Өсімдік тектес көпкомпонентті қоспаларды қолдана отырып, граноланың сапасын зерттеу
Автор: Молдақұлова З.Н., Ахлан Т.Б., Абдреева А.С., Құрметзхан Ә.Қ., Изембаева А.К.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности
Статья в выпуске: 2 (152), 2026 года.
Бесплатный доступ
Өсімдік тектес көпкомпонентті қоспаларды қолдану арқылы дайындалған граноланың сапасына салыстырмалы зерттеу жүргізілді (№1 және №2 үлгілер негізінде). №2 гранола үлгісі ақуыз мөлшерінің жоғары болуымен сипатталады (13,69% — №1-дегі 13,03%-ға қарсы), май (15,44% — 15,60%-ға қарсы), көмірсулар (47,84% — 44,43%-ға қарсы) және тағамдық талшықтар (8,31% — 7,42%-ға қарсы) мөлшерінің артуымен ерекшеленеді, бұл оның дәнді-өсімдік композициясы ретінде функционалдық бағыттылығын күшейтеді. Витаминдік профиль №2 үлгіде А витамині мөлшерінің (0,61 мг/100 г) №1 үлгімен (0,51 мг/100 г) салыстырғанда статистикалық тұрғыдан сенімді жоғарылағанын көрсетті, ал Е витамині мөлшері төмендеген (тиісінше 5,32 және 6,71 мг/100 г), сондай-ақ В тобы витаминдерінің арту үрдісі байқалды. №2 үлгісіндегі полифенолдар мен флавоноидтардың жалпы мөлшері тиісінше 0,91% және 0,47% болып, №1 үлгіге (0,63% және 0,41%) қарағанда жоғары екені анықталды, бұл оның антиоксиданттық әлеуетінің айқынырақ екенін көрсетеді. Минералдық талдау екі үлгіде де магний мен фосфордың жоғары деңгейін анықтады, сонымен қатар №2 үлгіде темір мөлшерінің жоғары болуы оны қан түзу және оттегін тасымалдау үдерістеріне қатысатын микроэлементтердің көзі ретінде құндылығын арттырады. Токсикологиялық бақылау өнімнің қауіпсіздігін растады: пестицидтер анықталған жоқ, кадмий, мышьяк және сынап табылмады, қорғасын мөлшері ≤ 0,0028 мг/кг, бұл нормативтік шектерден едәуір төмен. Зерттеу нәтижелері өсімдік тектес көпкомпонентті қоспаларды қолдану граноланың тағамдық және функционалдық құндылығын тағамдық талшықтар, витаминдер және биологиялық белсенді қосылыстар мөлшерін арттыру арқылы жақсартуға мүмкіндік беретінін, сонымен қатар өнімнің қауіпсіздігі мен жоғары органолептикалық көрсеткіштерінің сақталатынын дәлелдейді.
Гранола, өсімдік қоспалары, тағамдық талшықтар, витаминдер, минералдар, полифенолдар, флавоноидтар, антиоксиданттар, тағам қауіпсіздігі
Короткий адрес: https://sciup.org/140315568
IDR: 140315568 | УДК: 664.664.18(045) | DOI: 10.48184/2304-568X-2026-2-110-117
Исследование качества батончиков гранола с применением растительных многокомпонентных смесей
Проведено сравнительное исследование гранолы, изготовленной с применением растительных многокомпонентных смесей, на примере двух образцов (№1 и №2). Гранола №2 характеризуется повышенным содержанием белка (13,69% против 13,03% у №1), жира (15,44% против 15,60%), углеводов (47,84% против 44,43%) и пищевых волокон (8,31% против 7,42%), что усиливает её функциональную направленность как продукт зерново-растительной композиции. Витаминный профиль показал статистически значимое увеличение содержания витамина A в образце №2 (0,61 мг/100 г) по сравнению с №1 (0,51 мг/100 г), снижение витамина E (5,32 и 6,71 мг/100 г соответственно) и тенденцию к повышению витаминов группы B. Суммарное содержание полифенолов и флавоноидов в №2 достигло 0,91% и 0,47%, что выше, чем у №1 (0,63% и 0,41%), указывая на более выраженный антиоксидантный потенциал. Минеральный анализ выявил высокий уровень магния и фосфора в обоих образцах, при этом содержание железа в №2 было выше, что повышает его ценность как источника микроэлементов, участвующих в кроветворении и транспортировке кислорода. Токсикологический контроль подтвердил безопасность продукции: пестициды не выявлены, кадмий, мышьяк и ртуть отсутствуют, свинец ≤ 0,0028 мг/кг, значительно ниже нормативных пределов. Результаты исследования демонстрируют, что использование растительных многокомпонентных смесей позволяет улучшать пищевую и функциональную ценность гранолы за счёт повышения содержания пищевых волокон, витаминов и биологически активных соединений при сохранении безопасности и высоких органолептических характеристик.
