Туризм ксіпорындарында ызметкерлерді басаруды негізгі дістері

Автор: Мырзакулова Г.Р., Есайдар У.С., Абдуллаева А.С.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Экономика и сервис

Статья в выпуске: 4 (100), 2013 года.

Бесплатный доступ

Мақалада туристік кәсіпорындардағы қызметкерлерді басқару жүйесі, туристерге қызмет көрсету саласын жақсартуға бағытталған басқарудың негізгі әдістеріне талдау жасалды. Зерттеу жұмысы туристік кәсіпорындарда қызметкерлерді басқаруға әсер ететін фак-торларды анықтау және осы саланың қазіргі таңдағы мәселелерін шешу мақсатында жүргізілді.

Короткий адрес: https://sciup.org/140205013

IDR: 140205013

Текст научной статьи Туризм ксіпорындарында ызметкерлерді басаруды негізгі дістері

Кіріспе

Қызметкерлердi басқару - бұл туризм кәсiпорынының негiзгi басқару функциялары-ның бiрi. Ұйымның қызметшiлерін басқару жүйесi – қызметшiнi басқару функциялары жүзеге асырылатын жүйе; ортақ басқаруды және функционалдық iшкi жүйелердi, бiркел-кi функцияларды орындауға бейiмделген ішкi жүйе қатарын қосады. Бұл iшкi жүйенiң функцияларын ұйымның жетекшiсi, оның орынбасарлары, функционалдық және өндi-рiстiк бөлiмшелер жетекшiлері, олардың орынбасарлары орындайды.

Туристік кәсіпорындарда туристерге сапалы қызмет көрсету – бұл туристік кәсіп-орынның ең өзекті мәселесі. Халықаралық туристік нарығындағы бәсекелестіктегі ең күшті қаруы – қызмет көрсету сапасы болып табылады. Туристер белгілі бір елдің қонақ үйінде, мейрамханасында, қызмет бюросында өзіне көрсетілген қызметке риза болса, онда ол сол елдің белсенді насихатшысы болып табылады. Сапалы көрсетілген туристік қызмет туристік кәсіпорынның экономикалық әсерінің көтерілуіне септігін тигізеді.

Зерттеу нысаны мен әдістері

Туристік іс-әрекеттің күрделі, кешенді сипатына байланысты қызмет көрсету сапасының бір ортақ көрсеткішін орнату өте қиын. Экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және т.б. факторлардың әсерінен әртүрлі туристік іс-әрекеттердегі қызмет сапасын бірдей көрсеткіш арқылы өлшеу мүмкін емес. Қызмет үрдісін бағалайтын оның жалпы, ерекше сипаттарын біріктіретін бірегей критерийін табу қажет. [1]

Зерттеу нәтижесі және оны талқылау

Әрбір ұйым қызметшілерін басқару жүйесі, соның ішінде туристік, бір-бірімен байланысты ішкі жүйеден тұрады: кадрлық саясат, қызметшілерді басқару әдісі, жұмысқа алу және босату жүйесі, қызметшілерді іріктеу, қызметтің даму жүйесі.

Кадрлық саясат – бұл теориялық көзқарас жүйесі, қызметшілермен жұмыстың басты бағытын, оның формалары мен

әдістерін, және де басқа жүйелердің мазмұны мен бағыттарын анықтайды. Оны ұйым иесі жоғары дәрежелі басшылық пен кадрлық қызметкерлермен бірге құрастырады. Кадр-лық саясаттың басты бағыттары мыналар:

  •    сыртқы және ішкі жағдайларға байла-нысты қызметкерлердің басты талаптарын анықтау;

  •    жаңа кадрлық құрылымның қалып-тасуы және қызметкерлерді басқару механизі-мін құрастыру;

  •    еңбекақы концепциясын реттеу;

  •    өзіне тарту жолдары, кадрларды қол-дану, сақтау, жұмысқа тұруға көмектесу;

  •    әлеуметтік қатынастардың дамуы;

  •    кадрлардың даму жолдарын анықтау, оқыту, қайта оқыту, біліктілігін жетілдіру не-месе жаңа технологияға көшуге байланысты дайындау, жоғарылату, жаңарту, жаңа бағыт-тар мен әдістерді игере алмайтын, жасы келген адамдарды зейнеткерлікке шығаруды қадағалау;

  •    ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдайды жақсарту, көзге түскен жұмысшы-ларды ұйымды басқаруға тарту.

Кадрлық саясаттың әртүрлілігі мына-лардан көрінеді: кадрларды тағайындау саясаты, оқыту саясаты, еңбекақы төлеу саясаты, кадрлық қызметті қадағалау саясаты, әлеуметтік қатынастар саясаты [2].

