Үлкен сүйелшөп (Chelidonium majus L.) майлы экстрактымен спрейдің оңтайлы құрамын таңдау

Автор: Аюпова Р.Б., Кемелхан Ж.А., Киекбаева Л.Н., Жандабаева М.А., Ибадуллаева Ғ.С., Омирзакова Н.К., Жанаева А.Б.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности

Статья в выпуске: 3 (149), 2025 года.

Бесплатный доступ

Қазақстанның 2026 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасына сәйкес, отандық дәрілік заттардың үлесін 30%-ға дейін арттыру көзделген. Осы бағытта Үлкен сүйелшөп (Chelidonium majus L.) өсімдігінен дәрілік заттар өндіру маңызды. Бұл өсімдік ежелден тері ауруларын, әсіресе вирустық герпесті, экземаны және сүйелді емдеу үшін қолданылып келеді. Оның құрамындағы биологиялық белсенді заттар қабынуға қарсы және бактерияға қарсы әсерге ие, сондай-ақ қатерлі ісіктердің өсуін тежеу қасиеті анықталған. Үлкен сүйелшөптің негізінде спрей түріндегі дәрілік форма жасау, тері ауруларын тиімді емдеуді қамтамасыз ететін перспективалы бағыттардың бірі болып табылады. Зерттеу жұмысы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Б.Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтында жүргізілді. Қажетті эмульгаторды таңдау – майлы экстрактыға эмульгаторды қосқанда, ерітінді компоненттерінің бірігуі және 1 тәулікте түзілген шөгінді мөлшері мен оны шайқағанда оңай бастапқы қалпына келуіне байланысты таңдалды. Зерттеу барысында 7 түрлі эмульгатор сыналды. Дұрыс таңдалған эмульгатормен майлы экстрактымен спрейдің бірнеше үлгісінің құрамдары жасалынды. Оңтайлы спрей құрамын таңдау ҚР МФ-дағы әдістермен жүргізілді. Нәтижесіне келсек спрей жасау үшін майлы экстрактқа үйлесімді эмульгатор таңдау мақсатында бірнеше нұсқа сыналды, олардың ішінде ең жақсы нәтиже Твин-80 негізіндегі композиция көрсетті. Бұл эмульгатор құрамдас бөліктерді жылдам эмульсиялап, түссіз, біртекті жүйе түзді және сақтау кезінде түзілген тұнба шайқағаннан кейін оңай қалпына келтірілді. Басқа эмульгаторлар біртекті жүйе құра алмады немесе тұрақтылығы төмен болды, сондықтан зерттеу үшін Твин-80 негізіндегі композиция таңдалды. Үлкен сүйелшөп майлы экстракты негізінде спрей жасау үшін түрлі көмекші заттар сыналды, олардың ішінде 8-композиция оңтайлы деп танылды. Бұл композиция ПЭО негізінде жасалып, суыққа және термиялық тұрақтылық сынақтарынан сәтті өтті, органолептикалық қасиеттерін сақтап, шөгінді түзілуін болдырмады. Қалған композициялар тұрақтылық, рН немесе консистенция бойынша талаптарға сәйкес келмеді, сондықтан әрі қарай зерттеу 8-композициямен жалғастырылды.

Еще

Спрей, үлкен сүйелшөп, майлы экстракты, эмульгатор, вирустық герпес, экзема

Короткий адрес: https://sciup.org/140312204

IDR: 140312204   |   УДК: 615.451.21:582.682   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2025-3-178-187

Текст научной статьи Үлкен сүйелшөп (Chelidonium majus L.) майлы экстрактымен спрейдің оңтайлы құрамын таңдау

Кіріспе

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы бойынша Отандық дәрілік заттар үлесі 23,4% - дан 2026 жылға дейін 30% -ға дейін өсуі тиіс. Дәрілік өсімдік шикізатынан дәрілік заттарды өндіру маңызды технологиялық үрдіс болып табылады. Бұл қосылыстардың ықтимал көздерінің бірі – табиғатта кең таралған үлкен сүйелшөп (Chelidonium majus L.) өсімдігі. Үлкен сүйелшөп өсімдігін тері ауруларын, әсіресе вирустық герпесті емдеу үшін қолданады. Қазіргі таңда вирустық герпеспен ауыратын адам саны 3,7 миллиардқа жеткен. Осы өсімдіктің химиялық құрамын неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеу, стандарттау және олардың негізінде жаңа отандық препараттарды жасау мәселесі өзекті болып табылады [1,2].

