Мемлекеттік тілді йретуді инновациалы тсілдері
Автор: Баймуратова А.Ж.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Инновации в образовании
Статья в выпуске: 5 (95), 2012 года.
Бесплатный доступ
Мақаланың көкейкестілігі: техникалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге өзге тілді меңгертудегі жаңа әдістемелік тәсілдерді пайдаланудың маңыздылығы қарастырылады. Зерттеудің нәтижелері: Өзге тілді аудиторияларда мемлекеттік тілді меңгертуде педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға байланысты іс-тәжірибелерді таратып, техникалық жоғары оқу орындарында білім беретін оқытушылардың тәжірибесіне енгізу қажет.
Короткий адрес: https://sciup.org/140204967
IDR: 140204967
Текст научной статьи Мемлекеттік тілді йретуді инновациалы тсілдері
Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – жастар. Оларға қазіргі заман талабына сай жан-жақты білім беріп, өз бетімен ой тұжырымдайтын, өздігінен ойлай білуге талпынуда ықпал ететін – оқытушы қауым, сондықтан ұстаздар мен оқытушыларға сабақ түрлерін жетілдіріп, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана сабақ беру, оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағытын дамыту, яғни «инновациялық процесс» немесе педагогикалық жаңалықтар енгізу сияқты маңызды әрі жауапкершілігі жоғары міндеттер жүктеледі.
Оқытудың жаңа технологиясы оқу орындарында оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психоло-гиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешен ретінде пайдаланылады. Ол тіл үйренушінің тәртібіне, оқу ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибе-сінің нәтижелілігіне, жинақылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие үдерісінің басты күре тамыры рөлін атқарады. Олай болса, жаңа технология – оқу тәрбие үдерісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас компоненті [1].
Болашақта дамыған елдер қатарына ену үшін де, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу үшін де ең қажетті – ол – білім, сондықтан оқытудың әр түрлі техноло-гиялары зерттеліп, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибелері оқу процесіне енгізілуде.
Жаңа технологияны меңгеруде педагог-тардың жан-жақты әрі терең білімді болуы шарт және олардың алдында сапалы білім беру міндеті тұр. Осы орайда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолда-уында: «Білім беруді жаңартуды жалғастыру қажет. Жоғары оқу орындарының иннова-циялық қызметке өту тетіктерін әзірлеу, білімнің сапасын көтеру және қолжетімділігін кеңейту үшін білім беруді қолдаудың жаңа қаржылық –экономикалық құралдарын енгізу керек. Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының не-гізі болуы тиіс»,- деп атап көрсеткен [2].
Енді инновация ұғымына тоқталайық. «Инновация» ұғымы кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілген.
«Инновация» термині ағылшынның «innovation» деген сөзінен шыққан. Ол – «жаңашылдықты енгізу, жаңа тәртіп» деген ұғымды білдіреді.
