Йелдер жадаайыны эргономикалы параметрлері мен динамикадаы озалыстарыны классификациясын зерттеу

Автор: Алдабергенова А. Т., Молдагажиева З. Д.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Технология текстиля и одежды, дизайн

Статья в выпуске: 1 (139), 2023 года.

Бесплатный доступ

Бүгінгі таңда Қазақстан нарығында әйелдер жадағайларына сұраныс өте жоғары. Жадағайларға арналған маңызды параметрлердің бірі ол эргономикалық талаптар болып табылады. Қазіргі кезде жадағайлардың эргономикалық талаптарын зерттеу туралы нақты әдеби жүйеленген ұсынымдардың болмауы аталған жадағайдағы эргономикалық зерттеуде толық көлемде шешуге негізгі және өзекті болып табылады. Мақалада әйелдер жадағайының эргономикалық параметрлері мен динамикадағы қозғалыстарының классификациясын зерттеу қарастырылды. Зерттеу барысында маркетингтік анализ, яғни сауалнама жүргізілді. Әйелдердің негізгі дене қозғалыстары және тұтынушылардың іс-әрекет процесінде жасайтын негізгі дене қозғалыстардың кездесу жиілігін саралау жүргізілді. Нәтижесінде динамикадағы үш негізгі қозғалыс түрлері анықталды. Ұсынылған №1, №9, №16 кейіптердің үш ортадағы бейнесі және киімнің конструкциясына әсер ететін қозғалыс процесінде өзгерілетін маңызды өлшемдік белгілер анықталды. Таңдалынған өлшемдік сипаттамалары бойынша статикалық және динамикалық белгілер арасындағы айырмашылығы, яғни динамикалық әсер есептелінді. Сонымен қатар абсолюттік және салыстырмалы бірліктердегі динамикалық әсерлер шамасы мен еркін айналымға берілетін қосымшаның мәндері анықталынды. Осыған байланысты, динамикадағы зерттелген өлшемдер мен еркін айналымға берілген қосымшалар, әйелдер жадағайының жаңа үлгісін құрастыруға негізделінді.

Еще

Жадағай, динамикалық әсер, дене қозғалыстары, кейіп

Короткий адрес: https://sciup.org/140297818

IDR: 140297818   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2023-1-167-173

Текст научной статьи Йелдер жадаайыны эргономикалы параметрлері мен динамикадаы озалыстарыны классификациясын зерттеу

ӘОЖ 687.1                             

Кіріспе

Сыртқы киім тігін бұйымдарының арасында маңызды орын алады. Қазіргі уақытта сыртқы киім, оның ішінде жадағай (тренч) үлкен мәдени әсерге ие. Біздің өміріміздегі сыртқы киімнің бұл түрінің негізгі функциясы қолайсыз ауа-райында барынша жайлылықты сақтау, сондай-ақ жаңбыр, жел сияқты қоршаған орта факторларынан қорғау болып табылады [1].

Стандарттарға сәйкес сырт киімдер физика-механикалық (жіктің үзілу жүктемесі); эргономикалық, оның ішінде: гигиеналық көрсеткіштер (салмағы, ауа өткізгіштігі, қаттылығы), физиологиялық (үздіксіз пайдаланудың рұқсат етілген уақыты), антропометриялық (адам денесінің көлеміне сәйкестігі); эстетикалық (силуэт, сыртқы түрі, әрлеу сапасы) сапа көрсеткіштеріне сәйкес болу тиіс [2]. Жадағайды күнделікті киетін сырт киімдердің бірі болғандықтан, қоршаған орта факторларына және басқада факторларға төтеп беру үшін міндетті түрде қойылатын талаптарды толығымен қамту керек [3].

Бүгінгі таңда басты және маңызды мәселе- күнделікті киюге арналған жадағайға талаптар жайлы толық сұраныстар орнатыл-маған. Осыған байланысты қолданыстағы талаптарды негізге ала отырып, жадағайға арнайы талаптарды әзірлеу.

