Йел жакетіні тасымалданатын блшектерін автоматтандырылан жйеде жобалау
Автор: Кучарбаева К.Ж., Кандидат М., Абдиманапова П.Б.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Техника и технологии
Статья в выпуске: 3 (104), 2014 года.
Бесплатный доступ
Мақалада әйел жакетінің тасымалданатын бөлшектерін автоматтандырылған жүйеде жобалау ұсынылады. HTML тілі бағдарламасында автоматтандырылған тәртіпте тігін кәсіпорындарында әйел жакетін дайындаудың технологиялық процесін өндіріске жіберу мерзімін қысқартады, өнім сапасын жоғарылатады, ақпараттық базалық мәлімет қорын топтастырып сақтайды, өңдеу әдістерін жетілдірді және бұйымды өндірісте дайындауда уақыт шығынын азайтады. Бұл бағдарлама шағын тігін кәсіпорындарында қолдануға арналған. Зерттеу нәтижесінде әйел жакетінің тасымалданатын бөлшектерін автоматтандырылған жүйесінде жобалау негізінде алгоритм құрастырылды және блок-схемасы жасалынды.
Html тілі бағдарламасы
Короткий адрес: https://sciup.org/140205027
IDR: 140205027
Текст научной статьи Йел жакетіні тасымалданатын блшектерін автоматтандырылан жйеде жобалау
Кіріспе
Зерттеу жұмысында әйел жакетіндегі тасымалданатын бөлшектерді қолдану тәсілдері қарастырылады. Киімді өндірісте дайындау және автоматтандырылған жобалау жүйелері дәйектеледі. Автоматтандырылған Жобалау Жүйелері (АЖЖ) – математикалық әдістерді және электронды-есептеу техникасын жүйелі түрде қолдану негізіндегі жобалаудың ұйымды-техникалық жүйесі. Осы жүйелер арқылы өндірістің өнімділігін арттырып, жаңа бұйымды жобалау үдерісін тездетіп, уақытты үнемдеуге көмегін тигізеді [1].
АЖЖ жарты ғасыр бұрын пайда болған ғылым саласындағы тұтынушыларға қызмет көрсетудің жаңа саласы. Жеңіл өнеркәсіпте дайындалатын тігін бұйымдарының жаңа үлгілерін дайындау мен конструкциясын құрастыру процестерін автоматтандырудың алдыңғы кезеңдерінде киім бөлшектерін бейнелеу, тасымалдау тәсілдері қолданылмады. Автоматты жобалау жүйесін қолдану киімді дайындау уақытын қысқартады, ал жобала-натын бұйымды өндіру сапалы болады. Киімді автоматты жобалау жүйесі сапалы киім үлгілерін жобалау процесін жылдамдатады. АЖЖ жүйелері тек қана үлгілеу процесін автоматтандырып қана қоймай, сонымен қатар өндірістегі киім бөлшектерін тасымалдау тәсілдерін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Тігін бұйымдарын дайындаудың технология-лық процесінде АЖЖ қолдану дифферен-циалдық сұранымдағы тігін бұйымдарының түрлерін кеңейтеді, үлгілердің көркемдік жобалануы кезеңінде АЖЖ үлгінің түстік шешімін, сонымен қатар эскизде матаның фактурасын таңдауды автоматтандырылған тәртіпте орындайды.
Зерттеу нысандары және әдістері
Тігін бұйымы сапасының қалыпта-суының ең маңызды кезеңі – киімді дайын-даудың технологиялық процестерін үлгілеу болып табылады. Бұл кезеңде үлгінің эскизі, конструкциялық, технологиялық және эконо-микалық көрсеткіштері анықталады [2].
Кез-келген объектіні оңтайландыру көптеген нұсқалардың ішінен ең тиімдісін таңдайды. Тігін бұйымдарының техноло-гиялық процестерін оңтайландыру мәселесі өте күрделі, өйткені мұндағы қабылданатын шешімдердің нұсқалары тек қана есептеулер түрінде ғана емес белгілі бір ереже, нұсқау түрінде шешімдерді де ескеру қажет. Технологиялық процестерді үлгілеу бұйым-ның сыртқы көрінісін және конструкциясын негіздейді. Бұл мәліметтер үлгілеудің бас-тапқы ақпараттық жүйесі болып табылады. Бұйымның берілген үлгісін қарастыруға қандай технологиялық процесс керектігін анықтайды. Бұйымның конструкциясын құрастыру – белгілі бір технологиялық іс-әрекеттер көмегімен жекешеленген бөлшек-тердің жинақталуын айтады. Тасымалданатын бөлшектерді өңдеу және киім бөлшектерін қолдану тәсілдерін талдау негізінде үлгінің композициялық шешімі түрлендіріледі [2].