Quality assessment of granola using plant-based multicomponent blends
A comparative study of granola produced using plant-based multicomponent mixtures was conducted based on two samples (No. 1 and No. 2). Granola sample No. 2 was characterized by a higher content of protein (13.69% vs. 13.03% in No. 1), fat (15.44% vs. 15.60%), carbohydrates (47.84% vs. 44.43%), and dietary fiber (8.31% vs. 7.42%), which enhances its functional orientation as a grain–plant composite product. The vitamin profile demonstrated a statistically significant increase in vitamin A content in sample No. 2 (0.61 mg/100 g) compared to No. 1 (0.51 mg/100 g), a decrease in vitamin E (5.32 and 6.71 mg/100 g, respectively), and a tendency toward increased levels of B-group vitamins. The total content of polyphenols and flavonoids in sample No. 2 reached 0.91% and 0.47%, respectively, exceeding those of sample No. 1 (0.63% and 0.41%), indicating a more pronounced antioxidant potential. Mineral analysis revealed high levels of magnesium and phosphorus in both samples, while the iron content in sample No. 2 was higher, increasing its value as a source of trace elements involved in hematopoiesis and oxygen transport. Toxicological assessment confirmed product safety: pesticides were not detected; cadmium, arsenic, and mercury were absent; and lead content (≤ 0.0028 mg/kg) was significantly below regulatory limits. The study results demonstrate that the use of plant-based multicomponent mixtures improves the nutritional and functional value of granola by increasing the content of dietary fiber, vitamins, and biologically active compounds while maintaining product safety and high organoleptic characteristics.
Текст научной статьи Өсімдік тектес көпкомпонентті қоспаларды қолдана отырып, граноланың сапасын зерттеу
ӘОЖ 664.664.18(045)
Кіріспе
Соңғы жылдары жоғары энергетикалық және тағамдық құндылығы бар, тұтынуға ыңғайлы жылдам тіскебасар өнімдерге сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Тұтынушылардың тағам өнімдерінің сапасына деген қызығу-шылығы күшейіп, олардың құрамына мән беру үрдісі байқалуда. Қазіргі өмір ырғағына байланысты дайындалуына көп уақыт талап етпейтін, салауатты өмір салтына сәйкес келетін, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянсыз өндірілетін әрі барынша пайдалы өнімдерге басымдық берілуде [1].
Осы сегментте құрғақ таңғы ас өнімдері – гранола ерекше орын алады. Бұл олардың рецептураларының алуан түрлілігімен, ұзақ сақтау мерзімімен және құрамын тұқымдар, dietary fiber, vitamins, minerals, polyphenols, жаңғақтар, жеміс-жидек шикізаты мен өсімдік экстрактылары сияқты өсімдік тектес ингре-диенттермен мақсатты түрде байыту мүмкін-дігімен түсіндіріледі. Осыған байланысты биологиялық құндылығы жоғары және тұтыну-шылық қасиеттері жақсартылған гранола рецептураларын әзірлеу тағам өнеркәсібі сала-сындағы перспективалы ғылыми бағыттардың бірі болып табылады.
Заманауи зерттеулер көпкомпонентті өсімдік қоспаларын енгізу дәнді өнімдер тағамдық құрамын және антиоксиданттық әлеуетін жақсартатынын растайды. Мысалы, амарант, сұлы және банан қабығы ұнтағы негізіндегі композициялар ақуыз, β-глюкан және тағамдық талшықтар мөлшерін арттырып, органолептикалық көрсеткіштерін сақтайды
[2]. Сонымен қатар, алдын ала өңделген дәнді компоненттерді қолдана отырып, кейіннен жеміс-жидек пен жаңғақ ингредиенттерін (мысалы, құрма пастасы, грек жаңғағы) қосу технологиялық тұрғыдан тиімді тәсіл болып табылады. Бұл әдіс өнімнің антиоксиданттық көрсеткіштерін арттырып, қажетті текстуралық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді [3].
