Тоқыма материалдарын биоқорғауға арналған композициялық құрамды әзірлеу
Автор: Онгарбекова А.П., Алжан Г.Е., Буркитбай А.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Техника и технологии
Статья в выпуске: 3-1 (129), 2020 года.
Бесплатный доступ
Бұл жұмыста мақта-мата және аралас матаны биоқорғауға арналған, мыс сульфаты, поливинилпирролидон, бензой мен салицил қышқылдары секілді заттардың негізіндегі жаңа композициялық құрамды әзірлеу қарастырылады. Жаңа композициялық құрамды қолданудың артықшылығы - қолданылатын препараттардың қолжетімді болуы, сондай-ақ технологиялық үрдістің қарапайымдылығы. Тоқыма материалдарын микробқа қарсы өңдеуге арнап әзірленген бұл тиімді композициялық құрам салыстырмалы түрде алғанда арзан, экологиялық тұрғыда қауіпсіз, ылғалды өңдеулерге төзімді. Зерттеу нәтижелеріне қарап, ұсынылып отырған құраммен апреттелген мақта-мата мен аралас маталарының микробқа қарсы қасиеттері жақсы болатындығы, сонымен қатар олар тұтыну барысында микроорганизмдердің әсеріне төзімді болып келетіндігі анықталды.
Тоқыма материалы, биоқорғау, аппреттеу, композициялық құрам, мик- робқа қарсы қасиеттер
Короткий адрес: https://sciup.org/140256781
IDR: 140256781 | DOI: 10.48184/2304-568X-2020-3/1-27-31
Текст научной статьи Тоқыма материалдарын биоқорғауға арналған композициялық құрамды әзірлеу
Кіріспе
Қоршаған ортаның ластануы, техноген-дік жағдайлардың, экологиялық және биоло-гиялық апаттардың көбеюі, сондай-ақ дүние-жүзін мекен еткен халықта аллергиялық аурулардың артуы қорғау қасиеттерінің кешені бар тоқыма өнімдерінің жаңа буынын жасап шығару қажеттігін туындатты [1].
Аталған мақсаттарға қол жеткізуге болатын ең тиімді құрал – бұл аппретирлеу, яғни матаға ерітінді, эмульсия, латекс түріндегі түрлі жоғары молекулалық қосылыстарды жалата жағу процесі болып табылады [2, 3].
Қазіргі уақытта қол жетімді және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз тәсілдермен табиғи қасиеттерін сақтай отырып, тұтынушылық және қорғау қасиеттері жақсартылған тоқыма материалдарын алу мәселесі толық шешімін тапқан жоқ.
Зерттеу материалдары және әдістері
Бұл жұмыста зерттеу объектісі: артикулы 1553 (1030) болатын мақта-мата және артикул 126724 болатын аралас мата, сондай-ақ аппретациялайтын қосылыстар (мыс сульфаты, поливинилпирролидон, салицил қышқылы) болды.
Тоқыма материалдарының микробқа қарсы қасиеттері олардың микробиологиялық dressing, composite composition, antimicrobial бұзылуға төзімділігін зертханада сынау әдісін қолдана отырып, анықталды [МемСТ 9.060–75].
Маталардың қажалуға төзімділігі МТ-194 (ДИТ-2М типті) құрылғысында анықталды [МемСТ 18976-73].
Тоқыма материалдарының созылуын сынау үшін РТ-250М үзу машинасы қолданылды [МемСТ 3813–72].
Токсикологиялық зерттеулер И. 1.1.1112-35-2004 зертханалық сынақ әдісін қолдана отырып жүргізілді.
Нәтижелер және оларды талқылау
Жұмыста оларға микробқа қарсы тұру қасиеттерін беру үшін мақта-мата мен аралас маталарды мыс сульфаты, поливинилпир-ролидон, салицил қышқылы негізіндегі жаңа композициялық құрамды қолдану тұрғысын-дағы зерттеулер көрсетілген.
Әртүрлі салаларда поливинилпирроли-донды (ПВП), салицил қышқылын (СҚ) және мыс сульфатын (МС) қолдану жөніндегі әдеби көздерге жасалған шолу жүмыстары оларды аппрет компоненті ретінде пайдалану мүмкіндігін зерттеуге болатындығын пайымдауға мүмкіндік берді [4, 5].
Алдын ала жасалған эксперимент негізінде ПВП концентрациясын 6 г/л, СҚ концентрациясын 4 – 6 г/л, МС 3 г/л шегінде өз-гертіп отырдық (Кесте 1).