Әйел жакетіндегі тасымалданатын бөл-шектердің жинау процестерін конструктивті граф үлгісі түрінде көрсетуге болады (1 – кестеде көрсетілген).
Кесте 1 – Әйел жакеті бөлшектерінің конструктивті графы
Киім бөлшектерінің эскизі Конструктивті граф түрлері
2 3



т.с.с
Зерттеу нәтижесі
АЖЖ математикалық қамтамасыздан-дыру – бұл автоматты жобалуда тапсырмалар-ды шешудің математикалық әдістері мен алгоритмдерінің математикалық үлгісі. Мате-матикалық үлгі математикалық нысандардың (сандар, векторлар, матрицалар, графтар) және оларды байланыстыратын (қосу, азайту, бөлу, интегралдау), үлгілеудің қасиеттерінің жиын-тығын көрсетеді. Математикалық әдістерге тапсырмаларды шешудің тәсілдері мен ереже-лері кіреді. Алгоритм тапсырмаларды шешудегі математикалық іс – әрекеттердің бірізділігі. Әрбір тасымалданатын бөлшектерді жинауды автоматтандырылған жүйеде HTML тілі бағдарламасында көрсетуге болады. Заманға сай тігін өнеркәсібінің де техникасы мен технологиясы дамып автоматтандырылуда, сондықтан тасымалдау тәсілдерін және тасы- малданатын әр бөлшектердің тұтас бұйымға жинақталуын көрсетін HTML тілі бағдарлама-сында әйел жакетінің тасымалданатын бөлшектері автоматты жобалауда негізделді. HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML тілі бағдарламасында әйел жакетінің тасымалдау тәсілдерін таңдау арқылы композициялы түрде өзгеруін көре алады. Әйел жакетінің жең, жаға және төменгі бөлшек түрлерін бөлу – қосу, созу – қысу, жоғалуы – пайда болуы, басқа бөлшек-термен ауыстыру, біріктіріп – салу, қайта орнын ауыстыру тәсілдерінде түрленеді. HTML тілі бағдарламасында созу – қысу тәсіліндегі әйел жакетінің жең, жаға және төменгі бөліктері әртүрлі пішінде автоматты тәртіпте түрлендірілуі 1-суретте көрсетілген.

Cурет 1 – HTML тілі бағдарламасында автоматты тәртіпте созу-қысу тәсілінде әйел жакетінде тасымалданатын бөлшектерін түрлендіру
Зерттеліп отырған әйел жакетінің HTML тілі бағдарламасында автоматты жобалауда тасымалданатын бөлшектердің математикалық алгоритмін есептеуде матрицаны қолдану тиімді. Тасымалданатын әйел жакетін түрлендіріп құрастыруда негізгі мәліметтері ретінде тасымалдау тәсілдері, жакеттің төменгі бөліктері, жаға және жең түрлері таңдалынды. Мысалы, мәліметтерді А(i,j) матрицасы түрінде ұсынуға болады:
a11, a12, a13 ... a1n a21 , a22 , a23 ... a2n am1 , am2 , am3 ... amn
Элементтерді матрицаның жолдары бойынша қарастырамыз, яғни әр жолға бөлшектерді енгізуге болады.
А(i, j ), мұндағы i= ; j =, m – түрленетін бөлшектер, n – түрленетін бөлшектер саны.
-
- Бірінші жолдағы элементтер a11, a12, a13, ... a1n – костюмге қажетті мата таңдау түрлері, 1n =;
a 1n = Mi(M 1 , M 2 , M3 M к ), i= 1, k
-
- Екінші жолдағы элементтер a21, a22, a23, ... a2n бөлшектерді тасымалдау тәсілдерін таңдау қатары, 1n =;
a2n = Ti(T1,T2,T3,T4,T5,T6), i= ()
мұндағы: T 1 – бөлу-қосу;
-
T 2 – созу-қысу;
-
T 3 – жоғалуы-пайда болуы;
-
T 4 – басқа бөлшектермен ауыстыру;
-
T 5 – біріктіріп-салу;
-
Т 6 – қайта орнын ауыстыру
-
- Үшінші жолдағы элементтер a 31 , a 32 , a 33 , ... a 3n костюмнің төменгі бөлік түрлерін таңдау қатары;
a3n = Ni(N1,N2,N3 … Nj), i= ()
-
- Төртінші жолдағы элементтер a 41 , a 42 , a 43 , ... a 4n костюмге қажетті жаға түрлерін таңдау қатары;
a3n = Mi(M1,M2,M3 … Mg), i= ()
-
- Бесінші жолдағы элементтер a 51 , a 52 , a 53 , ... a 5n костюмге қажетті жең түрлерін таңдау қатары;1n = 1-g.