Дерматологиялық ауруларды емдеу клиникалық медицинаның барлық салаларында қолданылатын жалпы принциптер бойынша жүзеге асырылады. Ол, әдетте, жан-жақты болуы керек және аурудың клиникалық көрінісіне, этиологиясына және патогенезіне байланысты жүзеге асырылады. Жалпы және сыртқы емдеу қолданылады. Сыртқы терапия тері ауруларын емдеуде ерекше орын алады, бұл теріде дамып келе жатқан патологиялық процестердің дәрілік заттардың тікелей әсеріне қол жетімділігімен түсіндіріледі.

Сыртқы терапияның мақсаттары:

  • 1.    Аурудың тікелей себебін, сондай-ақ теріде дамыған патологиялық өзгерістерді және соған байланысты субъективті сезімдерді жою;

  • 2.    Зардап шеккен аймақтарды сыртқы әсерлерден қорғау [3,4].

Сүйелшөп (Chelidonium) – қосжарнақтылар және көкнәрлер тұқымдасына жататын улы шөптесін өсімдік. [5].

Карл Линней (Chelidonium majus L., 1753) зерттеген сүйелшөп кең диапазонға ие, жеткілікті жоғары морфологиялық өзгергіштігімен сипатталады. Ол жапырақ сегменттері мен жапырақшаларының кесілу дәрежесінде, жапырақтардың пубесценциясында және гүлдердің мөлшерінде көрінеді. Нәтижесінде әлемдік әдебиетте Chelidonium haematodes Moench, Chelidonium laciniatum Mill., Chelidonium luteum Gilib. nom. inval., Chelidonium murale P.Renault, Chelidonium olidum Tarscher. ex Ott, Chelidonium quercifolium Willemet, Chelidonium ruderale Salisb., Chelidonium umbelliferum Stokes деген түрлердің сипаттамалары бар басылымдары пайда болды. Дегенмен, қазіргі уақытта олар жай синонимдер болып саналады және 2 кіші түрі ғана танымал [6]:

  • 1)    Азиялық сүйелшөп (Сhelidonium asiaticum L.) – өсімдіктің биіктігі 50 см жетеді;

  • 2)    Үлкен сүйелшөп (Chelidonium majus L.) – бұл түрге тән ерекшелік – биіктігі 1 м-ден асады.

Үлкен сүйелшөп ( Chelidonium majus L. ) – көкнәрдің жақын туысы және көпжылдық шөптесін өсімдік. Бұл – таксономистер есептеген қазіргі уақыттағы Chelidonium тұқымының жалғыз түрі. Басқа атаулары: сүйел, қарлығаштың шөбі, сары сүт. Қазақша «сүйелшөп» деп аталу себебі халықтық медицинада сүйелді кетіру мақсатында қолданылған.

Сабағы тармақталған, шашыраңқы түкті, биіктігі 30-80 см. Жапырақтары жұпталмаған (лира тәрізді), кезектесіп орналасқан. Базальды және төменгі сабақтарының жапырақтары үлкенірек. Жапырақтардың лобтары дөңгелек, үлкен, біркелкі емес жиегі бар. Жапырақтары жоғарыда жасыл, төменде көкшіл, балауыз жабындысымен жабылған. Гүлдер ашық сары түсті, сабақтарының ұштарында үш-сегізден жиналған гүлшоғырлар қарапайым қолшатырларға ұқсайды. Тостағанша әдетте сүйелшөп гүлдеген кезде түсіп кететін екі сепалдан тұрады. Аталығы көп болады. Аналығы біреу, жоғарғы бір ұяшықты аналық безі бар.

Мамырдан күзге дейін гүлдейді. Жемісі – түбінен ұшына дейін екі жапырақшамен ашылатын капсула тәрізді. Тұқымы қара, көптеген тарақ тәрізді қосымшасы бар жылтыр келеді. Жемістер шілде-қыркүйек айларында піседі.

Chelidonium majus – Еуроазиялық түр. КСРО-ның еуропалық бөлігінің барлық аудандарында, Сібірде (Арктикадан басқа), Кавказда, Шығыс Қазақстан тауларында (Жоңғар Алатауы, Тарбағатай) және Орта Азияда (Тянь-Шань) таралған [7,8,9].

