Рылыс йымдарындаы аудит

Бесплатный доступ

Бұл мақала құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша шығындар есебін аудиттеуге арналған. Алға қойылған міндеттерге қарай ғылыми мақаланы орындау кезінде мынадай тұжырымдамалар шығарылып отыр: құрылыс-монтаж жұмыстарының технологиялық ерекшеліктеріне қарай саладағы шығындарды аудиттеудің ерекшеліктері қарастырылып, оны жетілдіруге байланысты негізгі әдістемелері көрсетілді.

Короткий адрес: https://sciup.org/140204959

IDR: 140204959

Текст научной статьи Рылыс йымдарындаы аудит

Кіріспе

Қазіргі кезде басқарудың ұйымдық құрылымының күрделенуіне байланысты ішкі бақылау қызметі үлкен мәнге ие болуда. Бәсеке ортасында ішкі бақылаудың тиімді жүйесі ұйымның өміршеңдігінің кепілі және табысты қызметтің басты шарты болып табылады.

Шет елдерде ішкі аудит кең қол-данылады. Бұл кезде алдын-ала және ағымдық бақылауға орын беріледі, өйткені шаруашылық операциялары аяқталғаннан кейін оның тиімділігіне, яғни ұйымның шаруашылық-қаржы қызметі барысында қолдан шығып кеткен кемшіліктерді жою шараларын қабылдауға ықпал ету мүмкін емес. Республикамызда ішкі бақылау жүзеге асырылады, бірақ ол әкімшіліктің кейбір ұйғарымдарының, үкіметтің нормативтік актілерінің орындалуын тексерумен, шаруа-шылық қызметін талдаумен шектеледі, әрі тек кезекті бақылау сипатына ие.

Экономикалық қатынастардың қарқын-ды даму тұсында шаруашылық субъектіле-рінің нарықта тұрақты орын алуы және бәсе-келестікке қарсы тұруы алдымен олардың есеп саясатымен бақылау жүйелерінің дұрыс жолға қойылғанын білдіреді. Кәсіпорын-қызметтерінің қандай өрісінде болмасын ішкі аудит жүйесінің атқаратын қызметтер өрісін кеңітпей, шаруашылық үрдісінде кездесетін кемшіліктер мен қарама-қайшылықтарды жою мүмкін емес.

Сондықтан бүгінгі күні құрылыс шаруа-шылығында басшыларды мазалайтын негізгі on perfection of classification, of the account мәселенің бірі – өндіріс ресурстарының тиімді, әрі үнемді пайдалануына үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету. Міне, осы мәселелерді шешу мақсатында ішкі аудит-тің маңызымен қажеттілігі айқындала түседі.

Зерттеу объектілері мен әдістері. Бұл мақалының зерттеу объектісі болып құрылыс ұйымдарының тікелей және үстеме шығын-дарының әсері болып саналады. Ал зерттеу әдістері реттінде логикалық ойлау, салыс-тыру, экономикалық сараптау тәсілдері қолдынылады.

Нәтижелер және олардың талқылануы. Ресей ғалымдары А.Д. Шеремет және В.П. Суйц «Ішкі аудитор ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау, экономика-лық талдау, қаржылық жоспарлау, маркетинг тік зерттеу, басқарушылық кеңес беру, бюджетпен салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысуды же тіл-діру, басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпараттардың дұрыстығын бағалау, сонымен бірге ұйымның мүліктерін тиімді пайдалану мен сақталуына бақылауды ұйымдастыру бойынша қызметтер атқарады», - деп тұжы-рымдайды [ 1 ] .

Демек, аудиттің міндеттеріне: қаржы-лық-шаруашылық қызметтерін бақылау, экономикалық талдау, сараптау жүргізу, бухгалтерлік есептің дұрыстығы мен олардың заңдылығын тексеру, қаржылық стратегияны өңдеу, маркетингтік зерттеу, басқарушылық кеңес беру, салықтық және басқада қаржылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуды жетілдіру, басқару шешімдері үшін қолданы- латын ақпараттардың нақтылығы мен дұрыстығын растау, зиянды қызметтердің алдын алу, өндірістің экономикалық тиімді-лігін жоғарылатудың резервтерін шығару және оларды тәжірибеде нақты қолдану жөнінде ұсыныстар беру жатады.

Жоғарыдағы аудиттің мәнін сипаттай-тын түсіндірмелерден ұққанымыз, ол сыртқы аудиттан маңызды, әрі түбегейлі айырмашы-лықтарға ие, атап айтсақ:

  • 1)    Ұйымның жетекшісіне немесе орын-басарына, басқармаға немесе акционерлер жиналысына тікелей бағынатындықтан, ішкі аудиттің тәуелсіздігі шартты. Бірақ, қандай жағдайда да, ішкі аудитор ұйым алдында еңбек келісім шартымен және ішкі тәртіппен (распорядок) анықталатын міндеттеме алады және қаржылық тұрғыдан мүдделі болады.

  • 2)    Ішкі аудиттің басты міндеті шынайы есептілікті растап отыру емес, ресурстардың жоғалуын болдырмау үшін бақылау шара-ларын қамтамасыз ету.

