Эффективность применения пробиотических препаратов в птицеводстве
Автор: Бегдилдаева Н. Ж., Ахметсадыкова Ш. Н., Кудайбергенова А. К., Ахметсадыков Н. Н.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Техника и технологии
Статья в выпуске: 3 (128), 2020 года.
Бесплатный доступ
В связи с растущим спросом на качественное мясо птицы и яйца в Казахстане переход на экологически чистое производство является как никогда актуальным. Применение пробиотиков на птицефабриках может обеспечить безопасность продукции и экономическую эффективность. В данной статье представлены данные об эффективности применения пробиотических препаратов, используемых в мире и в отечественном птицеводстве. Доказано, что за счет внедрения пробиотиков улучшается качество мяса, яиц, и каркаса птиц, повышается иммунитет и устойчивость к антибиотикам 1,5-2%-ной концентрации, улучшается конверсии корма на 5-7%, увеличивается вес живой массы тела от 1,1% до 3,9% по сравнению с контрольными группами. Практическая ценность данного исследования заключается в изучении рынка зарубежных пробиотиков, используемых на казахстанских птицефабриках и изучении их эффективности.
Пробиотические препараты, птицеводство, продуктивность, кормовые добавки, мясо птицы, пробиотикалық препараттар, құс шаруашылығы, құс өнімділігі, азық-тық қоспалар, құс еті
Короткий адрес: https://sciup.org/140250908
IDR: 140250908 | DOI: 10.48184/2304-568X-2020-3-73-78
Текст научной статьи Эффективность применения пробиотических препаратов в птицеводстве
Кіріспе
Құс шаруашылығы – аграрлық сектор-дың ең маңызды, серпінді саласы. Ол тез өсу қарқындылығымен және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, құс өсіру мал шаруашылығының басқа салаларына қарағанда еңбек пен материалдық ресурстарды аз қажет етеді.
Болжам бойынша, 2050 жылға қарай әлемде адамдар саны 9 миллиардқа жетеді. Ғалымдар халық санының өсуі көптеген жануарлар мен өсімдіктерден алынатын тағамдарға деген сұраныстың артуына тікелей әсер ететінін ескеріп, адамдар үшін де, қоршаған орта үшін де қауіпсіздік пен жоғары сапаны қамтамасыз ететін, талаптарға сай тамақ өнімдерін өндіруге мүмкіндік беретін оңтайлы шешімдерді қарастыруда [1].
Қазақстанның аграрлық өнеркәсібінде құс шаруашылығы көлемі жағынан ең тез өсіп жатқан сала, яғни бір жылдық орташа өсім құс еті бойынша 9,2 мың тоннаны құраса, ал жұмыртқа 142,7 млн тоннаға жетті. Соған қарамастан, құс етін тасымалдаушы шетелдік өндірушілер отандық нарықтың басым бөлігін алып тұр. Көш басында - АҚШ, одан кейінгі орында Бельгия, Венгрия және
Аргентина тұр. Ал еліміздің тауық өнімдерін өткізу бойынша ақшалай көрсеткіш 2014 жылы 112,3 млрд. теңгені құрады [2].
Құс шаруашылығында өнімділігі мен сапасы жоғары, экологиялық қауіпсіз әрі таза өнімдер алу күрделі мәселелер туындатуда. Патогенді микроағзалар өндірісте құстар орналасқан орындарда ғана емес, қоршаған ортаға да қарқынды жинақталады. Өсімдіктер мен жәндіктерден, топырақтан алынатын табиғи микроағзалардан толығымен айырылған құстарда осындай шартты – патогенді микро-ағзалардың белсенділігі жоғарылайды. Бұл өз кезегінде сүтқышқылды бактериялар, бифи-добактериялар және энтерококктардың жаңа туған балапандардың ішектерінде жиналуына кері әсерін тигізеді [3].
Антибиотиктер әлемдік тәжірибеде ұзақ жылдар бойы құстардың түрлі жұқпалы ауруларға қарсы иммундық қабілет қалып-тастырушы және дене салмағын арттырушы ретінде қолданылып келеді. Оларды көп уақыт қолдану антибиотиктерге төзімділіктің пайда болуына және тағамдық тізбекпен адам ағзасына тасымалдануына алып келеді [4]. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыл шаруашылығында антибиотиктерді қолдану
қоғамдық тамақтануға тікелей зиян келтіреді деген тұжырым жасады. Сондай-ақ, әртүрлі ауруларды туындататын патогенді микроағза-лардың да көбеюіне жол беруге болмайды. Құстарға берілетін тағамдық қоспалар сапасы жоғары ет, жұмыртқа алуға тікелей әсер етеді. Жұқпалы ауруларды болдырмау және емдеу үшін антибиотиктерді алмастыратушы ретінде табиғи биологиялық белсенді қоспаларды қолдану қолға алынуда.
