Ретинолды, холекальциферолды жне DL- -токоферолды жемдегі алпына байланысты метрологиялы зерттеулер нтижесінде тауыты жмыртасыны сапасын арттыру
Автор: Свамбаев А., Валиева М., Курманбаева И., Ибраимова С.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Естественные науки
Статья в выпуске: 2 (98), 2013 года.
Бесплатный доступ
Бұл мақалада тауықтың жұмыртқасының құндылығын арттыру үшін жан-жақты зерттеулерге сүйене отырып жұмыс өткізілгені туралы баяндалынады. Жұмысты 420 күндік жұмыртқалайтын тауықтарға жүргізіліп, тауықтың рационындағы ретинолдың, холекальциферол және dl-α-токоферол, витаминдерінің құрама жемдегі стандартық деңгейін реттеу арқылы тауықтан алатын өнімдердің соның ішінде жұмыртқаның сапасын арттыру жұмыстарын метрологиялық зерттеулермен растап квалиметриалық аспатарды қолданудың нәтижесінде дәлелдедік
Холекальциферол dl- α-токоферол
Короткий адрес: https://sciup.org/140205113
IDR: 140205113
Текст научной статьи Ретинолды, холекальциферолды жне DL- -токоферолды жемдегі алпына байланысты метрологиялы зерттеулер нтижесінде тауыты жмыртасыны сапасын арттыру
Кіріспе
Жалпы витамин – адам мен жануар-лардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін өте қажетті биологиялық белсенді органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік)
туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытын-дылап, ғылымға витамин терминін енгізді.
Диаграмма 1
Тауыктын жумырткасынын сапа керсетюштершщ параметрлерш зерттеуге арналган курама жемдеп витамипдердщ мелшер!

Витаминдердің көпшілігі ферменттер-дің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады [1-5]. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағам-ның, ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, организм әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витамин А, Д және Е шамадан тыс көп қабылдау дененің улануына (гипервитаминоз) соқтырады [1-7]. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді болжаммен суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.
А витамині (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды.
А витамині бауырда, сүтте, жұмырт-қаның сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта провитамин А каротин кездеседі. А витаминінің адам ағзасына қажет тәуліктік мөлшері шамамен 2,5-10,5 мг.

Зерттеу әдістері
Біздің жұмысымыздың басты мақсаты ол тауықтың рационындағы ретинолдың, холе-кальциферол және dl-α-токоферол, витамин-дерінің құрама жемдегі стандартық деңгейін реттеу арқылы тауықтан алатын өнімдердің соның ішінде жұмыртқаның сапасын артыру жұмыстарын метрологиялық зерттеулермен растап квалиметриалық аспаптарды қолдану-дың нәтижесінде дәлелдеп, жемдегі қалпына байланысты метрологиялық зерттеулер нәтиже-сінде тауықтың жұмыртқасының сапасын арттыру болды.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін жұ-мыртқалайтын тауықтарға тәжірибе жасадық.
Тәжірибені стандартқа сай жағдай-ларды ескеріп қатаң қадағалау арқасында тауық фабрикасында өткіздік.
Тауықтың рационындағы ретинолдың, холекальциферол және dl-α-токоферол, вита-миндерінің құрама жемдегі стандартық дең-гейін реттеп және тәжірибені жүргізу үлгісін 1-диаграмада келтіріп отырмыз.
Тәжірибені 1-диаграммада көрсетіл-гендей алты топтан тұратын “Hi-Lain” (Нидерланды) тауық тұқымына ЖШС FTB “Company” жүргіздік.
Тәжірибені тауықтарға малдәрігерлік – зоотехникалық талап ережеге сай қатаң тәртіппен жүргіздік.
Ретинолдың, холекальциферол және dl-α-токоферол, витаминдерін құрама жемге 1-диаграммада көрсетілгендей ретпенен қостық.
Бақылау тобындағы тауықтарға айтылған витаминдер қосылмады.