Жидектен алынған экстрактылары мен өсімдік тектес жанама шиізаттарды қолдану ерекше қызығушылық тудырады. Зерттеулер көрсеткендей, гранола құрамына мүкжидек экстрактын қосу фенолды қосылыстардың болуына байланысты оның сенсорлық тартым-дылығын арттырып, функционалдық қасиет-терін жақсартады. Сонымен қатар, ғылыми дереккөздерде дәстүрлі ингредиенттерді іші-нара өсімдік компоненттерімен, соның ішінде оларды қайта өңдеудің жанама өнімдерімен алмастыру арқылы өнімдердің антиоксидант-тық белсенділігін күшейту және тағамдық құн-дылығын арттыру жолдары қарастырылған [4].
Дәнді-жаңғақ тобына жататын өнімдер үшін тек нутриенттік құндылығы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік көрсеткіштерін (улы элементтер, пестицидтер) растау да аса маңыз-ды, өйткені өсімдік шикізаты қоршаған ортадан контаминанттарды жинақтауы мүмкін. Осыған байланысты гранола рецептураларын әзірлеу тағамдық құндылығын, биологиялық белсенді заттардың мөлшерін және қауіпсіздік көрсет-кіштерін кешенді бағалаумен қатар жүргізілуі тиіс [5].
Зерттеудің мақсаты – өсімдік тектес көпкомпонентті қоспаларды қолдану арқылы дайындалған граноланың (№1 және №2 үлгілер) тағамдық құндылығын, витаминді-минералдық құрамын, биологиялық белсенді заттар мөлшерін және қауіпсіздік көрсет-кіштерін салыстырмалы түрде бағалау.
Зерттеу материалдары мен әдістері
Зерттеу нысаны ретінде граноланың тәжірибелік үлгілері №1 және №2 алынды. Өнімді алу үрдісі граноланы дайындаудан тұрды, оған дәндер, жаңғақтар, тұқымдар және кептірілген жемістерді тазалау, турау және сұрыптау жұмыстары кірді, бұл біркелкі термиялық өңдеуді қамтамасыз ету үшін қажет болды. Қоспаның негізін сұлы, жүгері, күріш және қарақұмық жармалары құрады, оған жаңғақтар (бадам, грек жаңғағы, кешью), асқабақ тұқымдары, кептірілген жемістер
(мейіз, кептірілген өрік, кептірілген алма, мүкжидек, асқабақ), сондай-ақ май, мүкжидек концентраты, сірне және сорбит қосылады. Қыздыру 170–180 °С температурада 12–18 минут, арасында араластыру арқылы жүр-гізіледі, бұл өнімге қытырлақ текстура қалыптастыруға мүмкіндік береді. Салқын-дағаннан кейін өнім тұтынушылық қаптамаға оралады.
Зерттеу барысында келесі көрсеткіштер анықталды: ақуыз мөлшері – ГОСТ 10846-9, май массалық үлесі – ГОСТ 29033-91, көмір-сулар мөлшері – перманганатометриялық әдіс-пен, тағамдық талшықтар мөлшері – ГОСТ 31675-2012, күл массалық үлесі – ГОСТ 25555. 4-91, β-каротин мөлшері – ГОСТ Р 54058–2010, органикалық қышқылдардың массалық концен-трациясы – ГОСТ 32771-2014, А витамині мөлшері – ГОСТ Р 54635-2011, В тобы витаминдері мен С витамині мөлшері – ГОСТ 31483–2012, Е витамині мөлшері – ГОСТ Р 54634–2011, Ca, Fe, Mg мөлшері – ГОСТ 32343– 2013, фосфор мөлшері – ГОСТ 26657–97, полифенолдар мөлшері – ГОСТ Р 55488-2013, флавоноидтар мөлшері – ГОСТ Р 55312-2012.
Токсиндік элементтер саны (кадмий, қорғасын) – ГОСТ Р 51301-99, сынап мөлшері – ГОСТ 26927-86, мышьяк мөлшері – ГОСТ 26930-86, пестицидтер мөлшері – ГОСТ 234522015 анықталды.