Зерттеу нысаналары мен әдістері:
Инновация көптеген ізденістер мен үлкен қауым педагогтардың іс-тәжірибесінің нәтижесінен пайда болады. Жаңа технология-лардың өркендеуі оқу үдерісінде интербел-сенді әдістер мен интербелсенді оқытумен жалғасады. «Интербелсенді әдістер» тіркесін оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер, ал «интербелсенді оқыту-ды» өзара әрекет етуге негізделіп құрылған оқу деп түсінуге болады. Интербелсенді әдістердің мәні – әрбір оқушының өзге оқушылармен өзара белсенді байланыста болып, оқытушымен бірлесе отырып, түрлі техникалық құралдарды да пайдалана белгілі бір нәтижеге жетуі [3]. Интербелсенді оқуда студент білімді өздігімен игереді. Оның мақсаты күнделікті болмысты адам мұқтаж-дарына сәйкес түбегейлі өзгерту, «құзырлы-лық» (компе-тенция) тұжырымы бойынша құзырлардың (компетенциялардың) қалыпт-асуына тиімді орта мен жағдай жасау. Мұнда студент өз біліміне деген жауапкершілікті түсінеді, білімді өздігімен игереді, өзіне қажет білімді айқындайды. Ал оқытушы студенттердің қабілеттерін дамытуда олар-дың өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға, оны дамытуға, ақпаратты өздігімен игеруге, талдауға, шешім қабылдауға, мазмұн құруға, мәселелерді анықтап, оны шешу жолдарын қарастыруға, келіссөздер мен пікірталастар жүргізе білуге, өз пікіріне басқаны иландыра білуге және бітімге келуге әрекеттендіреді. Осылайша студенттің өз біліміне деген жауапкершілігі артады, бастамашыл, белсенді болуға дағдыланады. Тәжірибеде жиі қолданылатын әдістер рөлдік, іскерлік, оқыту ойындары,түрлі тапсырмалар мен жаттығу-лар, топсеруендер (экскурсия), жарыстар, көрмелер, қойылымдар, интерактивті әдіс, білім алушы оқытушы ретінде, көрнекі құралдар қолдану, талқылау, пікірталас, симпозиум, келіссөздер мен медитация т.б.
Нәтижелер мен оны талқылау:
Сапалы білім беру жолы тек қана белсенді және интербелсенді әдістерді қол-дануда ғана емес, оқыту үдерісінде барлық әдістер мен оқу деңгейлері маңызды. Сабақты жүргізу әдісі әр жағдайда оның мақсатына, білім алушылардың дайындық деңгейіне, оқытушының тәжірибесіне байланысты таңдалған жөн. Жоғары нәтижеге жетуде оқытушы студентке қысым жасамай, оларға еркіндік беріп, сұхбаттасып (диалог арқылы), мәдени ықпал жасаған орынды. Оқытудың жаңа технологиясы студенттің адамгершілік қасиеттерді иемденуінің басты тәсілі өзара сұхбаттасу, қоғамда қарым-қатынас жасау, басқаны түсіну дегенді меңзейді, яғни диалог – оқу мен оқытудың басты құралы деп айтуға болады. Әлемді тануда сұхбатты өмірдің мәні деп ұғу ерте кезден-ақ белгілі болған. Қазақ халқының ұлттық философиясы да дидарласу, сұхбаттасу (диалог), қатынасу әрекеттерінің тұлғаның танымдық қасиетін дамытатынын дәлелдей түседі [4].
Бөлтірік шешеннен : «Өмірдің мәні не: бала ма, бақ па, дәулет пе?» – деп сұрағанда, шешен былай деген екен: Бала деген артта қалған із емес пе, бақ деген аспанда ұшқан құс емес пе, дәулет деген қолда ұстаған мұз емес пе? Бұл өмірдің мәні – сіз бен біз емес пе?!»
Оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген тәжірибелі және жаңашыл ұстаздар диалогтың оқу үрдісінде алар орнының ерекше екенін атап көрсетеді.
Жоғарыдағы әдіс-тәсілдерді саралай келе Алматы технологиялық университетінің 1-курс студенттеріне арналған сабақ үлгісі берілді.
Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республи-касының мерекелері. Одағай.
Сабақтың мақсаты:
-
1. Студенттерді дұрыс сөйлеуге, сауат-ты жазуға үйрету, сөздік қорларын молайту, лексикалық, грамматикалық материалдарды меңгерте отырып, өз бетінше жұмыс істеу арқылы өзіндік қорытынды шығаруға, өзара бақылауға, бағалауға, ойларын толық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру. Білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана оты-рып, сабақтағы қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыру, тілді қатынас құралы ретінде меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, са-лыстыру, көрнекілік, бақылау, сөздік және т.б.
Сабақта қолданылатын көрнекілік құрал-жабдықтар: проектор, сазды бейнебаян «Қазақ-стан Республикасының мерекелері», тақта, үлестірмелі карточкалар (тест тапсырмалары).