Тәжірибедегі тауықтар еркін құрама жемді жеп су ішті.
Тауықтарды жемдеу үшін ПК 1 – 13 рецебімен дайындаған құрама жем қолданыл-ды (Свамбаев А., 1980).
Тәжірибе кезінде төмендегідей көрсеткіштер есепке алынды:
-
- Тауықтардың жалпы күйі, жағдайы;
-
- Тауықтардың шығын (өлуі) болуы, ауыруы т.б.жағдайлар;
-
- Жұмыртқа табу қабілеті;
-
- Жұмыртқаның биохимиялық, стандар-тық (квалиметриалық) көрсеткіштері;
-
- Жұмыртқадан шайқалып алынған балапандардың физиологиялық, клиникалық, биохимиялық, стандартық (квалиметриалық) көрсеткіштері;
-
- Жемдеуге пайдаланылған құрама жемнің шығыны;
Ғылыми зерттеу жұмыстарын дәстүрлі ғылыми практикалық квалиметриадағы сан-дық және сапалық көрсеткіштерді тіркеп есепке алу тәсілдерімен дәстүрлі метрология-лық аспаптарды қолдану арқылы жүргіздік.

Зерттеу нәтижелері және оларды талдау.
Тәжірибедегі зерттеу нәтижелерінің кейбір деректерін 2 және 3 диаграммада кел-тіріп отырмыз. Осы 2 - диаграммада көрсетіл-гендей жалпы витаминдер қосылған құрама жемді жеген тауықтардың жұмыртқасының салмағы бақылау тобындағы жұмыртқаның массасынан 31- пайызға жоғары болды, ауасы бар камераның биіктік көрсеткші 28-% бақылау тобындағы тауықтан алынған жұ-мыртқанікінен төмен болды. Бақылау тобын-дағы тауықтардан алынған жұмыртқаларында ұрықтану болмады керісінше тәжірибе топтарында 96-пайыз ұрықтану болып, 91,7% балапандар шайқаған жұмыртқадан шықты. Инкубацияға алынған жұмыртқаның тығыз-дық корсеткіші тәжрибе тобындағыларда 85% жоғары болды бақылау тобына қарағанда.
Тәжірибедегі тауықтың жұмыртқа-сының сапа көрсеткіштерінің параметрлерін зерттеуге арналған құрама жемді қолданған кездегі өнімнің биохимиялық көрсеткіштерін 3-диаграммада келтіріп отырмыз. Келтірілген 3-диаграммадағыдай тәжірибедегі тауықтар-дың жұмыртқаларының сарысындағы каратинойдтар бақылау тобына қарағанда 72-пайызға жоғары болды, витамин А – 276% жоғары болды. Диаграммада келтірілген басқада биохимиялық көрсеткіштер тәжірибе топтарында жоғары болып статистикалық айырмашылық нақтылы шындық дәлдік кри-териіне дәлме –дәл болды.
Ретинолдың, холекальциферолдың және dL-α-токоферолдың жемдегі қалпына байла-нысты метрологиялық зерттеулер нәтижесінде тауықтың жұмыртқасының сапасын арттыру жұмысын жүргізе келіп төмендегідей қоры-тынды жасаймыз:
Қорытынды
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Свамбаев А. Фармакологическая оценка эффективности различных форм витаминов А и Д в животноводстве. Дисс. докт. биол. наук, Воронеж, 1996. - 330 с.
-
2. Свамбаев А. Основы токсикологии. Учебник для Вузов. Алматы, Издательство КазНТУ им К.И. Сатпаева. 2004. - 230 с.
-
3. Свамбаев Е.А., Свамбаев Ж.А., Султанбеков Г.А., Свамбаев А. Радиационно-токсикологическая опасность активного ила, полученного из отходов нефти микробиологическим синтезом. /Материалы III Международной конференции «Радиоактивность и радиоактивные элементы в среде обитания человека», Томск, 23 – 27 июня 2009. – С. 516-518.
