Көпфункционалды жастар жиынтығын дайындауда әрлеуіш материалдарды желімдеп біріктіруді зерттеу
Автор: Кучарбаева К.Ж., Маматай А.А., Сарттарова Л.Т.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология текстиля и одежды, дизайн
Статья в выпуске: 1 (147), 2025 года.
Бесплатный доступ
Мақалада жастарға арналған көпфункционалды тігін бұйымдарын дайындауда әрлеуіш материалдарды желімдеп біріктіру әдісі талданады. Көпфункционалды жастар киім жиынтығын әрлеуіш материалдармен безендіріп дайындау, бірегей және әртүрлі бейнелерді жасауға мүмкіндік беретін жаңа көркем шешімдерді ашады. Сән бағытына байланысты өзгеріп, бір-бірін алмастыратын сәндік әрлеуіш материалдармен безендірілген көпфункционалды жастар жиынтығы, жастар қауымының эстетикалық және пайдалану талаптарын толықтай қанағаттандырады. Тұтынушы талаптарына сай түрленетін сәндік элементтері мен әрлеуіш материалдармен әрлеп безендірілген көпфункционалды жастар жиынтығы рынокта кеңінен қолданылады.Сәндік материалдарды желімдеп біріктірудің беріктігі, қаттылығы, тозуға төзімділігі мен шыдамдылығының сапалық көрсеткіштері зерттеледі. Жастар киім жиынтығында сәндік және негізгі бөлшектерге таңдалған өңдеу тәртібінде, әрлеуіш материалдарды желімдеп біріктіріп безендірілген сынақтық үлгілердің сандық және сапалық көрсеткіштері сынақтан өткізілді. Көпфункционалды киім жиынтықтарын дайындауда желімдеп біріктіру әдісін қолдану өндіріс уақытын қысқартады және өңдеу сапасын жоғарылатады, бұл нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Зерттеу нәтижесінде, сынақтық үлгідегі жоғарғы көрсеткіштегі материалдардан, әрлеуіш материалдармен безендірілген көпфункционалды жастар киім жиынтығы дайындалды. Жастар көпфункционалды киім жиынтығын сатып ала отырып, нақты түрде түсі мен матасы үйлесетін, бірақ ассортименті мен тағайындалуы әртүрлі бірнеше бұйымдарға ие болады.
Жастар жиынтығы, көпфункционалды, желімдік біріктіру, сәндік элементтер, физико-механикалық көрсеткіштер, әрлеуіш материалдар
Короткий адрес: https://sciup.org/140310064
IDR: 140310064 | DOI: 10.48184/2304-568X-2025-1-170-177