«Сары ірімшік» өндірісіндегі микробиологиялық процестерді зерттеу
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности
Статья в выпуске: 2 (152), 2026 года.
Бесплатный доступ
Соңғы жылдары Қазақстан аумағында табиғи және диеталық өнімдерге сұраныс артуда. Осы тұрғыдан ешкі сүті ерекше маңызға ие, себебі ол жоғары сіңімділігімен және гипоаллергендік қасиеттерімен ерекшеленеді. Ешкі сүтінен алынатын сары ірімшік – тағамдық құндылығы жоғары өнім. Алайда оның сапасы мен қауіпсіздігі өндіріс барысында жүретін микробиологиялық процестерге тікелей байланысты. Зерттеу мақсаты – ешкі сүтінен өндірілген сары ірімшіктің микробиологиялық көрсеткіштерін анықтау және олардың технологиялық кезеңдерге байланысты өзгеруін зерттеу. Бұл зерттеу жұмысында ешкі сүтінен өндірілген сары ірімшіктің микробиологиялық көрсеткіштері зерттелді. Өндірістің әртүрлі кезеңдерінде микроорганизмдер санының өзгеруі талданды. Зерттеу нәтижелері бойынша ұйыту кезеңінде сүтқышқылды бактериялардың белсенді өсуі байқалып, қайнату кезеңінде микрофлораның айтарлықтай азаятындығы анықталды. Дайын өнімнің микробиологиялық көрсеткіштері санитарлық талаптарға сәйкес келетіні дәлелденді.
Похожие статьи в разделе Управление предприятиями, организация производства, торговли и транспорта
Короткий адрес: https://sciup.org/140315566
IDS: 140315566 | УДК: 65.63.39 | DOI: 10.48184/2304-568X-2026-2-95-101