Пробиотиктер – керекті мөлшермен қолданса қабылдаушыға оң әсер бере алатын тірі микроағзалар. Оларға Bacillus, Enterococcus, Lactobacillus, Pediococcus, Streptococcus кіреді. Сонымен қатар, Saccharomyces cerevisiae және Kluyveromyces саңырауқұлақтары мен ашытқылары жатқызылады [5].
Құс шаруашылығында пробиотикалық препараттарды қоспа ретінде пайдалану емдік шаралардан басқа асқорытуды жақсартуға, дене салмағының артуына, ет, жұмыртқа сапасын арттыруға байланысты мәселелерді шешуде таптырмас әдіс болып табылады.
Құс өсірушілер одағының мәліметінше, елімізде 56 құс фабрикасы бар. Оның 36-сы – жұмыртқа, 20-сы ет өндіреді. Еліміздің ауыл шаруашылығы дамуының басты қадамдарының бірі ретінде жануарлар мен құстардан алынатын шикізат сапасының жоғары, қауіпсіз әрі бәсекеге қабілетті болуы үшін про-биотикалық препараттарды қолдану бастау алып келеді.
Зерттеу нысандары және әдістері
Зерттеу нысандары ретінде шет елдерде және елімізде қолданылатын пробиотикалық препараттар алынды.
Отандық құс шаруашылығында қолданылатын препараттар: Лактофит (Ресей), Эм-пробио (Ресей), Лабаксил стабил (Германия), Пробио-Спорин (Қазақстан), Споризим-форте (Корея), Ветом (Ресей).
Әлемдік нарықта қолданылатын про-биотикалық препараттар: Microguard (Малайзия), PoultryStar (Австрия), Ecobiol (Испания), Toyocerin (Испания), Protexin (Ұлыбритания), Probion (Оңтүстік Корея), PrimaLac (АҚШ), JSA-101 Gold (Корея).
Зерттеу салыстырмалы аналитикалық әдіске сүйеніп жүргізілді. Антибиотиктердің орнын алмастыру немесе мөлшерін азайту мақсатында пробиотикалық препараттарды қолдану құс фабрикаларындағы жүйені өзгер-тудің талаптары, құстарды азықтандыру мөлшерін және оларды сақтау орындарын жаңалау шаралары қарастырылды. Бұл өз кезегінде қауіпсіз өнім алуға көмектесетіндіктен бұл әдісті қолданудың тиімділіктері зерттелді.
Нәтижелері және оларды талқылау
Құс шаруашылығына тиімділігін зерттеу үшін әлемдік сұранысқа ие белгілі препараттар таңдап алынды және олардың тізімі 1 кестеде көрсетілді.
1 кесте – Әлемдік құс азықтандыруда пайдаланылатын пробиотикалық препараттар
№ |
Препарат атауы |
Құрамы |
Өндіруші |
1 |
Microguard |
Bacillus (licheniformis, megaterium, mesentricus, polymyxa, subtilis);B.bifidus; L.acidophilus, L.bulgaricus, L.plantarum; |
Peterlabs Holdings, Негери Сембилан, Малайзия |
2 |
PoultryStar |
B.animalis; L.reuteri; L.salivarius; Pediococcus acidilactici |
ME BIOMIN GmbH, Гетцерсдорф, Австрия |
3 |
Ecobiol |
Bacillus amyloliquefaciens |
Norel Animal Nutrition, Мадрид, Испания |
4 |
Toyocerin |
Bacillus toyonensis |
Rubinum S. A, Барселона, Испания |
5 |
Protexin |
Candida pintolepesii |
Probiotics International Ltd., Лопен-Хед, Сомерсет, Ұлыбритания |
6 |
Probion |
Clostridium butyricum |
Woogene B&G Co. ЖШС., Сеул, Оңтүстік Корея |
7 |
PrimaLac |
L.casei |
Star Labs, Inc., Кларксдейл, АҚШ |
8 |
JSA-101 Gold |
L.fermentum |
Well-being LS ЖШС., Канвон, Корея |
Отандық құс фабрикаларында қолданылатын препараттардың тізімі 2 кестеде берілген [6].
