Шашырату әдісімен капсулалар алуға арналған қондырғы

Автор: Ташыбаева М.М., Какимов А.К., Бакиева А.Б., Жумадилова Г.А., Муратбаев А.М.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности

Статья в выпуске: 2 (148), 2025 года.

Бесплатный доступ

Капсулалауға арналған қондырғыда тісті сорғы, шашыратуға арналған ортадан тепкіш форсунка қолданылды. Капсулалау материалына 0,8%, 1% натрий альгинаты алынды. Тәжірибе жүргізу кезінде 1% натрий альгинат концентрациясында алынған капсулалар, дөңгелек пішінді және біркелкі, жұмсақ, бірақ физикалық әсер ету кезінде тұрақты және орташа диаметрі 1,2×10-3м болды. Бір килограмм mk капсулаларын алу үшін, капсулалармен толтырылған көлемнен Vz=1,404·10-3 м3 алу керек. Бұл сағатына берілген өнімділікке сәйкес келеді. Турбулентті қозғалыс сұйықтық бөлшектерінің үздіксіз араласуымен сипатталады. Негізінен ағын бойымен бойлық бағытта қозғалатын бөлшектердің көлденең қозғалыстары бар, олардың қозғалыс траекториялары өте күрделі. Ортадан тепкіш форсункалар заманауи бүріккіш құрылғыларда кеңінен қолданылады, бұл олардың дизайнының қарапайымдылығымен, сенімділігімен және бүрку тиімділігімен түсіндіріледі. Ортадан тепкіш форсунканың басқа типтегі бүріккіштерден басты айырмашылығы - ол арқылы өтетін сұйықтық бұралып, яғни форсунка осіне қатысты қозғалыс мөлшерінің моментін алады. Қысымды сұйықтық кіріс арнасы арқылы бұралу камерасына айдалады, онда ол қарқынды айналады. Операторлық схемасының негізінде қондырғының технологиялық схемасы құрылды. 𝑭𝒊 = 𝟎, 𝟑𝟒𝟑 бұл кестеге қарағанда едәуір аз Fтаб =1,02 еркіндік дәрежелерінің саны үшін f1 = 3, f2 = 4 және маңыздылық деңгейі α = 0,1 MathCad математикалық процессорында есептеулер нәтижесінде алынған Фишер критерийінің есептік мәндері алынды.

Еще

Қондырғы, турбулентті ағын, математикалық модель, шашырату әдісі, натрий альгинат, капсула

Короткий адрес: https://sciup.org/140310143

IDR: 140310143   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2025-2-89-98

Статья научная