Әр талдау кемінде үш қайталауда жүргізілді (n = 3). Бөліну нормалдығын Шапиро–Уилк критериімен бағалады, орта мәндер арасындағы айырмашылықтарды t-критерий Стюдент арқылы p < 0,05 деңгейінде есептеді. Корреляциялар Пирсон бойынша есептелді.
Нәтижелері және оларды талқылау
Зерттеу барысында өсімдік тектес көп-компонентті қоспаларды қолдану арқылы дайындалған граноланың (№1 және №2 үлгілері) химиялық құрамы, витаминдер мен минералдық элементтер мөлшері, биологиялық белсенді заттар және қауіпсіздік көрсеткіштері салыстырмалы түрде бағаланды. Барлық нәтижелер M ± SD (n = 3) ретінде көрсетілген. Үлгілер арасындағы айырмашылықтардың статистикалық маңыздығы тәуелсіз t-тест арқылы p < 0,05 деңгейінде бағаланды.
Тағамдық құндылықты талдау нәтиже-лері 1-кестеде берілген.
Кесте 1. Гранола таңғы асының химиялық құрамы (өнімнің 100 г-на)
|
Көрсеткіштің атауы |
Гранола №1 |
Гранола №2 |
|
Ақуыз, % |
13,03 ± 0,05 |
13,69 ± 0,08 |
|
Май, % |
15,60 ± 0,35 |
15,44 ± 0,09 |
|
Көмірсу, % |
44,43 ± 0,26 |
47,84 ± 1,12 |
|
Тағамдық талшық, % |
7,42 ± 0,34 |
8,31 ± 0,64 |
|
Күлділігі, % |
1,28 ± 0,05 |
1,48 ± 0,08 |
|
Энергетикалық құндылығы, ккал |
370,24 |
385,08 |
1-кестедегі көрініп тұрғандай, зерттелген екі үлгі де ақуызға бай (13,03–13,69%), бұл жаңғақтар мен тұқымдардың өсімдік ақуызы-ның көзі ретінде қосқан үлесін көрсетеді. Май мөлшері шамамен бір деңгейде (~15%) болып табылады. Көмірсулар негізгі компонент болып табылады, бұл дәнді компоненттер негізінде жасалған өнім болу есебінен жоғары мөлшерді көрсетеді [6,7]. №2 үлгісінде тағамдық тал-шықтар мөлшері жоғарырақ (8,31 ± 0,64% қарсы 7,42 ± 0,34%), бұл өнімнің функцио- налдық бағыттылығын, яғни рациондағы тағам-дық талшық үлесін арттыру тұрғысынан күшейтеді [8].
Гранола №1 және №2 үлгілеріндегі витаминдер мөлшерін анықтау нәтижелері 1-суретте көрсетілген (M ± SD, n = 3). Орта мәндер арасындағы айырмашылықтардың статистикалық маңыздығы t-критерий Стюдент арқылы p < 0,05 деңгейінде бағаланды. Вита-миндер мөлшері бойынша нәтижелер 1-суретте берілген.
Granola 2
к
Granola 1
-1
|
Vitamin A |
|
|
Vitamin E |
|
|
Vitamin C |
|
|
Vitamin B1 |
|
|
Vitamin B2 |
|
|
Vitamin B3 |
|
|
Vitamin B5 |
|
|
Vitamin B6 |
|
|
Vitamin Bc |
a,b
1 b
1---------■---------1---------■---------1---------■---------1---------■---------г
Chemical content (mg/100)
Сурет 1. Granola №1 және Granola №2 үлгілеріндегі витамин құрамының салыстырмалы сипаттамасы (M ± SD, n = 3)
Кесте 2. Granola №1 және Granola №2 үлгілеріндегі витаминдер мөлшерінің салыстырмалы көрсеткіші (M ± SD, n = 3)
|
Көрсеткіш |
Гранола №1 (M ± SD) |
Гранола №2 (M ± SD) |
t |
p |
|
A витамині, мг/100 г |
0,510 ± 0,002 |
0,610 ± 0,003 |
-48,038 |
<0,001 |
|
E витамині, мг/100 г |
6,710 ± 0,020 |
5,320 ± 0,040 |
53,834 |
<0,001 |
|
C витамині, мг/100 г |
0,540 ± 0,180 |
0,630 ± 0,210 |
-0,564 |
0,603 |
|
B₁ витамині, мг/100 г |
0,410 ± 0,080 |