2 кесте - Жергілікті құс шаруашылығында пайдаланылатын пробиотикалық препараттар
№ |
Препарат атауы |
Құрамы |
Өндіруші |
1 |
Лактофит |
Lactobacillus, Lactococcus |
«НИИ Пробиотиков» ЖШҚ, Ресей |
2 |
Эмпробио |
Lb.casei, Lc.lactic, Lb.plantarum, Lb.acidophilus, Saccharamyces cerevisiae |
ООО «Компания «ГринКо», Ресей |
3 |
Лабаксил Стабил |
Lb.buchneri |
Sano-Moderne Tierernӓhrung GmbH, Германия |
4 |
Пробио-Спорин |
Bacillus subtilus |
ҚРБж ҒМ Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қазақстан |
5 |
Споризим-форте |
Bacillus subtilus |
«WooGene B&G» ЖШС, Корея |
6 |
Ветом |
Bacillus subtilus B-7048, Bacillus licheniformus B-7038 |
«Зерттеу орталығы» Ғылыми-өндірістік фирмасы, Ресей |
Зерттеуге алынған пробиотикалық препараттар құрамына қарай моно- және аралас штамды болып келеді. Аралас штамды препараттардың артықшылығы бір мезетте бірнеше мәселелерді шешуге қабілетті. Сонымен қатар, зерттеу объектісі ретінде қарастырылған препараттарды құрамындағы микроағза-лардың спора түзу қабілетіне байланысты екі топқа бөліп алуға болады. Спора түзуші бактериялар Bacillus түріне жатады, олардың спора түзбейтін Lactobacillus және Lactococcus түрлерінен артықшылығы жоғары температураға, қышқыл ортаға төзімдірек келеді.
Кейбір препараттар ашытқы негізінде өндіріледі, мысалы танымал «Protexin» про-биотикалық препараты Candida pintolepesii микроағзасынан жасалынған. Мұндай препараттар құс салмағын арттыруға кеңінен қолданылады.
Құс фабрикаларында туындайтын мәселелерге байланысты пробиотикалық препаратты дұрыс таңдау оң нәтиже береді.
Шетелдік ғалымдардың жүргізген зерттеулерінде әртүрлі пробиотиктердің құстарды азықтандыруда пайдалануы, технологиялық процестерді дұрыс ұйымдастыруы туралы ғылыми жаңалықтары ұсынылған.
Пробиотикалық препараттардың құс денсаулығына, еті мен жұмыртқа сапасына тигізетін әсері жан – жақты пайдалы екені дәлелденіп отыр, 3 кестеде әртүрлі әсерлері көрсетілген.
3 кесте – Құс шаруашылығында қолданылатын пробиотиктердің пайдалы әсері
№ |
Пробиотик атауы |
Құстың саны |
Қолдану мерзімі |
Негізгі нәтижелер |
1 |
Microguard |
20 |
21 күн |
Дене салмағын және қандағы гемоглобин мен эритроциттердің мөлшерін арттырады (Rahman M.S. және т.б.) [5]. |
2 |
PrimaLac |
288 |
42 күн |
Құстың өнімділігі мен Ньюкасл және бурсалды жұқпалы ауруларға төзімділігі жоғарылайды (Talebi A. және т.б.) [3]. |
3 |
Probion forte |
60 |
42 күн |
Ішектердің шырышты қабығының морфологиялық көрсеткіштерін жақсартады (Kotsyumbas G. және т.б.) [10]. |
4 |
Protexin |
96 |
7 күн |
Өнімділігі және құс ұшасының қаңқасы жақсарады (Kavyani A. және т.б.) [4]. |
5 |
Ecobiol |
211,000 |
45 күн |
Асқорыту жүйесін жақсартады, соның әсерінен құстың салмағы артады (Ortiz A. және т.б.)[7]. |
6 |
Toyocerin |
21 күн |
Асқазан - ішек жолдарына және ет өнімділігіне оң әсер етеді (Jadamus A. және т.б.)[11]. |
7 |
JSA-101 Gold |
696 |
21және 42 күн |
Өсу көрсеткіштерін және ішектің иммундық қасиеттерін жоғарылатады (Bai S.P. және т.б.) [8]. |
8 |
PoultryStar |
140 |
56 күн |
Иммундық жүйені және ішек микрофлораларын жақсартады [9]. |
9 |
Ветом |
250 |