Осыған сүйене отырып, біз ішкі ауди-торлардың негізгі қызметіне жатқызамыз:

  • -    басқарманың әртүрлі буындарының қызметін тексеруді жүргізу;

  • -    анықталған кемшіліктерді жою бой-ынша негізделген ұсыныстар мен басқарма-ның тиімділігін көтеру бойынша нұсқаулар беру;

  • -    ұйымның қызметінің алуан жақтарын эксперттік бағалауды жүзеге асыру және оларды жетілдіру бойынша негізделген пікірлер ұсыну.

Көптеген экономистердің пікірінше, ішкі аудит ішкі бақылаудың неғұрлым дамы-ған нысаны болып табылады. Шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайында ұлғайып келе жатқан қаржылық тәуекелділік (финансовый риск), жиі өзгеріске ұшырайтын отандық салық заңдылықтары, сондай - ақ оның пункттерінің бірнеше мәрте түсіндірілуі (неоднозначные трактовки его пунктов) ұй-ымда ішкі аудит бөлімін құруға жұмсалатын шығынды ақтайды.

Сондықтан шағын құрылыс ұйымда-рында ішкі бақылаудың арнайы бөлімін құрудың қажеті жоқ, бақылауды ұйымдас-тыруды және жүзеге асыруды бас бухгалтер мен қызметтік бөлімшелердің жетекшілеріне тапсыруға болады, бірақ бөлімшелері бір-бірінен қашық орналасқан ірі құрылыс ұйымдарда бақылау қызметін тиімді коорди-нациялау қажеттігі туындайды. Сол себепті ірі құрылыс ұйымдарында, әртүрлі жауап- кершілік орталықтарының қызметін тиімді координациялау үшін ішкі аудит бөлімін құрған орынды.

Құрылыс ұйымында ішкі аудит бөлімін құру бірқатар әдістемелік және ұйымдастыру – техникалық мәселелерді шешуді талап ететін күрделі процес б.т. ішкі аудит бөлімін ұйымдастыру бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл сұрақтарды қарастырған кезде Қазақстан Республикасы «Аудиторлық қызмет туралы» заңына және оған енгізілген толықтырулар мен өзгертулердің баптары мен тармақтарына және аудиторлық қызмет стандарттарына сүйену керек.

Күрделі құрылымдық ұйымның биз-несін басқарудың өз ерекшелігі бар. Олардың басты ерекшелігі ішкі аудиторлық қызметке деген қажеттілікті туындатуда болып табы-лады. Ішкі аудиттің қажеттілігі және рөлі басқару құрылымының қызметімен байла-нысты болғандықтан жоғарғы басқару аппараты ұйымның күнделікті қызметін тікелей бақылаумен айналыспайтындықтан, орта және төменгі буын денгейінде жинақталатын менеджерлердің тапсырған есептерінің дұ-рыстығын растайтын немесе жоққа шыға-ратын ақпараттардың қажеттілігі, ішкі аудит-ке деген қажеттіліктің туындауының басты себебі.

Ішкі аудиттің сыртқы аудиттен басты ерекшелігі – ол ұйымның ішкі бақылау бөлімінің қатарына жатып, ұйым басшы-сының қол астында қызмет етіп, тікелей басқаруында болуында.Ішкі аудиттің тағы бір ерекшелігі өз қызметін жылдық жоспар бойынша да, тапсырма бойынша да жүзеге асырып, ұйымның бөлімшелеріне тәуелсіз тексеру жүргізіп компанияның, бірлестіктің үнемі бақылауында болуы.

Басқару жүйесіндегі ішкі аудиттің орнын зерттегенде ішкі аудит қызметінің мақсаты мен міндетіне, оның функцияларына және қағидатына тоқталуды талап етеді. Аудиттің міндеттері оның түрлеріне тікелей байланысты болғандықтан, ішкі аудит кезінде ақпараттар базалары кеңейіп аналитикалық іс-әрекеттердің бағытының өзгеруіне байла-нысты олардың саны ұлғая түседі.

Ішкі аудиттің мақсаты – ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінде орын алған операциялардың дұрыстығына, шындығына, растығына бақылау жасау, кеткен кемшіліктерді дер кезінде анықтап, басқару жYЙесiне хабарлауды камтамасыз ету [2]. Оларды жоюға байланысты басқару шешімінің қабылдануына және оны жеделдетуге ықпал ету нәтижесінде бақылау үрдісінде қолданылатын ақпараттардың дұрыстығын қамтамасыз ету.

Ішкі аудит мақсатына жету үшін алдына мынадай міндеттер қойды:

  • -    ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қаржы-шаруашылық қызме-тіне мезгіл-мезгіл бақылау жасауды жүзеге асыру;

  • -    ұйымның қаржы-экономикалық қыз-метіне талдау жасау және оның қаржылық стратегиясын әзірлеу;

  • -    өзінің қызметінің бағыты бойынша қызмет көрсету.