Үлкен сүйелшөп ( Chelidonium majus L .) ежелгі заманнан бері емдік мақсатта қолданылған. Ол Диоскоридте, Авиценнада және грек-парсы медицинасының барлық кейінгі ізбасарларында сипатталған [10]. Ортағасырлық Германияда үлкен сүйелшөп подагра, скрофула, сүйек сынықтарын емдеу үшін қолданылған. Ол ежелгі Ресейде өте танымал болды, сүйелшөпті негізгі дәрілік өсімдіктердің бірі ретінде атап өту алғашқы шөп дәрігерлерінде де кездеседі. Бастапқыда оны сиқыршылар мен емшілер өсімдіктің уыттылығын есте сақтай отырып, аз мөлшерде және тек сыртқы емдеу үшін қолданған. Оның көмегімен сепкілдер азайтылды, қартаю дақтары жойылды. Сүйелшөптің шырынымен жаралар, абсцесс, іріңдер өңделді. Үлкен сүйелшөпті ( Chelidonium majus L. ) ішке қолдану кейінірек осы өсімдіктің шырыны микроскопиялық дозада көптеген ауруларды емдеуге қабілетті екендігі анықталған кезде басталды. Қазіргі уақытта үлкен сүйелшөп (Chelidonium majus L.) ресми медицинада да қолданылады, ал оның белсенді заттары негізінде бірқатар дәрі-дәрмектер шығарылады [11].

Үлкен сүйелшөп ( Chelidonium majus L .) Еуропа және Азия елдерінің халықтық медицинасында, әсіресе дәстүрлі қытай медицинасында кеңінен қолданылады [12]. Албан халықтық медицинасында сүйелшөп сарғаюды емдеуде қолданылады [13].

Сүйелшөптің препараты сүйелдер мен кондиломды, көмей папилломатозын және қызыл жегінің бастапқы формаларын каутеризациялау үшін қолданылады. Шөптің тұнбасы бауыр мен өт қабының аурулары кезінде холеретикалық және бактерицидтік дәрі ретінде ішіледі. Ол сонымен қатар ванналар үшін аллергияға қарсы агент ретінде қолданылады. Экспериментте сүйелшөптің препараттары қатерлі ісіктердің өсуін тоқтатады және туберкулез микобактерияларына фунгистатика-лық және бактериостатикалық әсер етеді [14].

Бізді үлкен сүйелшөптің майлы экстрактысы негізінде қабынуға қарсы және вирустық тері ауруларын емдейтін спрей жасау мүмкіндігі қызықтырды. Үлкен сүйелшөп өсімдігін тері ауруларын, әсіресе вирустық герпесті, экземаны, атопиялық дерматитті және сүйелді емдеу үшін қолданады. Сонымен қатар қабынудың патогенетикалық механизміне жан-жақты әсер етеді [15, 16].

Спрейді дәрілік форма ретінде қолдану дәстүрлі сыртқы дәрілік формаларға қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие, бұл терінің зақымдалған жерлеріне белсенді заттарды қолдануды жеңілдетуге мүмкіндік береді және препараттың дозалануының жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді [17].

Зерттеу материалдары мен әдістері

Зерттеу жұмысы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Б.Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтында жүргізілді.

Спрей технологиясының маңызды сәті сулы ортада үлкен сүйелшөп майлы экстрактысын тұрақтандыру қажеттілігі болды. Бірінші кезекте эмульгаторды таңдау мәселесін шешу қажет болды. Осы мақсатта бірнеше эмульгатордың бірнеше түрлері, атап айтқанда, келесі түрлері сыналды: твин-80, Empilan KM 25 F, Empocol, Глицерина моностеарат, Lanette D, Лаурилсульфат Na, тазартылған су. Қажетті эмульгаторды таңдау – майлы экстрактыға эмульгаторды қосқанда, ерітінді компоненттерінің бірігуі және 1 тәулікте түзілген шөгінді мөлшері мен оны шайқағанда оңай бастапқы қалпына келуіне байланысты таңдалды.