Сырт киімнің осы түріне функцио-налдық-эргономикалық талаптарды қамтамасыз ету тұрғысынан жадағайды жобалауда ең алдымен әйел адамдардың күнделікті жасайтын қозғалыстарын негіздеу бойынша, сыртқы киімге арналған эргономикалық әйелдер жадағайын жобалау әдістемесін жасау киімнің жайлылығы мен тиімділігін арттыру зерттеу өзекті болып табылады.

Жадағайдың сапасын жақсартудағы мәселелерді шешуге кешенді көзқараспен ғана қол жеткізуге болады, оның ішінде дененің негізгі түрлерін, сәнді формаларды жасау кезінде эргономикалық және гигиеналық талаптарды ескеру.

Жадағайды киген кезде қозғалыс барысында адамға психологиялық жайсыздық немесе ыңғайсыздық, жылу және суық, дененің жекелеген бөліктеріне қысым жасауы, бұл адамның шаршауына, іс-әрекеттеріне және жұмысының сапасыз болуына әсер етеді [4].

Эргономикалық сапалы жадағайды жасау талаптарға сәйкес адам денесінің антро-пометриялық сипаттамасымен киім формасын неғұрлым толық сәйкестендіруді қажет етеді. Қозғалыс кезінде дененің жағдайы үнемі өзгеріп отырады, және әртүрлі антропомет-риялық нүктелер арасындағы қашықтық та өзгереді [5].

Адамның қозғалысы кезінде дененің жеке нүктелері арасындағы оның бетімен

өлшенген қашықтық үнемі өзгеріп отырады [6]. Сонымен қатар, киімнің мөлшері дененің өлшемінен аз болатын жерлерде материал созылып кетеді немесе өнімнің өзі дененің бетімен қозғалады.

Дене өлшемдері киімнің тиісті өлшемдерінен аз болған кезде, материал еркін орналасады, бүктемелер, иілімдер және т.б. киімнің жеке бөлімдерінің өлшемдері, ондағы адамның қозғалысын ескере отырып, фигураның өлшемді белгілеріне қосымша шамалармен реттелуі керек [7]. Динами-калық антропометрия бағдарламасы мемлекеттік стандарттар бойынша өлшеулерден басқа бірқатар қосымша өлшеулерді қарастырады: айналым, биіктік, тыныс алу ке-зіндегі ендік, аяқ-қолдардың бүгілуі және басқа қозғалыстар. Сенімді деректер алу үшін әрбір өлшем белгісін өлшеуді бес рет жүргізу ұсынылады [8].

Жоғарыда айтылғандарды толығымен негізге ала отырып, жұмыстың мақсаты ди-намикадағы кейіптердің түрлерін қарастыру, қозғалыс барысында өзгеріске ұшырайтын өлшемдік белгілерді анықтау және эргономи-калық талаптарды зерттеу негізінде, әйелдер жадағайын дайындау болып табылады.

Зерттеу материалдары мен әдістері

Күні бойы әйелдер немесе қыздар жасайтын динамикалық кейіптер мен қозғалыстарды бақылау жас аралықтарын қамтитын үш топта жүргізілді. Бірінші топқа мектеп оқушылары мен студенттер 16-20 жас, екінші топқа 21-35 жас аралықтарындағы қыздар мен әйелдер, ал үшінші топқа 36-55 жас аралы-ғындағы үлкен жастағы әйелдер кірді. Әйелдер тобын бөлу қабылданған жіктемеге сәйкес жүргізілді. Әйелдерді жадағай киімінде бақылау үй-жайларда да, қоғамдық көліктерде, жұмыс немесе оқу кезінде де, оқудан кейін немесе университеттерде немесе мектептерде, жұмыстан тыс уақыттардан кейін де жүргізілді. Оқудан тыс, қызмет немесе серуенде, жұмыстан тыс кезінде және әйелдердің жадағайды кигендегі қозғалысы жұмыстан тыс уақыт пен жұмыс уақыттарымен салыстырғанда әртүрлі. Олардың ішінен ең жиі қайталанатын қозғалыстар ерекшеленеді. Бұл жаяу жүру, отыру, басты алдыға және артқа қарай қозғау, қолды алға, артқа серпу, сонымен қатар қолды жоғары көтеру. Негізгі дене қозғалыстарының он алты түрлері анықталды.