-
4. Тусупбекова С.Т., Свамбаев Е.А., Свам-баев Ж.А., Султанбеков Г.А., Свамбаев А. Влияние токсической дозы урана на содержание ретинола в печени. /Материалы III Международной конференции «Радиоактивность и радиоактивные элементы в среде обитания человека» Томск, 23 – 27 июня 2009. - С. - 518-519.
-
5. Свамбаев Е.А., Свамбаев Ж.А., Султан-
беков Г.А., Свамбаев А. и др. Промышленный токсикологический менеджмент при переработке продуктивных растворов урана. /Материалы 1-го Международного Съезда Российских ветеринарных фармакологов и токсикологов «Эффективные и безопасные лекарственные средства в ветеринарии» МСХ РФ ФГЩУ ВПО «Санкт-Петербургская Государственная Академия ветеринарной медицины», Санкт-Петербург, 19-22 мая 2009 г. – С. 127131.
-
6. Шитый А.Г., Свамбаев Ж. А., Тусуп-бекова С.Т., Свамбаев Е. А., Султанбеков Г.А., Кауашев С.К., Свамбаев А.С. Ветеринарнотоксикологическая оценка цеолита Шанканай-ского месторождения. /Материалы Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы и перспективы развития агропромышленного комплекса», 3-4 марта 2009г., Иваново. – С. 125-131.
-
7. Искакова А.А. Свамбаев А.С. Влияние уровня витамина А на качество молока у коров. //Журн. “Ізденіс - Поиск" Серия естественных и технических наук. - 2012. -№4 (12). –С. 23-25.
Список литературы Ретинолды, холекальциферолды жне DL- -токоферолды жемдегі алпына байланысты метрологиялы зерттеулер нтижесінде тауыты жмыртасыны сапасын арттыру
- Свамбаев А. Фармакологическая оценка эффективности различных форм витаминов А и Д в животноводстве. Дисс. докт. биол. наук, Воронеж, 1996. -330 с.
- Свамбаев А. Основы токсикологии. Учебник для Вузов. Алматы, Издательство КазНТУ им К.И. Сатпаева. 2004. -230 с.
- Свамбаев Е.А., Свамбаев Ж.А., Султанбеков Г.А., Свамбаев А. Радиационно-токсикологическая опасность активного ила, полученного из отходов нефти микробиологическим синтезом./Материалы III Международной конференции «Радиоактивность и радиоактивные элементы в среде обитания человека», Томск, 23 -27 июня 2009. -С. 516-518.
- Тусупбекова С.Т., Свамбаев Е.А., Свамбаев Ж.А., Султанбеков Г.А., Свамбаев А. Влияние токсической дозы урана на содержание ретинола в печени./Материалы III Международной конференции «Радиоактивность и радио-активные элементы в среде обитания человека» Томск, 23 -27 июня 2009. -С. -518-519.
- Свамбаев Е.А., Свамбаев Ж.А., Султанбеков Г.А., Свамбаев А. и др. Промышленный токсикологический менеджмент при переработке продуктивных растворов урана./Материалы 1-го Международного Съезда Российских ветеринарных фармакологов и токсикологов «Эффективные и безопасные лекарственные средства в ветеринарии» МСХ РФ ФГЩУ ВПО «Санкт-Петербургская Государственная Академия ветеринарной медицины», Санкт-Петербург, 19-22 мая 2009 г. -С. 127-131.
- Шитый А.Г., Свамбаев Ж. А., Тусупбекова С.Т., Свамбаев Е. А., Султанбеков Г.А., Кауашев С.К., Свамбаев А.С. Ветеринарно-токсикологическая оценка цеолита Шанканайского месторождения./Материалы Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы и перспективы развития агропромышленного комплекса», 3-4 марта 2009г., Иваново. -С. 125-131.
- Искакова А.А. Свамбаев А.С. Влияние уровня витамина А на качество молока у коров.//Журн. “Iзденiс -Поиск" Серия естественных и технических наук. -2012. -№4 (12). -С. 23-25.