0,470 ± 0,090 |
-0,863 |
0,437 |
|
B₂ витамині, мг/100 г |
0,150 ± 0,060 |
0,200 ± 0,090 |
-0,801 |
0,468 |
|
B₃ витамині, мг/100 г |
5,060 ± 1,010 |
4,960 ± 0,990 |
0,122 |
0,908 |
|
B₅ витамині, мг/100 г |
1,110 ± 0,200 |
1,090 ± 0,200 |
0,122 |
0,908 |
|
B₆ витамині, мг/100 г |
0,240 ± 0,040 |
0,290 ± 0,060 |
-1,201 |
0,296 |
|
Фолий қышқылы, мг/100 г |
0,031 ± 0,006 |
0,027 ± 0,005 |
0,887 |
0,425 |
|
β-каротин, мг/кг |
4,530 ± 0,070 |
4,340 ± 0,080 |
3,096 |
0,036 |
1-сурет пен 2-Kecmegeri деректерге сәйкес, екі үлгіде де витаминдер (A, E, C және B тобы) аныцталды. №2 Yлгiсiнде А вита-минінің мөлшері жоғарырақ болды (0,61 мг/100 г царсы №1-дегi 0,51 мг/100 г), сондай-ац Bi және В₂ витаминдерінің мөлшері жоғары болды. №2 үлгісіндегі Е витаминің мөлшері темен болды, бул жацFац-майды компонент-тердің үлесінің айырмашылығын көрсетеді. Жалпы, алынған нәтижелер гранола өнімінің витаминдік құрам таңдалған көпкомпонентті дэндi-есiмдiк компонентерiнiц цундылыFын растайды.
B тобы витаминдерінің жоғары деңгейі бүтін дәнді және жидек компоненттердің қолданылуына байланысты, олар дәстүрлі түрде осы витаминдердің көзі болып табылады. АталFан витаминдер метаболикалыц процес-терде мацызды рел атцарады, макроэлемент-тердiц катаболизмiн цамтамасыз етiп, энергия- ның бөлінуіне ықпал етеді, бұл әсіресе жоғары энергетикалық құндылығы бар, ағзаның энергиясын тез және тиімді толықтыруға арналған өнімдерді әзірлеу кезінде өзекті. Е витамині жеткілікті мөлшерде кездеседі, бұл жацFац-майды компоненттердщ болуымен бай-ланысты. Токоферолдар тағамдық өнімдердің антиоксиданттық әлеуетіне үлес қосатын цосылыстарFа жатады [9]. Сондыцтан грано-ланың витаминдік құрамы оның тағамдық құндылығын елеулі түрде арттырады, өнімнің функционалдық қасиеттерін ағзаға қажетті биологиялық белсенді заттарды қамтамасыз ету арцылы кYшейтедi.
Гранола №1 және №2 үлгілеріндегі минералдық элементтерді анықтау нәтижелері 3-кестеде берыген. 3-кестеге сэйкес, кальций, магний, темiр жэне фосфор мэндерi керсеты-ген. Минералдық заттарды талдау нәтижелері 3-кестеде берыген.
Сурет 1. Granola №1 және Granola №2 үлгілеріндегі минералдық құрамның салыстырмалы сипаттамасы (M ± SD, n = 3)
Минералдыц цурамды талдау (3-кесте) нәтижесінде, гранола магний және фосфорға бай. Магний жYЙке-булшыцет белсендiлiгiн жэне энергетикалыц алмасуды реттеуге цаты-сады, ал фосфор сүйек тіні мен жасушалық мембраналардың фосфолипидтерінің маңызды компонентi болып табылады. Бул элемент-тердің жоғары мөлшері құрамға тұқымдар мен жаңғақтардың қосылуымен байланысты. №2 гранола үлгісінде темір мөлшері аздап жоғары, бұл оны қан түзу процестері мен оттегінің ағзаға тиімді тасымалдануы үшін қажетті осы микроэлементтiц цосымша кезi ретiнде цунды-лыFын арттырады.
Осылайша, зерттелген Yлгiлердiц мине-ралдық құрамы олардың тағамдық құндылығын толыцтырып, енiмнiц функционалдыц цасиет-терiн кецейтуге ыцпал етедi.
