Математиканы оытуды жетілдіру жолдары
Автор: Сайын О.Т.
Журнал: Теория и практика современной науки @modern-j
Рубрика: Образование и педагогика
Статья в выпуске: 6-2 (12), 2016 года.
Бесплатный доступ
Соңғы оң жылдықта мектепте математиканы оқытуды жетілдіру жаңа кезеңге өтуде. Осы аралықта математиканың мазмұнына жаңа бөлімдер кірді және кейбір тақырыптар өзгертілді. Ақпараттық технологиялардың тез арада дамуы, оқыту жүйесін өзгертуді талап етеді. Осы мақаланың негізгі өзектіліктілігі мектептегі білім жүйесін, дағдысын ғана қалыптастыру емес, сонымен қатар ғылыми шаралар, яғни оларды қолдана білу болып табылады. Осындай дәлелдер оқыту әдісін таңдауды өзгертуді талап етеді.
Дамыта оқыту, математикалық қабілет, техникалық құралдар, логикалық ойлау
Короткий адрес: https://sciup.org/140289343
IDR: 140289343
Текст научной статьи Математиканы оытуды жетілдіру жолдары
Кілт сөздер: дамыта оқыту, математикалық қабілет, техникалық құралдар, логикалық ойлау
Жалпы орта білім берудің негізгі элементті мектептегі математикалық оқыту - оқу бағдарламасында көрсетілген математикалық біліктілікті меңгеру нәтижесін және ойлау әдістерін үйрететін ұжымдық процесс. Сонымен қатар, ол екіжақты процесс болып табылады: математиканы оқыту және тәрбиелеу. Заманауи жалпы білім беретін мектепте математикалық білім, оның мәселелерін, дамуын дидактикалық математика пәні құрайды.
Интерактивті тақта оқушыларға қызықты және пайдалануға ыңғайлы. Жұмыстың барысын меңгеруде қиынға соқпайды. Бұл виртуальді экран оқытылып отырған материал туралы жарқын және толықтай қамтитын қабілеттерді береді. Ол сөзбен түсіндіруге қиналатын тақырыпты анық және мобильді түрде түсіндіреді. Тактилді басқару жаңа ақпаратты қабылдауды жеңілдетеді.
Тәжірибелік – эксперементальды зерттеудің мазмұны үш кезеңге бөлінген: реттеуші, қалыптастырушы және бақылаушы. Бұлардың әр қайсысы тәжірибелік жұмыстың мынадай негізгі тапсырмаларға жауап береді:
-
1) эксперимент басында сегізінші сыныптардың негізгі ойлау деңгейінің қалыптасуын зерттеу.
-
2) экспериментальды сегізінші сыныпты оқыту кезінде, техникалық құралдарды қолдану арқылы математиканы оқытуды жетілдіруде, дамыта оқытудың шарттарының орындалуын бақылау.
-
3) эксперимент соңында бақылау және экспереметалды сыныптардағы оқушылардың математиалық ойлауының дамуын қадағалау.
Реттеушы тәжірибе оқу жылының басында өткізілді. Бұл зерттеу кезеңінде сегізінші сыныптан тест алынды.
Нәтижелер жіберілген қаталармен бағаланыды. Бұл тестілеуде келесідей математикалық қабілеттердің даму деңгейін көрсетті.
-
0 – 1 қателік: жоғарғы деңгей;
-
2 – 5 қателік: орташа деңгей;
-
>5 қателік: төмен деңгей.
Математикалық қабілеттердің дамуы келесідей нәтиже шығарды (1
сурет).

1 сурет. Математикалық қабілеттердің дамуы
Көріп отырғанымыздай, математикалық қабілеттердің дамуы математиканы оқыту процесінде зейін қойылмаған, сондықтан оқушылар негізгі меңгерудың тек қана орташа деңгейін көрсеткенін реттеуші тәжірибенің нәтижесі дәледеп отыр. 8 «В» сыныбымен өткізілген қалыптастырушы тәжірибе жұмысында басты назарды бірінші эксперементалды жұмыстың орындалуына аудыардық.
Оны іске асыру үшін біз техникалық құралдардың көмегімен сабақтар өткіздік.
Классикалық сабақта дамыта оқытуда оқытушылардың әрбір математика сабағында оқушылардың логикалық ойлауды дамыту үшін методика құрастырады. Ал біздің зерттеуде техникалық құралдарды қолдану арқылы дамыта оқыту методикасы колданылды. Оны педагогтың жұмыс практикасына қосу арқылы, интелектуалды операциялардың көмегімен абстрактілі – логикалық ойлаудың дамуын көре аламыз.