42 күн |
Дене салмағы және ет өнімділігі жоғарылайды, қандағы эритроцит, лейкоцит және гемоглобин мен ақуыздардың саны артады (Суханова С.Ф және Махалов А.Г.) [12]. |
10 |
Лактофит |
300 |
21 күн |
Әртүрлі ауруларға төзімділігі артып, құстың сақталуы және еттің өнімділігі жоғарылайды (Лысенко С.Т.) [13]. |
Пробиотикалық препараттарға сұраныс артқанымен, өндірістік дәрежеде отандық препарат өндірушілердің саны аз. Қолданыс-тағы пробиотикалық препараттардың басым көпшілігі импортталады. Қазақстанда қолданылатын пробиотикалық препараттардың арасында біреуі ғана елімізде өндірілген. Қазақстанда қолданылатын препараттардың ішінде «Лактофит» және «Ветом» пробиотиктерінің ғана әсері ғылыми түрде зерттелген. Сондықтан, қолданыстағы пробиотикалық препараттардың әсерін толық зерттеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Зерттеу нәтижелері бойынша құс шаруашылығында пробиотиктерді қолданудың келесідей артықшылықтары анықталды:
-
а) Пробиотиктердің патогенді инфекцияға қарсы әсері. Lactobacillus acidophilus және Streptococcus faecium пробиотиктерінің қосындысы тауықтардың ішек жолдарында Campylobacter бөлінуін және жиналуын азайтуға қабілетті. Ал Lactobacillus штаммдары Salmonella инфекциясына қарсы профилактикалық қасиетке ие.
ә) Пробиотиктердің иммунитетке әсері. Құрамында Lactobacillus штамдары бар про-биотиктерді қабылдаған тауықтарда антидене бөлінуі жоғарылайды. Сонымен қатар, осы препараттарды бройлер диетасына қосу ішек-тегі қабыну лимфоцитін өзгертіп, коксидиоз-ға қарсы ішек иммунитетін жоғарылататын-дығы анықталған. Lactobacillus acidophilus, Enterotococcus faecium және Bifidobacterium thermophilus - тен тұратын пробиотикалық қоспа иммуноглобулин деңгейінің жоғарылауына оң әсер тигізеді.
-
б) Пробиотиктердің ішек морфология-сына әсері. Пробиотикалық препараттардың ішек гистоморфологиясына әсерін анықтау үшін көптеген зерттеулер жүргізілді. Ішек қызметінің бұзылуы қоректік заттардың нашар сіңуіне, ас қорытатын ферменттердің
бұзылуына, сайып келгенде, тауықтардың өнімділігінің төмендеуіне әкеледі. Құрамында Lactobacillus микроағзалары бар пробио-тиктер тауықтың аш ішегіндегі түктердің қалыңдығы мен ұзындығына әсер етеді. Антибиотиктерді қабылдаған кезде ішек қабырғаларында жарақаттар пайда болатыны және ішектің шырышты қабаттарының жұқаратыны байқалған. Аш ішектегі түктердің ұзын және қалың болуы қоректік заттардың сіңуін арттырады.
-
в) Пробиотиктердің өсу көрсеткіштеріне әсері. Тағамдық қоспа ретінде қолданылатын пробиотиктердің құстардың өсу көрсеткіштеріне әсері толық зерттелген деп айтуға болады. Көптеген зерттеулерде Lactobacillus пробиотиктерін қосып азықтан-дырған бройлер тауықтарының дене салмағы бақылау топтарымен салыстырғанда әлдеқайда жоғарылағаны байқалған. Сондай-ақ, тауықтарда патогенді микроағзалар туындат-қан инфекциялық аурулардан болатын өлім саны азайып, керісінше, дене салмақтары артқан. Bacillus тобының микроағзалары әсерінен амилаза және протеаза ферменттерінің белсенділігі жоғарылап, ақуыздар мен крахмал жақсы қорытылады, соның нәтижесінде тауықтардың өсу көрсеткіштері көтеріледі .