Гранола №1 және №2 үлгілеріндегі биологиялық белсенді заттарды анықтау нэтижелерi 3-кестеде берыген. Керсеткiштер M ± SD (n = 3) ретiнде керсетыген. 3-кестедегi деректерге сэйкес в-каротин, органикалыц қышқылдар, полифенолдар және флавоноидтар мелшерi берыген.
Кесте 3. Гранола құрамындағы биологиялық белсенді заттардың мөлшері
|
Көрсеткіш |
Гранола №1 |
Гранола №2 |
|
β-каротин, мг/кг |
4,53 ± 0,07 |
4,34 ± 0,08 |
|
Органикалық қышқылдар, % |
0,12 ± 0,01 |
0,15 ± 0,01 |
|
Полифенолдар, % |
0,63 ± 0,02 |
0,91 ± 0,02 |
|
Флавоноидтар, % |
0,41 ± 0,02 |
0,47 ± 0,02 |
3-кестеге сәйкес, гранола құрамында полифенолдар мен флавоноидтар бар. №2 гранола үлгісіндегі полифенолдар мен флаво-ноидтардың жоғары мөлшері антиоксиданттық белсенділігін көрсетті, бұл дәнді және өсімдік компоненттеріндегі фенолды қосылыстар не-гізгі антиоксиданттық компоненттер ретінде қарастырылады [10,11]. Мүкжидек концентрат-тарын қолдану тағамдық жүйелердегі фенол-дық құрамға үлес қосады [12]. β-каротиннің болуы өнімнің биологиялық белсенді қосыл-ыстар мөлшерін кеңейтеді. Осылайша, көп- компонентті өсімдік қоспаларын қолдану макро- және микронутриенттер мөлшерін арт-тырумен қатар биологиялық белсенді қосылыс-тар деңгейін де жоғарылатуға ықпал етеді.
Зерттелген үлгілердің қауіпсіздік көрсет-кіштерін бақылау нәтижелері 4-кестеде беріл-ген. 5-кестедегі деректерге сәйкес, гранола №1 және №2 үлгілерінде пестицидтер мен токсиндік элементтердің (Pb, Cd, As, Hg) мөлшері нормативтік шектермен салыс-тырмалы түрде көрсетілген.
Кесте 4. Granola №1 және Granola №2 үлгілерінің қауіпсіздік көрсеткіштері
|
Көрсеткіш |
Гранола №1 |
Гранола №2 |
Норматив |
|
Пестицидтер |
анықталмады |
анықталмады |
рұқсат етілмейді |
|
Қорғасын |
0,0025 ± 0,0002 |
0,0028 ± 0,0001 |
≤ 0,1 |
|
Кадмий |
анықталмады |
анықталмады |
≤ 0,05 |
|
Күшән |
анықталмады |
анықталмады |
≤ 0,2 |
|
Сынап |
анықталмады |
анықталмады |
≤ 0,03 |
Нәтижесінде, токсиндік элементтердің алынған мәндері тағам өнімдері үшін қолда-ныстағы нормативтік құжаттармен белгіленген шекті рұқсат етілген деңгейден едәуір төмен. Сонымен қатар, Cd, As және Hg болмауы ерекше маңызды, өйткені өсімдік ингредиент-тері қоршаған ортадан контаминанттарды жинақтауы мүмкін.
Осылайша, токсикологиялық бақылау нәтижелері зерттелген үлгілердің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін растайды және оларды күнделікті тұтынуда ауыр металдардың жинақталуы тәуекелісіз рационда қолдануға болатындығын көрсетеді.
Зертханалық сынақтардың нәтижелері көрсеткендей, №2 гранола үлгісінде ақуыз 13,69%, май 15,44%, көмірсу 47,84% және тағамдық талшықтар 8,31% мөлшерінде, ал №1 гранола үлгісінде сәйкесінше 13,03%, 15,60%, 44,43% және 7,42% құрайды (1-кесте). Осылайша, №2 үлгісі тағамдық талшықтар мөлшері жоғары болғаны анықталды [8].
№2 гранола үлгісінде А витаминінің мөлшері статистикалық маңызды түрде №1 үлгісінен жоғары, ал Е витаминінің мөлшері төмен екені анықталды (2-кесте). Токоферол- дар (Е витамині) тағамдық жүйелерде антиок-сиданттық қорғанысқа қатысатын қосылыс-тарға жататындықтан, анықталған айырмашы-лықтар рецептурадағы жаңғақ-майлы компо-ненттер мен мүкжидек концентратының қаты-насының ерекшеліктерін көрсетуі мүмкін [9].