Басқару принциптері заңдар мен жоғары дәрежедегі басшылар мен менеджер-лердің басқару функциясын жүзеге асыруы. Қызметкерлерді басқару жүйесі қазіргі заманғы менеджментте 2 топқа бөлінеді: қызметкерлерді басқару жүйесін құру талап-тары; қызметкерлерді басқару жүйесінің дамуын анықтауы.

Әр түрлi әдiстердi қолдану арқылы iске асыру функциялары және басқару қағидалары жұмыс атқарады.

Басқару әдістері – бұл басқарылатын объектiні ұйымдастыруға қойылған мақсат-тарға жету үшін қабылдау жиынтығы мен қолдану тәсілдері.

«Әдіс» сөзі грек тілінен аударғанда белгілі бір мақсатқа жетудің тәсілдері.

Басқару әдістері негізінде басқару қызметінің негізгі мазмұны пайда болады.

Басқару тәжiрибесінде бiр уақытта әр түрлi әдiстер қолданылады.

Қалай болғанда да басқарудың барлық әдiстерi бiр-бiрiн толықтырады және тұрақты динамикалық тепе-теңдiктерде болады.

Басқару әдiстері әрқашанда бiрдей болады, еңбек қызметінің әр түрлі түрлерін (кәсiпорындар, серiктестiктер, фирмалар) орындаушы адамдарға бағытталады.

Басқарудың экономикалық әдістері. Бұл нақты шығындар және нәтижелер көмегімен орындаушылардың қабылдау жүйесі мен орындау тәсілдері (материалдық ынталан-дыру және санкция, қаржыландыру және несие беру, еңбекақы, өзiндiк құн, пайда, баға) нақты өлшеудi қабылдау және оған әсер ету әдiстерiнiң жүйесi.

Басқарудың бұл әдісінің сапасы ретінде орындаушы қызметiнiң нәтижелерiмен барынша қарым-қатынаста болатын еңбекақы жүйесі және премия беру жатады.

Менеджер қызметiнiң еңбекақысы жа-уапкершiлiк саласында немесе барлық фирма-ның қызмет нәтижелерiмен байланысты-рылады.

Басқарудың ұйымдастыру - басқарушы әдiстері. Бұл тура әсер ететін әдістер. Ол жауапкершiлiкке, билiкке, мәжбүрлеуге негiз-делген.

Ұйымдастыру әдiстерiне мыналар жатады:

  • -    ұйымдастыруды жобалауы;

  • -    реттеу;

  • -    мөлшерлеу.

Нақты орындаушылар және орындау-дың мерзiмдерi көрсетiлмейдi. Міндеттелген әдістерге (бұйрық, ұйғарым, нұсқау беру) нақты орындаушылар мен орындау мерзімі кұрсетіледі.

Ұйымдастыру әдiстерi бiр үлгiге негiзделген, ал басқарушы әдiстер ұйымдас-тырылуға негiзделедi.

Басқарушы әдiстер келесі формаларда жүзеге асырады:

  • -    бұйрық,

  • -    қаулы,

  • -    ұйғарым,

  • -    нұсқау беру,

  • -    команда,

  • -    кепiлдеме.

Өндiрiсті басқару ұйымдастыру, мүлiк-тiк, еңбек және өндiрiс процессiнде басқа да

қатынастарды тыятын заңға сүйенген нормалардың негiзiнде жүзеге асырылады.

Басқарудың әлеуметтiк-психологиялық әдiсi. Басқару процеcіне қатысушылар адам болып табылғандықтан, онда әлеуметтiк қатынастар және оған тиiстi басқару әдiстері маңызды және басқа да басқару әдiстерімен тығыз байланыста.

Оларға мыналар жатады:

  • -    моралдық мадақтау,

  • -    әлеуметтiк жоспарлау,

  • -    сенiм,

  • -    сендiру,

  • -    дербес мысал,

  • -    тұлға аралық және топ аралық қаты-настардың реттелуi,

  • -    ұжымда моралдiқ ахуал жасау және оны қолдау.

Әлеуметтiк-психологиялық әдiс - бұл социология және психология заңдылықтары негiзін қолдана отырып, қызметшiлерге басқару әсерлерiн жүзеге асырудың әдiстерi. Бұл әдiстің объектісі адамдар тобы және жеке тұлғалар болып табылады. [3,5]

Қызметші мотивациясы (орындаушы). Табысты, белсендi жұмысты орындау үшін қызметшілердің келесідей мүмкiндiктерi қосылады:

  • -    бiлу (мақсат қою немесе шешiм қа-былданған шаралар туралы ақпарат),

  • -    батылдылық (бұл шара орындаушы-лар үшiн "ықтимал" болу, соның негізінде заң және этикалық нормаларды бұзбау),

  • -    алу (қызметкерлер тапсырысты орын-дау үшiн қаржы алуы керек),

  • -    ынта бiлдiру.

Адамның мiнез-құлқы нақты иерар-хияға ие.