Ішкі аудит қызметі ақпарат көздерінде кездесетін тұрпаттық қателіктерге бұрма-лаушылыққа жол берілу мүмкіндіктерін және әртүрлі жағдайда ішкі аудитордың іс-әрекеттерінің тізбесі қамтылып жасалатын, бекітілген тексеру базасының негізінде әрекет етеді. Ішкі аудит қызметі бас ұйымның арнайы өкімінің негізгі қызметкерлерінің саны анықталып және оның басшысы тағайын далып ұйымдастырылуға тиісті.

Бас ұйымның өкімі бойынша, бас ұйымның басқаруымен тексеру және басқа да бақылау тәртіптерінің жиілігі, сонымен қатар ішкі аудит қызметінің ағымдағы есептелігінің құрамы белгіленуге тиісті. Сондай-ақ бас ұйымның өкімі бойынша қандай қағидаттар бойынша және қызметкерлерінің еңбегі қан-дай көздерден төленетіндігі анықталуға тиісті. Ішкі аудит қызметі ұйымның бөлімшесі болып табылатындықтан, оның жұмыс істеу шығындарына қоса, өндірістік өнімнің, орындалатын жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына, жалпы және әкімшілік шығындары құрамына үстме шығындары ретнде енгізілуге тиісті.

Ішкі аудит қызметінің қызметі «Ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру ережесі» сияқты фирма ішіндегі құжаттармен реттеліп оты-руға тиісті. Бұл құжат мынандай құрылымда болуы мүмкін:

  • -    бірінші бөлімде – «Жалпы сұрақ-тарда» - ішкі аудиттің мақсаты мен міндет-терін, ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің функцияларын және қағидаттарын көрсету керек;

  • -    екінші бөлімде – «Ішкі аудит қыз-метін ұйымдастытуда» қызмет құрамы мен құрылымы, жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттері көрсетіліп, сонымен қатар тексе-рілетін бөлімшелердің әкімшілігі, тексеруді

жоспарлау, жоспар- кесте жасап оны жүргізуге тиісті;

  • -    үшінші бөлімде – «Ішкі аудит қызметі жұмысының бағытында» - ішкі аудитті жүргізу әдістері келтірілуге тиісті.

Тексеруден, ішкі аудитке өту үшін ішкі аудиттің өзіндік еркшелігіне байланысты қажетті өзгертулер мен бұрынғы қалыптасқан бақылау-тексеру аппаратының ұйымдық-құрылымына белгілі бір дәрежеде негізделген ішкі аудиттің ұйымдық- әкімшілік схемасын жасау қажет.

Ұйымға көрсетілген қызметтің шең-берінде жүзеге асырылатын ішкі аудит бухгалтерлік есеп жүйесі мен ішкі бақылауды талдау үшін менеджментті анықтайтын бағалау қызметі. Яғни, жүйені жақсарту жөнінде талдау жасау, мониторинг жүргізу және ұсыныстар беру.

Қорытынды мен ұсыныстар.Ішкі аудит қызмет шеңберінде жоғарыда аталғандардан басқа мынандай қызметтерді де қоса қамтиды:

  • -    қаржылық және жедел ақпараттарды тексереді.Бұл ұзаққа созылатын үрдіс болған-дықтан сыртқы аудиттің жұмысына ұқсас;

  • -    қаржылық емес ақпараттарды қоса, операциялардың үнемділігін, тиімділігін және оңтайлығын талдауды;

  • -    заңдармен ережелерге, басқада сырт-қы талаптарға сәйкестігін, сондай менедж-менттің саясаты мен басқа да ішкі талаптарды талдауды;

Ішкі аудиттің аталған қызметтері тәжірибе жүзінде мыналарды жүзеге асыруды қамтиды:

  • -    активтерді кіріске алуға және шығыс жасауға ресми рұқсаттың бар екендігіне және оларға тиісті сақтау шараларының қамта-масыз етіліп, олардың тиімді пайдаланыл-ғандығына және алынған активтердің сақта-луына өз деңгейінде жағдай жасалғандығын қамтамасыз етілгендігіне, яғни олардың сақтандырылғандығына, сақтау орындарында тұрғандығында сенімділігі жоғары болуы керек. Сонымен қатар ішкі аудитор актив-тердің тиімді пайдаланғандығына, мысалы өндіріс қалдықтарының ең төмен екендігіне, жарамсыз материалдардың мүмкін болған бағамен бағаланып сатылғандығына және қайта өңделгендігіне сенімді болуы керек;

  • -    ұйым міндеттемелерінің тек қана заңды операциялардың нәтижесінде туында-ғанын растайды. Ішкі аудитор әдеттегіден өзгеше, кейбір операциялардың нәтижесінде

міндеттемелердің пайда болу себептерін кешіктірмей анықтау үшін, ұйымдағы барлық тұрпаттағы жүзеге асырылған операциялар туралы білуі қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Список литературы Рылыс йымдарындаы аудит

  • Борисов В.М. Улучшать учет затрат на производство строительно-монтажных работ//Бухгалтерский учет, 2000. -№ 12. -С. 64-65.
  • Кеулiмжаев Қ.К. Құрылыстағы бухгалтерлiк есеп, «Экономика».-286 бет,2010 ж.
Статья научная