Үлкен сүйелшөп майлы экстрактымен спрейді стандарттау үшін келесі әдістер қолданылды:

Сыртқы түрін, түсін және біркелкілігін анықтау. Спрейдің сыртқы түрі, түсі өтетін немесе шағылысқан жарықта шыныға орналастырылған үлгіні визуалды қарау арқылы анықталады. Біркелкілігі сынамаларда кесектердің және басқа да бөгде заттардың болмауы спрейді шашып, жеңіл ысқылау және микроскоппен 40 есе ұлғайтып көру арқылы анықталады.

pH анықтау. Сутектік көрсеткішін анықтау үшін Потенциометриялық әдіс қолданылады. Ол үшін спрей ерітіндісінің 1 мл сынамасы алынады. Сынаманың температурасы (20 ± 2) °С болуы керек. Өнім температураға төзімді ыдысқа салынып, 90 мл тазартылған су қосылады. Араластыра отырып (80°C температураға дейін) эмульсия толығымен жойылғанынша (май қабатының бөлінуі), 20°C температураға дейін салқындатылады. Сулы қабат бөлініп және ондағы рН өлшенеді. Электродты салқындатылған ыдысқа салып, рН өлшегіш аппаратының тұрақталуын күтеміз.

Термиялық тұрақтылығын анықтау. МЕМСТ 29.188.3 бойынша жүзеге асырылады. Сыйымдылығы 25см ыдысты эмульсияда ауа көпіршіктері қалмайтындай етіп толтырып, тығынмен тығындап, температурасы 50°С термостатқа саламыз.

Су/май эмульсияларының термиялық тұрақтылығын анықтау кезінде 1 сағат термостатта тұрғаннан кейін ыдыстың ішіндегі ауаны кетіру үшін шыны таяқшамен ақырын араластырады. Спрей 24 сағат бойы тұрып, содан кейін тұрақтылық анықталады.

Коллоидты тұрақтылығын анықтау. МЕМСТ 29.188.3 бойынша жүзеге асырылады. Пробирка көлемнің 2/3 бөлігін зерттелетін спреймен толтырып, термостатқа салынып, 4245°C температурада 20 мин ұсталады. Сосын оларды сыртынан құрғатып сүртіп центрифуга

құрылғысына 5 минут уақытқа орналастырылады.

Коллоидты тұрақтылықты анықтау кезінде, егер айқын стратификация байқалмаса, пробирканың мазмұны ақ қалың қағаз парағына мұқият құйылады және спрейдің стратификациясының болуы немесе болмауы байқалады. Егер центрифугалаудан кейін пробиркаларда су фазасының тамшысынан немесе май фазасының қабатынан 0,5 см артық емес бөліну байқалса, спрей тұрақты болып саналады.

Сандық анықтау. ҚР МФ, 2 том, 2.6.13 Спектрофотометрия әдісі бойынша анықталады. Спектрофотометрде қабат қалыңдығы 10 мм кюветада 570 нм толқын ұзындығында зерттелетін спрейдің оптикалық тығыздығын өлшеу арқылы анықтаймыз.

Микробиологиялық тазалық. Микробиологиялық тазалықты анықтауды ҚР МФ Т.1, 2.6.12 «Стерильді емес дәрілік заттардың микробиологиялық тазалығын сынау», 2.6.13 «Стерильді емес дәрілік заттардың микробиологиялық тазалығын сынау (микроорганизмдердің жекелеген түрлеріне сынау)» бойынша жүзеге асырылады.

Зерттеу нәтижелері

Ең алдымен спрей жасау үшін майлы экстрактыға үйлесімді болатын эмульгатор таңдау маңызды. Үлкен сүйелшөп майлы экстрактысына сәйкес келетін эмульгаторлардың түрлері кестеде көрсетілген.

Кесте 1. Оңтайлы эмульгаторды анықтау үшін таңдалған композициялар

Компоненттер

Композиция №

1

2

3

4

5

6

Үлкен сүйелшөп майлы экстрактысы

5.0

5.0

5.0

5.0

5.0

5.0

Твин-80

3.0

Empilan KM 25 F

4.0

Empocol

3.0

Глицерина моностеарат

4.0

Lanette D

2.0

Лаурилсульфат Na

3.0

Тазартылған су

100.0 дейін

100.0 дейін

100.0 дейін

100.0 дейін

100.0 дейін

100.0 дейін

Жүйенің ең үлкен тұрақтылығы 1 және 2-композицияларда байқалды. Твин-80 эмульгаторы пайдаланылған кезде композицияның құрамдас бөліктері тез эмульсияланып, түссіз біртекті жүйені құрады. Тәулік бойы сақтау кезінде тұнба байқалды. Шайқау кезінде жүйе қалпына келтірілді.

