Масары тымыны физика-механикалы асиеттеріні ерекшеліктері
Автор: Еркебаев М.Ж., Кадирбаев М.К., Матеев Е.З., Изимбетова Н.О.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Техника и технологии
Статья в выпуске: 2 (98), 2013 года.
Бесплатный доступ
Осы мақала мақсары тұқымының физика-механикалық қасиеттерін зерттеуге арналған. Негізінен мақсарыны азыққа пайдаланылатын май (дәмі жағынан шемішке майына ұқсас) жасалатын тұқым алу үшін өсіреді және техникалық мақсаттарда пайдаланады.
Короткий адрес: https://sciup.org/140204993
IDR: 140204993
Текст научной статьи Масары тымыны физика-механикалы асиеттеріні ерекшеліктері
Соңғы жылдары Қазақстан Респуб-ликасында тұқымынан өсімдік майын алу мақсатында мақсары дақылын өсіре бастады. Әдебиет көздерінде осы дақылдың физика-механикалық және технологиялық қасиет-терін зерттейтін және айқындайтын ақпарат-тар жоқ дерлік, ол мақсары майын өңдеудің технологиясын жасау үшін де, осы мақсатта жабдықты жобалау үшін де бастапқы мәліметтер болуы тиіс.
Бастапқыда мақсарыны бояу жасауға арналған өсімдік ретінде өсірген, тек кейіннен ғана оны майлы өсімдік ретінде пайдалана бастады. Қазіргі таңда мақсарыны негізінен азыққа пайдаланылатын май (дәмі жағынан шемішке майына ұқсас) жасалатын тұқым алу үшін өсіреді, сондай-ақ техникалық мақсат-тарда пайдаланады.
Мақсарының тұқымында (сурет 1) 60%-ға дейін кеппелі майлар болады. Дәндерден оны біршама аз мөлшерде (15-37%) алуға болады [1].
Біз мақсары тұқымының қасиеттерін зерттедік, тұқымды тазалау сызбасын таңдап алдық, шағын кәсіпорын жағдайында рафи-надталмаған мақсары майын алуға арналған технологиялар мен жабдықтарды қарас-тырдық.



Сурет 1 – Мақсарының тұқымдары
"Құнар" шаруа қожалығында ком-байнның астынан алынған үйіндінің құрамын талдау әртүрлі диаметрлі саңылаулары бар зертханалық електерде жүргізілді. 1-кестеде үйіндіні елеу нәтижесінде алынған мәліметтер келтірілген.
Бұдан әрі бұл үйіндіден үлгіні қолмен іріктеу арқылы арамшөптердің тұқымдары анықталды. Жеңіл қоспалары жоқ үйіндіде: 90% – мақсары; 2% –ірі шөп-шалам; 4% – арпабастың тұқымы және 1% – шырмауықтың тұқымы болды.
Кесте 1 - Мақсары үйіндісінің фракция бойынша құрамы
Фракция |
Мөлшері, % |
> 3 мм |
69,7 |
3 > 2,5 мм |
2,3 |
2,5 > 2,0 мм |
2,2 |
2,0 > 1,5 мм |
6,7 |
1,5мм |
19,1 |
∑ |
100 % |
Мақсары тұқымдары үшін таралудың вариациялық қисықтары флора (сурет 2, 3) оның ұзындығы мен енін тікелей өлшеудің
(200 өлшеу бойынша) негізінде құрылған, ал арамшөптердің тұқымдары үшін (арпабас және шырмауық) орташа көлемнің М және орташа ортаквадраттық ауытқудың масштбына жатқызылған теориялық қалыпты
қисықты алып, қалыпты интегралдың мәні бойынша құрылған [2].

Сурет 2 – Мақсары тұқымдарының және оның қоспаларының ұзындығы бойынша таралуының вариациялық қисықтары

Сурет 3 – Мақсары тұқымдарының және оның қоспаларының ені бойынша таралуының вариациялық қисықтары
Табиғи еңістік бұрышын жалпыға белгілі әдістеме бойынша анықтадық [3]. 10 өлшем жасадық. Табиғи еңістік бұрышының орташа мәнін анықтап алдық, ол φ =42° болды.
1000 дәннің салмағын анықтау үшін 1000 тұқымнан тұратын 10 үлгі жасап алдық. Мақсарының 1000 дәнінің салмағы 25,3 граммды құрады.
Заттай салмағын зертханалық бір литрлік ПХ-1 буркасын пайдалана отырып анықтадық. Жүргізілген өлшем нәтижелері мақсары тұқымының заттай салмағы 567 г/лды құрайтындығын көрсетті.
Үйкелу коэффициентін анықтау арнайы құралдың көмегімен жүзеге асырылды (сурет 4), ол жылжымайтын 1 және жылжымалы 2 платформадан тұрады, жылжымалы платфор-маны көтеру және түсіру винтті механизм 3 арқылы жасалады. Құралдың шкаласы 4 және жылжымалы платформаның еңістік бұрышын көрсететін тілі (стрелка) 6 бар.
Платформаны көтеру және түсіру винтті механизмнің 3 тұтқасының көмегі арқылы қолмен жүзеге асырылды.

