«Кефир от фудмастер» німіні ндіріс технологиясын жасартуда жне ауіпсіздігін амтамасыз етуде fmea-талдау ылыми дістемесіні тиімділігі
Автор: Алиева Г.Б., Ахметова С.О., Бортанова Ж.Ж., Омарали Т.Е.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Техника и технологии
Статья в выпуске: 3 (104), 2014 года.
Бесплатный доступ
Мақалада «Фудмастер ұйымы» АҚ-ның «Кефир от Фудмастер» өнімінің өндіріс технологиясы талданып, өндіріс үрдістерінде сәйкессіздіктер мен ақау туу себептерін төмендету мақсатында FMEA-талдау ғылыми әдістемесін қолдану тиімділігі дәлелденді. Жұмыс барысында ұсынылған конструкция мен технологияларға FMEA-талдау ғылыми әдістемесінің негізінде талдау жүргізілді және үрдістерді жетілдіру үшін іс-шаралар әзірленді.
Fmea-талдау
Короткий адрес: https://sciup.org/140205116
IDR: 140205116
Текст научной статьи «Кефир от фудмастер» німіні ндіріс технологиясын жасартуда жне ауіпсіздігін амтамасыз етуде fmea-талдау ылыми дістемесіні тиімділігі
Key’s words: quality’s management system, FMEA analysis, process, defects, potential’s threat, analysis.
Кіріспе
Сүт және сүт өнімдері өнеркәсіптерінде өндіріс қарқынын өсірудің негізгі жолы – өндірілуші өнімдердің сапасын жетілдіру. Белсенді бәсекелестік пен дамыған нарық талаптарына сай еліміздің өнеркәсіптері өнді-руші өнімдерінің, қызмет саласының сапасын дәлелдейтін жаңа деңгейлерге ұмтылуы тиіс.
FMEA-талдау өнім мен үрдіс сапасын талдаудың стандартты әдісі. FMEA – Failure Mode and Effects Analysis түсінігінің аббревиатурасы. Бұл әдіс – ақауларды талдау және оларды қайта жобалау кезінде тіркеу амалдарының бірі.
Функционалды талдаудың бұл түрі өнім өндіру барысында шығын шамасын және ақау туу қауіпін азайтуға мүмкіндік береді. FMEA-талдау ақаудың маңызды себептерін анықтау-да, оларды жою үшін түзетуші шаралар әзірлеп, нәтижесінде өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тиімді.
FMEA-талдау әдісінің мақсаты үрдіске қатысты қауіпті анықтау және сол қауіпті төмендету үшін басқару элементтерін таға-йындау. FMEA-талдау әдісін қолданудың өндірістегі мүмкіндіктері:
-
- маңызды мәселелер мен олардан болатын ауыртпалықтардың шамасын анықтау, қарастыру, бағалау;
-
- маңызды мәселелердің туу мүмкіндік-терін жою немесе төмендету шараларын анықтау;
-
- маңызды қатерлерді бағалау арқылы үрдісті құжаттандыру [1].
Зерттеу нысаны және әдістері
Зерттеу нысаны «Фудмастер ұйымы» АҚ сапа менеджменті бойынша өнім сапасын басқару жүйесі, «Кефир от Фудмастер» өнімінің технологиялық үрдістері. Жұмыс барысында өнім сапасын статистикалық басқару әдістері, құжаттамадағы және өндірісті ұйымдастыру кезінде қателерді байқау және жою әдістемесі, FMEA-талдау ғылыми әдістемесі қолданылды.
Нәтижелер және оларды талдау
Жұмыс барысында «Кефир от Фудмастер» өнімінің өндіріс технологиясының барлық үрдістеріне және өндірістік құрылғы-лардың арнайы бөлшектеріне талдаулар жасалды. Талдау мақсаты үрдістің сапа бойынша жоспарланған барлық талаптарын орындау және ақауды анықтап, ақау туу мүмкіндігін жоятын іс-шаралар әзірлеу.
Талдау жұмыстары «Фудмастер ұйымы» АҚ-ның өндірістік бөлімі, сапаны басқару бөлімі, зертхана бөлімі қызметкерлерінің және АТУ-нің «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасының студенттерінің қаты-суымен орындалды. Талдау барысында анық-талған сәйкессіздіктер мен ақауларға үрдісті жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірленді.