Сабақтың құрылымы:
-
І. Ұйымдастыру жұмысы
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
-
а) «Одағай» сөздерді қолдана отырып, ойын ойнау;
«Асханада» тақырыбына сұхбат құрас-тыру. (Тамақ өнеркәсібі бойынша)
АСХАНАДА
-
- Ақерке, саған біздің асхана несімен ұнайды?
-
- Пай-пай, асхананың іші неткен тамаша! Япырау, барлық тағамдарының дәм-ділігін айтсаңшы!
-
- Ей, онда асханаға барып тамақтанып алайық.
-
- Оһо, табылған ақыл. Жүр, барсақ барайық.
ә) Студенттердің өздік жұмысын тек-серу. Тест сұрақтары бойынша тапсырма-ларды талдау.
-
б) Жауаптарын анықтау.
Дәптермен жұмыс.
Одағай сөздермен сөйлем құру.
Япырмау, мұның сүті қайда өзі! Туу, мына қымыздың қышқылын-ай! Сенімен бірге ет тұздасам деймін.
-
ІІІ. Жаңа сабақ.
-
1. Топқа «Алақай» сөзі қандай көңіл күйді білдіреді? деген сұрақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
-
2. Ділдабекова Салтанаттың мереке-лерге байланысты слайд-шоуын көрсету, студенттердің сұрақтарына жауап беру.
3.Тұсаукесер
Жауап:
-Мерекелерде қуанамыз!
-Ендеше, біздің бүгінгі жаңа сабағымыз мемлекетімізде тойланатын мерекелерге бай-ланысты болады.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы-ның мерекелері.
-
ІV. Мәтінмен жұмыс.
-
4.1 . Мәтінді өз бетімен оқу, мәтіндегі таныс емес жаңа сөздерді табу және оларға түсінік беру.
-
4.2 . Сөздік жұмыс. Мәтіндегі таныс емес сөздерді дәптерге жазу.
-
4.3 Мәтіннің мазмұнына қарай 10 сұраулы сөйлем құру
-
4.4 Отбасыңыздағы мерекелері туралы әңгіме құрыңыз
-
4.5 Мәтін бойынша қандай әсер алғаныңыз жөніндегі өз пікіріңізді ортаға салыңыз.
-
- Алина, сен елімізде аталып өтілетін қандай мерекелерді білесің?
-
- Үсен, мен елімізде аталып өтілетін мерекелердің барлығын білем.
-
- Оның ішінде айтып өтер болсам, 22 наурыз - күллі мұсылман халқының жаңа жылы. 22 наурызда күн менен түн теңеледі. Көктемнің алғашқы айында тойланатын бұл мереке өте тамаша!
-
4.6. Сұхбат құру.
Мысалы:
Христиандар – Рождество –
Пасха – Ресми –
V.Оқулықпен орындалатын өздік жұмыс.
Оқулық бойынша (81 бет) тапсырмалар-ды орындау.
3-тапсырма.Көмекші сөздерді септеңіз.
Асты, алды, арты, үсті
Тест тапсырмасын орындау. Тест
-
1. Одағайды табыңыз: а) тық-тық; б) және; в) дейін; с) ғана; д) бәсе;
-
2. Еліктеуіш сөзді белгілеңіз: а) маң-маң; б) әрине; в) де; с) кейін; д) беу;
-
3. Бейнелеуіш сөзді көрсетіңіз: а) сықыр-сықыр; б) тырс-тырс; в) мырс-мырс;
-
4. Жалғаулықты табыңыз.а) зу; б) әрі; в) ақ; с) оһо; д) қарай;
-
5. Демеулікті табыңыз. а) түу; б) ше; в) бірге; с) мүмкін; д) егер;
-
6. Септеулікті табыңыз . а) кіс-кіс; б) ме; в) туралы; с) бірақ; д) қап;
-
7. Одағайды табыңыз. а) Менің байқа-уымша, сіздің халық-ақын халық; б) Салжігіт, Темірбекті біле келші; в) Тәйт, қылжақты қоя тұр; с) Ия, дұрыс айтасыз; д) Әсіресе, бүгінгі оқиға ерекше екен;
-
8. Шылауды табыңыз. а) Аһ, бір өкініш, бір үміт; б) Е, оны қайдан білдің;
с) жалт-жұлт; д) дүңк-дүңк.