Қызметкерді алдымен төмендегідей қамтамасыз ету керек:

  • -    жұмысты орындау мүмкiндiктерiмен,

  • -    оның шеңберлік әрекетін анықтау,

  • -    мақсат және міндеттерді айқын сипаттау,

  • -    міндеттерді орындай алатын ортаны жасау (қаржыландыру, қажеттi ақпарат, басқару стилін пайдалану).

Қызметкерлердiң жақсы жұмыс жүр-гiзген себептері мыналарға алып келеді:

  • -    айналымның үлкеюi және пайда;

  • -    бұйым сапасын жақсартуға;

  • -    қызметкерлердің көбеюі;

  • -    оның жұмысқа қабiлеттiлiгiнiң жоға-рылауына;

  • -    үлкен бiрлiк және ынтымастық;

  • -    кәсіпорын абыройының жақсаруына [4].

Қорытынды, тұжырым

Дегенмен қазiргi туризмнiң көкейкестi проблемасына қажетті кең мағынадағы бас-қару ғылымы да жасалынды. Ғалымдармен және тәжiрибеде қолданылатын "Туризмді басқарудың" көп ұғымы анықталды. Туризм -мiндеттi түрде басқаруды қажет ететін адамдар қызметiнің ерекше формасы. Ту-ризмнің бiрiншi ерекшелiгi оның үлкен терең-дiкке енуi және оның құрама элементтерiнiң арасындағы өзара байланыстардың күрде-лiлiгі. Туризм индустриясындағы басқарудың бiрегей жүйесіндегі көптеген туристтiк кәсiпорындар мен ұйымдар нарықта бәсекеге түсуді және ұзақ мерзімді қабiлеттілікті мақсат етеді. Туризмнің екiншi ерекшелiгiн басқарудың объектісі ретінде айқын емес және қиын өлшенерлiк мақсатта көрсетуге болады. Өз қызметтерiнде пайда табуға бағытталған жеке туристiк кәсiпорындардың менеджментi үшiн айқын және өлшенерлiк мақсаттар - бұл құндылықтардың жинақ-талуы, қолма-қол ақшаның қозғалысы және пайда.

Туризмнің келесi ерекшелiгi қызығу-шылығы мол клиентураның ықпалы болып табылады. Қонақ үй иелері, тұрғындар және келген туристер арасындағы нақтылы қайшы-лық бар болатындықтан, туристтiк ұйымдар қатысушыларынан барлығы бiрдей болуын күте алмайды. Сондықтан да нормативтiк менеджментiне (туристтiк ұйым деңгейінде -кәсiпорын саясатына, өлке деңгейінде -қызметтi жоспарлау және үйлестiру жолына) үлкен мән бередi.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Буйленко В.Ф. Туризм. Учебник. -Ростов на Дону: Феникс, 2008.- 416 с.

  • 2.    Монтанер X. Монтехано. Структура туристического рынка. /Пер. с исп. под ред. М.С. Мироненко. –Смоленск: СГУ, 2003.-218 с.

  • 3.    Ақтымбаева Ә.С. Туристік бизнесті жос-парлау және ұйымдастыру: оқу құралы / Әл-Фараби атын. Қазақ Ұлттық университеті. -Алматы: Қазақ университеті, 2012. - 200 б.

  • 4.    Сапрунова В.Б. Туризм: Эволюция. Структура. Маркетинг. –М., 1997.-160 с.

  • 5.    Сенин B.C., Баженова Т.А., Хорошилов А.В. Некоторые аспекты сертификации туристских услуг и услуг гостиниц. Методическое пособие. -М.: МЭСИ, 1997. – 270 с.

  • 6.    Сенин B.C. Организация международного туризма: Учебник М.: "Финансы и статистика", 1999. - 400с.

Список литературы Туризм ксіпорындарында ызметкерлерді басаруды негізгі дістері

  • Буйленко В.Ф. Туризм. Учебник. -Ростов на Дону: Феникс, 2008.-416 с.
  • Монтанер X. Монтехано. Структура туристического рынка./Пер. с исп. под ред. М.С. Мироненко. -Смоленск: СГУ, 2003.-218 с.
  • Ақтымбаева Ә.С. Туристiк бизнестi жоспарлау және ұйымдастыру: оқу құралы/Әл-Фараби атын. Қазақ Ұлттық университетi. -Алматы: Қазақ университетi, 2012. -200 б.
  • Сапрунова В.Б. Туризм: Эволюция. Структура. Маркетинг. -М., 1997.-160 с.
  • Сенин B.C., Баженова Т.А., Хорошилов А.В. Некоторые аспекты сертификации туристских услуг и услуг гостиниц. Методическое пособие. -М.: МЭСИ, 1997. -270 с.
  • Сенин B.C. Организация международного туризма: Учебник М.: "Финансы и статистика", 1999. -400с.
Статья научная