Нәтижелер және оларды талқылау

Орындалған қимылдарды есептеп, сауалнамада санын қойған сарапшылар талдау жасады. Сауалнамада әртүрлі қимыл - қозғалысты орындау кезінде мүмкін болатын ди-намикалық кейіптердің тізбесі келтірілген. Сарапшылар ретінде бакалавриаттың 3- 4-курс студенттері және жұмыс қызметкерлерінің адамдары тартылды. Ең жиі кездесетін дина-микалық кейіптерді анықтау үшін рейтинг әдісі қолданылды. Бөлінген динамикалық кейіптердің кездесу жиілігін бағалау нәтижелері 1-суретте графикалық түрде көрсетілген.

Сурет 1 - Динамикалық кейіптердің кездесу жиіліктерінің диаграммасы

Бақылау нәтижелерін талдау барысында студенттер мен әйел адамдардың жұмыс кезінде де, оқу немес жұмыстан тыс іс-шаралар кезінде де орындайтын көптеген қозғалыстардың үшеуі ең типтік болып таңдалды.

Динамикадағы өлшем белгілерінің өзгеруіне зерттеу жүргізу үшін негізгі кейіптер ретінде мыналар таңдап алынды: терең тыныспен жаяу жүру (№1 кейіп), Аяқты жартылай бүгіп, қолды иық деңгейінен жоғары көтеру (№9 кейіп), қол шынтақ буынында 90º бұрышта бүгілген, білек пен қол көлденең бағытта орналасқан (№16 кейіп) таңдалды.

Жиі кездесетін кейіптер 1- кестеде көрсетілген және "DAZ 3d studio" бағдарламасының көмегімен өлшемді үш ортада жаса-лынды. Суреттерде негізгі антропометриялық белгілердің өлшеу орындары бейнеленген әртүрлі динамикалық кейіптер.

Кесте 1- Динамикадағы жиі кездесетін кейіптер

Қозғалыстың әртүрлі фазаларында өл-шемдік белгілерді дәйекті өлшеу кезінде бастапқы нүктедегі сантиметрлік таспа жабысқақ таспамен, ал аралық нүктелерде блоктармен бекітілді [9]. Антроподинамика-лық зерттеулер бағдарламасына антропомет-риялық нүктелердің негізгі өлшемдері мен орналасуын, адам денесінің сегменттерінің бетін, киімді жобалау кезінде оларды есепке алу тұрғысынан сипаттайтын өлшемді белгілер енгізілді (1-кесте).

Кейіптің атауы Кейіп №1- Терең тыныспен жаяу жүру. Адам жүрген кезде оң және сол қолдары алдыға және артқа сермейді, дене салмағы бір аяққа немесе екі аяққа біркелкі бөлінеді

Кейіптің үш ортадағы бейнесі

Кейіп №9 - Адам тік тұрады, аяғы бірге, дене салмағы бір аяққа немесе екі аяққа біркелкі бөлінеді, бір (көбінесе оң) қолды иық деңгейінен жоғары көтеріп, шынтақ буынында бұрышты (130⁰ -140⁰) құрайды Кейіп №16 - Жазбаша жұмыстарды орындау кезіндегі динамикалық қалып. Адамдар орындықта тікелей отырады, аяқ тізе буыны тік немесе (100⁰-110⁰) бүгілген. Қолдар үстелдің үстіне қойылған, шынтақ бүгілген.

Зерттеу жұмысына кеуде айналымы 8488 см, бөксе айналымы 80-94 см, бой ұзындығы 164-170 см арасында болатын әйел адамдар мен қыздар қатысты.

Белгілі бір динамикалық кейіптер үшін жасалған өлшеу мәні мен статикалық кейіптер үшін жазылған бірдей өлшеу мәні арасындағы айырмашылық динамикалық эффект деп ата- лады [10]. Бұл параметр абсолютті мәндерде (см) және пайызбен ( % ) көрсетілуі мүмкін. Үздіксіз қозғалыста пайдалануға арналған киімді жобалау кезінде динамикадағы өлшем белгілерінің өзгеру сипаты мен шамасын ескеру қажеттілігі арнайы белсенді іс-әрекеттермен айналысу кезінде бірқатар жұмыстарда дәлелденген [11].