Сурет 4 – Дәннің бетке үйкелу коэффициентін анықтауға арналған құралдың сызбасы
1 - құралдың платформасы; 2 – жылжымалы жазықтық; 3 - винтті механизм; 4 - шкала;
5 – ауыспалы бет; 6 – көтеру бұрышының тілі;
-
7 – дән үлгісі
Жұмыс келесідей әдіспен жүзеге асырылады: жылжымалы платформа горизонтальды күйде орнатылып, оған сыналатын бет (болат, әйнек, ағаш) қойылады да, оның бетіне дәндер салынады.
Винтті механизмнің көмегімен жылжы-малы платформа оның шарнирінің айна-ласында сыналатын бет бойынша дәндер сырғи бастағанға дейін баяу көтеріледі және сол сәтте еңістіктің α бұрышы шкала бойынша тіркеп алынады. Бұдан әрі келесі формула бойынша f = tgα дәннің әртүрлі беттерге үйкелу коэффициенті f анықталады.
Кестеде 1 зерттеу жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер келтірілген.
Кесте 1 – Мақсары дәнінің әртүрлі беттерге үйкелу коэффициенттері
Беттер |
Көрсеткіштер |
|
α бұрышының мәні, град |
Үйкелу коэффициенті f |
|
Ағаш (бойлай) |
13 |
0,23 |
Ағаш (көлденең) |
20 |
0,36 |
Әйнек |
15 |
0,26 |
Темір |
18 |
0,32 |
Мырышталған болат |
14 |
0,24 |
Қорытынды
-
1. Мақсары үйіндісінің құрамына талдау жүргізілді, мақсарыға ілеспелі арам-шөптердің негізгі түрлері, сондай-ақ олардың сандық мөлшері анықталды.
-
2. Мақсары мен арамшөптердің дән-дерінің геометриялық параметрлері анық-талды және олардың таралуының вариа-циялық қисықтары жасалды.
-
3. 1000 дана дәннің салмағы және заттай салмағы, табиғи еңістік бұрышы анықталды.
-
4. Мақсары дәнінің әртүрлі беттерге үйкелу коэффициенттері анықталды.
Осылайша, зерттелетін дақылдардың физика-механикалық қасиеттеріндегі ерек-шеліктер, өңдеуге дайындау кезінде оларды бөлудің тиімділігін анықтау үшін негізгі фактор бола алады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1 Имантаев З.З., Матеев Е.З., Усманов А.А. Сафлор – ценная масличная культура // Вестник с/х-ой науки Казахстана.- №10.- 2011.- С. 28-30.
-
2 Арет В.А. Николаев Б.Л., Николаев Л.К. Физико-механические свойства сырья и готовой продукции.– СПб.: ГИОРД, 2009. – 448 с.: ил.
-
3 Казаков Е. Д. Методы оценки качества зерна. - М.: Агропромиздат, 1987. - 174 с.
-
4 Антипов С.Т., Соболев С.Н., Крамарев Д.Ю. Современное состояние техники и технологии выделения масла из семян низкомасличных культур // Пищевая инженерия.-Вып. 1., Воронеж. гос. технол. акад., Воронеж.-2007.-С. 18-19.
-
5 Турбин Б.Г., Лурье А.Б и др. Сельскохозяйственные машины. Теория и технологический расчет.- Л.:. “Машиностроение”, 1967.-270 с.
Список литературы Масары тымыны физика-механикалы асиеттеріні ерекшеліктері
- Имантаев З.З., Матеев Е.З., Усманов А.А. Сафлор -ценная масличная культура//Вестник с/х-ой науки Казахстана.-№10.-2011.-С. 28-30.
- Арет В.А. Николаев Б.Л., Николаев Л.К. Физико-механические свойства сырья и готовой продукции.-СПб.: ГИОРД, 2009. -448 с.: ил.
- Казаков Е. Д. Методы оценки качества зерна. -М.: Агропромиздат, 1987. -174 с.
- Антипов С.Т., Соболев С.Н., Крамарев Д.Ю. Современное состояние техники и технологии выделения масла из семян низкомасличных культур//Пищевая инженерия.-Вып. 1., Воронеж. гос. технол. акад., Воронеж.-2007.-С. 18-19.
- Турбин Б.Г., Лурье А.Б и др. Сельскохозяйственные машины. Теория и технологический расчет.-Л.:. “Машиностроение”, 1967.-270 с.