-
г) Пробиотиктердің ет сапасына әсері. Bacillus, Lactobacillus, Streptococcus, Clostridium, Saccharomyces және Candida пробио-тиктері еттің органолептикасы, балғындығы сияқты сипаттамаларын анықтауға қатысатын бұлшықетішілік липидтердің болуына тікелей әсер ете алады. Ал құрамы Lactobacillus acidophilus, Lactobacillus casei, Bifidobacterium bifidum, Aspergillus oryzae, Streptococcus faecium микроағзаларынан тұратын про-биотиктер бройлер тауықтарының төс және сан еттерінде қанықпаған май қышқылдарының қаныққан май қышқылдарына қатынасын арттырып, нәтижесінде еттегі май
жұғымды майға айналып, ол өз кезегінде ет құрылымының тегіс болуына септігін тигізеді. Lactobacillus микроағзасынан тұратын препараттармен қоректенген тауық етінің құрамында фосфор, кальций, азот және минералдардың мөлшері көбейеді.
Қорытынды
Қазіргі таңда тұтынушылардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысы нарыққа айтарлықтай өзгерістер әкелуде. Пробиотика-лық препараттарды қолданудың тиімділігі ғылыми тұрғыдан негізделіп, дәлелденген. Жергілікті құс өсіретін кәсіпорындар мен фермерлік шаруашылықтарды көбейту шет елдерден әкелінетін құс етінің көлемін қысқарту үшін қажет. Ал отандық құс өсірушілер дамыған елдердің тәжірибесін қолданса, ол сапалы әрі қауіпсіз өнім өндіруге септігін тигізеді. АҚШ-да антибиотиктерді құстарға өсу стимуляторы ретінде пайдалануға тыйым салынған. Пробиотикалық препараттарды қолданудан тұратын «антибиотиксіз» схема-сы құстарды азықтандырудың жаңа техноло-гиясы болып есептеледі. Бұл қолданыстағы өндіріс жағдайының көптеген үрдістерін өзгертеді. Бірақ қымбат антибиотикалық препараттардан бас тарту, сәйкесінше дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетеді. Ал отан-дық пробиотикалық препарат өндіруді дамыту құстан алынатын өнімнің тағамдық құн-дылығына ғана емес экономикалық жағынан тиімді болмақ.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Markowiak P., Slizewska K. The role of probiotics, prebiotics and synbiotics in animal nutrition // Gut Pathogens. - 2018. – №2. – РP. 10-21.
-
2. Аналитический обзор рынка мяса птицы [Электронный ресурс]. Режим доступа. – URL: https://kazagro.kz/analiticheskij-obzor-rynka-myasa-pticy/ (дата обращения: 25.02. 2020)
-
3. Talebi A, Amirzadeh B., Mokhtari B., Gahri H. Effects of a multi-strain probiotic (PrimaLac) on performance and antibody responses to Newcastle disease virus and infectious bursal disease virus vaccination in broiler chickens // Avian Pathology. – 2018. – №37.- РР. 509-512.
-
4. Kavyani A., Farivar F., Mokhtari Sh., Nasir L. Efficiency of A Multi-strain Probiotic (Protexin) on Performance and Carcass Traits in Broiler Chicks // International Conference on Life Science and Engineering. 27th to 28th October 2012 Hong Kong, China. – 2012. – p. 147-150
-
5. Rahman M. S., Mustari A., Salauddin M., Rahman M. M., Bangladesh J. Effects of probiotics and enzymes on growth performance and haematobiochemical parameters in broilers // Journal of the Bangladesh Agricultural University. – 2013. №11.- РР.111–118.
-
6. Ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімі. Ветери-нариялық бақылау және қадағалау комитеті. Нұр-сұлтан – 2020. - 57б.
-
7. Ortiz A., Yanez P., Gracia M., Mallo J.J. Effect of probiotic Ecobiol on broiler performance // 19th European Symposium On Poultry Nutrition, Potsdam, Germany; August 26-29. 2013.- p. 126 – 129.
-
8. Bai S. P., Wu A. M., Ding X. M., Lei Y., Bai J., Zhang K. Y., Chio J. S. Effects of probiotic-supplemented diets on growth performance and intestinal immune characteristics of broiler chickens // Korean J.Food Sci. – 2016. –№5. – РР. 567-576.