Динамикалық және статикалық белгілер арасындағы айырмашылық дене қоз-

ғалысының әсері немесе динамикалық эффект деп аталады [12].

d Xd-^

* 100%

мұндағы:

d i - статикалық және динамикалық белгілер арасындағы айырмашылық, %

X d - динамикалық кейіпте алынған өл-шемдік белгілер, см

X S - статикалық кейіпте алынған өлшем-дік белгілер, см

Жас қыздар мен әйел адамдардың фигураларын зерттеу деректері бойынша абсолюттік және салыстырмалы бірліктердегі ди-намикалық әсерлердің шамалары 2-кестеде келтірілген

Кесте 2– Әйел адамдардың фигураларының өлшемдік белгілерінің динамикалық эффект мәні

Өлшем түрлері

Статика дағы мәні, X S см

Эргономикалық кейіптерді орындау кезінде өлшем белгісіне динамикалық эффект

І- кейіп

IX- кейіп

XVI- кейіп

X d , см

d i , %

X d , см

d i , %

X d , см

d i , %

1

Ог ІІІ

88,0

88,15

0,17

88,25

3,69

88,0

0,0

2

Шг

33.5

34,7

3,58

37,1

10,75

33,5

0,0

3

Шс

31.9

33,0

3,45

35,0

9,72

37,0

15,99

4

Оп

27.9

28,2

1,08

29,5

5,73

28,1

0,72

5

Др

58,0

57,0

-1,72

57,5

0,86

59,0

1,72

6

Дтс

41.6

41,9

0,72

41,6

0,0

41,6

0,0

Зерттеу әдістерін қолдана отырып био-механикалық зерттеулер және адам денесін статикалық өлшеу арқылы алынған мәліметтер арнайы мақсаттағы бұйымдарды жобалау үшін минималды динамикалық өсуді табудың әмбебап формуласын алу үшін қолданылды [13].

Динамикалық қосымшасы бар дайын өнімдерді өлшеу саласындағы еркін қоным-дылыққа арналған қосымшаны шартты түрде екі бөліктен тұратын, әр түрлі мағынаға ие деп санауға болады [14].

Псд. = Пт1П + Пс + Пф + пд

мұндағы:

П с.д. – еркін қонымдылыққа берілетін қосымша, см

П min -киімінің еркін орналасуына мини-малды қажетті қосымша, см

Қажетті минималды (П min ) қосымшалардың келесі түрлерін ескереді: силуэтке (П с ), физиологиялық-гигиеналық (П ф ), динамика-лық (П д ) қосымшалар [15]. Анықталған қосымшаның мәні 3- кестеде ұсынылған.

Кесте 3- Әйелдер жадағайы үшін қозғалыс еркіндігінің өсу шамаларының мәндері

Өлшем белгілер

Динамикадағы белгінің символы

Динамикалық эффект, d i %

Статикадағы мәні N с см

Еркін қонымдылыққа берілетін қосымша П с.д , см

1

Ог ІІІ

1d

3,69

88,0

9,5

2

Шг

2d

10,75

33.5

2,5

3

Шс

4d

15,99

31.9

2,2

4

Оп

7d

5,73

27.9

9,0

5

Др

21d

1,72

58,0

6,2

6

Дтс

16d

0,72

41.6

1,2

Қорытынды

Зерттеу нәтижесінде тұтынушылардың іс-әрекет түрлерінің киімді жобалау процесіне тікелей тәуелділігі анықталды, себебі қызмет түрі қозғалыс түрлерін анықтайды, бұл өз кезегінде киімді жобалау кезінде қажетті бастапқы ақпараттың өзгеруіне әкеледі.

Киімнің конструкция сипаттамаларына әсер ететін қозғалыс процесінде өзгеріске ұшырайтын маңызды өлшемдік белгілер анықталды. Белгілер киімді жобалау үшін қабылданған дизайн әдістерін талдау және әйел адамдар мен қыздардың оқу, жұмыс және жұмыстан тыс іс-әрекеттерін орындау процесінде айтарлықтай өзгеріске ұшырайтын өлшемді белгілерді зерттеу негізінде ерекшеленеді.