A5n = Ji(J1,J2,J3 … Jz), i= ()
Автоматтандырылған тәртіпте жобалау-ды матрица түрінде 2 – суретте алгоритмнің блок-схемасы базалық мәліметтердің түрлендіруімен құрастырылды.
Әйел жакетінің тасымалданатын бөлшектерін автоматты жобалау HTML тілі бағдарламасында негізделеді. Келесідей кезеңдерден тұрады:
-
■ баFдарламанын басталуы;
-
■ базалы^ м9лiметтердiн енгiзiлуi;
-
■ материал тYрлерiн тандау, жобалана-тын жакеттің ерекшеліктері бойынша матаны таңдау;
-
■ тасымалдау т9сiлiн тандау - белу-қосу, созу-қысу, жоғалуы-пайда болуы, басқа бөлшектермен ауыстыру, біріктіріп-салу,
қайта орнын ауыстыру тасымалдау тәсілдерінің біреуін таңдау;
-
■ костюмнщ теменп белю тYрлерiн таңдау – әртүрлі стильдегі, түрлі үлгідегі төменгі бөліктермен түрлендіру;
-
■ жаFа тYрлерiн тандау - тYрлi пішіндегі, әртүрлі стильдегі жакетті үлгілеуге қажетті жаға түрлерін таңдау;
-
■ жен тYрлерiн тандау - 9ртYрлi формада және композициялық шешімде түрлендіру негізінде жең түрлерін таңдау;
-
■ шыFару кезещ - жобаланатын эйел жакетін шығару кезеңі;
-
■ баFдарламада эйел жакетiнiн жобалануының аяқталуы – соңы.
Cурет 2 – Әйел жакетінің тасымалданатын бөлшектерін автоматты тәртіпте жобалаудың алгоритмі
Қорытынды
Бөлшектерді түрлендіру тәсілдерін зерттеу негізінде әйел жакетін автоматты тәртіпте жобалаудағы тасымалданатын бөлшек-тері дәйектелді. Әйел жакетінде компози-циялық шешімде тасымалданатын бөлшектерді жобалауда түрлендіру тәсілдері қолданылды. Автоматтандырылған жобалау жүйесі диффе-ренциалдық сұранымның өсуіне, тауар өмір-шеңдігінің қысқаруына, бұйымды жеке тапсы-рыс сұранымына қарай дайындауға және бірың-ғай тауар өндіру көлемін азайуына әкеледі.
Зерттеу жұмысы нәтижесінде әйел жаке-тінің тасымалданатын бөлшектерін автоматты тәртіпте HTML тілі бағдарламасында жобалаудың алгоритімі құрастырылды. Бағдар-ламада базалық мәліметтер енгізіледі, тасымал-дау тәсілдері, әйел жакетінің жең, жаға және төменгі бөлшектерін түрлендіру негізінде тігін бұйымдарының түрлері, бөлшек пішіндері, стилдері және ассортименттері кеңейтілді. HTML тілі бағдарламасында мәлімет базасын басқару жүйесі, тігін кәсіпорындарында әйел жакетін дайындаудың технологиялық процесін өндіріске жіберу мерзімін қысқартады, өнім сапасын жоғарылатады, ақпараттық базалық мәлімет қорын топтастырып сақтайды, өңдеу әдістерін жетілдірді және бұйымды өндірісте дайындауда уақыт шығынын азайтады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Список литературы Йел жакетіні тасымалданатын блшектерін автоматтандырылан жйеде жобалау
- Сурикова Г.И., Сурикова О.В., Кузьмичев В.Е. и др. Проектирование изделий легкой промышленности в САПР. САПР одежды. Учебное пособие. -М.: ИД ФОРУМ: НИЦ ИНФРА-М, 2013. -336 с.
- Мурыгин В.Е., Мурашова Н.В. и др. Моделирование и оптимизация технологических процессов. (Швейное производство). Том 1: Учебник. -М.: Компания Спутник, 2003. -227 с: ил.