2-композиция біртекті жүйе болды, бірақ тәулік бойы сақталған кезде пайда болған шөгінді мөлшері 1 композицияға қарағанда көбірек болды және жүйені қалпына келтіру шайқау кезінде көп күш жұмсауды қажет етті.

  • 3,    4, 5 және 6-композицияларда эмульгаторларды қолданған кезде біртекті жүйені алу мүмкін болмады. 3 және 5-композицияларда алынған эмульсиялардың кремажы (концентрацияланған эмульсияға стратификациясы және беттік белсенді заттардың ерітіндісі) байқалды. 4 және 6- композициялардың

эмульгаторлары үлкен сүйелшөп майлы экстрактысын жеткілікті түрде толық эмульсияламады, нәтижесінде үлкен тығыз тұнба пайда болды.

Осылайша, әрі қарай зерттеу үшін Твин-80 негізіндегі композиция таңдалды, өйткені ол сақтау кезінде ең үлкен тұрақтылықты қамтамасыз етті.

Бір эмульгаторды қолдану жүйенің қажетті тұрақтылығына қол жеткізуге мүмкіндік бермейтіндіктен, қосымша көмекші заттарды таңдау қажеттілігі туындайды.

Әдеби деректерді талдау негізінде әрі қарай зерттеу үшін 2-кестеде келтірілген композициялардың құрамы таңдалды.

Кесте 2. Қосалқы заттардың құрамы

Компоненттер

Үлгі №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Үлкен     сүйелшөп

майлы экстрактысы

2.0

3.0

4.0

5.0

2.0

4.0

3.0

5.0

5.0

5.0

Твин-80

3.0

3.0

3.0

3.0

3.0

3.0

3.0

3.0

3.0

3.0

ПВП

10.0

10.0

ПЭО-400

1.0

1.0

3.0

5.0

7.0

9.0

1,2-пропилен гликоль

5.0

Аквасорб

2.0

Карбопол

1.0

Тазартылған су

100.0 дейін

100.0 дейін

100.0 дейін

100.0 дейін

100.0 дейін

100.0 дейін

100.0 дейін

100.0 дейін

100.0 дейін

100.0 дейін

Нәтижелер және оларды талқылау

1-композиция 1% карбопол гелі негізінде жасалған. Карбопол-акрил қышқылы мен полифункционалды кросс-байланыстырушы агенттердің сирек кездесетін сополимері (мысалы, пентаэритритол аллил эфирі). Карбопол гельдерін дерматологияда бірнеше ондаған жылдар бойы қолдану бұл сополимердің аллергиялық реакцияларға бейім адамдарда да теріге сенсибилизациялық және тітіркендіргіш әсер етпейтінін көрсетті [18]. Полимер гельдерін медицинада қолдану олардың ұзақ әсер етуіне, дәрілік заттарды толық және біркелкі босатуына, терінің экскреторлық өнімдерін сіңіруіне, шырышты қабаттар мен тері бетіне жақсы таралуына байланысты [19].

2-композицияға сонымен қатар поливинилпирролидон (ПВП) кіреді, өйткені бұл полимердің негізгі артықшылықтары: суспензиялар мен эмульсияларды тұрақтандыру мүмкіндігі, суда және бірқатар органикалық қосылыстарда жақсы ерігіштік, гидрофильділік, органикалық қосылыстармен еритін кешендерді оңай қалыптастыру мүмкіндігі. ПВП полимерлері аз мөлшерде ағзаға улы әсер етпейді және ақуыздың ыдырау өнімдерін байланыстыра алады.

3-композиция суспензиялар мен эмульсияларда тұрақтандырғыш ретінде қолданылатын, сондай-ақ белсенді заттардың тез енуін қамтамасыз ететін арналар жасай отырып, терінің өткізгіштігін жақсартуға қабілетті 1,2- пропиленгликольді көмекші зат ретінде қолдану арцылы жасалды.