Динамикадағы өлшемді белгілердің өзгеруіне зерттеу жүргізілді және динамикалық әсер анықтау әдістемесі жасалды, киімнің конструкция параметрлерінің өзгеруіне әсер ететін маңызды өлшемді белгілер үшін макси-малды және минималды динамикалық әсердің және еркін қонымдылыққа берілетін қосымша-лардыңда мәліметтер базасы жасалды.

Киімді жобалау кезінде таңдалған өлшем белгілеріне сәйкес динамикалық әселерді ескеру өнеркәсіпте өндірілетін өнімдердің эр-гономикалық сипаттамаларын арттырады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Композиция одежды: учебно-методическое пособие для специальности «моделирование и художественное оформление изделий легкой промышленности» / Сост. Г. Ш. Тогабаева-Алматы, АТУ, 2018. - 106 С.

  • 2.    Особенности конструирования изделий лёгкой промышленности: учеб.-метод. пособие напр. подгот. бакалавров 29.03.01 Технология изделий лёгкой промышленности, 29.03.05 Конструирование изделий лёгкой промышлен-ности для студентов оч., оч-заоч. и заоч. форм обучения/сост.: С.А. Колесник, С.В. Куренова. – Шахты: ИСОиП (филиал) ДГТУ в г. Шахты, 2018. – 121 с.

  • 3.    Jones, Linda Eleanor. “Raincoat: a creative consideration of urban rainwear”. In the Auckland Componion to Modernism, 2nd., edited by Micheal Levenson, 212-231. Auckland: Auckland University of Technology Press, 2011.

  • 4.    Гусева М.А., Петросова И.А., Андреева Е.Г., Бахадурова З.Б., Айкян Д.А., Зарецкая Г.П. Исследование взаимосвязи модельных особенностей и эргономических свойств в одежде// «Universum: Технические науки: электрон. научн. журн. 2016. - № 6 (27). - С. 9.

  • 5.    Ло Юнь, Кузмичев Б.Е. Технология параметризации формы одежды//Швейная промышленность. – 2010, №2. – С.31–33

  • 6.    D. Gupta, N. Zakaria Elsevier. Anthropometry, apparel sizing and design, Indian Journal of Fiber and Textile Research, 2014. – 368p.

  • 7.    Deepti Gupta. Design and engineering of functional clothing//Indian Journal of Fiber and Textile Research, 2011; Vol. 36, - PP. 327–335

  • 8.    Preedy V.R. – Heidelberg. Handbook of anthropometry: Physical measures of human form in Health and disease, Springer, 2012. – 3000p.

  • 9.    Jan Kuschan, Henning Schmidt, Jorg Kruger. Analysis of ergonomic and nonergonomic human lifting behaviors by using Inertial Measurement Units//Current Directions in Biomedical Engineering – 2017, Vol. 3(1): PP. 7 – 10.

  • 10.    Гусева М.А., Петросова И.А., Андреева Е.Г., Бахадурова З.Б., Айкян Д.А., Зарецкая Г.П. Исследование взаимосвязи модельных особенностей и эргономических свойств в одежде//«Uni-versum: Технические науки: электрон. научн. журн. 2016. - № 6 (27). - С. 9.

  • 11.    Янчевская. Е.А. Конструирование одежды: учебник для студ. высш. учеб. заведений / Е.А. Янчевская. – 2-е изд., испр.- Москва : Издательский центр «Академия», 2012. -384 с.

  • 12.    Моделирование и конструирование одежды: лабораторный практикум. В 2 ч. Ч. 1 : Констриурование моделирование / сост. В. П. Довыденкова, С.С. Алахова. – Витебек: УО «ВГТУ», 2020. – 77 с.

  • 13.    Моделирование и конструирование одежды: практикум/С.Ю. Макленкова, И.В. Максимкина ; С.Ю. Макленкова, И.В. Максимкина. - Моделирование и конструирование одежды; Весь срок охраны авторского права. – М. Московский педагогический государственный университет, 2018. - 84 с.