Кесте 1 - Аппретациялық ерітіндісі компоненттерінің рецептурасы
Композицияның компоненттері |
Компоненттердің концентрациясы, г/л |
|
I-құрам |
II-құрам |
|
Поливинилпирролидон (ПВП) |
6 |
6 |
Салицил қышқылы (СҚ) |
4 |
6 |
Мыс сульфаты (МС) |
3 |
3 |
Мақта-мата мен аралас маталардың үлгілеріне аппретациялау ерітіндісін сіңдіріп, оларды одан әрі кептірдік және жылумен өңдедік (Сурет 1).

Сурет 1 – Маталарды аппретациялау ерітіндісімен өңдеу үрдісі
Маталардың микробқа қарсы қасиеттері МемСТ 9.060–75 бойынша микробиология-лық бұзылуға төзімділікке зертханада сынау әдісін қолдана отырып, «Азық-түлік өнімде- рінің сапасын және қауіпсіздігін бағалау бойынша ғылыми-зерттеу зертханасында» тексерілді (Кесте-2)
Кесте 2 – Мақта-мата және аралас маталарының микробиологиялық көрсеткіштері
Мата |
Микробиологиялық көрсеткіш |
Ағару аймағы, мм |
|
Өңделмеген мақта-мата |
E.coli |
0,2 |
|
Өңделмеген аралас мата |
E.coli |
0,1 |
|
Өңделген, I-құрам |
мақта-мата |
E.coli |
0,28 |
аралас |
0,23 |
||
Өңделген, II-құрам |
мақта-мата |
E.coli |
0,3 |
аралас |
0,25 |
2-кестеде берілген көрсеткіштерден өңделген маталардың микробиологиялық бұзылуға деген төзімділігі өңделмеген маталармен салыстырғанда артатындығы аңғарылады.
Маталардың беріктілік көрсеткіштерін зерттеу де олардың механикалық қасиеттеріне аппретациялайтын құрамның оңтайлы әсер ететіндігін көрсетті. Сынақ жүргізу барысында алынған маталардың қажалу циклдерінің мәндері оларды МТ-194 құрылғысында бірнеше рет қайтара үйкелеу кезінде олардың тозуға төзімділігінің артқанын көрсетеді (кесте-3).
Кесте 3 - Маталардың қажалуға төзімділігінің нәтижелері
Мақта-мата |
|||
Өңделмеген үлгі |
I-құрам |
II-құрам |
|
Маталардың қажалуға төзімділігі, цикл |
30 |
34,25 |
34 |
Аралас мата |
|||
Маталардың қажалуға төзімділігі, цикл |
Өңделмеген үлгі |
I-құрам |
II-құрам |
20,5 |
24 |
25,5 |

Сурет 2 - Маталардың қажалуға төзімділігінің нәтижелері
Сонымен қатар ұсынылған композициямен өңдегеннен кейінгі маталардың үзілуге беріктігі зерттелді (кесте 4).

Кесте 4 – Мақта-мата мен аралас маталардың ажырау күшінің көрсеткіштері
Матаның түрі |
Мақта-мата |
Аралас мата |
||
Ажырау күші, кгс |
Ажырайтындай созылуы, мм |
Ажырау күші, кгс |
Ажырайтындай созылуы, мм |
|
Өңделмеген үлгі |
45 |
12 |
112 |
30 |
I-құрам |
48,5 |
17 |
115 |
34 |
II-құрам |
48 |
19 |
117 |
30 |
Сурет 3 – Маталардың ажырауы күшінің көрсеткіштері
Зерттеу нәтижелері ұсынылып отырған маталарды өңдеу әдісі олардың ажырауы күшінің артуын да қамтамасыз ететінін көрсетті.
Өңделген маталардың токсикологиялық көрсеткіштері тері тітіркендіргіштеріне зерт-ханалық сынау әдісін қолдана отырып тексерілді (кесте 5).
Кесте 5 – Маталардың токсикологиялық көрсеткіштері
Көрсеткіштердің атауы, өлшем бірлігі |
НҚ бойынша нормасы |
Нақты мәні |
Сынау әдісіне НҚ |
Мақта-мата |
|||
Жергілікті-тітіркендіретін әсер, балл |
Жоқ |
0 \ |
И.1.1.11-12-35-2004 |
Аралас мата |
|||
Жергілікті-тітіркендіретін әсер, балл |
Жоқ |
0 \ |
И.1.1.11-12-35-2004 |
Токсикологиялық көрсеткіштердің нәтижелеріне қарап, ешқандай теріні тітіркендіргіш көрсеткіштер анықталған жоқ.