№2 үлгідегі полифенолдар мен флаво-ноидтардың жалпы мөлшерінің артуы (3-кесте) дәнді дақылдар мен өсімдік компоненттері (мүкжидек концентраты) антиоксиданттық белсенділіктің көзі ретінде қарастырылатын фенолдық қосылыстар туралы мәліметтермен сәйкес келеді [10,11,12]. Өнімнің полифенол-дық құрамына қосымша үлес жеміс-жидек компоненттері арқылы қамтамасыз етеді, олар-дың полифенолдық құрамы мен антиоксидант-тық сипаттамалары сипатталған [13,14, 15].
Минералдық құрам (3-кесте) екі үлгіден де Mg және P жоғары деңгейде екенін көрсетті, сонымен қатар №2 үлгісінде Mg және Fe мөлшері салыстырғанда статистикалық маңыз-ды түрде артқаны байқалды, бұл минералдық заттардың көзі ретінде тұқымдар мен жаңғақ-тардың қосылуымен байланысты.
Токсикологиялық бақылау нәтижелері зерттелген үлгілердің қауіпсіздігін растайды:
пестицидтер анықталмаған, Cd, As және Hg анықталмаған, ал Pb мөлшері нормативтік шектерден едәуір төмен (5-кесте). Жалпы алғанда, алынған деректер көпкомпонентті өсімдік қоспаларын қолдану тағамдық талшық-тар мен биологиялық белсенді фенолдық қосылыстар мөлшерін арттыруға мүмкіндік беретінін, сонымен қатар тағамдық құнды-лықты сақтап, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін көрсетеді [11].
Қорытынды
Зерттеудің мақсаты - көпкомпонентті өсімдік қоспаларын қолдану арқылы дайын-далған граноланың (№1 және №2 үлгілері) химиялық құрамы, витаминдік және минерал-дық сипаттамасы, биологиялық белсенді заттар мөлшері және қауіпсіздік көрсеткіштерін салыстырмалы бағалау болды. Мақсатқа жету үшін кешенді аналитикалық әдістер қолда-нылды: ақуыз, май, көмірсу және тағамдық талшықтар мөлшерін анықтау, витаминдер мен минералдық элементтерді аспаптық әдіспен өлшеу, биологиялық белсенді қосылыстарды (полифенолдар, флавоноидтар, β-каротин) бағалау, сондай-ақ токсиндік элементтер мен пестицидтер бойынша қауіпсіздік бақылауы және алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу (t-тест, p < 0,05).
Нәтижесінде, екі үлгі де ақуызға бай және май мөлшері салыстырмалы бірдей деңгейде болды. №2 үлгісі тағамдық талшықтар мөлшері жоғары болуымен ерекшеленеді, бұл өнімнің функционалдық бағыттылығын күшейтеді. Витаминдік сипаттама №2 үлгісінде А витаминінің статистикалық маңызды өсуін, Е витаминінің азаюын, ал №2 үлгідегі жалпы полифенолдар мен флавоноидтар мөлшері №1-ге қарағанда жоғары болып, фенолдық қосы-лыстардың антиоксиданттық белсенділігі жоға-ры екенін көрсетеді. Екі үлгінің минералдық құрамында Mg және P жоғары деңгейде болды, сонымен қатар №2 гранолада Mg және Fe мөлшері №1-ге қарағанда артқаны анықталды.
Токсикологиялық бағалау зерттелген үлгілердің қауіпсіздігін растады: пестицидтер анықталмаған, Cd, As және Hg жоқ, ал Pb мөлшері өте төмен деңгейде болып, қолда-ныстағы нормативтік шектерден едәуір төмен екені анықталды.
Жалпы, алынған нәтижелер көпкомпо-нентті өсімдік қоспаларын қолданған рецеп-тураның граноланың функционалды маңызды-лығы көрсеткіштерін - тағамдық талшықтар мен фенолдық қосылыстарды мақсатты түрде жақсартуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Алғыс, мүдделер қақтығысы, қаржы-ландыру
Ұсынылған зерттеулер Қазақстан Респуб-ликасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «AP22786450 «Көп компонентті қоспалар мен биологиялық белсенді қоспаларды пайдалана отырып функционалды таңғы ас өнімдері (гранола, снектер) технологиясын жасау» 20242026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша грант-тық қаржыландыру шеңберінде жасалынды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Иванова И.С., Петрова А.А. Современные тенденции развития функциональных пищевых продуктов // Пищевая промышленность.-2020.-№5.-С. 12–16.