  • 14.    Медведева, Т.В. Конструирование одежды: технологии проектирования новых моделей одежды : учебное пособие / Т.В. Медведева. - HTML5. - М: ФОРУМ, 2014. - 304 с.

  • 15.    Кочесова, Л.В. Конструирование женской одежды: учебник / Кочесова Л.В. - 5-е изд.,стер. - М: Академия, 2013. - 304 с.

Список литературы Йелдер жадаайыны эргономикалы параметрлері мен динамикадаы озалыстарыны классификациясын зерттеу

  • Композиция одежды: учебно-методическое пособие для специальности «моделирование и художественное оформление изделий легкой промышленности» / Сост. Г. Ш. Тогабаева-Алматы, АТУ, 2018. - 106 С.
  • Особенности конструирования изделий лёгкой промышленности: учеб.-метод. Пособие напр. подгот. бакалавров 29.03.01 Технология изделий лёгкой промышленности, 29.03.05 Конструирование изделий лёгкой промышленности для студентов оч., оч-заоч. и заоч. форм обучения/сост.: С.А. Колесник, С.В. Куренова. – Шахты: ИСОиП (филиал) ДГТУ в г. Шахты, 2018. – 121 с.
  • Jones, Linda Eleanor. “Raincoat: a creative consideration of urban rainwear”. In the Auckland Componion to Modernism, 2nd., edited by Micheal Levenson, 212-231. Auckland: Auckland University of Technology Press, 2011.
  • Гусева М.А., Петросова И.А., Андреева Е.Г., Бахадурова З.Б., Айкян Д.А., Зарецкая Г.П. Исследование взаимосвязи модельных особенностей и эргономических свойств в одежде// «Universum: Технические науки: электрон. научн. журн. 2016. - № 6 (27). - С. 9.
  • Ло Юнь, Кузмичев Б.Е. Технология параметризации формы одежды//Швейная промышленность. – 2010, №2. – С.31–33
  • D. Gupta, N. Zakaria Elsevier. Anthropometry, apparel sizing and design, Indian Journal of Fiber and Textile Research, 2014. – 368p.
  • Deepti Gupta. Design and engineering of functional clothing//Indian Journal of Fiber and Textile Research, 2011; Vol. 36, - PP. 327–335
  • Preedy V.R. – Heidelberg. Handbook of anthropometry: Physical measures of human form in Health and disease, Springer, 2012. – 3000p.
  • Jan Kuschan, Henning Schmidt, Jorg Kruger. Analysis of ergonomic and nonergonomic human lifting behaviors by using Inertial Measurement Units//Current Directions in Biomedical Engineering – 2017, Vol. 3(1): PP. 7 – 10.
  • Гусева М.А., Петросова И.А., Андреева Е.Г., Бахадурова З.Б., Айкян Д.А., Зарецкая Г.П. Исследование взаимосвязи модельных особенностей и эргономических свойств в одежде//«Universum: Технические науки: электрон. научн. журн. 2016. - № 6 (27). - С. 9.
  • Янчевская. Е.А. Конструирование одежды: учебник для студ. высш. учеб. Заведений / Е.А. Янчевская. – 2-е изд., испр.- Москва: Издательский центр «Академия», 2012. -384 с.
  • Моделирование и конструирование одежды: лабораторный практикум. В 2 ч. Ч. 1: Констриурование моделирование / сост. В. П. Довыденкова, С.С. Алахова. – Витебек: УО «ВГТУ», 2020. – 77 с.
  • Моделирование и конструирование одежды: практикум/С.Ю. Макленкова, И.В. Максимкина ; С.Ю. Макленкова, И.В. Максимкина. - Моделирование и конструирование одежды; Весь срок охраны авторского права. – М. Московский педагогический государственный университет, 2018. - 84 с.
  • Медведева, Т.В. Конструирование одежды: технологии проектирования новых моделей одежды: учебное пособие / Т.В. Медведева. - HTML5. - М: ФОРУМ, 2014. - 304 с.
  • Кочесова, Л.В. Конструирование женской одежды: учебник / Кочесова Л.В. - 5-е изд.,стер. - М: Академия, 2013. - 304 с.
Еще
Статья научная