Қорытынды
Мақта-мата мен аралас маталарды мик-робқа қарсы өңдеуге арналған мыс сульфаты, поливинилпирролидон, салицил қышқылы негізіндегі жаңа композициялық құрам жасап шығарылды. Өңделмеген және өңделген маталардың механикалық, микробқа қарсы және токсикологиялық қасиеттері зерттелді.
Өңделген маталардың биологиялық бұзылуға деген төзімділігі өңделмеген маталармен салыстырғанда артатындығы анықталды. Микробиологиялық сынақтардың талдамасы бойынша композиттік құраммен өңделген материалдар бактерияларға (E.coli) қарсы қорғаныш параметрлерін танытатындығы дәлелденді.
Ұсынылып отырған маталарды өңдеу әдісі маталардың қажалуға беріктігін, сондай-ақ олардың ажырау күшінің артуын да қамтамасыз ететіндігі анықталды.
Токсикологиялық көрсеткіштердің нәтижелеріне қарап, теріні тітіркендіргіш көрсеткіштер анықталған жоқ.
Осылайша, аппреттелген мақта-мата мен аралас маталардың микробқа қарсы қасиеттері жақсы болатындығы, соның нәтижесінде пайдалану кезінде микроорганизмдер бұза алмайтыны, сондай-ақ бұйымның тоз-баушылығы артатындығы анықталды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Разуваев А.В Экологичность и безопасность биоцидной отделки текстильных материалов в соответствии с требованиями стандарта «эко-текс 100» // Текстильная промышленность.-2011, №4. – С. 15-19.
-
2. Колесников Н.В., Веселова И.В., Хозова Л.М. Антимикробные трикотажные полотна для высококомфортных бельевых и спортивных изделий. //Текстильная промышленность.- 2010, № 5 .С.48-49.
-
3. Киселева А.Ю, Шушина И.А., Козлова О.В., Телегин Ф.Ю. Бактерицидные текстильные материалы на основе биологически активных препаратов и наносеребра.// Известия высших учебных заведений. Технология легкой промышленности.- 2011, №12. – С.110 - 112.
-
4. Burkitbay A., Rakhimova S.M., Taussarova B.R., Kutzhanova A.Zh. Development of a Polymeric Composition for Antimicrobial Finish of Cotton Fabrics // Journal « Fibres & textiles in Eastern Europe». - 2014. - Vol. 22, № 2(104). - Р. 96 – 101.
-
5. Burkitbay A., Rakhimova S.M., Taussarova B.R, Kutzhanova A.Zh.,Application of dressing composition for antimicrobial finishing of cellulosic tekstile materials / XXIII International congress «IFACC International Federation of Textile Chemists and Colourists». – Budapest, 2013. – Р. 96 – 97.
Список литературы Тоқыма материалдарын биоқорғауға арналған композициялық құрамды әзірлеу
- Разуваев А.В Экологичность и безопасность биоцидной отделки текстильных материалов в соответствии с требованиями стандарта "эко-текс 100" // Текстильная промышленность.-2011, №4. - С. 15-19.
- Колесников Н.В., Веселова И.В., Хозова Л.М. Антимикробные трикотажные полотна для высококомфортных бельевых и спортивных изделий. //Текстильная промышленность.- 2010, № 5.-С.48-49.
- Киселева А.Ю, Шушина И.А., Козлова О.В., Телегин Ф.Ю. Бактерицидные текстильные материалы на основе биологически активных препаратов и наносеребра.// Известия высших учебных заведений. Технология легкой промышленности.- 2011, №12. - С.110 - 112.
- Burkitbay A., Rakhimova S.M., Taussarova B.R., Kutzhanova A.Zh. Development of a Polymeric Composition for Antimicrobial Finish of Cotton Fabrics // Journal " Fibres & textiles in Eastern Europe". - 2014. - Vol. 22, № 2(104). - Р. 96 - 101.
- Burkitbay A., Rakhimova S.M., Taussarova B.R, Kutzhanova A.Zh.,Application of dressing composition for antimicrobial finishing of cellulosic tekstile materials / XXIII International congress "IFACC International Federation of Textile Chemists and Colourists". - Budapest, 2013. - Р. 96 - 97.