Талдау нәтижесінде өндірістің арнайы кезеңдерінде және өндірістік құрылғылардың арнайы бөлшектерінде түрлі себептерден технологиялық үрдістердің бұзылуы анық-талды. Үрдістің бұзылуына байланысты өнім өндірісінде ақау туындады. Ақауларға 10 балдық реттік шкала бойынша сандық бағалау жүргізілді. Ақаулар 3 көрсеткіш бойынша бағаланды: ақау туу мүмкіндігі (Ро), қарқынды қауіп туу шынайылығы (S), ақауды анықтау мүмкіндігі (Pd). Ақау туу мүмкіндігі-нің ұпайы жоғары болған сәтте технология-лық үрдіс өңделді. FMEA-талдаудың негізгі көрсеткіштері 1-кестеде сипатталды [2].
Кесте 1 - FMEA-талдау ғылыми әдістемесінің негізгі көрсеткіштері
FMEA көрсеткіштері |
Баға |
Туындау жиілігі |
Ақау туу мүмкіндігі (Ро) |
||
Ақау туу мүмкіндігі өте аз |
1 |
< 1/100 000 |
Ақау туу мүмкіндігі аз |
2-3 |
< 1/10 000 |
Ақау туу мүмкіндігі төмен |
4-5 |
< 1/1000 |
Ақау туу мүмкіндігі орташа |
6-7 |
< 1/100 |
Ақау туу мүмкіндігі жоғары |
8-9 |
< 1/10 |
Ақау туу мүмкіндігі өте жоғары |
10 |
< 1/1 |
Қауіп тууының шынайылығы (S) |
||
Өнім үшін потенциалды қауіп жоқ |
1 |
< 1/100 000 |
Өнім үшін потенциалды қауіп төмен, аз мәнді |
2-3 |
< 1/1000 |
Сәтсіз жағдай мен құрылғы істен шығу мүмкіндігі аз |
4-6 |
< 1/100 |
Сәтсіз жағдай мен құрылғы істен шығу қауіпі |
7-8 |
< 1/10 |
Денсаулыққа зиян тиу шынайылығы |
9-10 |
< 1/1 |
Ақауды анықтау мүмкіндігі (Pd) |
Ақау 100% анықталады |
1 |
< 1/100 000 |
Ақау 75% анықталады |
2-3 |
< 1/1000 |
Ақау 50% анықталады |
4-6 |
< 1/100 |
Ақау анықтау мүмкіндігінің төмендігі |
7-8 |
< 1/10 |
Ақау анықталмайды |
9-10 |
< 1/1 |
Талдау кезінде күрделі құрылғылар жеке бөлшектерге жіктеліп, технологиялық үрдістер технологиялық жүйе сатыларына бөлініп, құрылғылар функционалдық элемент ретінде қарастырылды.
Ақау туу мүмкіндіктері «Кефир от Фудмастер» өнімінің өндіріс технологиясы-ның келесі сатыларында анықталды:
-
1. Нормалау, (пастерлеуші танк).
- п астерлеуші дезинфекциялаушы
араластыру үрдістері
танкте жуу және сұйықтық қалдығы
(потенциалды ақау). Ол өнім, ары қарай өңделу ақауына жеткізеді. Ақау туу себебі – құрыл-ғыны жуу кезінде шаюды аяқтайтын насостың бұзылуына байланысты жуу және дезинфек-циялаушы сұйықтықтың жеткілікті сыртқа шығарылмауы (FMEA көрсеткіші бойынша өңдеуге дейінгі баға - “8”). Ақау себебін болдырмау үшін келесі іс-шара ұсынылды:
-
а) танкке сүтті әкелер алдында танкте жуу және дезинфекциялаушы заттардың қалдығының жоқтығына көз жеткізу керек (сырттай бақылау арқылы);
ә) тепкіш насостың сәйкессіздігі анық-талған жағдайда өндіріс менеджеріне немесе бас инженерге хабарлау қажет (FMEA көр-сеткіші бойынша өңдеуден кейінгі баға - “2”).