-
2. Бесолова Б.В.; Конько Е.А. Аналитический обзор использования пищевых продуктов для спортсменов под общим названием «гранола». //Молодой ученый, 2020.-№ 21.-С. 232–233. Режим доступа: https://moluch.ru/archive/311/70557/
-
3. Касьянов Г.И.; Ольховатов Е.А.; Сакибаев К.Ш. Инновации в технологии производства сухих завтраков. //Научный журнал КубГАУ.-2017.-№ 130.-С. 1–12. Режим доступа: https://ej.kubagro.ru/ 2017/06/pdf/67.pdf
-
4. Демченко Е.А.; Савенкова Т.В. Зерновые завтраки как неотъемлемая часть здорового питания. //Пищевая промышленность. Наука и технологии, 2021.-Т. 14. -С. 6–11.
-
5. Steinert, R.E.; Raederstorff, D.; Wolever, T.M. Effect of Consuming Oat Bran Mixed in Water before a Meal on Glycemic Responses in Healthy Humans—A Pilot Study. Nutrients 2016, 8, 524.
-
6. Mir, N.A.; Yousuf, B.; Gul, K.; Riar, C.S.; Singh, S. Cereals and Pseudocereals: Genera Introduction, Classification, and Nutritional Properties. In Food Bioactives; Apple Academic Press: Palm Bay, FL, USA, 2019; pp. 281–322.
-
7. Raut, B.N.; Sakhale, B.K.; Vairagar, P.R.; Waghchaure, R.S.; Quadri, A.S. Young Cereal Grains: The Emerging Nutraceuticals. In Traditional Foods: The Reinvented Superfoods; Springer: Berlin/ Heidelberg, Germany, 2024; pp. 207–223.
-
8. Беркотова Л.В. Содержание пищевых волокон в зерновых продуктах прикорма. //Вестник Воронежского государственного университета инженерных технологий, 2021. -Т. 83. -С. 154–159.
-
9. Górnaś, P.; Radenkovs, V.; Pugajeva, I.; Soliven, A.; Needs, P.W.; Kroon, P.A. Varied Composition of Tocochromanols in Different Types of Bran: Rye, Wheat, Oat, Spelt, Buckwheat, Corn, and Rice. Int. J. Food Prop. 2016, 19, 1757–1764.
-
10. Xie, F.; Lei, Y.; Han, X.; Zhao, Y.; Zhang, S. Antioxidant ability of polyphenols from black rice, buckwheat and oats: In vitro and in vivo. Czech J. Food Sci. 2020, 38, 242–247.
-
11. Nguyen, S.N.; Drawbridge, P.; Beta, T. Distribution of cereal phytochemicals and micro-
nutrients in whole grains: A review of nutraceutical, industrial, and agricultural implications. Cereal Chem. 2024, 101, 903–925.
-
12. Zoumpoulakis, P.; Sinanoglou, V.J.; Siapi, E.; Heropoulos, G.; Proestos, C. Evaluating Modern Techniques for the Extraction and Characterisation of Sunflower (Helianthus annuus L.) Seeds Phenolics. Antioxidants 2017, 6, 46
-
13. Forney, C.F.; Kalt, W.; Jordan, M.A.; Vinqvist-Tymchuk, M.R.; Fillmore, S.A.E. Blueberry and cranberry fruit composition during development. J. Berry Res. 2012, 2, 169–177.
-
14. Kierońska, E.; Skoczylas, J.; Dziadek, K.; Pomietło, U.; Piątkowska, E.; Kopeć, A. Basic Chemical Composition, Selected Polyphenolic Profile and Antioxidant Activity in Various Types of Currant (Ribes spp.) Fruits. Appl. Sci. 2024, 14, 8882.
-
15. Dzah C. S., Duan Y., Zhang H., Wen C., Zhang J., Chen G., Ma H. The effects of ultrasound assisted extraction on yield, antioxidant, anticancer and antimicrobial activity of polyphenol extracts: A review. Food Bioscience.2020;35:100547.