай-ақ студенттердің танымдық іс-әрекеттері күше-йіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкін-діктері арта түсуі, жан-жақты өзін-өзі басқара алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы қарастырылды.

Нәтиже және оны талдау

Сонымен жаңа ақпараттық технология-ның негізгі ерекшелігі – студенттердің өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашы-лық жұмыспен шұғылдануға, жан-жақты ізденіп, біліммен біліктілік дағдыларын қалыптастыруда жаңа заман талабына сай ақпараттық-интерактивті оқыту тәсілдерін қолдану мүмкіндігі арқылы жаңа замани тұлғаны қалыптастыру. Яғни білім беру жүйесінің бүгінгі басты негізгі мақсатта-рының бірі білім беру үрдісін ақпараттандыру деп есептесек болады. Осы ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жеке мұғалімдер дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуға болады.

Оқу процесінде, оның ішінде тәжіри-белік сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану деңгейі негізінен мұғалімнің жеке тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байла-нысты. Себебі, интерактивті құралдарды

қолдану арқылы жеке мұғалім өз сабағында оқыту формасын ұйымдастыруға түрленді-руге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер алады. Бұл студенттердің пәнге деген қызығушы-лығын мен ынтасын арттырады. Сондықтан, интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жақсартып, білім алуға деген құштарлығының өсуіне жақсы әсерін тигізеді.

Осылайша, елімізде білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, барлық мүғалімдердің, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған негізгі бағыты екені анық.

Қорытынды

Қорыта айтқанда жаңа ақпараттық технологиялар – білім беру үрдісінде ақпарат-тарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі дидактикалық оқыту құралы компьютер екені бәрімімізге мәлім. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиалық элек-трондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Қазіргі заман талабына сай күнделікті сабақтарда компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтижелерін беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылып жатыр.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Иманбаева А. Оқу-тәрбие үрдісін ақпарат-тандыру ділгірлігі. //Қазақстан мектебі, №2. -2000. – б.-45.

  • 2.    Шолпанбай С. Білім беру жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану заман талабы. //Мектептегі шет тілі, 2010. - №3. – б.-32.

  • 3.    Мұхамбетжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә. Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасау./ Әдістемелік құрал. – Алматы, 2008. - 120б.

Список литературы Апаратты технологияларды олдану арылы оу рдісіні тиімділігін арттыру

  • Иманбаева А. Оқу-тәрбие үрдiсiн ақпараттандыру дiлгiрлiгi.//Қазақстан мектебi, №2. -2000. -б.-45.
  • Шолпанбай С. Бiлiм беру жүйесiнде жаңа технологияларды пайдалану заман талабы.//Мектептегi шет тiлi, 2010. -№3. -б.-32.
  • Мұхамбетжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә. Интерактивтi жабдықтармен жұмыс жасау./Әдiстемелiк құрал. -Алматы, 2008. -120б.
Статья научная