Жоғарыда көрсетілгендерден қорытындылассақ, мынадай педагогикалық шарттар орындалады: оқушылардың логикалық операцияларды меңгеруге деген қызығушылығы, математикалық ойлауды жекелей – жобалап меңгеру, сабақта көптеген есептерді шығара алу.
Математикалық ойлау және пәнге деген қызығушылық арту үшін мынадай талаптар орындалуы керек:
-
1) тапсырманың жүйесі математикалық білу және дағдымен қатар, оқушылардың математикалық ойлауына әсер етуі тиіс
-
2) жүйеде зерттеу мақсатын орындау үшін талдау, абстрактілеу, теңестіру, синтез және классификация осылардың барлығы қамтылған тапсырмалар берілу керек.
-
3) тапсырмалар жүйесінде оқушылардың жасы және психологиялық ерекшеліктері ескерілуі тиіс.
-
4) тапсырмалар жүйесінде әр түрлі оқу тапсырмалары көрсетілді, олардан оқушылар сәйкестендіруді, бақылауды үйренеді, және өзгерістерді ескеріп, бұл өзгерістердің себебін анықтайды және осылардың барлығын ескеріп қорытынды жасайды.
Қалыптастырушы тәжірибе кезінде оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру процесі бағаланды. Сабақтың соңында оқушылар өзіндік жұмыстар орындады (10-15 минуттық). Тапсырмалар өтілген тақырыптардан алынды. Оқушыларға нәтижелер түсінікті болу үшін бес балдық шкала бойынша жұмыстар бағаланды.
Қалыптастырушы эксперименттің аяқталуына байланысты педагогикалық шарттардың орындалу тиімділігін бағалау үшін бақылау экспериментті жүргізілді. Бұл кезеңдеде тестілеу жүргізілді. Бірінші диагностикамен салыстыру үшін осы методикамен жасалған 2 суретке қараңыз.

-
2 сурет. Математикалық қабілеттердің дамуы
Тәжірибе кезендерінде оқушылар бағдарламадағы материалды меңгерді. Алдында болған нәтежиелерге қарасақ осы тежірибелік зерттеуде логикалық ойлауға біршама жоғарғы деңгейге жылжыды. Кестеде логикалық ойлаудың дамуының өзгеруі пайыздық көрсеткіштермен берілген (1 Кесте).
1 Кесте. Зерттеу нәтижесі
8 «А» |
8 «В» |
|
Жоғарғы деңгей |
27% ↑ |
33% ↑ |
Орташа деңгей |
38 % ↑ |
42% ↑ |
Төмеңгі деңгей |
35% ↑ |
25% ↓ |
Берілген ақпараттар эксперименттік жұмыстың сәтті өткендігін көрсетіп отыр. Техникалық құралдарды қолдану арқылы математиканы оқыту математикаға деген қызығушылығты арттырып, математиканы оқуға деген құлшынысын оятады. Оқытуда нақты нәтижелерге жеткенше, жаңа технологияларды қолдануды тоқтатпау керек.
Әдебиеттер:
-
1. Метельский Н.В «Пути совершенствования обучения математики» Минск.1989 – 155 б.
-
2. Бабанский Ю.К. О книге М.И. Махмудтова « Проблемное обучение» //Сов. Педагогика 1976 ж. - 254 б.
-
3. Далингер В.А. Некоторые аспекты формирования познавательного интереса в процессе обучения математике. //Воспитание учащихся при обучении математике: Оқытушыларға арналған кітап: Из опыта работы. /Сост. Пичурин Л.Ф. -М.: Просвещение, 1987. -149-154 б.
Список литературы Математиканы оытуды жетілдіру жолдары
- Метельский Н.В «Пути совершенствования обучения математики» Минск.1989 - 155 б.
- Бабанский Ю.К. О книге М.И. Махмудтова « Проблемное обучение» //Сов. Педагогика 1976 ж. - 254 б.
- Далингер В.А. Некоторые аспекты формирования познавательного интереса в процессе обучения математике. //Воспитание учащихся при обучении математике: Оқытушыларға арналған кiтап: Из опыта работы. /Сост. Пичурин Л.Ф. -М.: Просвещение, 1987. -149-154 б.