-
- Танк моторынан матор майының ағуы. Потенциалды ақау – өнімдегі матор майы (FMEA көрсеткіші бойынша өңдеуге дейінгі баға - “9”). Ақау себебін болдырмау үшін техникалық күтім жоспарына сай моторда май тамшыларының жоқтығына көз жеткізу үшін танк инспекциясын жүргізу қажет (FMEA көрсеткіші бойынша өңдеуден кейінгі баға - “2”).
-
2. Құрғақ майсыздандырылған сүт енгізу.
-
- антибиотиктер. Потенциалды ақау -құрғақ майсыздандырылған сүт қалдықтары-ның тримблендерде немесе сүт келетін жүйеде қалып кетуі (FMEA көрсеткіші бойынша өңдеуге дейінгі баға - “10”). Ақау туу себебі келесі жағдайларда төмендетіледі:
-
а) жоспар бойынша құрғақ майсыздан-дырылған сүттің әр партиясында антибиотик-терге талдау жасау;
ә) құрғақ майсыздандырылған сүтте ан-тибиотиктер табылған жағдайда арнайы
қызыл белгімен белгілеп, шикізатты өндірісте қолданбау қажет;
-
б) құрғақ майсыздандырылған сүтті қолданған соң тримблендер және сүт келетін жүйені жуу қажет (FMEA бойынша өңдеуден кейінгі баға - “3”).
-
3. Құрғақ майсыздандырылған сүт енгі-зу, сүзу.
-
- резинка төсеніштің тозуы. п отен - циалды ақау – картон, қорап, қағаз, ағаш бөлшектерінің, қызметкердің шашы, тырнағы, шикізат қаптарының жібі, шыны, резинка төсеніш бөлшектерінің түсіп кетуі (FMEA көрсеткіші бойынша өңдеуге дейінгі баға - “7”). Ақау себебін болдырмау үшін келесі іс-шаралар ұсынылды:
-
а) әр 5 сағатта фильтрді тексеріп, тазалау. Нәтижелер тіркеледі;
ә) өндіріс цехтарында ағаш бұйымдар қолданбау;
-
б) қызметкерлердің бас киімді дұыс киюін қадағалау;
-
в) ай сайын шыны аудитын жүргізу;
-
г) тримблендерді техникалық күту инс-пекциясы (FMEA көрсеткіші бойынша өңдеуден кейінгі баға - “ 2 ”).
-
4 . Құрам заттарын тасымалдау, өлшеу және араластыру жүйесі.
-
- құрам заттарын мөлшерлеу. п отен - циалды ақау – өлшеу таразыларының істен шығуы нәтижесінде құрам заттарының мөлшері өзгереді. Өңдеу кезінде өнім құрамы мен сапасының бұзылуына әкеледі (FMEA көрсет-кіші бойынша өңдеуге дейінгі баға - “3”). Ақау себебін болдырмау үшін метролог өлшеу жүйесін ай сайын, кезекшілік сайын бақылап, мәліметтерді журналға толтыруы қажет (FMEA көрсеткіші бойынша өңдеуден кейінгі баға - “1”).
-
- FINPAC қаптаушы құрылғысы. Жеке қаптамалардың өніммен жетік толты-рылмауы. Потенциалды ақаулар:
-
а) мембрана жыртылған;
-
ә) ауа каналдары бітелген;
-
б) ауа қысымы, вакуумның жеткіліксіз-дігі;
-
в) мөлшерлеуші бөліктің бітелуі (FMEA көрсеткіші бойынша өңдеуге дейінгі баға -“6”). Ақау себебін болдырмау үшін келесі іс-шаралар ұсынылды:
-
а) ақаулы мембрананы ауыстыру;
ә) корпустың ауа каналдарын, мөлшер-леуші бөлікті ыстық сумен жуып, нығыздал-ған ауамен кептіру;
-
б) ауа қысымы, вакуум шамасын тексеру, қажетті жағдайда түзету;
-
в) мөлшерлеуші бөлікті тазалау (FMEA көрсеткіші бойынша өңдеуден кейінгі баға - “1”).
-
5. Құрам заттарды тасымалдаушы пневматикалық жүйе.