-
в) Дүние қалай ед? с) Мен он төрттемін, ал сен ше? д) Мынау-тау, мынау-төбе;
-
9. Шылау бар сөйлемді көрсетіңіз.
-
а) Білімнен асар байлық жоқ.; б) Қор-қыныштан жүрегі тоқтап қалуы мүмкін;
-
в) Мәстек түйеден үркеді; с) Адамға адамды жанастыратын тіл-ау;
-
д) Өз інінде көртышқан көреген;
-
10. «Мыс...міс»-шылауларының мағы-насы. а) күшейткіш; б) сұраулық; в) Шектік; с) Болжалдық; д) Лептік;
Тексеру, бағалау тәсілі: студенттер өзара бір-бірінің жұмысын тақтадағы дұрыс жауаппен салыстыра тексеріп, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай көлемінде баға қояды. Тест тапсырмасы 10 сұрақтан тұрады.
-
ІV. Сабақты қорытындылау. Бүгін біз нені білдік, не үйрендік? деген сұрақ қою арқылы сабақты студенттердің өздеріне қорытындылату. Мемлекеттік мерекелердің маңыздылығын, оның қоғамдағы әлеуметтік рөлі туралы ойларын толықтырып, пысықтау.
Студенттердің сабақ барысында орын-даған тапсырмалары мен берген жауаптары және тест нәтижесі бойынша білімдерін бағалау.
-
V. Үй тапсырмасы
Студенттердің сүйікті мерекесі туралы эссе жазып келу.
Қорытынды
Жоғарыдағы сабақ үлгісінде техника-лық жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді үйретудің жаңа талаптарына сай түрлі әдістемелік тәсілдер қолдану арқылы мына төмендегідей жұмыстар атқарылды: Сұхбат, тұсаукесер, мәтінмен жұмыс, сөздік, тест тапсырмалары, өзара тексеру, бағалау. Қорыта келе, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану – бүгінгі күннің басты талабы. Педагогикалық жаңа технологияны қолдану білімді сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларға негіз болады.
Жаңа заманның жан-жақты дамыған адамын тәрбиелеудің оңай еместігін ескеріп, педагогтар оқытуды ізгілендіру аспектілерін тиімді пайдаланып, шығармашылықпен еңбек етуі тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Кішібаева Д.Ж., Есмұрзаев Н. Жаңашыл педагогтардың шығармашылығын оқу-тәрбие үдерісінде қолдану жолдары. /Білім беру және ғылым: даму көкжиегі. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 26.03.2010. – 250-252б.
-
2. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 28.01.2011.
-
3. Назирова А. Мектептегі инновациялық технологияның орны // Бастауыш мектеп, 2004, №2. – 34б.
-
4. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. -Алматы, 2009. - 83б.
-
5. Сағымова А.С. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 2012. - 80б.
Список литературы Мемлекеттік тілді йретуді инновациалы тсілдері
- Кiшiбаева Д.Ж., Есмұрзаев Н. Жаңашыл педагогтардың шығармашылығын оқу-тәрбие үдерiсiнде қолдану жолдары./Бiлiм беру және ғылым: даму көкжиегi. Халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференция материалдары. 26.03.2010. -250-252б.
- ҚР-ның Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. -Астана, 28.01.2011.
- Назирова А. Мектептегi инновациялық технологияның орны//Бастауыш мектеп, 2004, №2. -34б.
- Әлiмов А. Интербелсендi әдiстердi жоғары оқу орындарында қолдану. -Алматы, 2009. -83б.
- Сағымова А.С. Практикалық қазақ тiлi. -Алматы, 2012. -80б.