Жшс «Фито-аромат» базасында со 2-экстракторы критикалы нктеге дейінгі шарттардаы артышылытары
Автор: Айдарова М.М., Устенова Г.О., Байгазиева Г.И., Проскурин Б.М.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Естественные науки
Статья в выпуске: 5 (101), 2013 года.
Бесплатный доступ
Берілген мақалада эксперименталды қондырғының конструкциялық ерекшеліктері сипатталады. Өсімдік шикізаттың өндірісі қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі. ЖШС «Фито-Аромат» базасында СО 2-экстракт алуға арналған экстракционды эксперименталды қондырғы жиналады және критикалық нүктеге дейінгі шарттарда экстракт алады. СО 2-экстракттарын кеңінен қолдану мүмкіндіктері берілген. Базада жиналатын экстракт алуға арналған эксперименталды экстракционды қондырғының артықшылықтары сипатталады. Жұмыстың актуалдығы экстракционды қондырғыда алынған экстракт құрамындағы биологиялық белсенді заттардың кең спектрде шығуы болып табылады.
Короткий адрес: https://sciup.org/140205114
IDR: 140205114
Текст научной статьи Жшс «Фито-аромат» базасында со 2-экстракторы критикалы нктеге дейінгі шарттардаы артышылытары
Кіріспе
Көмірқышқыл газы арқылы экстракт өндіру индустриялық ұйымда қондырғы-ларды жетілдіру туралы туындаған сұрақ өзекті және конструкциялық ерекшеліктердің модернизациясын қажет етеді.
Өндірісте өнім шығысын көбейту жолында техникалық өзгерістер енгізіліп, қондырғыларды тағам және фармацевтикалық өндірістерінде пайдалануды тиімді етеді. Өнеркәсіптер қатарында ЖШС «ФитоАромат» базасы қазіргі таңда Қазақстан Республикасында өсімдік шикізатынан СО 2 -экстрактты критикалық нүктеге дейінгі шарттарда өндіретін ұйым болып табылады, және де берілген өнеркәсіп экстракционды қондырғыларды дайындайды.
Зерттеу нысандары және әдістері
Берілген өнеркәсіпте көлемі 12 литр жартылай өндірістік экстрационды қондырғы АКЭҚ5л (Ағынды көмірқышқыл газды экстракциялық қондырғы 5 -лабораториялық) дайындалды. Қондырғы көмірқышқыл газы арқылы алынатын аз көлемдегі өсімдік экст-рактты шығарады. Алынған өнім ғылыми-зерттеу жұмыстарында тиімді қолдануға арналған. Жұмыс істеу принципі циклды, экстракция үрдісі сұйытылған газдың 58-65 атм. қысымда және 18-260С темпе-ратурада жүргізіледі. Төмендегі кестеде қондырғының техникалық сипаттасы беріледі (кесте 1) [1].
Қарапайым эксперименталды экстрак-ционды қондырғынының конструкциясы қон-дырғыны тасымалдауға және жеңіл орнатуға қолайлы. Қондырғы төменвольтті болып келгендіктен, адам өміріне қауіпсіз шарттарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүм-кіндік береді. Өсімдік шикізаттары толтыры-латын экстрактор сыйымдылығының опти-малды салмағы өсімдік шикізаттардың келесі көрсеткіштеріне байланысты: тығыздық, ұсақтау өлшемі, салмақ. Эксперименталды экстракционды қондырғыда жүргізілген экстракт шығымы зерттеу жұмысы қажетті әрі жеткілікті болып келеді.
Нәтижелер және оларды талқылау
Жалпы қондырғы конструкциясы шикі- зат толтырылатын жинақтан, сұйытылған СО2-жинағынан, жылытқыш, конденсатор, компрессор, температура мен қысым датчик-тері, байланыстыратын құбырлардан құра-лады. Қондырғының жұмысын жақсарту жо-лында жүргізілген жұмыс байланыстыратын жеке құбырларды алмастыру, экстракциялау үрдісін қадағалайтын датчиктерді электронды бақылауға алынды және қондырғының жалпы түрі өзгертілді. Сұйытылған көмірқышқыл газын жүйеге енгізу автоматтандырылды.
Технологияда биологиялық активті заттарды экстрагирлеу жасуша мембрана-сынан шайып алу және оны сұйық фазаға өткізуден тұрады. Экстракт шығымы уақыт-тың экспозиясынан, температурадан және экстрактор ішіндегі қысымға байланысты.
СО 2 -экстракциялаудың артықшылық-тары:
V 'Жумсак жылулык режим шарттарына байланысты (+15° С-тен +27° С-ге дейін), со-нымен қатар оттегісіз жүйе орнату арқылы ак-тивті биологиялық комплекс өзгеріссіз қалады;
-
V АлынFан ен1м стерильдi жэне турак-ты болады;
-
V 0шм курамында курFак зат мeлшерi көмірқышқыл газымен өндірілмеген өнімдер-мен салыстырғанда 2-ден 4 есе жоғары;
-
V Биологиялык активтi заттардын, шайылу спекрі кеңінен қолданылады;
-
V Шайылатын косылыстарды фракция-лау мүмкіндіктері мен т.б.