-
9. Matthew J.S. Efficacy of Probiotics for Reducing the Incidence of Lameness in Broilers Grown on Wire Flooring Bachelor of Science in Poultry Science // Food Addit Contam.- 2014. – №21. – РР. 817–823.
-
10. Kotsyumbas G., Kostyniuk A., Lemishevskyi V., Fedyk Yu. Morphological features and morphometric indices of the mucous membranes of different parts of the intestines of broiler chickens for feeding feeds with probiotic additive // Науковий вісник ЛНУВМБ імені С.З. Ґжицького. – 2018. -№20.- РР. 87-91
-
11. Jadamus A., Vahjen W., Kühn I The effects of the probiotic toyocerin in fattening poultry. // Asian-Aust. J. Anim. Sci. – 2012- №87.- РР. 125 – 129
-
12. Суханова С.Ф., Махалов А.Г. Пробиотики серии ветом в составе комбикормов для гусят-бройлеров // Вестник Курганской ГСХА. -2014.- № 3. - С.59-62
-
13. Лысенко С.Н. Научно-практическое обоснование использования новых пробиотических препаратов в промышленном птицеводстве // Журнал Ученый совет/Academic Council. 2014. -№3(180). – С. 39 -40
Список литературы Эффективность применения пробиотических препаратов в птицеводстве
- Markowiak P., Slizewska K. The role of probiotics, prebiotics and synbiotics in animal nutrition // Gut Pathogens. - 2018. - №2. - РP. 10-21.
- Аналитический обзор рынка мяса птицы. Режим доступа. - URL: https://kazagro.kz/analiticheskij-obzor-rynka-myasa-pticy/ (дата обращения: 25.02. 2020)
- Talebi A, Amirzadeh B., Mokhtari B., Gahri H. Effects of a multi-strain probiotic (PrimaLac) on performance and antibody responses to Newcastle disease virus and infectious bursal disease virus vaccination in broiler chickens // Avian Pathology. - 2018. - №37.- РР. 509-512.
- Kavyani A., Farivar F., Mokhtari Sh., Nasir L. Efficiency of A Multi-strain Probiotic (Protexin) on Performance and Carcass Traits in Broiler Chicks // International Conference on Life Science and Engineering. 27th to 28th October 2012 Hong Kong, China. - 2012. - p. 147-150
- Rahman M. S., Mustari A., Salauddin M., Rahman M. M., Bangladesh J. Effects of probiotics and enzymes on growth performance and haematobiochemical parameters in broilers // Journal of the Bangladesh Agricultural University. - 2013. №11.- РР.111-118.
- Ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларының мемлекеттiк тiзiлiмi. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi. Нұр-сұлтан - 2020. - 57б.
- Ortiz A., Yanez P., Gracia M., Mallo J.J. Effect of probiotic Ecobiol on broiler performance // 19th European Symposium On Poultry Nutrition, Potsdam, Germany; August 26-29. 2013.- p. 126 - 129.
- Bai S. P., Wu A. M., Ding X. M., Lei Y., Bai J., Zhang K. Y., Chio J. S. Effects of probiotic-supplemented diets on growth performance and intestinal immune characteristics of broiler chickens // Korean J.Food Sci. - 2016. -№5. - РР. 567-576.
- Matthew J.S. Efficacy of Probiotics for Reducing the Incidence of Lameness in Broilers Grown on Wire Flooring Bachelor of Science in Poultry Science // Food Addit Contam.- 2014. - №21. - РР. 817-823.
- Kotsyumbas G., Kostyniuk A., Lemishevskyi V., Fedyk Yu. Morphological features and morphometric indices of the mucous membranes of different parts of the intestines of broiler chickens for feeding feeds with probiotic additive // Науковий вiсник ЛНУВМБ iменi С.З. Ґжицького. - 2018. - №20.- РР. 87-91
- Jadamus A., Vahjen W., Kühn I The effects of the probiotic toyocerin in fattening poultry. // Asian-Aust. J. Anim. Sci. - 2012- №87.- РР. 125 - 129
- Суханова С.Ф., Махалов А.Г. Пробиотики серии ветом в составе комбикормов для гусят-бройлеров // Вестник Курганской ГСХА. -2014.- № 3. - С.59-62
- Лысенко С.Н. Научно-практическое обоснование использования новых пробиотических препаратов в промышленном птицеводстве // Журнал Ученый совет/Academic Council. 2014. - №3(180). - С. 39 -40