4-композиция Yшiн целлюлозаныц метил эфирі болып табылатын Аквасорб полимері қосымша көмекші зат ретінде таңдалды. Метил целлюлозасы (МЦ) әртүрлі химиялық реагенттердің әсеріне төзімді, улы емес, физиологиялық инертті, оның ерітінділері құрғаған кезде мөлдір, түссіз, түсі мен иісі жоқ, жараның бетін ластанудан және патогендік микроорганизмдердің зақымдануынан қорғауға қабілетті жоғары берік пленка түзеді. МЦ сулы ерітінділері үлкен сорбциялық, эмульгациялық, дисперсті, ылғалдандыратын және адгезиялық цабшетке ие.

5-тен 9-га дейiнгi композициялар полиэтилен оксидтерін қолдану арқылы жасалады. Полиэтиленоксидтер (ПЭО) суда жақсы ериді және кең аралықта рН өзгеруіне сезімтал емес, жоғары температураға төзімді, сақтау кезінде тұрақты [20]. Сонымен қатар, ПЭО өте аз уыттылыққа ие. Сондай-ац, олар кептеген гидрофильдi жэне гидрофобты дәрілік заттарды оңай ерітеді, теріге оңай жағылады, оған біркелкі таралады, газ алмасуға кедергі келтірмейді және бездердің белсенділігін бұзбайды, терінің немесе шырышты қабықтың секрециясын сіңіргеннен кейін біртектілігін сақтайды. Жараларды емдеу үшін дәрілік заттар қосылмаған ПЭО негіздерін қолдануға болады. Мұндай негіздер стафилококк пен стрептококк микрофлорасына қатысты кейбір бактериостатикалық әсерге ие, сонымен қатар жараларды емдеуге жағымды әсер ететін осмостық белсенділікке ие. ПЭО қатысуымен антибиотиктердің, сульфаниламидтердің, антисептиктердің микробқа қарсы белсенділігі артады. ПЭО негіздері микробтық жасушаны сусыздандырады, оның биологиялық белсенділігін курт темендетедi жэне микробтыц цоздыргыштыц патогендiк вируленттiк цасиеттерiн aлсiретедi.

5-композицияга ПЭО-дан басца ПВП енгізілді, өйткені гидрофильді ПЭО негіздерін эмульгаторлармен және гидрофильді компонент қоспасымен араластырғанда адсорбциялық ПЭО негiздерi пайда болады.

Эксперименттік деректер көрсеткендей, таңдап алынған барлық қосалқы заттарды қолдану тек эмульгаторларды қолдануға негізделген композициямен салыстырғанда спрей композицияларының тұрақтылығының жоғарылауына әкелді. Алайда көмекші заттар ретiнде цолдантан кезде ПВП, 1,2-пропиленгликоль, аквасорб және карбопол сутектік керсеткiштерi (pH) нормативтiк талаптарFа сэйкес болмады және шөгінділердің аз мөлшерін сақтау кезінде түзілу байқалды, бұл оларды әрі қарай зерттеу Yшiн тацдауга мYмкiцдiк бермедi.

Суыцца тезiмдiлiгiн сынаганда: 1 тэултктен 3 рет муздатцышта цатырып, ертткен кезде 2,3,6,7,8-композициядағы спрейлер өздерінің органолептикалық қасиеттерін өзгерткен жоқ. Басца композициядаты спрейлердiц консистен-циясы езгердi жэне еруi узац уацытты алды.

Термотезiмдiлiгiн сынау кезiнде: 4 , 6,7,8,9,10-композициядагы спрей улплерш +50°С температурада тәулік бойы ұстағанда өзінің органолептикалық қасиеттерін өзгерткен жоқ. 1,2,3,5-композициядагы спрей Yлгiлерiнiц термотезiмдiлiгi темен болып шыцты.

Зерттеу барысында алынған нәтижелерге байланысты эрi царай зерттеу 6,7,8-композициядағы спрейлермен жалғастырылды. Центрифугалаудан кейiн 6,7- композициядагы спрей бар пробиркаларда екі фазаға бөліну байқалып, коллоидты тұрақты емес екені анықталды. Нәтижесінде №8 композиция ұтымды спрей деп танылды.