CO 2 -шикізаты әртүрлі өндірістік сала-ларда қолданылады. Қазіргі таңда құрамында дәрумендердің толық комплексті, эссенциалды және басқа аминқышқылды, өсімді клетчат-кадан, микроэлементтерден және т.б. пайдалы заттардан тұратын өңделген дайын өнім ретінде қолдануға болады (сур. 1) [2].
Критикалық нүктеге дейінгі шарттағы СО 2 -экстракттарды қалыптайтын заттардың көп мөлшерлері майлармен, спиртпен, пропиленгли-кольмен жақсы араласады, ал эмульсиялар мен гельдерде гомогенді ортаны сақтап отырады. СО 2 -экстракттар құрамында температура мен химиялық әсерге ұшырамаған тек таза табиғи биологиялық активті заттардан тұрады [3].
Кесте 1 - АКЭҚ5л қондырғысының техникалық сипаттамасы
Техникалық сипаттамалары |
|
Өсімді шикізаттарытолтырылатын экстрактор сиымдылығы |
12 литр |
Шикізатты экстрагирлеу уақыты (әр экстрактке берілетін техникалық куәлігіне сәйкес анықталады) |
1-6 сағ. |
Жұмыс режимі |
периодты |
Шикізатты көмірқышқыл газымен экстрагирлеу циклы |
өзіндік ағынды |
Жүйедегі СО 2 жинағының көлемі |
25 л |
Жүйедегі жұмыс қысымы |
6.3 (63) МПа (кгс/см2) |
Экстрактордағы жұмыс температурасы |
297 К, (24°)С |
Жүйедегі бір циклға шығындалатын СО 2 |
4 кг/цикл |
Қондырғының өлшемдері |
ұзындығы – 1000мм ені - 1000мм биіктігі - 2000мм массасы - 216кг |
Қажетті қуаттылық |
2.0 квт |
Қуаттылығы |
220 в |

СО2-экстрактты цолданатын ендарютер

Copyright © 2009-2011 Фиго-Аромат
Сурет 1 - СО 2 -экстракттардың қолдану аясы.
Қорытынды
Қорыта айтқанда көмірқышқыл газымен критикалық нүктеге дейінгі шарттарда АКЭҚ5л қондырғысында экстракциялау нәтижесінде құрамында биологиялық активті заттарға бай (спирттік, эфирлі, липофильді, стероидты және т.с.с.) дайын өнімді алынады. СО 2 -экстракттар балластты заттар мен органикалық еріткіш қалдықтары кездеспейді, яғни тазалығы бойынша «абсолют» классына сай келеді [4].
Экстрагирлеу шарттары (анаэробты орта мен салыстырмалы жоғары қысым) арқылы алынған СО 2 -экстракттары микроорганизм-нен толық тазартылады. Бұл көрсеткіштер арқылы ауа кірмейтін ыдыста және орташа бөлме температурасында шамамен 5 жыл сақтауға мүмкіндік етеді [5].
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Proskurin B. СО 2 -technology, extraction the equipment, vegetative balms and production with
use СО 2 -extracts // Materials of a scientific seminar Innovative technologies.SouthKorea, Ansan -October 2007. – Р. 37-39.
-
2. Мамлева И.П., Дудикова Г.Н., Орлюк Т.М, Проскурин Б.М. Технологические аспекты получения пищевых добавок из плодово-ягодного сырья //Вестник НПЦ перерабатывающей и пищевой промышленности. -2007.- №1. –С.31-34.
-
3. Касьянов Г.И., Мхитарьянц Г.А. Суб- и сверхкритическая СО 2 -экстракция ценных компонентов из растительного сырья /Сборник материалов международной научно-технической интернет-конференции «Суб- и сверхкритические флюидные технологии в пищевой промышленности» Краснодар: КубГТУ, 2012. -С. 80-83с.
-
4. Устенова Г.О. Экстрагирование сжиженными газами. –Учебное пособие. –Алматы: КазНМУ, 2010. -66с.
-
5. Касьянов Г.И. СО 2 -экстракты. Производство и применение. – Монография: Под ред. проф. Щербакова В.Г. – Краснодар: Экоинвест, 2010. – 176 с.
Список литературы Жшс «Фито-аромат» базасында со 2-экстракторы критикалы нктеге дейінгі шарттардаы артышылытары
- Proskurin B. СО2-technology, extraction the equipment, vegetative balms and production with use СО2-extracts//Materials of a scientific seminar Innovative technologies.SouthKorea, Ansan -October 2007. -Р. 37-39.
- Мамлева И.П., Дудикова Г.Н., Орлюк Т.М, Проскурин Б.М. Технологические аспекты получения пищевых добавок из плодово-ягодного сырья//Вестник НПЦ перерабатывающей и пищевой промышленности. -2007.-№1. -С.31-34.
- Касьянов Г.И., Мхитарьянц Г.А. Суб-и сверхкритическая СО2-экстракция ценных компонентов из растительного сырья/Сборник материалов международной научно-технической интернет-конференции «Суб-и сверхкритические флюидные технологии в пищевой промышленности» Краснодар: КубГТУ, 2012. -С. 80-83с.
- Устенова Г.О. Экстрагирование сжиженными газами. -Учебное пособие. -Алматы: КазНМУ, 2010. -66с.
- Касьянов Г.И. СО2-экстракты. Производство и применение. -Монография: Под ред. проф. Щербакова В.Г. -Краснодар: Экоинвест, 2010. -176 с.