-
- жинақтаушы бункерлер, мөлшерлеп бөлуші жүйе. Потенциалды ақау – шикізат келу
ретінің бұзылуы. Ол өңдеу кезінде өнім құрамы мен сапасының бұзылуына әкеледі. Шикізат енгізу ретін сақтамаған жағдайда, құрғақ заттарды енгізуде артық салмақ түссе аралас-тырғыш құрал істен шығады (FMEA көрсеткіші бойынша өңдеуге дейінгі баға - “4”). Ақау себебін болдырмау үшін шикізат енгізу үрдісін автоматтандыру қажет (FMEA көрсеткіші бойынша өңдеуден кейінгі баға - “1”) [3,4].
Зерттеу нәтижесінде FMEA көрсеткіште-ріне сай алынған бағалар 2 – кестеде келтірілді.
Кесте 2 - FMEA-талдау ғылыми әдістемесінің көрсеткіштері бойынша «Кефир от Фудмастер» өнімінің өндіріс технологиясын өңдеуге дейінгі баға
3 2 ^ 3 о 5 у к м ^ -б4 & со 3^ |
щ ST |
8 о < |
к о @ £ о S к о Рн |
а § а ф § 5 cd Н В |
S .у В Й 5 § ” d S л н н в я # ф ° |
ST 3 |
|
Ақау туу мүмкіндігі (Ро) |
8 |
9 |
10 |
7 |
3 |
6 |
4 |
Қауіп тууының шынайылығы (S) |
7 |
7 |
7 |
5 |
1 |
4 |
1 |
Ақауды анықтау мүмкіндігі (Pd) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
Технологиялық үрдістер мен құрылғы-ларға өзгеріс енгізген соң ақау туу қауіптері айтарлықтай төмендетілді. 3 – кестеде FMЕA көрсеткіштері бойынша «Кефир от Фудмастер» өнімінің өндіріс технологиясын өңдеуден кейінгі бағалары көрсетілді.
Кесте 3 – FMEA-талдау ғылыми әдістемесінің көрсеткіштері бойынша «Кефир от Фудмастер» өнімінің өндіріс технологиясын өңдеуден кейінгі баға
3 2 о 5 у к м |
cd cd 2 5 § |
8 н о н |
к и @ g к Рн |
к о н и К" : В В I ф g i |
К" В cd Н Ь* 5 ^ § § ц cd Я В Н У S § в g ® g |
ST л со со Ю в |
|
Ақау туу мүмкіндігі (Ро) |
2 |
2 |
3 |
2 |
1 |
1 |
1 |
Қауіп тууының шынайылығы (S) |
1 |
1 |
2 |
1 |
0 |
0 |
0 |
Ақауды анықтау мүмкіндігі (Pd) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
Кестедегі баға шамалары FMEA-талдау ғылыми әдістемесінің тиімділігін көрсетеді. Ақау туу мүмкіндіктері айтарлықтай төмен-детілді. FMEA көрсеткіштерін бағалауда оқиға-ның туындау мүмкіндігі (Ро), маңыздылығы (S), анықталу мүмкіндігі (Pd) — “ақау туу мүмкіндігі аз”, “өнім үшін потенциалды қауіп жоқ” және “ақау 100% анықталады” деген түсі-ніктер шынай мәнге ие болды. 4-кестеде FMEA бойынша өңдеуге дейінгі және өңдеуден кейінгі жалпы бағалау коэффициенттері берілді.
Кесте 4 - FMEA бойынша өңдеуге дейінгі және өңдеуден кейінгі жалпы бағалау коэффициенттері
3 о 5 у S |
Н >-. cd щ ST cd S cd 2 5 " |
к о к < |
о @ - о 8 н к Рн |
Ф |
К" В св Н &“ § g S § ц св я В 5 § в 8 ® g |
5 1=1 v ^Q со Н >^ S Ю 3 |
|
Ақау туу мүмкіндігі (жалпы бағалау Ро*S*Pd) FMEA қолданудан бұрын |
16 |
17 |
18 |
13 |
5 |
11 |
6 |
Ақау туу мүмкіндігі (жалпы бағалау Ро*S*Pd) FMEA қолданудан кейін |
4 |
4 |
6 |
4 |
2 |
2 |
2 |

Сурет 1 - FMEA бойынша өңдеуге дейінгі және шамалары
өңдеуден кейінгі жалпы бағалаудың салыстырмалы
FMEA-талдау ғылыми әдістемесін қолда-ну «Кефир от Фудмастер» өнімінің өндіріс тех-нологиясын сапа және қауіпсіздікпен қамтама-сыз етуге қол жеткізді. Өңделген технологиялық үрдістер өндірістік талаптарға сай дәл шамадағы, тұрақты температуралы және бірегей дәмге ие таза өнім алуға мүмкіндіктер берді.