Кесте 3. Үлкен сүйелшөп ( Chelidonium majus L .) экстрактысынан жасалған спрейдің сапа спецификациясы

Сапа көрсеткіші

Ауытқы нормасы

Сынақ әдістері

1

2

3

Сипаттамасы

Спрей сүтті ақ түсті, өзіне тән иісі бар.

Визуалды

Идентификация Хелидонин

2,0 г шикізат сыйымдылығы 50 мл колбаға салынады, 2 мл аммиак ерітіндісі 10%, 20 мл дихлорэтан қосылады, жабық колбада мезгіл-мезгіл шайқау кезінде 10 минут талап етіледі және сүзгі арқылы сүзіледі. Содан кейін 10 мл сүзгі тығыны бар түтікке салынып, 9,8% сұйылтылған 1 мл күкірт қышқылы қосылып, 3 минут шайқалады; жоғарғы қабаттың сары-қызғылт, сары бояуы және ондағы қабыршақты тромбтар (алкалоид) байқалуы керек.

ФС . 2.5.0105.18

Сутектік көрсеткіш (pH)

5,0-7,0 арасында болуы шарт. (5,94)

ҚР МФ 1 том, 2.2.3 , Потенциометриялық әдіс.

Тұтқырлық

Алынған деректер қатарынан екі өлшеудің нәтижелері 1% - дан аспайтын жағдайда қолайлы болып табылады.

ҚР МФ I, т. 1, 2.2.9 , Капиллярлы визкозиметрия әдісі

Сандық анықтау: Хелидонин

Жалпы алкалоидтардың хелидонин бойынша мөлшері 0,2-ден кем емес және 0,5%-дан көп болмауы керек.

( 0,28% )

ҚР МФ, 2 том, 2.6.13 Спектрофотометрия

Коллоидты тұрақтылық

+50°С температурада спрей өз қасиеттерін сақтауы тиіс.

МЕМСТ 29.188.3

Термотұрақтылық

Спрей өзінің органолептикалық қасиеттерін термо-тұрақтылық зерттеу кезінде сақтауы керек.

МЕМСТ 29.188.3

Микробиологиялық тазалығы

1г препаратта өмір сүруге қабілетті аэробты микроорганизмдер 102-ден аспау керек.

МФ ҚР I т. 2.6.12 және

2.6.13

Орамдалуы

100 мл препаратты бүріккіш қондырмасы НҚ сәйкес және қорғаныш қалпағы бар пластикалық құтыға құяды, картон қорапқа салынады. Топтық және транспорттық тара МЕМСТ 17768-90 сәйкес.

МЕМСТ 17527-2020

МЕМСТ 17768-90

Таңбалануы

Әрбір құтыға МЕМСТ 7625-86 бойынша заттаңба қағазы жапсырылады. МЕМСТ 1419296 сәйкес көлік ыдысын таңбалау орындалады.

МЕМСТ 7625-86 МЕМСТ 14192-96

Тасымалдауы

Мемлекеттік стандарт 17768-90Е талаптары бойынша жүргізіледі.

МЕМСТ 17768-90

Сақтау

25 ± 2 °С жоғары емес температурада, жарық түспейтін жерде сақтайды. 1 жыл.

МЕМСТ 27429

Фармакологиялық әсері

Тері ауруларын, вирустық герпес, сүйел, атопиялық дерматит, экземаны емдеуге арналған дәрілік құрал.

Қорытынды

Зерттеу барысында құрамы ең оңтайлысы 8-композициядағы спрей болды. Сүтті ақ түсті, өзіне тән иісі бар сұйық ерітінді. pH нәтижесі – 5,94-ке тең, бұл нормативтік талаптарға сай. Коллоидты тұрақтылығы және термотұрақтылығы жоғары. Сандық анықтау кезінде хелидонин мөлшері нормадан асқан жоқ. Микробиологиялық тазалығын зерттеу нәтижесінде микроорганизмдердің өсуі байқалмады. Бұл жағдайда алынған композицияның тұтқырлығы оны микро сорғылардың көмегімен спрей орамынан оңай шығуына мүмкіндік береді. Бұл тағы да қосымша зерттеулер жүргізу үшін модель ретінде 8-композициядағы спрейді таңдауға мүмкіндік берді. Бұл ары қарай спрейдің фармакологиялық әсерін, атап айтқанда вирустық герпеске қарсы әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

(дата обращения: 12.12.2024).