Өңдеу нәтижесінде ақау туу себептері жойылды. Ақауды анықтау мүмкіндігі жеңіл-детілді, әрі жоғарылатылды. Ақау туу мүмкін-діктерін төмендетуге, олардың технологиялық үрдістерде анықталуына әсер ететін ескерту және түзету шаралары әзірленді [5,6,7].
Қорытынды
Орындалған жұмыс нәтижесінде «Кефир от Фудмастер» өнімінің өндіріс үрдістерінде және зерттеу барысында бақыланған техноло-гиялық құрылымдарда ақау туу себептері анықталды. Анықталған сәйкессіздіктер бойын-ша ақау тууындау себептері толық өңделді, нәтижесінде ақау туу себептері жойылды. Ақау себептерін алдын ала әшкерелеу, ескерту және түзету шаралары әзірленді. Соның нәтижесінде ақауды анықтау мүмкіндігі жеңілдетілді, әрі жоғарлатылды.
Өңделген өндірістік үрдістер мен техно-логиялық құрылымдар өндірістік талаптарға сай дәл шамадағы, тұрақты температуралы және бірегей дәмге ие таза, қауіпсіз өнім алуға мүмкіндік берді. «Фудмастер ұйымы» АҚ-да «Кефир от Фудмастер» өнімінің өндіріс технологиясын жақсартуда және қауіпсіздігін қамтамасыз етуде FMEA-талдау ғылыми әдістемесінің тиімділігі дәлелденді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Анализ видов и последствий потенциальных дефектов процесса. Руководство.-Н.Новогород: СМЦ «Приоритет», 2001 – 18 бет.
-
2. ҚР СТ ИСО 9000-2009 «Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік».
-
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 Қаулысымен бекітілген «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.
-
4. ««Фудмастер» АҚ-да СМЖ үрдісін құру механизмін және жақсарту алгоритмін әзірлеу». //Алматы технологиялық университетінің хабар-шысы.- Алматы.- 2012.- №6. 55-62 б.
-
5. Совершенствование системы менеджмента качества компании ТОО «Фудмастер». /Мат.МНПК «Переработка и управление качеством сельскохозяйственной продукции», БГАТУ, Минск, 21-22 марта 2013 г. – С.112-116.
-
6. Сапа бойынша басшылық. «Фудмастер ұйымы» АҚ. 2001.- 7-16 б.
-
7. ФудМастер сайты [Электронды қор]. /foodmaster.kz Так просто быть здоровым! http://www.foodmaster.kz/kk/shop/item/4486/ .
Список литературы «Кефир от фудмастер» німіні ндіріс технологиясын жасартуда жне ауіпсіздігін амтамасыз етуде fmea-талдау ылыми дістемесіні тиімділігі
- Анализ видов и последствий потенциальных дефектов процесса. Руководство.-Н.Новогород: СМЦ «Приоритет», 2001 -18 бет.
- ҚР СТ ИСО 9000-2009 «Сапа менеджментi жүйелерi. Негiзгi ережелер мен сөздiк».
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 Қаулысымен бекiтiлген «Сүт және сүт өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi.
- ««Фудмастер» АҚ-да СМЖ үрдiсiн құру механизмiн және жақсарту алгоритмiн әзiрлеу».//Алматы технологиялық университетiнiң хабаршысы.-Алматы.-2012.-№6. 55-62 б.
- Совершенствование системы менеджмента качества компании ТОО «Фудмастер»./Мат.МНПК «Переработка и управление качеством сельско-хозяйственной продукции», БГАТУ, Минск, 21-22 марта 2013 г. -С.112-116.
- Сапа бойынша басшылық. «Фудмастер ұйымы» АҚ. 2001.-7-16 б.
- ФудМастер сайты ./foodmaster.kz Так просто быть здоровым! http://www.foodmaster.kz/kk/shop/item/4486/.